Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қымбатты оқушылар

Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Симферополь орта мектебі
тарих пәнінің мұғалімі
Исмагулова А.М.

<<Білім көкпары>> атты тренинг сабағы

Мақсаты:
1. Білімділік: Қазақстан тарихы бойынша қалыптасқан білімдерін жинақтап-қорытындылау;
2. Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу

Көрнекі-құрал: Интерактивті тақта, қосымша материалдар

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес. Тренинг сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, пікіралысу, ой қозғау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Жүргізуші: Қымбатты оқушылар! Білімнің көкпарына қош келдіңіздер!

Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын білуге
Көкірегіңде болсын көз!
(Абай)

1. Оқушылар топқа бөлініп, өз топтарын таныстырады, қорғайды.
2. Әділ-қазылар алқасын сайлау.

ІІ. Сайыс шарттарымен таныстыру.
1. Хронологиялық жорық
2. <<Әріптер сөйлейді>>. Глоссарий
3. <<Портреттер сөйлейді>>
4. Тарихи домино

ІІІ. <<Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады>>

Ал, кәне, сайысымызды бастайық.

1. Хронологиялық жорық. Қазақстанның көне заманнан бүгінге дейінгі тарихын баяндайтын әр топқа 10 сұрақтан беріледі.

І-топ сұрақтары:
1. 552 жыл (Түрік қағанаты құрылды)
2. 751 жыл (Атлах шайқасы)
3. 1465-1466 жылдар (Қазақ хандығы құрылды)
4. 1511-1518 жылдар (Қасым хан ел биледі)
5. 1643 жыл (Орбұлақ шайқасы)
6. 1731 жыл (Кіші Жүз Ресей құрамына кірді)
7. 1822 жыл (Орта жүзде хандық билік жойылды)
8. 1837-1847 жылдар (Кенесары Қасымұлы көтерілісі)
9. 1854 жыл (Верный бекінісі салынды)
10. 1920 жылы (Қазақ АКСР-і құрылды)

ІІ-топ сұрақтары:
1. Б.з.б. 530 жыл (Кир мен Томиристің шайқасы)
2. Б.з.б. 55 жыл (Чжи-Чжи бастаған ғұндардың қазақ жеріне қоныс аударуы)
3. 542 жыл (<<Түрік>> этнонимінің алғаш аталуы)
4. 704-756 жылдар (Түргеш қағанаты өмір сүрді)
5. 1206-1227 жылдар (Шыңғысханның ел билеуі)
6. 1348 жыл (Моғолстан мемлекетінде Тоғылық Темір хан болып сайланды)
7. 1680-1715 жылдар (Тәуке ханның ел билеуі)
8. 1726 (1728) жыл (Бұланты шайқасы <<Қалмаққырылған>>)
9. 1729 (1730) жыл (Аңырақай шайқасы)
10. 1836-1838 жылдар (Ішкі (Бөкей) Ордасындағы шаруалар көтерілісі)

1. <<Әріптер сөйлейді>>.

А

Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

Е

Ё

Ж

З

И

Й

К

Қ

Л

М

Н

Ң

О

Ө

П

Р

С

Т

У

Ұ

Ү

Ф

Х

Һ

Ц

Ч

Ш

Щ

Ъ

Ы

І

Ь

Э

Ю

Я

І-топ сұрақтары:
А - Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салған (Абай)
Ә - Жоңғар тағының мұрагері (Әмірсана)
Б - Еділ мен Жайық аралығында құрылған хандық (Бөкей)
В - Рим Папасының мемлекеті (Ватикан)
Г - Тарихтың атасы (Геродот)
Ғ - 100 жыл - ол? (ғасыр)
Д - алаш қайраткерлері Халел, Жаһаншаның фамилиясы (Досмұхамедов)
Е - Қазақ ханы (Есім хан)
Ё - Қазақтың бұлбұл әншісі (Күләш Байсейітова)
Ж - Қазақтың тұңғыш ханы (Жәнібек)
З - Қазақстанның Шығысында орналасқан көл (Зайсан)
И - Үнділердің діні (Индуизм)
Й - АҚШ мемлекетіндегі қала (Нью-Йорк)
К - Абылай ханның немересі (Кенесары)
Қ - Ерасыл қай батырдың шын есімі (Қабанбай)
Л - Мөде шаньюйдің мұрагері (Лаушан)
М - Ислам діни мектебі (медресе)
Н - Қазақстан Республикасы Туының авторы (Ш.Ниязбеков)
Ң -
О - Қазақ АКСР-дің астанасы (Орынбор)
Ө - Қазақстанға көрші мемлекет (Өзбекстан)
П - Тасқа шекіліп салынған суреттер (Петроглифтер)

ІІ-топ сұрақтары
Р - Сталиндік қуғын-сүргін (Репрессия)
С - Алаш автономиясының орталығы болып белгіленген қала (Семей)
Т - Н.Назарбаев Еңбек жолын бастаған қала (Теміртау)
У - Округтан кейінгі басқару буыны (уезд)
Ұ
Ү - Атқарушы билік органы (Үкімет)
Ф - Ірі кәсіпорын (фабрика)
Х - Сақтар дайындаған сусын (хаома)
Һ - Қасым хан шығарған Заңдар жинағы (<<Қасым ханның қасқа жолы>>)
Ц - 1644 жылы Қытайды жаулап алған әулет (Цинь)
Ч - Солтүстік Ғұн билеушісі (Чжи-Чжи)
Ш - Моңғол ханы (Шыңғысхан)
Щ - Қазақстандық жазушы Иван (Щеголихин)
Ъ - Астанамыздың символы (Бәйтерек)
Ы - Ағартушы педагог Алтынсариннің есімі (Ыбырай)
І - Қазақ тіліндегі септік түрі (Ілік)
Ь - Ежелгі тас дәуірі (Палеолит)
Э - Санкт- Петербургтегі көркемсурет мұражайы (Эрмитаж)
Ю - Германия буржуазиясы (юнкер)
Я - Грек мифологиясының кейіпкері (Ясон)

2. Портреттер сөйлейді. Әр топқа белгілі тұлғалар суреті көрсетіледі, оқушылар дәл тауып, кім екенін, тарихтағы алатын орнын қысқаша баяндап беруі тиіс.

І топқа көрсетілетін суреттер:
1) Сырым Датұлы
2) Дина Нұрпейісова
3) Мұхтар Шаханов

ІІ топқа көрсетілетін суреттер:
1) Махамбет Өтемісұлы
2) Қаныш Сәтбаев
3) Д.А.Қонаев

1. Тарихи домино. Сөйлем құрау керек

І топқа
1993 жылы
теңгеміз
айналысқа

шықты
Ұлттық
15 қарашада

ІІ топқа
Қазақстан Республикасы
Президент Жарлығымен
Алматыдан

Ақмолаға
көшірілді
астанасы

1997 жылы

ІV. Сабақты бекіту. Қорытындылау. Оқушы білімін бағалау

Әділ-қазылар сөз алады.

Ұқсас жұмыстар
ЭКОНОМИКА АРУЫ
Саз әлемі. ән сайысы
Қазақстан-2050 стратегиясы бір халық-бір ел- бір тағдыр жайлы
Ашықхат жазамын. Модуль бойынша өткенді қайталау
Иманды ұл, инабатты қыз-елдің көркі
Абай бол, жас дос
Әдебиет көшбасшысы зияткерлік сайысы
Жеткіншек өмірінде кездесетін қиындық сәттер
«қыз – еркем, қылығымен көркем!»
Жеңістің жаңғырығы - ерліктің мәңгілігі
Пәндер