Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Екінші Бетпе бет кезеңінде мектептегі тәжірибмізді курстағы әріптестермен бөлістік
В 3 есебі
<<Мектептегі тәжірибе>> кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым бойынша рефлексия
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім беру, оларды
жан -жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз процесі. Ал осы үздіксіз процесті <<Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім>> орындайтыны баршамызға аян (Strong, Ward & Grant, 2011 6 бет ) [1].
Степногорск қаласы, Бестөбе кентінің №1 орта мектебінде үш жылдай еңбек етіп жүрсем де, жаңалықтардан хабардар болып, үнемі ізденіс үстіндемін. Еңбек жолымдағы тәжірибем аз болса да, өз мамандығыма сай білімімді жетілдірудемін.Әріптестеріммен жылы қарым-қатынаста болып, олар оқып жүрген түрлі курс бойынша тәжірибемен алмасу менің дағдыма айналып кеткен.Былтырғы оқу жылында Алматы қаласында екінші деңгейді оқып келген әріптесім қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі мектептегі іс - тәжірибе барысында бізбен коучинг өткізген болатын.
Әріптесімнің әр сабағына зор қызығушылықпен қатысатынмын. <<Дарынды және талантты балаларды оқыту>> модулі бойынша өткізілген бір коучинг сабағына қатысқанымда көшбасшылық таныта бастаған болатынмын. Әріптесімнің тренингінен кейін мен өте жақсы әсер алып <<Мен де болашақта осындай курсқа барамын>> деп алдыма мақсат қойдым. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған үшінші деңгейлік курсқа келуім бір жағынан әріптесімнің оң әсері болса, екіншіден менің мақсатымның орындалуының алғашқы сатысы деуге болады.
Курсқа үлкен қызығушылықпен келген институтта А есімді тренер бастаған 3 топқа түстім. Тренер құшақ жая қарсы алып, алғашқы күннен бастап бірден өзінің асқан шеберлігімен біздің әр күнімізді, әр сағатымызды жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін теориялық білімді жетік меңгеруге,сыни ойлауға, білімнің жаңа тәсілдері оқуды және оқу нәтижелерін сыни бағалауға, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды, сандық жүйелерді пайдалануға, дарынды және талантты балалармен жұмыс жасауға,топпен жұмыс істеудің тәсілдерін меңгертті. Тренеріміз күнде түрлі тренингтер өткізіп, жаңа ресурстар ұсынып, қызықты сергіту сәттерін ұйымдастырып, заманауи технологияларды оқытқан кезде өзімді оқушы сезіндім.Жаңадан <<Мұғалімдерге арналған нұсқаулық>>, <<Бағдарламалар>>, <<Тапсырмалар>> оқулықтар таратты. Аталған оқулықтардағыы түрлі тақырыптарды түсінуге көмектесті. Тренеріміздің берген бағыты арқылы оқулықтағы теорияларды, шетел ғалымдарының пікір көзқарастарын, зерттеушілердің тұжырымдамаларын түрлі тәсілдер арқылы оқып түсіндім. Курстың <<бірінші бетпе-бет>> кезеңінде бағдарлама бойынша жаңаша оқыту тәсілдерінің теориялық негіздерін оқып үйрендім де,Бағдарламаның негізгі міндеті - мұғалімдерге педегогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу екенін ұқтым.Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние - жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі [2].Осы қызметімді іске асыру үшін <<бірінші бетпе-бет>> кезеңінде оқып, түсініп, біліп, сындарлы оқытудың модульдерін меңгеріп, бойымдағы жаңа қуатпен <<Мектепте тәжірибе>> өту барысында тізбектелген сабақтар топтамасында қолдануға тырыстым. Төртінші тоқсанның алғашқы педкеңесінде оқу ісінің меңгерушісі маған курстан алған әсерлерім бойынша әріптестермен кеңес жүргізуді ұсынған болатын. Мен осы жиында <<Деңгейлік курстан алған әсерлерім>> атты баяндама оқып, тренинг өткіздім. Тренинг өткізудегі мақсатым - мұғалімнің біліктілігін арттыруға арналған деңгейлік курс бағдарламасымен, сындарлы оқытудың модульдерімен, заманауи технологиялармен, оқытудың жаңа әдіс тәсілдерімен таныстыру.Деңгейлік курстан алған әсерлеріммен, оқыту мен оқуда жүзеге асыратын іс-әрекеттермен бөлісу. Курс бойынша жасалған видео материалды көрсеттім.Кейін әріптестерімді өз қалаулары бойынша <<Анар>> және <<Апельсин>> деп қос топқа бөлдім.
Әріптестерімнің мен оқыған баяндама бойынша білім жетілдіру курсына қызығушылық танытқандары,оқытудың қандай тәсілдерін қаншалықты деңгейде меңгергендігін, оқушыларына қандай білімді қалай беріп жүргендерін білу үшін <<Анар>> тобына <<Деңгейлік курқа дейін мұғалім қандай?>>, ал <<Апельсин>> тобына <<Деңгейлік курстан кейін мұғалім қандай?>> деген тақырыптарда флипчартпен жұмыс бердім.
Бұл тапсырмада әріптестерімнің мен өткізген тренинг сабағыма аса қызығушылық танытқандарын байқадым. Сергіту сәтінде <<Жеміс-жидектен жасалған салат жасау>> әдісін қолдандым. Тренингтің қорытынды кезеңінде <<Өзін-өзі реттеуге>> байланысты видео көрсеттім. Кей әріптестерім өздерінің көкейкесті сауалдарын қойды. Сөзім дәлел болу үшін мектеп басшысы <<Қазіргі кезде біз жазып жүрген күнделікті сабақ жоспарының сіз жазған қысқа мерзімді жоспардан қандай айырмашылығы бар?>> деген сауалына мен <<Күнделікті сабақ жоспарында парақ беттері маңызды емес. Дәстүрлі оқытуда біз тек оқулықпен шектеліп, оқушы <<түсінсін, я түсінбесін>> сабақты жоспар бойынша барлық тапсырмаларды 45 минут ішінде өткізуге тырысқанбыз.Ал қысқа мерзімді жоспар бойынша оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай берілген деңгейлік тапсырмалар өз уақытында орындалу керек.Оқулықпен шектеліп қана қоймай тапсырмаларды түрлендіріп отыру керек. Мұндағы мақсат мен <<оқушыма нені үйреттім, қалай үйреттім және не үшін үйреттім>> деген сауалдарға жауап іздеу үшін құрылған жоспар>> деп жауап бердім. Әріптестерім жауабыма қанағаттанғандай болды да әрқайсылары менің жеті модульдерді қолдану арқылы өткізейін деп жатқан сабақтарыма қатысатындарын айтып, өз тілектерін білдірді.
Тренинг соңында кері байланыстың <<Себет пен қоқыс жәшігі>> әдісін пайдаландым. Тақтада ілінген <<Себетке>> <<Бүгінгі тренингтен жақсы әсер алдым>>, <<Тамаша!Сәттілік>>, <<Шығармашылық табыс тілеймін>>, <<Курсқа деген ынтам оянды>> сияқты пікірлерін жазды. <<Мұғалім - дамыту жұмысының көшбасшысы>> екенін осы тренингтен кейін түсіндім.Бұрыңғы сабақтарым дәстүрлі түрде өтетін.Оқушылар топ алдында еркін сөйлей алмайтын,сабақта көбіне тек өзім сөйлейтінмін.Курстың <<бірінші бетпе-бет>> кезеңінде тренердің бағытымен оқып, түсініп, біліп, сындарлы оқытудың модульдерін меңгеріп,сабақтарымды өткіздім.Өз тәжірибемде жеті модульді қолдану арқылы өткізілген сабақ процесінде оқушылар топтық жұмысқа бейімделе бастады,өз ойларын топ алдында еркін айта алды,топта ұйымшылдық орнады,әр оқушы өзін-өзі және өзгелерді бағалау арқылы жауапкершілікке үйренді, пәнді не үшін оқып жүргендерін түсінді.Бұл тек менің емес, оқушыларымның да өзгергені.
<<Екінші Бетпе бет>> кезеңінде мектептегі тәжірибмізді курстағы әріптестермен бөлістік. <<Біз оқушыларға не үйреттік? Қалай үйреттік?>>,<<Қандай нәтижеге жеттік?>>, <<Қандай кедергілер болды?>>,<<Кедергілерді қалай жеңдік?>> деген бірлесе отырып пікір алмастық. Өткізген бір сабағымыздың рефлексивті есебін постерге салу арқылы жәрмеңке ұйымдарылып, топ алдында әрқайсыларымыз қорғадық. Жәрмеңке мақсаты - іс тәжірибе алмасу арқылы жақсы деген жұмыстарды негізге ала отырып, өз праrтикамызда қолдана білу. Өз сабағымды қорғаған кезде курстағы әріптестерім менің постеріме <<Керемет>>, <<Шығармашылық табыс>>, <<Сабағың қызықты өтті>> деген пікірлерін жазса, С әріптесім<<Сіздің еңбек өтіліңіз аз болғанымен, тәжірибеңіз көп екен. Әріптерді шашыратып, тақырыпқа сай дұрыс сөз шығарып, құрастырған сөздерін А4 қағазына жапсыру арқылы оқушыларды топқа бөлу тәсіліңіз, дарынды балаларға қол қуршақтарын сөйлету арқылы тақырыпқа сай диалог құрастыру әдісіңіз ұнады. Бұл бастауыш сыныпқа өте тиімді>> деп өз пікірін айтты. Әріптестердің, тренердің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдай отырып, өз есебімді толықтырып, қайтадан өзгерістер енгіздім.Мен өзіме Н әріптесімнің даярлық тобында өткізген <<Ғарышқа саяхат>> тақырыбында қолданған тәсілі ұнады. Нақтырақ айтсам, АКТ модулін тиімді пайдаланып, әріптесім балаларға <<Көздеріңді жұмыңдар,біз басқа планетаға саяхат жасаймыз>>. <<Балалар,біз қандай планетаға келдік? Көздерімізді ашайық>> дегенде слайд арқылы әр планетаны ұтымды көрсете біліп,балаларды сабаққа қызықтыра алды. Болашақта бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытуда мен де осындай тәсілді қолданамын деп болжаудамын.Курстағы әріптестерімнің пікірін тыңдаған кезде тәжірибемді әлі де саралау қажет екенін түсіндім. Жұмысымның әр кезде нәтиже беруі үшін үнемі ізденіс үстінде боламын.
Сілтеме:
[1] <<Мұғалімдерге арналған нұсқаулық>> 6 бет (Strong, Ward & Grant, 2011;)
[2] <<Мұғалімдерге арналған нұсқаулық>> 7 бет.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz