Қасым Аманжоловтың Ақын өлімі туралы аңыз поэмасын талдау

Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын талдау .

Қасым шығармашылығы - қазақ поэзиясының асылдарының бірі. Халықтың қарапайым ортасынан шыққан жалынды ақын өз тағдырын туған елі тарихымен тұтастыққа сезініп, өз өлеңдерінде халық жанына тән ерлік, батырлық, жомарттық сезімді терең көрсетті. Оның батыл ойлы, сыршыл поэзиясының бұрынғысынша әсерлі де тартымды болып келе жатқаны да сондықтан. "Ақын өлімі туралы аңыз" поэмасы Қасым Аманжоловтың ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының жанрындағы үздік жетістігі болып табылатын бұл туындыға жас ақын Абдолла Жұмағалиевтің майданда көрсеткен ерлігі арқау болған. Ақындық дарыны үлкен үміт күттірген Абдолла намысқой, отаншыл, қайсар жігіт екен. Майданда соғысып жүріп, оның бөлімшесі немістердің қоршауына түседі. Бір үйдің шатырына паналап, ұрыс жүргізеді. Жолдастары түгел оққа ұшады. Абдолла жалғыз өзі автоматтан оқ жаудырып, немістің рота әскерін үйге жолатпайды, көптеген солдатын қырғынға ұшыратады. Жау "Абдоллаға беріл, кінәнді кешеміз" деп хабарлайды. Абдолла берілмей, соғыса береді, ақыры немістер үйді өртейді. Әдетте, отқа адам төзе алмай, қашады екен. Бірақ Абдолла тапжылмай, үймен бірге өртеніп кеткенше қарсылық көрсетумен болады. Ол туралы Абдолланың бөлім командирі В. Григорьев: "Жау қоршауында жалғыз калып, арыстандай алысқан айбатты акынның ерлігі бізге батырлықтың асқар шыңындай сезіледі. Ол жан алқымға келгенде, соңғы гранатасын немістерге лақтырады да, ақтық оғы қалғанша автоматты жау өңменінен айырмады", - деп жазды. Поэма Абдолла өмірінің осы бір соңғы кезеңін суреттеуге құрылады. Ақын образды жау қоршауында, от ортасында қалған батырдың бір сәттегі ерлік ісін көрсету арқылы ашады. Туған елінің ерлік дәстүрі мен жауынгерлік антына берік азамат кейпі санада туған жалынды толғаныс арқылы да толыға түседі. Поэма аз сөзбен берілген соғыстың сұрапыл суретінен басталады.

Өмір гүлін жаншып, таптап,

Шаштан сүйреп махаббатты,

Жерімізде жындай каптап,

Найзаға іліп ар-ұятты

, Келе жатты сұм жендеттер.

Олардан жиіркеніп жиырылған жер, жауға тамшы татырмай, суын алып қашқан өзендер, жауды бетке ұрып сабалаған жел, дұшпан аяғына бастырғысы келмей, аспанға ұшқан тастар - барлығы да жаудың зұлымдығын көрсетіп, оған деген кекті, ызаны өршітер суреттер. Орман етегінде сатыр-сұтыр жаланған от та жаудың жауыздығын бейнелейді. Қоршаудағы солдат кеудесіне сол оттан кек ұшқыны түскендей әсер қалдырады. Ол Отан жерінде зұлымдық отын жағып отырған жауларына кектенеді. Қасиет күші ұлы Отанның,

Қанатын бер қыран құстың,

Ашуын бер арыстанның,

Жүрегін бер жолбарыстың

! Күллі әлемнің ашу кегі,

Орна менің кеудеме кеп!

Жау жолына атам сені,

Бомба бол да, жарыл жүрек! - деп шамырқанады. Қаһарманның ішкі толғанысы ширыға келе, қаһарлы кекке, жан ашуына айналады. "Намысты ұлан аласұрып" жау тобына автоматтан оқ жаудырады. Екі жақ та өшіге өршеленеді. Осы бір өлім мен өмірдің күресін ақын зор ақындық буырқаныспен суреттейді:

Қара толқын орман шашын

Жұлды талдап снарядтар.

Мәңгі мекен көл жағасын

Тастап, суға сүңгіді жар.

Кең даланы жүнше түтіп, орман шашын талдап жұлып, көл жағасы - жар құлатқан снаряд күші батырдың жүрегін шайлықтыра алмайды. Ол ақтық демі біткенше арыстанша алысады.

Ала алмайсың! - деді ер ұлан,

Алмай қойман! - деді жауы.

Қысты келіп жан-жағынан

Темір торлы жау кұрсауы. Бұл - кейіпкер тағдырының драмалық шиеленіске толы кезі. Үйге бекінген жалғыз адамды ала алмаған жау өрт қояды. Отан алдындағы антына адал солдат жау қолына түскеннен ерлік өлімді артық санайды.

Қызыл жасыл киінген өрт

Көрінді оған боп қыз ойнақ,

Толқып торғын, жайнап букет,

Тым сиқырлы билеп, ойнап

. Ашып отқа омырауын,

Естісін, - деп, - қырсық жауым,

Айтты ол шырқап өрт ішінде

Сүйген әні "Қарғам-ауын".

Қайсар батыр от киінген

Күш-қайратын тіске жиып.

Жаңағы ақшыл ер жүзінен

Жалын тілі тұрды сүйіп . . . Абдолланың отқа жанып тұрған шағын да зор ақындық қуатпен ғажайып суретке айналдырған:

Шұғыла шашқан кешкі бұлттай,

Толқын шашта оттар ойнап.

Өрт топанып кешіп Нұхтай,

Жалғыз өзі тұрды бойлап.

Бұл - екінің бірі айта алмайтын жыр, екінің бірі көрсете алмайтын сурет. Өртеніп, жалынға айналып барып, күрт құлаған Абдолла бейнесінен иілмейтін, шарт сынатын қайсар мінез танылады. Ол әсер жауын мазақтап, өлім қойнына өлеңдете кіреді. Ақын кейіпкерін өрт ұстаған Прометейге ұқсата отырып, оның өлімін романтикалық аңызға айналдырады. Оқиға да, адам сезімі де қысталаң шақтағы қозғалысқа негізделіп, оның бойындағы рухтың әр күшін өткір бейнелейді. Ақтық минуттағы соңғы сөзін батыр Отанына, еліне арнайды. Бұл - трагедиялық ақын өлімінің өзінде де үлкен өмір сүйгіштік күш барын танытады. Соғыстың қызып тұрған кезінде жазылған (1943) бұл поэма сол кездің өзінде-ақ, жұртшылық назарын бірден өзіне аударды. Ол жөнінде алғашқы пікір айтқан Ғабит Мүсірепов: "Қасым ақын жанының бар толғауын, кек күшін, сезім тереңін түгел бере алған. Жалынды сөзбен жауға аттандырар, жан сезімімен жас тамшылатар ақын сөзі өзегін, жүрегін тербей шыққан. Қасым поэмасы майданнан соққан жаңа леп сияқты", - деп жазды

Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов. «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік:

  • Қасым-батыр, азамат, Қасым-өлең,
  • Бірге өлмеген өлеңі өзіменен.
  • Тани білу, бағалау, өр мінезін,
  • Өлеңіне ерлік жайлы бойлап терең.

Ә) дамытушылық:

Мазмұнға көркем тілмен талдау жасау,

Ойымызды ортаға сап, байқап қарау.

Поэмадан эпитет, теңеу іздеп,

Тақырып пен идеяны ашып қарау.

Б) тәрбиелік:

Батырдың мінезінен абаттану,

Үлгі алып, ойыменен өзін тану.

Өрліктен, қайсарлықтан үлгі алып,

Қасымның қасиетінен қанаттану.

Сабақтың типі : жаңа сабақты меңгерту сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану (түртіп оқу, аялдап оқу, білемін, білгім келеді, семантикалық карта, РАФТ стратегиясы) мультимедиа қолдану, шығармашылық жұмыс, әдеби теориялық ұғымдарға талдау.

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Сабаққа дайындық.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Қызығушылықты ояту. (Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар қою. )
  1. Қасым Аманжолов қашан, қай жерде туды?
  2. Осыған дейін ақынның қай өлеңімен таныс болдыңыздар?
  3. «Өзі туралы» өлеңіндегі басты тұлға кім?
  4. Қасым тек ақын болып қалды ма? (топтастыру)

ІІ. Шығармашылық жұмыс: «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ» шағын эсселерін толтыру.

Кестені толтыру.

Негізгі мәселелер

Шумақтар

Тармақтар

Негізгі мәселелер:

Өзі жайлы

Шумақтар:

Тармақтар:

Негізгі мәселелер:

Өмірі мен өлім туралы

Шумақтар:

Тармақтар:

Негізгі мәселелер:

Болашаққа өсиет

Шумақтар:

Тармақтар:

Негізгі мәселелер:

Туған ел, туған жер туралы

Шумақтар:

Тармақтар:

ІІІ. Жаңа сабақ: « Ақын өлімі туралы аңыз »

Сабақтың айдары:

Ей, тәкәппар дүние,

Маған да бір қарашы.

Танисың ба сен мені,

Мен қазақтың баласы, - деп, кезінде ағынан жарыла толғаған ақиық ақын Қасым Аманжолов . . . Тірісінде-ақ аңызға айналған Қасым-ешкімге ұқсамайтын дара тұлға, ақындық шабыты жүрдек тұлпардай шапқан сайын өрлей береді. Оның жалынды да дауылды, нәзік те сыршыл поэзиясы жаныңа жайлы тиіп, баурап алады.

Дейсіңдер-ау Қасымның несі басым?

Қасым солай болмаса, несі Қасым ?-деп ақындықтың асқар тауындай ағасына Мұқағали Мақатаев жыр арнаса, Бауыржан Момышұлы «Қасым Аманжолов жаратылысы бөлек ақын» деп баға берген екен.

Қасымның ордабұзар шағы соғыспен тұспа-тұс келді де, майданға аттанды. Шығысты да, батысты да шарлады. Ауыр қиыншылықтарға кездесті. Ол қатардағы солдат бола жүріп, сұрапыл соғыста да өлең жазды. Ол жан серігі қаламын қолынан тастамай, жауынгерлердің ерлігін, ұлан-байтақ жеріміздің тамаша, сұлу көріністерін, адам өмірінің үлгілі, өнегелі кезеңдерін қалам ұшына тізе берді. Қасымды халқымыздың сүйікті ақыны дәрежесіне көтерген де сол кездегі жырлары.

«Ақын өлімі туралы аңызды» ақын ауырып емханады жатқанда жазған.

Асқан шеберлікті дәлелдейтін осыншама тығыз сыйымдылықты, шиыршықталған шымырлық, жұдырықтай жас түйін шығарма бұрын қазақ поэзиясында болған емес. Шығарма Ұлы Отан соғысының майданында жаудың қоршауында, қалып қойып, ерлікпен қаза тапқан Қасымның жақын досы, жас ақын Абдолла Жұмағалиев туралы. (Слайдта Абдолланың суретін көрсету)

Абдолла Жұмағалиев 1915 жылы Жымпиты ауданындағы Жосалы қонысында дүниеге келген. Алғыр да от шашқан талантымен ерте танылған ақын. Оралдың педагогикалық институтында оқып жүргенде Қасыммен танысып, өте достасып кетеді. Қасым әрдайым оны « Біздің Байрон » деп еркелетеді екен. Айнымас досы, әрі туған інісіндей болып кеткен Абдолланың қайсарлықпен қаза тапқанын Қиыр шығыста сырқаттанып, әскери емханада жатқанда естиді. Кейін ақын: «Ол сұмдық хабардың бүкіл болмысымды аударып төңкеріп кеткені сонша бірнеші түнді жан есірік күйде дөңбекшіп өткіздім. Көзімнен жасым тиылмады. Мен сол жасты көздің арасынан қиялымда оның жаумен жалғыз өзі өрт құшағында тұрып айқасқанын көрдім, қайта-қайта көрдім. Содан соң барып қалам алдым. Менің ол күйімді ұқпаған дәрігерлер дәптерімді екі-үш рет алып қойды. Соңғы рет аяқтауға жақындағанымда да алмақшы болды. Мен айбат шегіп алдырпадым. Түрімнен шошыған болар, қайтіп тимеді, »--деп жазыты естелінде.

Шығарма жанр бойынша поэма болып саналады. Поэма деп белгілі бір оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, жыр-толғау түрінде келетін көлемді шығарманы айтамыз. Бұл поэма небәрі 220 жол. Олай болса, кітаптарымызды ашып, поэманы оқып, талдауға кірісейік.

Оқулықпен жұмыс . Аялдап оқу әдісімен поэманы талдап, композициялық жоспарын құру.

Шығарманың басталуы: сұрапыл соғыстың суреттелуі.

Шығармашың дамуы: қаһарманның ішкі толғанысы, қаһарлы кекке, жан ашуына айналуы.

Шығарманың шарықтау шегі: жау әскерлерінің өрт қоюы.

Шығарма шешімі: Абдолла өлімі.

Топтастыру.

Поэма тақырыбы -ерлік, батырлық туралы.

Идеясы- азаматтың елге деген борышын өтеу, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі.

Дәптермен жұмыс.

Жылдар

Негізгі оқиғалар

Жылдар:

1936

Негізгі оқиғалар:

Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Жылдар:

1938

Негізгі оқиғалар:

Қаз ҰПУ-ды бітірді

Жылдар:

1938-1939

Негізгі оқиғалар:

Қызылорда сауда техникумында оқытушы

Жылдар:

1939-1941

Негізгі оқиғалар:

Қазақ мемлекеттік көркем

Жылдар:

1942

Негізгі оқиғалар:

2-дүниежүзілік соғыста қаза тапты.

Бекіту. Венн диаграмасы

Қорытынды: Бүгінгі сабағымызды Тахауи Ахтановтың мына бір сөзімен қорытындылап өтсек «Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр» деп айтқандай Қасым өлеңдерімен бірге біздің арамызда. Міне, осынау қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан жауынгерлердің рухына бас ие отырып, сол ерлердің бүгінгі ұрпақтарына қалдырған кең байтақ, азат елін, жерін қорғау, күту-болашақ мына сіздердің қолдарыңызда. Ерлік көрсету-тек қанды майдан даласында емес, бейбіт елде де ерлік көрсетуге болады. (өмірмен байланыстыру)

Үйге тапсырма: Қасым Аманжолов « Ақын өлімі туралы аңыз» оқу талдау, үзінді жаттау.


Сабақтың мақсаты
:

Білімділік: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына шолу

жасау арқылы жеке тұлғасын таныту, ақын шығармашылығына

қызығушылықты ояту.

Дамытушылық: Оқушылардың талдай, түсіне оқу, тақырыпты қорыта алу, пікір білдіру дағдыларын қалыптастыру, рухани танымдарын кеңейту.

Тәрбиелік: оқушыларды ерлікке, батырлыққа, табандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі : жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндірмелі-көрнекілік, репродуктивті, топтастыру, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, сатылай кешенді талдау.

Көрнекілігі: Ақын портреті, шығармалар жинағы, слайдтар.

Видео:1) «Абдолла Жұмағалиев туралы», 2) Ән: Жас дәурен

Техникалық құрал-жабдық : интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыс : тарих, география

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Қасым Аманжолов кім, қашан, қай жерде туды?
  2. Қасым Аманжолов туралы не білеміз?
  3. Қасым Аманжолов өмірбаяны туралы (Аякөз. видео)
  4. Осыған дейін ақынның қай өлеңімен таныс болдыңыздар?
  5. «Өзім туралы» өлеңіндегі басты тұлға кім?
  6. «Өзім туралы» әнін тыңдау (Еламан)

(Қасым шежіресімен таныстыру)

Аманжол Рақымжанның Қасымымын,
Мен қалған бір атаның ғасырымын, -деп ақын өзі жырлағандай алдымен ақын шежіресімен танысып алайық. (слайд)

Хронологиялық кесте

1911 ж 10 қазан Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қызыларай қыстауында дүниеге келген. Жастай жетім қалады.
1924 - 1947 Семей қаласында интернатта оқиды.
1927 - 1930 Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды.
1930 - 1932 Орал қаласында, Ленинград қаласында оқып, бірақ аяқтамайды.
1932 - 1933 Орал қаласының “Екпінді құрылыс”, Алматыда “Лениншіл жас” газеттерінде істейді, өлеңдері көптеп жарияланады.
1933 - 1935 Орал қаласында әскери міндетін өтейді.
1935 - 1936 Оралдың театрында жұмыс істейді, ақындық, әншілік,
артистік таланты ашылады.
1936 - 1941 Алматыда газеттерде, Жазушылар Одағында қызмет істейді.
1938 “Өмір сыры”атты тұңғыш өлеңдер жинағы шығады.
1941 - 1945 Ұлы Отан соғысына қатысады.
1946 Әйелі Сақыпжамалға үйленеді.
1947 Қызы Дариға дүниеге келеді, өзі сырқаттанып жатып қалады.
1946 - 1952 “Балбөбек”, “Нұрлы дүние”, ”Таңдамалы шығармалар” жинағы басылды.
1954 Қазақстан жазушыларының ІІІ съезінің ашылуына қатысады.
1955ж 18 қаңтар ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды.
Сонау отызыншы жылдардың бас кезінде бүгінгі облыстық Орал өңірі сол кез­дегі «Екпінді құрылыс» газе­тінің редакциясында ақындар Қасым Аманжолов пен Абдолла Жұма­ға­лиев тізе қосып қызмет атқар­ған. Осы ғимарат - қазіргі Ғұмар Қараш көшесіндегі №14 үй облыс орталығындағы тарихи орын­­дардың бірі. Дәл осы үйде поэзияның қос бірдей қаһар­манына тағзым ретінде ескерт­кіш тақта ашылды

Қасымның жалынды жүрегі іңкәр жырлар тудырған, алаулы жастық шағының ізі қалған Орал қаласына:

Жарқылдап Жайық бойында
Достармен сайран құрғанмын.
Шағанның бойы көк шалғын,
Шалқамнан жатқам шаңқай түс.
Гүл болып менің құшағым,
Кеудеме қонған бұлбұл құс.

Қазіргі таңда қара танитын кез-келген адам нақыл ретінде пайдаланатын «Мектеп - кеме, білім - теңіз», «Балалар - біздің болашақ» деген қанатты сөздер ең алғаш рет Қасымның дуалы аузынан шыққанын біреу білсе, біреу білмейді.

Қасымның орда бұзар шағы соғыспен тұспа-тұс келді де, майданға аттанды. Шығысты да, батысты да шарлады. Ауыр қиыншылықтарға кездесті. Ол қатардағы солдат бола жүріп, сұрапыл соғыста да өлең жазды. Ол жан серігі қаламын қолынан тастамай, жауынгерлердің ерлігін, ұлан-байтақ жеріміздің тамаша, сұлу көріністерін, адам өмірінің үлгілі, өнегелі кезеңдерін қалам ұшына тізе берді.

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Абдолла Жұмағалиев туралы видео

  1. Шығарма жанр бойынша поэма болып саналады. Поэма деп белгілі бір оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, жыр-толғау түрінде келетін көлемді шығарманы айтамыз. Бұл поэма небәрі 220 жол. Олай болса, кітаптарымызды ашып, поэманы оқып, талдауға кірісейік.

Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын талдау

Қасым шығармашылығы - қазақ поэзиясының асылдарының бірі. Халықтың қарапайым ортасынан шыққан жалынды ақын өз тағдырын туған елі тарихымен тұтастыққа сезініп, өз өлеңдерінде халық жанына тән ерлік, батырлық, жомарттық сезімді терең көрсетті. Оның батыл ойлы, сыршыл поэзиясының бұрынғысынша әсерлі де тартымды болып келе жатқаны да сондықтан. «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы Қасым Аманжоловтың ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының жанрындағы үздік жетістігі болып табылатын бұл туындыға жас ақын Абдолла Жұмағалиевтің майданда көрсеткен ерлігі арқау болған. Ақындық дарыны үлкен үміт күттірген Абдолла намысқой, отаншыл, қайсар жігіт екен. Майданда соғысып жүріп, оның бөлімшесі немістердің қоршауына түседі. Бір үйдің шатырына паналап, ұрыс жүргізеді. Жолдастары түгел оққа ұшады. Абдолла жалғыз өзі автоматтан оқ жаудырып, немістің рота әскерін үйге жолатпайды, көптеген солдатын қырғынға ұшыратады. Жау «Абдоллаға беріл, кінәнді кешеміз» деп хабарлайды. Абдолла берілмей, соғыса береді, ақыры немістер үйді өртейді. Әдетте, отқа адам төзе алмай, қашады екен. Бірақ Абдолла тапжылмай, үймен бірге өртеніп кеткенше қарсылық көрсетумен болады.

Ол туралы Абдолланың бөлім командирі В. Григорьев: «Жау қоршауында жалғыз калып, арыстандай алысқан айбатты акынның ерлігі бізге батырлықтың асқар шыңындай сезіледі. Ол жан алқымға келгенде, соңғы гранатасын немістерге лақтырады да, ақтық оғы қалғанша автоматты жау өңменінен айырмады», - деп жазды. Поэма Абдолла өмірінің осы бір соңғы кезеңін суреттеуге құрылады. Ақын образды жау қоршауында, от ортасында қалған батырдың бір сәттегі ерлік ісін көрсету арқылы ашады. Туған елінің ерлік дәстүрі мен жауынгерлік антына берік азамат кейпі сахнада туған жалынды толғаныс арқылы да толыға түседі. Поэма аз сөзбен берілген соғыстың сұрапыл суретінен басталады.

Өмір гүлін жаншып, таптап,
Шаштан сүйреп махаббатты,
Жерімізде жындай каптап,
Найзаға іліп ар-ұятты,
Келе жатты сұм жендеттер.

Олардан жиіркеніп жиырылған жер, жауға тамшы татырмай, суын алып қашқан өзендер, жауды бетке ұрып сабалаған жел, дұшпан аяғына бастырғысы келмей, аспанға ұшқан тастар - барлығы да жаудың зұлымдығын көрсетіп, оған деген кекті, ызаны өршітер суреттер. Орман етегінде сатыр-сұтыр жаланған от та жаудың жауыздығын бейнелейді. Қоршаудағы солдат кеудесіне сол оттан кек ұшқыны түскендей әсер қалдырады. Ол Отан жерінде зұлымдық отын жағып отырған жауларына кектенеді.

Қасиет күші ұлы Отанның,
Қанатын бер қыран құстың,
Ашуын бер арыстанның,
Жүрегін бер жолбарыстың!

Күллі әлемнің ашу кегі,
Орна менің кеудеме кеп!
Жау жолына атам сені,
Бомба бол да, жарыл жүрек!
- деп шамырқанады. Қаһарманның ішкі толғанысы ширыға келе, қаһарлы кекке, жан ашуына айналады. «Намысты ұлан аласұрып» жау тобына автоматтан оқ жаудырады. Екі жақ та өшіге өршеленеді. Осы бір өлім мен өмірдің күресін ақын зор ақындық буырқаныспен суреттейді:

Қара толқын орман шашын
Жұлды талдап снарядтар.
Мәңгі мекен көл жағасын
Тастап, суға сүңгіді жар.

Кең даланы жүнше түтіп,

Орман шашын талдап жұлып,

Көл жағасы - жар құлатқан снаряд күші батырдың жүрегін шайлықтыра алмайды. Ол ақтық демі біткенше арыстанша алысады.

Ала алмайсың! - деді ер ұлан,
Алмай қойман! - деді жауы.
Қысты келіп жан-жағынан
Темір торлы жау кұрсауы.

Бұл - кейіпкер тағдырының драмалық шиеленіске толы кезі. Үйге бекінген жалғыз адамды ала алмаған жау өрт қояды. Отан алдындағы антына адал солдат жау қолына түскеннен ерлік өлімді артық санайды.

Қызыл жасыл киінген өрт
Көрінді оған боп қыз ойнақ боп,
Толқып торғын, жайнап букет,
Тым сиқырлы билеп, ойнап.
Ашып отқа омырауын,
Естісін, - деп, - қырсық жауым,
Айтты ол шырқап өрт ішінде
Сүйген әні «Қарғам-ауын».
Қайсар батыр от киінген
Күш-қайратын тіске жиып.
Жаңағы ақшыл ер жүзінен
Жалын тілі тұрды сүйіп…

Абдолланың отқа жанып тұрған шағын да зор ақындық қуатпен ғажайып суретке айналдырған:

Шұғыла шашқан кешкі бұлттай,
Толқын шашта оттар ойнап.
Өрт топанып кешіп Нұхтай,
Жалғыз өзі тұрды бойлап.


Ұқсас жұмыстар
Қазақта Қасым бір туар
Қасым аманжолов «ақын өлімі туралы аңыз»
Абдоллаға мінездеме бер
Қасым аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы
Қасым аманжолов. «ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы
Қасым аманжолов. 11-сынып
Қасым Аманжолов өзім туралы өлеңі туралы ақпарат
Қасым Аманжоловтың портреті, интерактивті тақта
Қасым -ән, қасым -жыр
Қасым өлеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz