Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бір сөзден тұратын сын есімді

Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың сын есім туралы түсініктерін кеңейту, сын есімнің жасалу жолын түсініктерін кеңейту, сын есімнің жасалу жолын түсіндіру;
2. Тест жұмысын жүргізу арқылы тексеру, қорытындылау.
3. Қазақша сөздерді, сөйлемді дұрыс, таза айтуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері : түсіндіру, талдау, қайталау.
Сабақта қолданылатын құрал : интерактивті тақта.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен амандасу;
ә) сыныптың кезекшісімен сөйлесу ;
б) сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру.
ІІ. Фонетикалық жаттығу.
Тау бар, тау бар
Тауда бау бар,
Бауда ара бар,
Ара барда, бал бар.
ІІІ. Үй жұмысын тексеру.
1. Қай жыл мезгілі басталды?
2. Қыс айлары қай айлар ?
3. Қыста ауа райы қандай болад ?
4. Қыста адамдар қалай киінеді?
5. Қыста қандай мереке болады?
ІV. Жаңа тақырып.
1 - слайд.
Заттың түр - түсін, сапасын, дәмін білдіретін сөздерді сын есім дейміз.
Сын есім қандай ? Қай ? Сұрақтарына жауап береді.
Мысалы : ақ, тамаша, ащы.

2 - слайд. Сын есім
Мағынасына
қарай
Тұлғасына
қарай
Құрамына
қарай
сапалық
қатыстық
дара
күрделі
негізгі
туынды
3 - слайд.
Дара сын есім бір сөзден тұрады:
қызыл - красный; ақ - белый; тәтті - сладкий.

4 - слайд.
Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден тұрады :
қызыл сары - желто красный;
ақ сары - желто белое;
таулы - горный.
Күрделі сын есімнің құрамындағы сөздер бөлек - бөлек жазылады.
5 - слайд.
Сын есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Түбір сөзден болған сын есімді негізгі сын есім дейміз.
Таза - чистый;
Әдемі - красивый.

6 - слайд.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.
Білімді - образованный
Өнерлі - искусный.

7 - слайд.
Сергіту сәті
Жұмбақтарды шешіндер.
1. Тек өзі көрінбейді,
Адамдарды тоңдырады.
Ызғары дірілдетіп
Есіңнен тандырады.
2. Таудан түссем, тоқтауды білмейді.
Тауға қарай тартсамда жүрмейді.
3. Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым.

8 - слайд.
Мәтінді оқып, дара сын есімдерді бір бағанға, күрделі сын есімдерді екінші бағанға теріп жазындар.
Қыс
Бүгін күн өте тамаша. Қар жауып тұр. Қыста айнала аппақ. Балалар үлкен аққала жасап жатыр. Адамдар жылы киінген. Үлкен балалар мұз айдынын дайындап жүр. Шелекпен суық су тасып жүр.

9 - слайд.
Мәтінді оқып, негізгі және туынды сын есімдерді екі бағанға теріп жазындар.

Қыстыгүні қатты аязда таудан аққан өзеннен бу шығып жатады. Екі жағаға көкпеңбек жылтыр мұз қатады. Өзеннің тек ортасы ғана мұзсыз. Осындай кезде шыр - шыр етіп мұз үстінде жорғалап торғай жүреді. Ол - қайқы құйрық, кішкентай қараторғай. Торғай шолп етіп ағынды суға сүңгіп кетеді. Оның мөлдір судың түбінде жорғалап, тастардың ара - арасын шұқылап жүргенін анық көруге болады. Бұл қандай ғажап құс ! Бұл құсты су торғайы дейді. Ол қысы - жазы бірдей жемін су түбінен табады.
10 - слайд.
Бекіту кезеңі:
Өз - өздеріңді тексеріңдер.
1. Бір сөзден тұратын сын есімді ... дейді.
а) күрделі сын есім;
ә) жай сын есім;
б) дара;
2. Дара сын есімді көрсетіндер:
а) сары ала ;
ә) көкшіл;
б) ақ сары.
3. Екі не одан да көп сөзден тұратын сын есімді ... дейді.
а) жай сын есім;
ә) күрделі сын есім;
б) дара сын есім.
4. Дара сын есімді көрсетіңдер:
а) қызғылтым;
ә) қызыл сары;
б) ақшыл қызыл.
5. Күрделі сын есімді көрсетіңдер.
а) сарғыш;
ә) сап - сары;
б) ақ сары.
6. Көп нүктенің орнына керекті сөзді жазындар :
... көк
а) ақ;
ә) боз;
б) қара.
7. Сын есім ... және ... болып бөлінеді.
а) негізгі, туынды ;
ә) дара, туынды;
б) негізгі, күрделі.
8. Негізгі сын есім деп ... болған сын есімді айтамыз.
а) жалғау, сөзден;
ә) түбір сөзден;
б) жұрнақ, сөзден.
9. Туынды сын есім ... жасалады.
а) түбір сөзден;

ә) түбір сөз бен жұрнақтан;
б) жалғау мен жұрнақтан.
10. Туынды сын есімді табындар:
а) көк;
ә) әдемі;
б) өнерлі.
11. Негізгі сын есімді көрсетіңдер:
а) көк;
ә) алды;
б) ақылды.
12. Туынды сын есім қатарын белгілендер:
а) көк, ақыл, жасыл;
ә) тәртіп, аппақ, қызғылт;
б) өнерлі, сапалы, таулы.
11 - слайд.
Тест жауаптары.
1. б
2.ә
3. ә
4. а
5. б
6. б
7. а
8.ә
9. ә
10. б
11. а
12. б
12 - слайд.
Үйге тапсырма : 72 - бет. 2 - тапсырма.
Бағалау кезеңі.
- Сабақ аяқталды, сау болыңыздар !

Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып бірлестігінің отырысының шешімімен баспаға жариялауға ұсынылады
Қарсы мәндес сын есім жайлы ақпарат
Дара сын
Сын есім. Сабақтың түрі
Заттың ретін білдіретін сан есімді тап
Табыс критерийі
Негізгі және туынды сын есім туралы
Сөз таптарын қайталау
4-сыныпқа қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары
Сын есім ( Бастауыш сынып )
Пәндер