Қара көз қазақ қыздары

М. арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі

Дайындағандар: Альжанова Ж

Меңдібаева Б

«Елім менің»

(интеллектуалдық ойын)

Жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан - елім менің!

видео ролик

ҚР Мемлекеттік Гимні

Тарихқа көз жүгіртсек - нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бой тұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер ана-тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді бүгін халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік күні.

Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

Жүргізуші:

Сәлеметсіздерме тәуелсіз елімнің ұстаздары, оқушылары, елжанды ұл қыздары. «Тәуелсіз Қазақстан - елім менің» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келіпсіздер!

Ендеше, «Тәуелсіз Қазақстан - елім менің» ойынына білімін сынауға, танымын байқауға келген топтарымызбен таныс болайық.

1 - топ:

2 - топ:

(топ басшылары өздерінің топтарын таныстырып кетеді)

Керемет, топтармен таныстық, ендеше бүгінгі ойынымыздың ережесімен таныстырып кетейік.

Ойынға екі команда қатысады. Әр команда 5-оқушыдан құралады. Бұл «жұлдызды бестікке» қарапайым көрермендер қолдау көрсетіп, олар да ойын қатысушыларына айналады. Командалар бірнеше турдан өтіп, өз елінің тарихын толыққанда білетіндігін дәлелдеп берулері тиіс. Ойында командаларға Қазақстан тарихымен және көне мұралармен байланысты, кейде қалжыңға құралған сауалдар қоямыз. Демек, ойынға қатысушылар Қазақстан жайлы бәрін білуі тиіс.

Топтардың ұпай санын есептеп отыратын әділ қазылар, тарих пәнінің мұғалімі: Әлжанова Жанаргүл.

Ендеше, 1-айналымды бастаймыз.

1-айналым бойынша қарама-қарсы тұрған 2 топқа экраннан сұрақ қойылады. Бұл сұраққа бірінші болып дұрыс жауабын тапқан топқа 1 ұпай қосылады.

Шаттық нұры шашылып зеңбіректен

Шуағын күн төгеді енді көктен

Шылбыр үзді даланың арғымағы

Тәуелсіздік жолдауын желбіреткен

Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке

Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те

Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты

Қазақстан бет алды мәңгілікке

Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді, бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп көрейік.

Экранға назар айдарауық.

(экраннан тарихи оқиғаға байланысты суреттер көсетіледі)

1 . . .

2 . . .

3 . . .

4 . . .

5 . . .

6 . . .

Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, ала көл» сұлама қаралы атқа ие болған. Ақтандық жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысып қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.

Келесі орындалатын ән: «Алтын бесік»

Видео - ролик.

Бұлт түнеріп аспаннан

Талай көзден жас тамған

Тұтқиылдан жау тиіп

Қырғын соғыс басталды

Соғыс жалмап аға, іні, бауырды

Зор жылатты тыныш жатқан ауылды

Жалғызынан айырып ананы

Әкесінен айырыпты ананы

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн

Қыранды қуып көгінен

Қарғалар биік алған күн

Наша қор деп, ұлтшыл деп

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн

Қақаған қыстың ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қара көз қазақ қыздары

ОМОН-дар бастап тепкен күн

Қариялар итке таланып

Ер басын күрке шапқан күн.

Аппақ қарға боянып

Қып қызыл мұз боп жатқан күн

Қайғы езіп елдің еңсесін,

Жаншыдау жанын батқан күн.

Енді қайтып келмесін,

Сол бір қарғыс атқан күн.

Сұрақ: Желтоқсан құрбандарын ақтап шыққан кім?

Толығырақ мәлімет бер.

Талай-талай заманда кешкен елім

Жұрт атып, шөл қысып кешкен елім

Өшіп кетіп бір жылда жер бетінен

Өзге орында балалап өскен елім,

дей келе 2 - айналымды бастаймыз.

2-айналым

Қазақтың керекті құралдары

Осы үш заттың ішінен . . . табыңыздар.

Экранға назар айдарайық.

1 . . .

2 . . .

3 . . .

3-айналым

«Ән жұмбақ»

Ал қане достар ендігі кезекте ән жұмбақ айдарына өтеміз.

Экранға назар айдарайық.


Ұқсас жұмыстар
Хор Жойылсын соғыс
Қазақ қыздары
Әсемдік пен әдеміліктен кеңес алу, сұлулық бағдарламасы "сен сұлу"
"ана - өмір шуағы" ашық тәрбие сағаты
Әділқазылар алқаларымен таныстыру
Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш. Әлия мен Мәншүк -қазақтың қаһарман қыздары
Ұлы даланың батыр қыздары. хиуаз доспанова
Қос сөздер жайлы ақпарат
Қаһарман қызы қазақтың Мәншүк Маметованың 100 жылдығына арналған мектепішілік шара
Тірегі сен тәуелсіздік төрінің
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz