Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Иерархиялық желі

Тобы: 3071
Күні: 18.03.15ж
Сабақ тақырыбы: Компьютерлік желі және топология түрлері
Сабақ мақсаты: Әлемдік ақпараттық кеңістікке ену жағдайында компьютерлік желі технологиясын оқушыларға меңгертудің тиімді әдіс тәсілдерін таңдау;
Оқушыларға компьютерлік желі технологияларының топологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін көрсетудің қолданбалы бағытын игерту.
1.Білімділік: Компьютерлік желілердің түрлерін ажырата білуге, мүмкіншілігін түсінуге, салыстыру арқылы оның артықшылығы мен кемшіліктерін білуге үйрету.
2.Тәрбиелік: Ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін үйрету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.
3.Дамытушылық: Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне, т.б. үйрету.
Сабақ түрі: аралас сабақ, ақпараттық - технологиялық сабақ
Сабақ әдісі: Топпен ақылдаса отырып ортақ ойларын біріктіру, ұяшықтағы тапсырмаларды орындау, ойын әдісі, миға шабуыл әдісі
Пәнаралық байланыс: Физика, информатка, математика
Құрал-жабдықтар: Интеративті тақта, ток тексергіш тестер, кабель, слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезең 2 мин
1.Сәлемдесу.
2.Балаларды түгендеу.
3.Балалардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 15 мин
1. Мәліметтер базасы дегеніміз не?
2. Электронды МБ-ның басты қасиеті
3. Мәліметтер базасының басқару жүйесі дегеніміз не?
4. Мәліметтер базасының басқару жүйесінің операциялары
5. МББЖ-нің екі жұмыс режимі
6. Мәліметтер базасын жіктеу
7. Реляциялық, иерархиялық және желілік МБ.
8. Жобалаушылық және пайдаланушылық режим

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру 40 мин
Тақырып бойынша жоспар:
1. Желі ұғымын қарастыру
2. Желі түрлерімен танысу
3. Желінің бірыңғай және иреархиялық түрлерін қарастыру
4. Желіні қолданудың артықшылықтары
5. Топология ұғымын қарасытыру
6. Жұлдызша топологиясымен танысу
7. Сақина топологиясымен танысу
8. Шина топологиясымен танысу

Компьютер желі - бұл компьютер мен әртүрлі құрылғылардың жиынтығы, аралық ақпарат тасымалдауды пайдаланбай желідегі компьютер арасындағы ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін.

Үлестірілген компьютерлік желі
WAN
Локальдық есептеуіш желілер
LAN

Желі

> Локальдық есептеуіш желілері (ЛЕЖ) немесе Local Area Network (LAN), бір немесе бірнеше жақын орналасқан мекемелерде орналасады. ЛЕЖ негізінен қандай да бір ұйымдарда (корпорация, мекеме) орналасады, сондықтан корпорациялық деп аталады.
> Үлестірілген компьютерлік желі, глобальды немесе Wide Area Network (WAN), әр түрлі мекемелерде, қалаларда және елдерде орналасып территориялық, араласқан және глобальдық болады. Осыдан глобальды желілер 4 түрге бөлінеді: қалалық, аймақтық, ұлттық және трансұлттық.
Жергілікті есептеу желісі

Бірыңғай желі
Иерархиялық желі

Бірыңғай желі - барлық компьютерлері тең құқылы және бірдей қызмет орындайтын жергілікті желі. Олар желіге аз ғана - 10-15-тен көп емес компьютерлер санын біріктіру үшін қолданылады. Бірыңғай желілерде сервер дегеніміз - ресурстары осы сәтте басқа компьютерден де алына беретін компьютер, сервер бір мезгілде клиент те бола алады, яғни өзі ресурстар беретін компьютердің ресурстарын пайдаланады.
Иерархиялық желілер. Иерархиялық жергілікті желілерде бір немесе бірнеше сервер болады. Иерархиялық желілердегі сервер - бөлектенетін ресурстардың тұрақты сақтау қоймасы. Сервердің өзі тек иерархияның одан жоғары деңгейіндегі сервердің клиенті бола алады. Серверлер әдетте жоғары өнімді компьютерлерден, бірнеше параллельді жұмыс істейтін процессорлардан, үлкен сыйымдылықты винчестерлерден, жоғары жылдамдықты желілік картадан (100 Мбит/с және одан да көп) тұрады.
Желі топологиясы - бұл оның геометриялық пішіні немесе компьютерлердің бір-біріне қатысты физикалық орналасуы.

oo <<Шина>> топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте <<шина>> деп аталатын коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлық желілік компьютерлер <<шинаға>> тікелей қосылады.
oo <<Сақина>> топологиясына тән бір нәрсе - жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртұтас сақина құраған (міндетті түрде шеңбер емес) желі тұйықталған.
oo <<Жұлдызша>> топологиясы бар желідегі барлық компьютерлер орталық компьютерлермен немесе концентратормен жалғастырылған. Мұндай желідегі екі компьютер арасында тікелей қосылу болмайды.

Сұрақ-жауап

IV. Жаңа материалды бекіту 10 мин
1. Компьютерлік желі дегеніміз не?
2. LAN және WAN желісі
3. Бірыңғай және иерархиялық желілердің айырмашылығы
4. Желі топологиясының турлері
V. Бағалау. 2 мин
VI.Үйге тапсырма: 3 мин.
Ақпараттық және коммуникациялық желілер туралы жалпы мәлімет, айырмашылығы, жұмыс істеу режимі.

Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжі

<<Бекітемін>>
Оқу - әдістемелік
кабинетінің меңгерушісі ________ Сулейменова А.М.
<< - _____>>_____________2015ж

Ашық сабақ
Өткізілетін пән: Электронды есептеуіш машинасы
Тақырыбы: Компьютерлік желі және топология түрлері

Оқытушы: Маханов Д.Н.
Өткізілетін топ: 3071 гр

Ақтөбе 2015

Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық модельдер. жүйе, жүйенің құрылымы
Тірі табиғат дүниесі
Компьютерлік желілер туралы
Дененің потенциалдық энергиясы
Компьютердің әрбір құрылғысының жұмысын
Жалпақ құрттар тест
Файлдар, бумалар және жарлықтар жайлы ақпарат
Объектті - бағытталған программалаудың принциптері
Құжатты сақтау және ашу
Жалпы желі ұғымы. 7 сынып
Пәндер