Сайыстың өткізілу тәртібі

ШҚО, Семей қаласының

«№23 ЖОББМ» КММ

физика және информатика

пәні мұғалімі Ж. С. Малгеждарова

«Ғажайып физика» интеллектуалды конкурсын өткізу ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережесі.

Негізгі ереже 7-8 сыныптарға арналған «Ғажайып физика» интеллектуалды сайысының мақсатын, міндетін және өткізу ережесін анықтайды. Өту тілі - қазақша.

  1. Сайыстың өту мақсаты:

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін танымдық, зияткерлік, шығармашылық, тәжірибелік қабылеттерін арттыру.

  1. Сайыстың міндеттері:
  • Жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіншіліктерін дамыту, оқушылардың интеллектісін байыту, ой-өрісін кеңейту;
  • Дарынды және қабілетті балаларды көбірек анықтап, ары қарай қолдап, олардың мүмкіндіктерінің толық ашылуына көмек көрсету;
  • Әр түрлі мәселелер бойынша ақпарат алмасу және ғылыми-ізденіс жұмыстарының тәжірибелерімен алмасу;
  • Оқуға, физикалық тәжірибе жұмыстарына деген қызығушылықтарын арттыру.
  1. Сайыстың жұмысшы органы

Сайысты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

  • сайыстың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;
  • тікелей басшылықты жүзеге асырады;
  • ғылыми-әдістемелік кеңесті қалыптастырады;
  • сайыстың қорытындысына талдау жүргізіп, қорытады;
  • тапсырмалардың мазмұнын анықтайды;
  • жұмыстарды бағалайтын критерийлерді анықтайды, сайыс өткізілгенге дейін тапсырмалардың құпиялылығына жауап береді;
  • жұмыстарды тексеруге қатысады;
  • жеңімпаздарды анықтап, ұйымдастыру комитетіне жүлделі орындарды беру үшін ұсыныстар жасайды;
  1. Қатысушылардың құрамы

Сайысқа қаладағы жалпы білім беретін мектептердің және мектеп-гимназияның 7-8 сынып оқушылары қатысады. Команда құрамы 5 оқушыдан және 1 жетекшіден тұрады.

  1. Сайыстың өткізілу тәртібі мен орыны

Сайыс 2 кезеңде өткізіледі:

  • бірінші кезең -- 30 мин;

І тур. «Сәлем - сөздің анасы». (топтарды таныстыру, аты, ұраны, эмблемасы, сәлемдесуі)

ІІ тур. «Физика біздің айналамызда». ( жауабы бірінші сөйлемнен кейін-3 ұпай, екінші сөйлемнен кейін-2 ұпай, үшіншіден кейін-1 ұпай)

ІІІ тур. «Бұл не?» (физикалық құралдарды таныстыру 5-тік жүйе)

ІV тур. «Бәрін білгім келеді!» (сиқырлы текшелердегі сұрақтарға жауап, 10-40 ұпай)

  • екінші кезең - тәжірибелік (үй тапсырмасын көрсету) - 45 мин.

І тур. «Ойлан тап». (үй тапсырмасы, физикалық тәжірибелер көрсету, 10-дық жүйе) Топтық кезеңде әр топ 3 физикалық құбылысты көрсетеді, оны қарсыластары түсіндіру қажет. Құралды оқушылар өздерімен бірге құрап әкелу керек.

  • құбылысты көрсету - 5 минут;
  • қарсыластардың құбылысты түсіндіруі - 3 минут;
  • өз жауаптары - 2 минут;

IІ тур. «Әділқазылар сұрақтары». (әділқазы сұрақтарына жауап беру - 3 минут) .

  1. Қорытындыларды бағалау, марапаттау тәртібі

Сайыстың қорытындысы бойынша әр қатысушының жинаған ұпайына сәйкес орындар анықталады, команда - жалпы есепте. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталады.

Сайыстың өткізілу тәртібі:

Сайыс 2 кезеңде өткізіледі:

  • бірінші кезең -- 30 мин;

І тур. «Сәлем - сөздің анасы» . (топтарды таныстыру, аты, ұраны, эмблемасы, сәлемдесуі)

ІІ тур. «Физика біздің айналамызда». ( жауабы бірінші сөйлемнен кейін-3 ұпай, екінші сөйлемнен кейін-2 ұпай, үшіншіден кейін-1 ұпай)

  1. Ол кез-келген адамда болады, біреуде аз, біреуде көп;

Ол шама векторлық емес, скаляр шама;

Ол кімде үлкен болса, сол адам диетаға отырады;

(жауабы: масса)

  1. Ол өзен секілді ағады, тек бір бағытта;

Оны кері бұруға болады, тек ертегіде ғана;

Оны сағатпен өлшейді;

(жауабы: уақыт)

  1. Ол барлық дені сау адамда бар, балалар мен әйел адамдарға қарағанда, ер адамдарда көп;

Ол ауру адамдарда әлсіз болады, ол зат емес және сақталмайды;

Ол векторлық шама, ол бізге шкафты жылжыту үшін керек;

(жауабы: күш)

  1. Ол үшін энергияның сақталу заңы бұзылады;

Онсыз біз аяқпен жүре де, қасықты қолымызға ұстай да алмаймыз;

Ол аз болғандықтан, тірі балықты қолымызға ұстай алмаймыз;

(жауабы: үйкеліс)

  1. Көзі қырағы, жанған жарықты алыстан көреді:

Жүрегінің қуаты 2, 2 Ватт, ғұмырында 40 тонна тамақ жейді;

Жердегі ең ақылды кім?

( жауабы: адам)

  1. Адам организмінде бар зат;

Заттың үш күйінің біреуі;

Жерде онсыз өмір жоқ.

(жауабы: су)

ІІІ тур. «Бұл не?» (физикалық құралдарды таныстыру 5-тік жүйе)

Метр, рулетка, транспортир, сағат, секундомер, термометр, динамометр, компас, таразы, микроскоп, фотоаппарат, мензурка, тонометр, воронка

ІV тур. «Бәрін білгім келеді!» (сиқырлы текшелердегі сұрақтарға жауап, 10-40 ұпай)

ТАБИҒАТ

10 - «Айналадағы жайқалған гүлдер, гүлден гүлге қонған көбелек. Гүлдердің иісі аңқып тұр». Бұл қандай құбылыс? (Диффузия)

20 - Қайсысы ауыр: ыстық нан немесе салқын нан? (суыған нан, тығыздығы көп)

30 - Температура төмендегеп ауадағы су тамшылары конденсацияланғанда пайда болатын құбылыс ( шық )

40 - Үйкеліс кезіндегі механикалық жұмыстың жылуға айналу процесі қайтымды ма, әлде қайтымсыз ба? (Табиғаттағы барлық процестер жылу алмасумен, үйкеліспен, диффузиямен қатар жүреді, сондықтан олар - қайтымсыз)

ТЕХНИКА


Ұқсас жұмыстар
Саптық жарғы
Дүниежүзілік ақша
Әлемді география арқылы таны (сыныптан-тыс) 7 сынып
«сыңғырла, күміс қоңырау!» салтанатты жиынының бағдарламасы
Сынып сағатының құрылымы
Өнер өрге жетелейді
Жасушаның зерттелу тарихы, жасуша теориясы
Жол ережесін білу-бәріне міндет
Адамгершілік тәрбиесі
Менің сыныбым өзгеше
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz