Санның квадраты

Алматы қаласы Түрксіб ауданы

№59 мектеп-гимназия

информатика пәні мұғалімі

Қажитаева Миргуль Жұмабайқызы

Эл. почта: mirgul. kazhytaeva@mail. ru

Күні: 21. 10. 2014

Пән аты: Информатика

Класы: 9 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Мәліметтер типі, айнымалы ұғымы, өрнек.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және айнымалы олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.

Дамытушылығы: Паскаль программалау тілдің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және айнымалылар олардың жазылуы туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақтың көрнекілігі : компьютер, интерактивті тақта, слайд, тест тапсырмалары, оқулық.

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) :

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) журнал толтыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру. (3-5мин)

Тест түрінде

1. Паскаль тілінде Х санның бүтін бөлігін алу үшін қандай функция қолданылады?

A) INT (X) Ә) ABS (X) Б) ABC (X) В) TRUNC (X)

2. Паскальдағы дәрежелеу белгісін көрсет

А) ** Ә) ^ Б) & В) дұрыс жауабы жоқ

3. 14 DIV 5 - функциясының мәні неге тең?

А) 2, 8 Ә) 2 Б) 5 В) 11

4. Түбір астындағы Х-ті Паскаль тілінде қалай жазуға болады?

А) SQR (X) Ә) SQRT (X) Б) ABS (X) В) MOD (X)

5. Паскаль тіліндегі енгізу операторын

А) PRINT Ә) WRITE Б) OUTPUT B) READ

6. Паскаль тіліндегі тұрақтыларды сипаттау операторын көрсет

А) VAR Ә) WRITE Б) CONST B) READ

7. Қай өрнекте қате бар?

А) (х1/х2) *у Ә) b+(a-c/3) Б) (sqrt (p) *q) /r В) (a(b/(c*(d/(ef) ) ) ) )

8. Sqr операторының қызметі

А) Санның квадраты Ә) Санның квадрат түбірі

Б) Х-тің 5 дәрежесі В) Санның абсолют шамасы

9. Паскаль тіліндегі айнымалыларды сипаттау операторын көрсет.

А) VAR Ә) WRITE Б) CONST В) READ

Тест жауаптары:

1
А
1: 2
А: В
1: 3
А: Ә
1: 4
А: Ә
1: 5
А: В
1: 6
А: Б
1: 7
А: В
1: 8
А: А
1: 9
А: А
  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру(10 мин)

Жаңа сабақты түсіндіру

Паскаль тілінің қарапайым объектілеріне «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция» және «өрнек» ұғымдары кіреді. Атау - идентификатор программаны және программадағы тұрақтыларды, типтерді, айнымалыларды, функцияларды, файлдарды т. б белгілеп жазу үшін қажет. Идентификатор - міндетті түрде әріппен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратын атау. Оның ұзындығын өте үлкен етудің қажеті жоқ, өйткені, атауларды теру және кейіннен есте сақтау біраз уақыт пен жады көлемін қажет етеді. Мысалы, x, X1, cymma, DT3.

Идентификатор стандартты және бейстандартты болып бөлінеді. Бейстандартты атауды тұтынушы өзі тағайындайды.

Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады. Тұрақтыға программаның орындалу барысында бірден сандық мән берсек те немесе оны программаның сипаттау бөлімінде идентификатор түрінде белгілеп алып мән берсек те болады. Олар сандық, символдық, логикалық және тіркестік мәндерді қабылдайды.

Тұрақтыларға бейстандарт идентификаторлар атау ретінде берілуі тиіс. Барлық тұрақтылар программаның сипаттау бөліміндегі const түйінді сөзінен басталатын бөлікте көрсетілуі тиіс. Оның жазылу пішімі келесідей:

Const Min=1000; Max=1;

Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, әр уақытта әр түрлі мәнге ие бола алады. Айнымалының атауы оның орындайтын міндетіне сәйкес түсінікті және қарапайым болғаны жөн. Оның жазылу пішімі:

Var <идентификатор> : <тип> ;

Мысалы:

Var a, b:integer;

Sum, baga: real;

Айнымалылар қарапайым және индексті болуы мүмкін. Қарапайым айнымалылар өз атаулары бойынша жазылады. Мысалы, delta, x, y, resultm, nuber_1. Индексті айнымалыларға массив элементтері жатады.

Программада пайдаланылатын мәліметтердің немесе шамалардың мәндері Паскаль тіліндегі алдын ала келісілген типтердің біріне тән болуы тиіс.

Өрнек деп арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың, функциялардың, тұрақтылардың жиынтығын айтады. Өрнектегі арифметикалық амалдардың орындалуы олардың орналасу реті мен жақшалар арқылы өзгертіледі. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан, тұрақтылардын немесе функциялардан тұруы мүмкін. Мысалы, (5+7*х) /7. 2;

4) . Сабақты бекіту:(20 минут )

Оқушыларды екі топқа бөлемін. «Айнымалы» тобы және «Өрнек» тобы.

Герон формуласын қолданып, берілген қабырғалары бойынша үшбұрыштың ауданын есептейтін алгоритм құрады және компьютерде паскаль программасына салады.


Ұқсас жұмыстар
Дәреженің көрсеткіші
Оқулықтан есептер шығару
Паскаль тіліне аудару
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту мен бөлудің жағдайлары
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Екі өрнектің қосындысының және айырымының кубы. 7 сынып
Алтын қақпаның тапсырмасы
Оқушыларды бағалау. Сабақ барысы
Қосарланған арифметикалық квадрат түбірлерді түрлендіру
Тоқымқағар дегенді қалай түсінесің
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz