"Интеллектуалды олимпиада"

Ағлешова Гүлшат

ағылшын тілі пәні мұғалімі

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Сыңғырлау орта мектебі

Тақырыбы: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЛИМПИАДА

Мақсаты: Оқушылардың танымдық-когнитивтік белсенділігін

арттыру, дүниетанымын кеңейту

Шарты: Интеллектуалды олимпиада 4 кезеңнен тұрады. 1-

кезеңде әр команда 12 сұраққа иә немесе жоқ деп

жауап береді

2-кезеңде 5 сұрақ беріледі. Сұрақтың кілт сөздеріне

қарап, оқушылар ұпай тігеді және екі көмек алуға

мүмкіндіктері бар.

3-кезеңде де 5 сұрақ беріледі, шарты 2-кезеңдегідей,

тек сұраққа дұрыс жауап берілмесе, тіккен ұпай

шегеріледі.

4-кезеңде ағылшын, орыс тілді анаграммалардың

шешімін табу, математикалық логикалық сұрақтың

жауабын табу

ЖҮРІСІ

1-КЕЗЕҢ

1-топ сұрақтары

  1. Ағылшын тілінде 26 әріп бар ма? Иә
  2. ҚР тәуелсіздігін 1992 ж алды ма? Жоқ
  3. Орыс тілінде 7 септік бар ма? Жоқ
  4. Күн жүйесінің орталығы жер ме? Жоқ
  5. «Абай жолы» роман-эпопеясын Мұрат Әуезов жазды ма? Жоқ
  6. Түркияның астанасы Стамбул ма? Жоқ
  7. Артикль ұғымы тек ағылшын грамматикасында бар ма? Жоқ
  8. Атлант ең үлкен мұхит па? Жоқ
  9. У. Шекспир ағылшын ақыны ма? Иә
  10. «Құрманғазы» күйін А. Жұбанов жазды ма? Иә
  11. Сатурн сақиналы планета ма? Иә
  12. Айтыс халық ауыз әдебиетіне жата ма? Иә

2-топ сұрақтары

  1. Артикль тек зат есімнің алдына қойыла ма? Иә
  2. Еліміздің Премьер Министрі К. Мәсімов пе? Жоқ
  3. Америка құрлығын А. Веспуччи ашты ма? Жоқ
  4. ҚР Парламенті үш палатадан тұра ма? Жоқ
  5. Күн жүйесіндегі ең үлкен планета Юпитер ме? Иә
  6. Әбілхайыр хан ұлы жүзден шыққан ба? Жоқ
  7. Ағылшын тілінде сын есімнің 3 шырайы бар ма? Иә
  8. Бұрышты қақ бөлетін сәуле медиана деп атала ма? Жоқ
  9. Л. Толстой орыс ақыны ма? Жоқ
  10. Ш. Құдайбердиев 1858ж туылды ма? Иә
  11. Эверест ең биік тау шыңы ма? Иә
  12. Present Simple Tense өтіп керкен іс-қимылды білдіре ме? Жоқ

2-КЕЗЕҢ

1-сұрақ кілт сөздер: ҚР еңбек сіңірген қайраткер, Ұлттық консерватория

Бұл тұлға 1939ж Маңғыстау облысында дүниеге келген, ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Маңғыстау аудандық «Жаңа өмір» газеті ркдакциясында, «Маңғыстау мұнайгаз» бірлестігі жүйесінде қызмет атқарған, Қазақ Мемлекеттік Ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, 2 халықаралық фольклор фестивалінің дипломанты. Бұл тұлға ұмтылуға айналған аңыз, айтыс, күйлерді қайта жаңғыртып таратуға мол еңбек сіңірді. Сөз қай тұлға жөнінде болып отыр?

1-көмек: Төкпе күйлердің шебер орындаушысы, Маңғыстау күй дәстүрінің көрнекті өкілі

2-көмек: «Маңғыстау күйлері» атты күйтабақ пен үнтаспа авторы

Жауап: Сержан Шәкіратов

2-сұрақ кілт сөздер: ағылшын тілі, грамматика, шақ

Ағылшын тілі грамматикасындағы 12 шақтың бірі. Ол yesterday, last week, last month, last year үстеулері арқылы жасалады. Дұрыс етістікке бұл шақта -ed жалғауы жалғанады, ал бұрыс етістіктің екінші формасын қолданады. Бұл қай шақ?

Көмек: өтіп кеткен іс-қимылды білдіреді

Жауап: Past Simple Tense

3-cұрақ

кілт сөздер: ғарыш, планета атауы

Бұл планетаның Күн мен жұлдыздарды қалқалайтын улы газ бұлттарынан құралған қалың атмосфера қабаты бар. Оның аспаны қызыл болып көрінеді, онда қышқылды жаңбыр жауады. Және бұл планетаның бір ерекшелігі - Жерге қарама-қарсы бағытта айналады. Егер бұлттар болмағанда, онда батыста Күннің шыққанын, ал шығыста Күннің батқанын көруге болар еді. Сонымен, Жердің көлемімен шамалас планета қалай аталады?

1-көмек : Бұл ең ыстық планета, ондағы температура 470 градусқа жетеді

2-көмек: Күннен бері санағанда 2-ші планета, Күннен қашықтығы 108 млн км

Жауап: Шолпан

4-сұрақ

кілт сөздер: Америка, өзен атауы

Бұл атақты өзендердің бірі. Бұл өзен Америка материктерінің бірінде орналасқан., ол екі жағалауындағы өсіп тұрған жайқалған тропиктік орман бойымен бұралаңдап ағады. Әр сағат сайын бұл өзен суының 770 млрд куб метрі Атлант мұхитына құйылады. Ұзындығы 6750 км. Бұл қай өзен?

1-көмек : Оңтүстік Америкада орналасқан, 5 елдің (Перу, Бразилия, Боливия, Эквадор, Колумбия) территориясымен өтіп жатыр

2-көмек : әлемдегі ең суы мол өзен

Жауап: Амазонка өзені

5-сұрақ кілт сөздер: мүйізтұмсық, Африка, браконьер

Мүйізтұмсық - сүтқоректі жануар. Африкада мүйізтұмсықтың 2 түрі (ақ және қара) мекендейді. Әдетте оның тұмсығында 2 мүйізі бар. Замбияда кездесетін мүйізтұмсықтың 3, кейде 5 тұмсығы да болады. Алдыңғы мүйізі өте үлкен, ұзындығы 40-60 см құрайды. Мүйізтұмсық - пілден кейінгі алып жануар, оның салмағы 2300-2600 кг. Африкада браконьерлер мүйізтұмсықты мүйізі үшін өлтіреді, оны дәстүрлі медицинада және пышақ сияқты көркем қарулар жасауда қолданады.

Сұрақ: Мүйізтұмсықты браконьерлерден қорғау үшін Африкалық қорықшылар қандай амал ойлап тапты деп ойлайсыңдар?

Көмек: мүйізсіз мүйізтұмсық браконьерлердің қызығушылығын туғызбайды

жауап: олар мүйізтұмсықтың мүйізін кеседі

3-КЕЗЕҢ

1-сұрақ кілт сөздер: чемпион, кубок, олимпада

C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\books\220px-Serik_S.jpg Лондон олимпиадасының чемпионы - Серік Сәпиев 1983ж 16-қарашада Қарағанды облысында дүниеге келген. Халықаралық спорт шебері, «Парасат» орденінің кавалері, «Отан» орденінің иегері, әлемнің екі дүркін чемпионы өзінің алғашқы ірі жеңісіне 2004 ж боксшы әскерилер арасында чемпион атағын иелену арқылы жетті. Бейжің және Лондон олимпиадаларының бокстан құрама командалардың капитаны болып бекітілді.

Сұрақ: Серік Сәпиев Лондон олимпиадасында алтын медальге қоса, қандай кубокке қол жеткізді?

Көмек: бокс спорты бойынша өте шебер техника көрсеткен боксшыға берілетін кубок.
жауап: Баркер кубогі

2-сұрақ кілт сөздер: б. з. б. уақыт, құрылыс атауы

Бұл құрылыс негізінен Цинь әулеті кезіне (б. з. б. 221-206 жж) салына бастады. Оның толық ұзындығы 2400км астам болды. Бұл құрылыс мемлекетті тек ортаазиялық дала жауынгерлерінен қорғау үшін ғана емес, сонымен қатар, мемлекет халқын ел ішінде ұстау үшін керек болды. Сұрақ: әңгіме қай құрылыс жөнінде болып отыр?

1-көмек : спутниктен ғарыштан көрінетін бірден бір құрылыс

2-көмек : Қытайда орналасқан

Жауап: Ұлы Қытай қорғаны

3-сұрақ кілт сөздер: Қытай, панда, жойылу


Ұқсас жұмыстар
Бірлестік мүшелері
Интеллектуалды олимпиада. 9-11 сыныптар
Кілт сөздер
Жалпы ұпай сандары бойынша озып шыққан команданы марапаттау
Бірінші турға кезек берсек, екі топ өздерін таныстырып өтсе
Бірлестік жоспары
Қазақ тіл білімі лингвистика
Қабілеттері айқындалмаған потенциалды балалар
Пән мұғалімдері
Сабақта құзыреттілікті дамыту жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz