Реттік сан есімге арналған сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы: Реттік сан есім

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Сан есім түрлері тақырыбы бойынша алған білімдерін нығайту, тиянақтау.
2. Дамытушылы: Ойлау қабілетін дамыту, тіл байлығын арттыру, оқу дағдыларын қалыптастыру, пәнге қызығушылықтарын ояту, логикалық ойлауын дамыту.
3. Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, қастерлеуге үйрету. Ұйымшылдық пен ұжымшылдыққа тәрбиелеу, топ намысын қорғауға жұмылдыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, кесте, сұрақтар жазылған парақшалар, қызықты грамматикалық тапсырмалар.
Әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, талдау оқулықпен жұмыс.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа әзірлеу, оқу құрал-жабдықтарын тексеру, топқа бөлу.
2. Үй жұмысын тексеру.
Берілген сан есімдердің мағыналық түрлерін анықтау, сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрастыру.
Жаңа сабақ . Реттік сан есім.

Мұғалім сөзі:

Балалар бірінші мына тақтадағы сөздерді екі бағанға топтап жазайық.

Ағаш, тоғыз, табиғат, адам, үш, елу, алты, күн, сексен, бесінші, Кітап, қалам, аспан, бес жүз, жеті, алпыс, доп, он бірінші, гүл

D:\4-сынып\Bluetooth\казак\IMG_20140421_175827.jpg

Ағаш, табиғат, адам, күн, тоғыз, үш, елу, алты, сексен,

Кітап, қалам, аспан, доп, гүл бесінші, бес жүз, жеті, алпыс, он бірінші

-Неліктен олай топтадыңдар?

-Екінші қатардағы сөзге сұрақ қойындаршы?

-Бұл сөздер несін білдіріп тұр?

Дұрыс айтасыңдар. Ретін, санын білдіріп тұр. Ендеше бүгінгі тақырыбымыз Сан есім. Оның ішінде Реттік сан есім түрімен танысамыз.

Реттік сан есім-дегеніміз заттың саналу ретін білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап беретін сан есім түрі.

Сан есімнің одан басқа негізгі 6 түрі бар:

1. Есептік

2. Реттік

3. Болжалдық

4. Бөлшектік

5. Жинақтық

6. Топтау.

Қалғандарымен алдағы уақытта танысатын боламыз.
Сонымен оқушылар біздің бүгінгі сабағымыз бірнеше бөлімдерден тұрады.

«Мақал - сөздің мәйегі » демекші біздің бірінші бөліміміз

1-бөлім . «Білекті бірді жығады

Білімді мыңды жығады» деп аталады. Мұнда біз «Мақалдардың жалғасын тап ойынын ойнайық»

1. Жүзден жүйрік . . . (мыңнан тұлпар)

2. Семіздің аяғы- . . . (сегіз. )

3. Жеті атасын білмеген ұл . . . (жетесіз. )

4. Жігітке жеті өнер де . . . ( аз. )

5. Төртеу түгел болса төбедегі кетеді

(Алтау ала болса ауыздағы кетеді. )

6. Жеті рет өлшеп . . . (бір рет кес)

7. Бір тал кесең . . . (он тал ек)

8. Батыр бір рет өледі . . . (қорқақ мың рет өледі)

D:\4-сынып\Bluetooth\казак\IMG_20140421_175548.jpg

2-бөлім. «Мыңның жүзін білгенше,

Бірдің атын біл» деп аталады. Яғни, жаттығулармен жұмыс жасаймыз.

1-жаттығу. Сын есімдердің түбірі мен қосымшасын тап.

Бірінші, екінші, оныншы, елуінші, жүзінші.

2-жаттығу. Берілген сан есімдерге тиісті қосымшаны тап.

Төрт (-ыншы, -інші) сабақ

Тоғыз (-ыншы, -інші) сұрақ

Жиырма бір (-ыншы, -інші) ғасыр

Үш (-ыншы, -інші) пәтер

3-жаттығу . Қазақша күн аттарын реттік сан есімі бар тіркестер түрінде жазу.

Үлгі: Дүйсенбі - бірінші күн
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі

4-жаттығу. Санамақты оқып, сан есімдерді тап. Оларды реттік сан есімге айналдыр. (ауызша)

Бір дегенім-бір таяқ,

Екі деген-екі аяқ,

Үш дегенім-үшкір тіс,

Төрт дегенім-төрт бұрыш.

Бес дегенім-бес қатар,

Алты деген-алты атар,

Жеті -жердің жемісі,

Сегіз -төлдің семізі.

Тоғыз деген төлбасы,

Он деген он жолдасы.

Сан білмеген айта ма.

Санамақты қайтала!

3-бөлім. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» (Ребустар шешу)

Әр топқа ребус сызылған парақ беріледі. Ребусты дұрыс шешкен топ, ішінде саны бар нақыл сөзді таба алады.

1-топ: Кітаптағы 5-жаттығу (ребус жауабы: Ел құлағы -елу )

2-топ: (ребус жауабы: Айла-алтау, ақыл-жетеу )

3-топ: (ребус жауабы : Жігітке жеті өнерде аз )

4-бөлім «Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні» деп аталады. (тапсырмалар беріледі)

1-Тапсырма: «Бес жолды өлең»

1-топ : Жетіқарақшы

2-топ : Алтыбақан

3-топ: Тоғызқұмалақ

2-тапсырма

Жаңа сабақты қорытындылау.
Семантикалық картаменжұмыс.

Сан есім
Есептік
Реттік
Сан есім: Екі
Есептік: +
Реттік:
Сан есім: бесінші
Есептік:
Реттік:
Сан есім: он бес
Есептік:
Реттік:
Сан есім: Елу
Есептік:
Реттік:
Сан есім: жетінші
Есептік:
Реттік:
Сан есім: алпыс алты
Есептік:
Реттік:
Сан есім: Сексен
Есептік:
Реттік:
Сан есім: Үшінші
Есептік:
Реттік:
Сан есім: тоғызыншы
Есептік:
Реттік:
Сан есім: Сегіз
Есептік:
Реттік:

D:\4-сынып\Bluetooth\казак\IMG_20140421_180132.jpg

Қорытындылау . Сан есімнің түрлері туралы түсінгенін сұрау.
Оқушыларды бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау


Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz