Астана қандай қала

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Астанаға саяхат. Көмекші есімдер.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Астана қаласына саяхатқа барып, көрікті жерлерімен танысу. Елорда туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру. Көмекші есімдер туралы түсінік қалыптастыру, қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: сөздік қорын молайту, орфоэпия мен орфографиясына назар аудару, білімдерің толықтырып, тілін дамыту:
Тәрбиелік: Өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, бір - біріне сыйластық сезімдерін тереңдету;

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес с/типі: саяхат сабағы

Жұмыс түрі: топпен жұмыс

Әдістері: әңгімелесу, аудару, сұрақ-жауап, талдау, аудару, ізденіс, топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ынталандыру және сабақтың мақсатың айқындау кезеңі.

1) Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлемдесу.

-Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

-Бүгін нешесі?

-Аптаның қай күні?

-Қай жыл мезгілі?

-Сыныпта кім жоқ?

2) Тіл дамыту кезеңі. (мемлекеттік мерекелерді еске түсіру)

3) Қызығушылықты ояту кезеңі.

«Ой шақыру»- сөзжұмбақты шешу.

1. Қазақ халқының ұлы ақыны кім? Абай

2. Біз қай облыста тұрамыз? Шығыс

3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? Тоқтар

4. Қазақстанның үшінші астанасы қай қала? Алматы

5. Түркі халқының Жаңа жылы қай айдаболады? Наурыз

6. Қазір қай сабақ? Қазақ тілі

-Балалар, тігінен қандай сөз шықты?

-АСТАНА.

4) Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру.

-Бүгінгі сабағымызда Астанаға қаласына саяхат жасаймыз және Көмекші есімдермен танысамыз.

Сабақтың барысы:

Саяхат картасы:

1-аялдама. «Вокзал»

2-аялдама. «Бәйтерек»

3-аялдама. «Ақ Орда»

4-аялдама. «Пирамида»

5-аялдама. «Думан»

6-аялдама. «Хан шатыр»

5) Үй тапсырмасы:

-Балалар, сендерге бүгінгі сабаққа Астананың көрікті жерлері туралы мәліметтерді жинақтап келу тапсырмасы берілген болатын. Өздеріңнің тапқан мәліметтеріңді қайталай отырыңдар. Қазір Астанаға саяхат барысында үй жұмыстарыңды тексереміз.
II. Танымдық және жинақтау кезеңі.

- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол - саяхат сабағы. Елордамызға саяхатқа шығамыз.
- Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?
- Карта.
- Дұрыс айтасыңдар, ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып беремін.
-Сабағымыз саяхат сабақ болғандықтан, біз сендермен көптеген аялдамаларға тоқтап, түрлі тапсырмалар орындаймыз. Сол себепті мен өзіме әр қатардан көмекшілер тағайындаймын. Ол көмекшілер алдарындағы бағалау парағына өз қатарларындағы оқушылардың жауаптарын бағалап отырады.
1 - аялдама. «Вокзал»

-Балалар, мына суретте не бейнеленген? (үй)

-Үйдің жоғары жағында не орналасқан? (бұлт)

-Бұлт қай жерде орналасқан?

-Бұлт үйдің үстінде орналасқан?

-Үстінде (на)

-Жақсы, ағаш қай жерде өсіп тұр?

-Ағаш үйдің қасында өсіп тұр.

-Қасында (около, рядом)

-Ит қай жерде отыр?

-Ит үйдің алдында отыр.

-Алдында (перед)

-Отбасы қай жерде отыр?

-Отбасы үйдің ішінде отыр.

-Ішінде (внутри)

-Жақсы, балалар осы сөздер Үстінде, қасында, алдында, ішінде - көмекші есімдер деп аталады. (көмекші есімдер-служебные имена)

Көмекші есімдер дегеніміз заттың, нәрсенің атын білдіріп, толық мағыналы сөзбен тіркесе жұмсалатын есімдер.

Өздік жұмыс:

Суретпен жұмыс. (мектептің үстінде, мектептің қасында, мектептің ішінде, мектептің алдында)

2 - аялдама. «Бәйтерек»
1. Мәлімет беру. (оқушылардың ақпараты)
Астана қаласының сол жағалауында «Астана - Бәйтерек» монументі орналасқан. Мұнда Өмір ағашы - Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі - 97 метр. «Астана - Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы - Қ. Р Президенті Н. Ә. Назарбаев.

Жаңа сөздерді меңгеруге арналған жұмыс түрлері:

-Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру

-Сөз-сөз тіркесі-сөйлем құрастыру
ғимарат - здание
аялдама - остановка
көрікті - красивий
жаға - берег
орталық - центр
ойын - сауық орталығы - развлекательный центр
3 - аялдама «Ақ Орда»
«Ақ Орда» ҚР Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш. м құрайды. Резиденция жанында КР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты, ҚР министрліктер үйі орналасқан.

Мұғалім сөзі:
-Пирамиданың қызметкерлері бізге тапсырма дайындаған екен. Ендеше балалар тапсырмаға көшейік. Неғұрлым тез орындасаңдар, соғұрлым тез келесі ғимаратқа жететін боламыз. Сендерге сәттілік тілеймін!

2-тапсырма: Мәтінді түсініп оқыңдар.

Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы-Астана. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан.

Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, “Интерконтиненталь” қонақ үйі, Жастар сарайы, көп қабаттытұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескеркіштері қойылған. Қаланың ортасында 5 жұлдызды “Алатау” қонақ үйі салынды.

Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қала тұрғындарының саны 518 мың адам.

Астана - болашағы үлкен қала.

Сергіту сәті.

4 - аялдама «Пирамида»
Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1, 5 мың орынға арналған опера залы, жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.

Сұрақ-жауап.

1. Астана қай жерде орналасқан?
1. Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.
1. Астана қай жерде орналасқан?: 2. Парламент үйінің алдында кімдерге арналған ескерткіш қойылған?
1. Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.: 2. Астана - болашағы үлкен қала.
1. Астана қай жерде орналасқан?: 3. Астана қаласында нешеден астам ұлт өкілдері тұрады?
1. Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.: 3. Астана Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан.
1. Астана қай жерде орналасқан?: 4. Астана қандай қала?
1. Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.: 4. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, көп қабатты үйлер бой көтерді.
1. Астана қай жерде орналасқан?: 5. Қай өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, көп қабатты үйлер бой көтерді?
1. Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.: 5. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіші орналасқан.

Өзіңді тексер.

1-3

2-5

3-1

4-2

5-4


Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның астаналары. үстеулерді қайталау
Мынау Астана қаласының қай жері
Астана. брейн ринг
Астана қаласына келіп жеттік
Астана - арман қала. сыныптан тыс шара
Астана К.Ахметова
Астанаға саяхат
Бәйтеректің суретін салу
Үшінші астанасы қай қала
Астана-Қазақстандықтардың тәуелсіздігі мен бірлігінің символы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz