Психологиялық тренингтер

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

№8 орта мектеп педагог - психологі

Баймуратова Баян Бахиевна

Психология - 8 сынып
Психология - 8 сынып: Сабақтың тақырыбы:
«Мен кіммін? Мен қандаймын?»
Психология - 8 сынып: Сілтеме:

1. «Психология» Ф. Н. Гоноболин «Мектеп», Алматы - 1976ж.

2. «Жантануға кіріспе» Қ. Жарықбаев., Ө. Озғанбаев Алматы 2000ж.

3. «Игры обучение тренинг досуг» М - 1994ж. «Новая школа» В. В. Петрусинского.

4. «Психологиялық тренингтер». (Көмекші құрал) . Ақтау - 2008ж.

5. Әдістемелік көмекші құрал: «Имидж және әдеп» Маңғыстау - 2010ж. Баймуратова Б.

Психология - 8 сынып: Сабақтың мақсаты:
Топтағы қарым - қатынас, топтық жұмыс дағдылары қалыптасады және оқушылардың өзіндік жеке мінез - құлқындағы көріністері кеңейтіледі.
Психология - 8 сынып: Міндеті:

Оқушылар психология, психика, темперамент және мінез - құлық түсініктерімен танысады.

Туа пайда болған және жүре пайда болған мінездің ерекшеліктерінің арасындағы айырмашылықты көреді.

Оқушылар өтпелі шақтың ерекшеліктерімен танысады.

Психология - 8 сынып: Оқыту нәтижелері:
  1. Оқушылар қарым - қатынас мәдениеті арқылы жеке тұлғалық ерекшеліктері туралы түсінік алады .
  2. Салыстыру арқылы топтық және өзіндік бағалауға дағдыланады.
Психология - 8 сынып: Жаттығулар:
Әңгімелесу: Сұрақ - жауап, ойын: «Мен қандаймын?», суретпен жұмыс, тренинг: «Ортада бір жүрек», ой қозғау: «Темперамент туралы», тренинг: «Шөлде», диагностикалық жұмыс: тест
Психология - 8 сынып: Тапсырмалар:
Тест : «экстраверт жәнеинтраверт»
Блум таксаномиясы
Жұмыстың атауы
Мазмұны
Блум таксаномиясы: Білім
Жұмыстың атауы:

Әңгімелесу:

Сұрақ - жауап : Тренингтер арқылы

Мазмұны:

Оқушылар сұрақ - жауаптар арқылы өз - өздерін реттейді. Сұрақ төмендегідей:

  1. Тренинг:Мен кіммін? Деген сұраққа қанша рет түрлендіріп жауап жаза аласың? (Оқушылар жазбаша орындайды)
  2. Тренинг:«Жеке тұлға» Қоғамдағы орның қандай?
  3. Кері байланыс тренингі: «Менің жағымды - жағымсыз жақтарым»
Блум таксаномиясы: Түсіну
Жұмыстың атауы:

Ойын: «Мен қандаймын?»

Суретпен жұмыс: «Темперамент»

Мазмұны:

Ойын барысында білім кезеңінде алған білімдерін басшылыққа ала отырып, көршілері бір - бірін сипаттайды және жағымды сөз айтып қолдайды.

АКТ арқылы төрт түрлі суретті бақылайды. Суретте әр түрлі темпераменттегі көріністер берілген. Оқушылар өздерінің түсініктері бойынша сипаттайды. Жұптық және топтық жұмыстар жүргізеді.

Блум таксаномиясы: Қолдану
Жұмыстың атауы:

Тренинг: «Ортада бір жүрек»

Ой толғау: «Темперамент туралы»

Мазмұны:

Мақсаты: Топтық қарым - қатынасты қалыптастыра отырып, темпераменттік ерекшеліктерін анықтау. Оқушылар тренинг арқылы өздерін жан - жақты көрсетеді

Тренингтен алған түсініктерін ой толғау арқылы презентация жасап қолдана алады.

Блум таксаномиясы: Талдау
Жұмыстың атауы: Тренинг: «Шөлде»
Мазмұны: Оқушылар тренингтегі ситуацияларды сыни ойлап, талдау арқылы әр түрлі темпераменттердің ерекшеліктерін түсінеді.
Блум таксаномиясы: Жинақтау
Жұмыстың атауы: Диагностикалық жұмыс: Тест
Мазмұны: З. Т. Лиридің жеке тұлғалар арасындағы қатынастың диагностикалық әдісін қолдана отырып өз - өздерін зерттейді.
Блум таксаномиясы: Бағалау
Жұмыстың атауы:

Көшбасшы:

Үй тапсырмасы:

Сауалнама: «Сен кімсің?»

(көршісіне арнап сауалнама жасақтау)

Мазмұны: Оқушыларды салыстыру арқылы форматифті түрде бағалайды. Топты бағалаймыз. Көшбасшыны бағалаймыз

Рефлективті есеп

08. 05. 2012ж 8 «В» сынып оқушыларына «Жасөспарім және келіспеушілік» тарауының орта мерзімді бірінші сабағын өткіздім.

Тақырып: «Мен кіммін? Мен қандаймын?». Сабақтың Мақсаты: Топтағы қарым - қатынас, топтық жұмыс дағдылары қалыптасады және оқушылардың өзіндік жеке мінез - құлқындағы көріністері кеңейтіледі. Міндеті: Оқушылар психология, психика, темперамент және мінез - құлық түсініктерімен танысады. Туа пайда болған және жүре пайда болған мінездің ерекшеліктері арасындағы айырмашылықты көреді. Оқушылар өтпелі шақтың ерекшеліктерімен танысады. Осы мақсат - міндеттерді алға қоя отырып, оқушылар қарым - қатынас мәдениеті және жеке тұлғалық ерекшеліктері туралы түсінік алады. Салыстыру арқылы топтық және өзіндік бағалауға дағдыланады.

Сонымен мен сабағымның білім кезеңінде диалогтік сұрақ - жауап арқылы шағын тренингтермен сабақты ұйымдастырдым. Ол үшін мен оқушыларымды «Мен қандай түсті ұнатамын?» атты тренингін жүргіздім. Қорытындысында оқушылар таңдаған түстеріне қарай 3 топқа бөлінді. 3 топ жұмыс жасауға кірісті. «Мен кіммін?» тренингі бойынша оқушылар бірнеше рет жауап қайтару арқылы өз - өздерін ерекше бағалап көрсету керек болатын. Бірақ, оқушылардың арасында жылдам оқушылар ерекше көзге түсіп, ал баяу оқушыларым артта қалып отырды. Себебі оқушыларым сыни тұрғыда ойлауға қалыптаспаған. «Жеке тұлға» тренингінде берілген бес сөз (ата - ана, махаббат, ақша, жеке тұлға және бала) ішінде қай сөзді бірінші кезекке қоятынын анықтау кезінде тапсырмаға іліге алмай отырған оқушыларыма диалогтік сұрақтар арқылы бағыт - бағдар беріп отырдым. Нәтижесінде оқушының көкейіндегі өзін - өзі бағалауы және тұлғалық ерекшелігі айқындалды. Тіпті енжар оқушыларым да дәлелдер айтуға тырысты. Ал «Менің жағымды - жағымсыз жақтарым» тренингінде оқушы өзінің бойындағы ерекшеліктерін тізіп жазу арқылы өзіне сыни ойлау арқылы сын көзбен қарап және өзін - өзі бағалады. Ал топ ішіндегі өзімшіл оқушыларым жазуға сөз таба алмай қиналып та отырды. Білім кезеңінде топ ішіндегі өзін ерекше көрсеткен оқушы көшбасшы болды. Көшбасшы бағалау бетшесінің критерилерімен танысып, формативті түрде бағалауға кірісті.

Түсіну кезеңінде «Мен қандаймын?» ойының ұйымдастырдым. Бұл ойын арқылы білім кезеңінде алған түсініктерін басшылыққа ала отырып, көршілер бір - бірін сипаттайды және жағымды сөз айтады. Жалпы бір - бірімізге жағымды сөз айту менталитетімізде қалыптаспаған. Сондықтан да оқушыларда қысылу, ұялу деген сияқты әрекеттер орын алып отырды. Бірақта тренинг жүрісі бойынша сабырлылық білдіре отырып, түбегейлі атсалысып қатысуын қамтамасыз етіп отырдым. Сонымен қатар оқушылар АКТ арқылы тақтада берілген төрт жағдайдағы суретке назар аударды. Суретте әр түрлі темпераменттегі көріністер берілген. Оқушылар өздерінің түсініктерін жұптық және топтық жұмыстар жүргізе отырып талдай алды. Оқушылардың әрекеттерінде қызығушылық пайда болып, бір - бірлеріне сұрақтар қою арқылы тез арада сурет туралы нақты жауаптарды ортаға салуға тырысты. Әр топ оқушылары төрт суреттерді бөліп алып, суреттегі кейіпкерлердің әр бір әрекеттеріне мән беріп, талдап отырды. Нәтижесінде оқушылар мінездеме беріп, өздерінің пайымдаулары бойынша қандай күйдегі адамға жататынын анықтады.

сканирование0001

Оқушылар өте қызығушылықпен орындады. Тренингтерге қатысу арқылы оқушылар өздерін жан - жақты көрсете білді. Мысалы сабақ барысында топ ішіндегі «Ортада бір жүрек» атты тренингін ұйымдастырып оқушылардың темпераменттік қасиеттері, сыни ойлау қабілеттері, қарым - қатынастағы қызығушылықтары, оқу үрдісіндегі білім деңгейлері және мінез - құлықтары іс - әрекеттерін қолданып соңында талқылау арқылы оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтадым. Ерекше айта кететін жағдай топ ахуалы - өте проблемалы болатын. Шамадан тыс жағымсыз жақтарымен көрінетін оқушылар көп бола тұра, дарындылықтың кейбір ерекшеліктері талантты және дарынды баланы оқыту модулі негізінде байқалып отырды. Мысалы топ ішіндегі Есентай есімді оқушым тренингте өзінің ұшқыр ойын, жылдамдығын және ситуацияға деген шынайы көзқарасын рольге ене отырып жеткізе білді. Есентайдың ұшқыр ойы мені таң қалдырды. Бұрын соңды ол оқушы мұндай пікір айта алады деп ойламаппын. Ол - ерекше қабілет және дарындылықтың белгісі деп санаймын.

«Темперамент» тақырыбы бойынша оқушыларға ой толғау жүргізілді. Топтар арасында АКТ қолданып сайттан «Темперамент туралы» деген құжатты табу арқылы презентацияға дайындалып көшбасшыларымның ұсыныстары бойынша енжар отырған оқушыларды ортаға шығарып жұмысты қорғаттық. Оқушылар ой толғау кезінде туындаған кейбір сұрақтарға презентация арқылы жауап алып отырды. АКТ - мен жұмыс жасау кезінде оқушылар арасында ешқандай енжарлық болған жоқ. Керісінше оларда аса қызығушылық көрініп отырды. Бұл тапсырма кезінде менің байқағаным, оқушыға сенім артып ізденушілік тапсырмаларын беру арқылы ынталандыруға болады екен.

Талантты және дарынды балаларды оқыту, білім берудегі басқару және көшбасшылық модулдері негізінде «Шөлде» атты тренингі ұйымдастырылған кезде оқушылар алдыңғы тапсырмалардан алған әсерлерін қызығушылықпен жалғастыра білді. Топ оқушылары бір - бірімен бәсекелестікте жан - жақты сыни тұрғыда ойлау арқылы нақты әрі, құнды шешім қабылдап, ерекше көзге түсу арқылы алға шығуды мақсат етті. Тіпті топ ішінде тек топқа қабылданғандар қатарындағы Дулат есімді оқушым басқа оқушыларға қарағанда ситуациядан шығудың өте тиімді жолын өзі анықтаса да «Біз топ болып ойлаймыз» - деп топ атынан өз пікірін ортаға салды. Ал басқа оқушылар Дулаттың осындай жетістігін көріп еріксізден - еріксіз қол соғып қолдау көрсетті. Бұл тренингте айта кететін ерекше жағдай, топ ішінде көшбасшылыққа бейімделе отырып дарындылық қабілеттерінің кейбір жақтарын көрсеткен оқушылар да кездесіп отырды. Мен оларды формативтік бағалаудың критерилері арқылы салыстырмалы түрде бағалап отырдым.

Ал көшбасшылар


Ұқсас жұмыстар
Псиологиялық тренинг, оның мақсаты, ережелері мен заңы
Педагог-психолог, 2013-2014 жылдық есеп
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сынып сағаттарының тақырыптарын таңдау
<<мейірімді жүрек>>
Мектеп медбикесі
1 кластың мектепке бейімделуін қалай ұйымдастыруға болады
Отбасы тәрбиесінде баланың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу
Ұбт-ға оқушыларды дайындаудың әдістемелік ұйымдастыру мәселелері
Әдеп сақтау
Циклограмма
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz