Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Мықты отбасы - мықты мемлекет
Тақырыбы: <<Мықты отбасы - мықты мемлекет>>.
Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық,
қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру.
Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы,
ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Баланың жан- жақты өз елінің, халқының қамсын ойлайтын,
ата- анасын, жора- жолдасын сыйлай білетін, азамат
тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау.
Әдісі: Сұрақ- жауап, пікір алысу, өз ойын ортаға сала білу.
Көрнекілігі: Үлестірмелі кестелер, даналық сөздер, компьютер,
баяндамалар, плакаттар.
Нақыл сөздер:
1. <<Анаң- асыл қазынаң, әкең- асқар тау>>.
2. <<Ата- ананың міндеті- тәрбиелеу және жақсылықты үйрету>>.
3. <<Бала- біздің болашағымыз>>
4. <<Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады>>.
5. <<Бала- өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі>>.
6. <<Балаға сіңірген ата- ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле- өлгенше сусындайтын махаббат.
Ғабиден Мұстафин
Түрі: Ата- ана мен баланың арасындағы сыйластықты күшейту.
Барысы: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата- аналар, шәкірттер! Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты <<Жанұя>> екен. Бүгінгі тақырыпта осы мемлекет жөнінде өрбімек. Бұл мемлекет қандай болуы керек?
Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.
Сонымен, бүгінгі ата- аналар мен бала бірлескен <<Мықты отбасы - мықты мемлекет>> атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Жақсыдан жаман туады,
Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады,
Адам айтса нанғысыз.
Отбасы- адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы- ата- ана. Ұлтымызда <<Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің>> деген дана сөз бар. <<Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек>>- деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата- ананың орны бөлек. Бала әкеден -ақыл, анадан- мейірім алады. Әке- отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.
Ата- анаға баладан жақсы ешкім жоқ. <<Бала- адамның бауыр еті>> деген нақыл сөз бар. Сондықтан қай ата- ана болмасын баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қай халық болса да үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінің түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген. Ал тәрбиенің көзі- ата- бабамыздан қалған ақылда, дана сөздерде.
Біздің тәрбие сағатымыздың мақсаты шағын мемлекетіміз <<жанұяны>> мықты мемлекетке айналдыру. Ол үшін мықты мемлекет - жанұямызға берік босаға, кең кереге, үлкен терезе, мықты шаңырақ керек.
Біздің ойынымызға ата - аналар мен балалар қатысады. Кірпіштерге жазылған сөздермен біздер өзіміздің Үйімізді қалайық. Біздер балалар барлығымызда өз өміріміздің құрлысшысымыз. Біздің үйіміздің фундаменті неден тұрады екен?
Оқушыларға актуальдық сұрақтар:
1. Үй дегенді қалай түсінесің?
2. Үйдің жылу, ата - ананың аялы алақаны дегенді қалай түсінесің?
3. Бақытты отбасы дегенді қалай түсінесіздер?
Біздің алдымызда үй салатын мынандай кірпіштер жатыр:
1. байлық.
2. бауырмалдық
3. татулық
4. қайырымдылық
5. әдептілік
6. инабаттылық
7. шыдамдылық
8. толеранттық
9. түсіністік
10. ізеттілік
11. ауызбірлік
12. сенімділік
13. махаббат
14. ата - ананың балаға деген махаббаты
Осы кірпіштердің көмегімен біздер өз үйлерімізді тұрайық. (Балалар үй тұрғызуға кіріседі)
Балаға теріс әсер етеді.
* Жанұядағы жанжал
* Үлкендердің аузына келген сөздеріне айтуы
* Балалардың көзінше басқа біреуді сөгуі
* Басқалардың сыртынан өсек айту
* Арақ ішу
* Темекі тарту
Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады.
Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,
Қайтсем ғана осыны адам етем,
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен
Ойым емес,оллаһи,біздікінің...
Енжарлығы елде жоқ алабөтен
Туа сала тұлпардың жалын тартқан;
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,
Бұ да бір күн алаудай жана ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе-ау
Болмаса да топ жарған дара бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
....Үміт пен күдіктің ортасында
Ата-ананың үміті талады екен!
Мұзафар Әлімбаев
Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап, <<Қайтсем де баламды адам етем>> деген ата-ананың арманы баласымен бірге жасайды екен.
Ата - анаға берілетін кеңес
1 1. Балаңызды өзіне - өзі қызмет етуге дайындаңыз
2. Жаңұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер
3. Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз
4. Балаңыздың өз бетімен әрекет жасауға мүмкіндік беріңіз.
5. Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз.
Ой толғанысы.
1. Егер баланы сынып отырса, оқуға құлқы болмайды.
2. Баланы қолдап отырса, білімге деген ынтасы артады.
3. Балаға сенім артса, ол батыл болады.
4. Бала төзімділікте өссе, адал болады.
5. Бала қауіпсіз жағдайда өссе ол адамға сеніммен қарайды.
6. Бала кекшілдікте өссе, ол қатізгез болады.
7. Бала адалдықта өссе, әділ болады.
Біздің балаларымыз тұрған үйімізге қарап, ата - аналар мен оқушылардың пікірін тыңдаймыз.
Мақал- мәтел орталығы.
№ 1
1. Әке туралы мақал білесіздер ме? Айтып көріңіз.
2. Мақалды жалғастыр. Отанды сүю .........
3. Мына мақалдың мағынасын ашып беріңізші: <<Әке- алтын діңгек>>
№ 2
1.Отан туралы мақал білесіздер ме? Айтып көріңіз.
2. Мақалды жалғастыр Мектеп...... білім....
3.Мына мақалдың мағынасын ашып беріңізші: << Жақсы сөз жан сүйсіндіреді, жаман сөз жан күйіндіреді.>>
№ 3
1. Ана туралы мақал білесіздер ме? Айтып көріңіз.
2. Мақалды жалғастыр: Бала- адамның...
3. Мына мақалдың мағынасын ашып беріңізші: <<Отбасына қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі>>
№ 4
1.Дос туралы мақал білесіздер ме? Айтып көріңіз.
2. Мақалды жалғастыр Ата...... бала....
3.Мына мақалдың мағынасын ашып беріңізші: << Балалы үй базар>>
№ 5
1.Бала туралы мақал білесіздер ме? Айтып көріңіз.
2. Мақалды жалғастыр: Ананың сүті бал,..........
3.Мына мақалдың мағынасын ашып беріңізші: <<Ата- ананың ақылы- қазулы қара жолмен тең>>
Қорытынды.
Тал терекке айналу үшін, ал бала көкірегі ояу, жан- жақты дамыған Адам болу үшін қандай жағдайлар әсер етуі мүмкін?
Тал- терек
Қолайлы
Қолайсыз
Бала-Адам
Жақсы
Жаман
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!
Сіздердің отбасыларыңызға сыныбымның атынан тек жақсылық тілеймін!
Қыздарыңыз қызғалдақтай құлпыра берсін, ұлдарыңыз ізгі армандарыңызды орындай берсін деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатын тәмамдаймын. Келген қадамдарыңызға гүл бітсін! Келесі кездескенше хош сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz