Жерінің көбі тау

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Бірлестік орта мектебі

ЕЛТАНУ

Көкшетау

УДК 373. 167. 1

ББК 26. 8 я 2 я 72

Е 32

Рецензия жазған:

Ақмола облысы БҚБА және ҚДИ-ның

жаратылыстану-математика циклі пәндерін

оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі,

география пән оқытушысы Мәдениет Хабатұлы.

Який Хайрат

Е 32 Елтану. / Жалпы білім беретін мектептің 11 сыныбына арналған қолданбалы курс. − Көкшетау, 2012. − 70 бет.

ISBN 978-601-231-561-6

Елтану бұл - Еуразия материгіндігі мемлекеттердің тарихы, табиғаты, халқы, экономикасы т. б туралы қызықты мәліметтермен таныстыратын курс болып табылады. Курс 2 бөлімнен тұрады. І бөлім - Азия елдері, ІІ бөлім - Еуропа елдері. Осы елдер туралы мәліметтермен таныса отырып оқушылар түрлі сарамандық жұмыстар мен тест тапсырмаларын да орындайды.

УДК 373. 167. 1

ББК 26. 8 я 2 я 72

ISBN 978-601-231-561-6

іру және көбейтіп басуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ, мйкес қ(7162) 31-33-49.

© Який Хайрат, 2012

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Бірлестік орта мектебі.

География пәні мұғалімі: Який Хайрат

Түсінік хат

«Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» орта білім берудің мақсаты - алған білімінің, кәсіби дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын, өзінің білімін дамытуға, сол алған білімі арқылы өз мүмкіндіктерін іске асыруға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру екендігі көрсетілген. Ұлттық деңгейде қойылған мақсатты жүзеге асыруда географиялық білімнің алатын рөлі зор.

Қазіргі кезде елдер арасында әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар қарқынды дамуда. Сондықтан да мектеп оқушыларының дүние жүзі елдерінің табиғаты мен шаруашылығы жөнінде білім негіздерін қалыптастыратын пән ретінде географияның маңызы артады.

География ғылымының қазіргі кезде баяндауышы - энциклопедиялық ілімнен конструктивті ғылымға айналғаны бәрімізге мәлім. Географияның заманға сай міндеті «адам-табиғат-шаруашылық-қоршаған орта» жүйесінде пайда болған қарама-қайшылықтарды шешу. Демек, географиялық білім әр түрлі әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерді шешу үшін үлкен әсерін тигізеді.

Қазір дүние жүзі елдері өзара байланысты және тәуелді бола түсуде. Бұл жағдайда географияның алдында барған сайын жаңа әрі аса жауапты міндеттер тұр: соның бірі - мемлекеттердің интеграциялық процеске ұмтылуы.

Сондықтан да қазіргі кезде әрбір оқушы өз елінің тарихы, табиғаты, экономикасы мен экологиясын біліп қана қоймай, дүние жүзі елдерінің тарихы мен табиғаты, экономикасы мен экологиясы, халықаралық байланыстары туралы да білулері керек, өйткені олар келешекте әлемнің көптеген елдерінде қызмет ететін болады. Міне осы тұрғыдан да Елтану курсының маңызы зор.

Білімді, жан-жақты тәрбиелі, қабілетті жастар ұлтымыздың баға жетпес қазынасы, сондықтан жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде Елтанудың тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі зор.

Елтану бұл - Еуразия материгіндігі мемлекеттердің тарихы, табиғаты, халқы, экономикасы т. б туралы қызықты мәліметтермен таныстыратын курс болып табылады.

Курс халықаралық қатынас, әлемдік экономика, елтану, аймақтану, мәдениеттану, саясаттану, өнер, тарих, туризм сияқты мамандықтарды қалаған оқушыларға бағыт-бағдар, көмек береді.

Мақсаттары:

  • География пәніне байланысты мамандық таңдаған оқушыларға бағыт-бағдар беру;
  • Қоғам өмірі мен мемлекеттер жөнінде танымдық деңгейдегі мағлұматтармен таныстыру;
  • Жеке елдердің қазіргі геосаяси жағдайын талдау арқылы саяси географиялық білімнің негізін қалау;
  • Жеке аймақтар мен елдердегі табиғат ресурстарының таралуы мен пайдалану мүмкіншіліктерін қарастыру арқылы географиялық-экологиялық мәдениетті меңгеруге үйрету:
  • Мемлекеттердің географиялық бет-бейнесін танып-білу негізінде өз елін сүюге, басқа елдер мен олардың мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу;

Міндеттері:

  • Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа жетелеу;
  • Оқушылардың танымдық және интеллектуалдық дағдыларын қалыптастыру;
  • Алған білімдерін дүние жүзінде болып жатқан өзгерістермен байланыстыра отырып, кейбір проблемалық мәселелер жөнінде өз ойларын, пікірлерін айта білуге үйрету;
  • Өздік жұмыс жасауына ықпал жасау;
  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын географияның бүгінгі таңдағы ғаламдық проблемалары мен әр түрлі әлеуметтік-саяси жағдайдағы халықтардың тұрмыс-тіршілігі туралы мәліметтер арқылы арттыру;
  • Географиялық карта, атластармен жұмыс жасай білуге, географиялық әдебиеттерден қажетті мәліметтерді жинай білуге дағдыландыру.
  • Дүние танымдық қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, олардың құзырлылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

Осы курсты меңгере отырып оқушы географиялық білімдерін жетілдіріп қана қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерітер мен оқиғаларға баға бере алатын саяси сауатты, салауатты өмір салтын серік еткен, мәдениетті тұлға болып қалыптасады және де дүниені танып білуге деген құштарлығы, ынта-ықыласы артады.

Әдістемелік нұсқаулар.

Осы курсты меңгеруде оқушылар көп нәрсені үйренеді: өздігінен ізденуге, кесте толтыру, ғылыми рефераттар жазу, түрлі хабарламалар дайындап мәліметтерді жинастыру, ақпаратпен, картамен жұмыс және де түрлі презентациялар (слайд) жасайды. Оқу барысында дәріс арқылы алған білімдері сарамандық жұмыстар мен сынақ жұмыстар (тест) арқылы толықтырылады.

Дәптерге дәрістер, тезистер құрады, кесте, сызбанұсқа, ақпарат көздерінен жиналған түрлі мәліметтер, диаграммалар, сонымен қатар рефераттар дайындап, слайд жасалып, әрбір жұмысты қорытындылап, бағалау.

Қолданатын құрал-жабдықтар:

Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар, дидактикалық материалдар, электрондық оқулықтар, компьютер (слайдтар), кестелер мен үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс:

тарих, дінтану, құқық негіздері, өнер, экономика, экология, сызу, биология.

Оқытудың іс-әрекет түрлері:

  • Бағдарлама география, тарих, экономика, саясаттану мамандығы туралы түсінік қалыптастырады.
  • Оқушылар Еуразия елдері туралы деректерді, мәліметтерді талдап, зерделейді.
  • Материалды проблемалық оқыту тәсілі арқылы географиялық-танымдық білімді дамыту, яғни:елдің географиялық жағдайына баға беру; талдау-салыстыру; сипаттау; пікір-талас; картамен жұмыстолықтыру әдістерін меңгереді.
  • Ақпарат көздерінен негізгі ұғымдарды, мәліметтерді қысқарта жазып, қорытып, талдау арқылы нақты тұжырым жасайды, тезистер құрастырады.
  • Даталар, цифрлар, фактілер, статистикалық мәліметтерді енгізе отырып, қысқаша жазады (конспектілеу), кесте, диаграммалар құрайды.
  • Қосымша әдебиеттер мен мерзімді баспасөздегі және де әр түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер мен хабарларды салыстырып, өз пікірін білдіреді, дәлелдейді.
  • Сабақты түрліше деңгейде ұйымдастыра отырып, оқушылардың алған білімдеріне тексеру жүргізіледі.

Оқушылардың білімі мен іскерліктеріне қойылатын талаптар:

Оқушылар міндетті түрде білуі қажет :

  • бейіндік курс бойынша, базалық курста берілмеген білім көздерімен жұмыс істей білу;
  • елдердің мемлекеттік құрылысы мен басқару формаларын;
  • табиғаты мен геосаяси жағдайын;
  • жеке елдер мен аймақтар халқының құрамы, мәдениеті мен тұрмыс-салтын;
  • аймақтардың шаруашылық дамуы мен елдердің шаруашылық құрылымын;

Оқушылар мынадай талаптарды орындауға үйренеді:

  • елдің экономикалық-географиялық жағдайына баға беру;
  • карта, құжаттар, әдебиеттер және ақпаратпен жеке жұмыс істеуді білу;
  • қазіргі саяси жағдайға баға беру;
  • елдердің табиғат жағдайлары мен ресурстарын халықтың шаруашылық әрекетімен өзара байланыстырып талдай білу;
  • әр түрлі дерек көздерін пайдаланып, кез келген елге елтану бағытында сипаттама құрастыру;
  • белгілі тақырыптар бойынша тезистер құрып, баяндама, рефераттар жазып, хабарлама дайындай білу;
  • ғылыми жобалар жазу;

«Елтану» (Еуразия елдері бойынша)

Бағдарламаның тақырыптық жоспары.

Сабақ тақырыбы
Сағат саны
Өткізу түрі
Білімділік нәтижесі
Б
Д
С
№:

І бөлім. Азия елдері.

1. Оңтүстік Батыс Азия

Сабақ тақырыбы:

20

9

Сағат саны:

17

8

Өткізу түрі:

2

1

Білімділік нәтижесі:
№: 1
Сабақ тақырыбы: Ауғанстан Ислам Республикасы
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Лекция
Конспект
№: 2
Сабақ тақырыбы: Бахрейн Әмірлігіі
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Әңгімелеу
өз. жұмыс
№: 3
Сабақ тақырыбы: Біріккен Араб Әмірлігі
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Әңгімелесу-сұхбаттасу
Хабарлама дайындау
№: 4
Сабақ тақырыбы: Иран Ислам Республикасы
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Лекция-баяндау
Реферат
№: 5
Сабақ тақырыбы: Ирак
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Диспут
Конспект
№: 6
Сабақ тақырыбы: Ливан Республикасы
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Баяндау
Кесте құру
№: 7
Сабақ тақырыбы: Сирия Араб Республикасы
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Лекция
Конспект
№: 8
Сабақ тақырыбы: Сауд Арабиясы Корольдігі
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Әңгімелесу-сұхбаттасу
Хабарлама дайындау
№: 9
Сабақ тақырыбы: Сарамандық жұмыс №1
Сағат саны:
Өткізу түрі:
Білімділік нәтижесі: 1
Практикалық
Картамен жұмыс
№: 2. Орталық және Оңтүстік Шығыс Азия елдері.
Сабақ тақырыбы: 7
Сағат саны: 7
Өткізу түрі: -
Білімділік нәтижесі:
№: 10
Сабақ тақырыбы: Монғолия
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Семинар сабақ
Шығарма жұмыстар
№: 11
Сабақ тақырыбы: Бруней сұлтандығы
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Лекция-баяндау
Сызба-кесте
№: 12
Сабақ тақырыбы: Вьетнам
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Әңгімелесу-сұхбаттасу
Хабарлама дайындау
№: 13
Сабақ тақырыбы: Малайзия
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Ізденіс-зерттеу
Реферат
№: 14
Сабақ тақырыбы: Филиппин
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Лекция
Конспект
№: 15
Сабақ тақырыбы: Тайвань
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Лекция-диспут
Хабарлама дайындау
№: 16
Сабақ тақырыбы: Камбоджа Корольдігі
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Лекция-баяндау
Конспект
№: 3. Оңтүстік Азия елдері
Сабақ тақырыбы: 4
Сағат саны: 3
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
№: 17
Сабақ тақырыбы: Бангладеш
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Баяндау
Кесте құру
№: 18
Сабақ тақырыбы: Бутан Корольдігі
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Лекция
Конспект
№: 19
Сабақ тақырыбы: Пакистан Ислам Республикасы
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Әңгімелесу-сұхбаттасу
Реферат
№: 20
Сабақ тақырыбы: Сарамандық жұмыс №2
Сағат саны:
Өткізу түрі:
Білімділік нәтижесі: 1
Практикалық
Картамен жұмыс
№:

ІІ бөлім. Еуропа елдері

1. Орталық және Оңтүстік Еуропа елдері

Сабақ тақырыбы:

14

4

Сағат саны:

12

4

Өткізу түрі: 2
Білімділік нәтижесі:
№: 21
Сабақ тақырыбы: Австрия Республикасы
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Семинар сабақ
Хабарлама дайындау
№: 22
Сабақ тақырыбы: Андорра Князьдігі және Ватикан қала-мемлекеті
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Лекция-баяндау
Сызба-кесте
№: 23
Сабақ тақырыбы: Бельгия Корольдігі
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Баяндау
Реферат
№: 24
Сабақ тақырыбы: Швейцария Конфедерациясы
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Әңгімелесу-сұхбаттасу
Конспект
№: 2. СолтүстікЕуропа елдері
Сабақ тақырыбы: 5
Сағат саны: 4
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
№: 25
Сабақ тақырыбы: Исландия Республикасы
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Ізденіс-зерттеу
Шығарма жұмыстар
№: 26
Сабақ тақырыбы: Норвегия Корольдігі
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Лекция-диспут
Хабарлама дайындау
№: 27
Сабақ тақырыбы: Финляндия
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Лекция
өз. жұмыс
№: 28
Сабақ тақырыбы: Швеция Корольдігі
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Лекция
Реферат
№: 29
Сабақ тақырыбы: Сарамандық жұмыс №3
Сағат саны:
Өткізу түрі:
Білімділік нәтижесі: 1
Практикалық
Картамен жұмыс
№: 3. Шығыс Еуропа елдері
Сабақ тақырыбы: 5
Сағат саны: 4
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
№: 30
Сабақ тақырыбы: Албания
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Лекция-баяндау
Сызба-кесте
№: 31
Сабақ тақырыбы: Болгария Республикасы
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Әңгімелесу-сұхбаттасу
Хабарлама дайындау
№: 32
Сабақ тақырыбы: Босния және Герцеговина
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Лекция
конспект
№: 33
Сабақ тақырыбы: Венгрия Республикасы
Сағат саны:
Өткізу түрі: 1
Білімділік нәтижесі:
Лекция
Реферат
№: 34
Сабақ тақырыбы: Қорытынды сабақ
Сағат саны:
Өткізу түрі:
Білімділік нәтижесі: 1
Сынақ
Тест

№1 сабақ.

АУҒАНСТАН

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Ауғанстанның табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: Ауғанстан

АУҒАНСТАН , Ауғанстан ислам мемлекеті ­Оңт. Батыс Азиядағы мемле­кет. Аум. 652, 2 мың км 2 .

Ас­танасы - Кабул (1, 5 млн., 1992) .

Халқы 20, 3 млн. адам (1993) .

Ауғанстан жері 29 уәла­ятқа және 2 округке бөлінеді.

Мемл. тілі - пушту және дари тілдері. Ислам дінін ұстанады (негізінен, сүнниттер) .

Табиғаты. Жерінің 3/4 бөлі­гінен астамы таулы. Елдің солт. -шығысынан оңт. -баты­сына қарай өте ірі Гиндукуш тау жоталары созылып жатыр (ең биік жері 6729 м) . Оны Ауғанстан­ның солт. мен батысында Па­ропамиз және Сафеднах жоталары алмастырады. Ауғанстанның оңт-де Газни-Кандагар таулы үстірті, ал оңт. -батысында Бактрия, Регистан, Дашти-­Марго шөлдері жатыр. Клима­ты субтропиктік, құрғақ. Шіл­де айының орташа темп-расы 24 0 С-ден 32 0 С-қа, ал қаңтар айының орташа тeмп-pacы 0 0 - тан 8 0 С-қа дейін жетеді. Жау­ын-шашынның жылдық орта­ша мөлш. 350 мм-ден аспай­ды. Ірі өзендері: Әмудария, Герируд, Гильменд, Кабул, Мургаб. Кен байлықтары ­мұнай, табиғи газ, тас көмір, графит және асыл тастар.

Тарихы . Қазіргі Ауғанстан жерінің солт. бөлігін адамдар ежелгі тас дәуірінен, оңт. бөлігін қола дәуірінен мекендей бас­таған. Б. з. б. l-мыңжылдықтың І-жартысында бұл жер­де құрылған мемл-тердің бірі Бактрия болды. А. туралы алғашқы деректер б. з. б, 6 ғ-дан сақталған. Бұл кезеңде ол Ахе­мен әулеті билеген Парсы им­периясының құрамында бол­ды. Б. з. І - 4 ғ-ларында А. жерінде Кушан патшалығы дәуірледі. 6 ғ-дың 60-жылда­рында А. жерінің бір бөлігі Түрік қағандығына, екінші бөлігі Сасан әулетіне бағын­ды. 7 - 8 ғ-ларда А. жерінің басым бөлігі арабтарға қарап, ислам діні кеңінен тарады. 1220 ж. елді Шыңғыс хан әскерлері жаулап алды. 16 ғ-­да А. жерінде Ұлы Моғолдар мен Сефеви әулеті билік жүргізді. Орта Азиядан ығыс­қан Бабыр 1504 ж. Кабулды, кейін Ауған жерін тұтас жау­лап алып, Ұлы Моғол әулетіне бағындырды. Жеке иеліктерге бөлiнген А. жерінде 1747 ж. Ахмад шаh Дуррани басқарған алғашқы Ауған мемлекеті ор­нады. Бірақ оның мұрагерлері тұсында мемл. ыдырап, 1818 ж. Ахмад шаh әулеті де биліктен кeттi. Елді қайта біріктірген Дос Мұхаммед хан 1835 ж. әмір атанды. Бұл уақытта А. жерін отарлауды көздеген ағылшындар елге басып кіріп (1838), Кабулды алғанымен, оларға қарсы күрес күшейіп, басқыншылар жеңіліп тынды (1842) . Алайда ағылшын отар­шылдары А-ды басып алу ние­тінен танбады. 1878 ж. Ұлыб­ританияның 37 мың адамдық әскері А-ға тағы да басып кірді. Халық отаршылдардың бетін қайтарғанымен, елдің тәуелсіздігі шектеліп, сыртқы қарым-қатынасы Aнглияның ба­қылауында болды. 1919 ж. өкімет басына келген Аманул­ла хан А-ның тәуелсіздігін жа­риялады. Англия мұны мой­ындаудан бас тартып, соғыс ашқанымен, 1919 жылғы Равалпинди шарты бойынша Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды.

1973 жылға дейін А-да монар­хиялық билік орнады. 1973 ж. әскери төңкеріс болып, респ. жарияланды. 1978 ж. тағы да қанды төңкерістен кейін өкімет басына Революциялық кеңес келді. Оны қолдау үшін 1979 ж. желтоқсанда А-ға Ке­ңес Одағының әскерлері кіріп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына­на дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Кеңес әскерлері шығарылған­нан кейін де Ауғанстанда азамат со­ғысы жалғаса берді. Ұзаққа созылған соғыс елді әлсіретіп, халықты күйзеліске ұшырат­ты. 1993 ж. Ресейдің Наджи­болла өкіметін қолдауын тоқтатып, моджахедтермен келіс­сөз жасауға көшуі А-дағы әс­кери -саяси жағдайды одан әрі өршітіп жіберді. Азияның көрікті қалаларының бірі ­Кабул қатты қирады, оны барлық елдердің елшіліктері тас­тап шықты. Ауғанстан тұрғындарының 1/4 бөлігі көрші мемл-­терге (негізінен, Пәкстан мен Иранға) қоныс аударды. 1997 - 98 ж. ҚР-ның үкіметі Ауғанстан­дағы қазақтарды көшіріп әкелді. Билікке ұмтылған әр түрлі саяси күштердің, ұлттық тәуелсіздікті көксеген этник. топтардың, "Талибан" қозға­лысының, Р. Дустум жасақта­рының арасындағы қарулы қақтығыстары елде ұлттық келісімнің орнауына, ұлттық бірлік негізінде қайта жаңғы­руға кедергі жасап отыр.

Экономикасы. А. - аграрлы ел. Экономикасының негізі ­суармалы егіншілік пен мал ш. Өңделетін жерінің 70%-ке жуығы суармалы. Жалалабад каналы мен Сарда су қойма­сы бар. Ұлттық табыстың 80%-­ке жуығы а. ш-ның үлесінде, адамдардың 90%-тен астамы осы салада жұмыс істейді. Қой ш. жақсы дамыған. Со­нымен қатар миллиондаған ешкі мен ірі қара, түйе мен жылқы өсіріледі. Бау-бақша өнімдері, бидай, жүгері, кү­ріш, мақта, қант қызылша­сы сияқты дақылдар өндірі­леді. А. өнеркәсібін су электр стансалары мен әскери-мех. зауыт сияқты бірді-екілі кәсіпорындар құрайды. Солт. ше­карасында газ құбыры тартыл­ған. Тас көмір мен цемент өндіріледі. Өңдеуші кәсіп­орындар мақта мен жүннен мата тоқиды, жасанды жібек шығарып, аяқ киімдер тігеді. Экспортқа, негізінен, қаракөл елтірісі мен жүн шығарыла­ды. 1979 ж. басталған соғыс ел экон-сына көп зиян келтірді. Дүн. жүз. саудада импорт мөлшері өсіп, экспорт мүлде азайып кетті. 1995 ж. импорт 616 млн. АҚШ доллары мөл­шерінде болса, экспорт 188 млн. долларға түсті, яғни үш еседен астам кеміді. Сондай­-ақ дүн. жүз. ішкі жиынтық өнімдегі А. үлесі де 1985 жыл­ғы 0, 07%-тен 1995 ж. 0, 05%-­ке дейін шегерілді.

№2 сабақ.

БАХРЕЙН ӘМІРЛІГІ.

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Бахрейн әмірлігінің табиғат жағдайлары, ресурстары, шаруашылығы, тарихы мен сыртқы экономикалыққ байланыстары туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: БАХРЕЙН ӘМІРЛІГІ

БАХРЕЙН ӘМІРЛІГІ ­Оңт. -батыс Азияда, Парсы шығанағындағы Бахрейн аралдарын алып жатқан мем­лекет.

Жері - 695 км 2

Хал­қы - 64З мың адам (1998) .

Астанасы - Манама (160 мындай) .

Ірі қалалары: Мұ­харрәк, Рифаа, Иса.

Мемл. тілі - араб тілі.

Халқы ислам дінін ұстанады.

Бахрейн әмірлігі - конституциялық монархия. Мем­лекет басшысы әрі қарулы күштердің бас қолбасшысы - Әмір. Заң шығару билігі 197З ж. қабылданған конституциясы бойынша Әмір мен Ақылшылар Кеңесінің қолында. Кеңес мүшелерін (30 мүше) Әмір тағайындай­ды. Атқару билігі Мин. Ке­ңесіне жүктелген. Саяси пар­тиялар мен кәсіподақтар қыз­метіне тыйым салынған.

Мемлекет аум. 33 аралдан тұ­рады. Ірілері: Бахрейн, Мұ­харрәк, Умм-Наасан, Ситра, Хауар. Жері жазық, шөлді бо­лып келеді.

Климаты тропик­тік және субтропиктік. Ор­таша температурасы қыста 18 0 С, көктемде 25 0 С, жазда 40 0 С, күзде 28 0 С. Жауын-шашын­ның жылдық орташа мөлш. 90 мм.


Ұқсас жұмыстар
Италия туралы
Полигонның үні мәңгі өшсін!
Абай Құнанбаев Ескендір поэмасы
Табиғат және қорық. қорық табиғат жанашыры 4-сынып
Топырақ жайлы ақпарат
Ауған соғысының ардагерлерімен сұхбат
Қорықтың мақсаты
Бағалау экраны
Жаңа сабақты түсіндіру. Сабақ жоспары
Тау түзілу үдерісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz