Б. Жұмалиев атындағы орта мектептің 8 наурызға арналған мерекелік тәрбие бағдарламасы: Аналарға мың алғыс (2012-2013 оқу жылы)

Б. жұмалиев атындағы орта мектеп

Тақырыбы:

«Аналарға - мың алғыс!»

Бастауыш сынып мұғалімі: Исаева Г.

2012-2013 оқу жылы

Мақсаты: Оқушылар бойына 8 наурыз мейрамын құрметтеу, қастерлеу

сезімін дамыту. Оқушыларды мейірілімділікке, аналардың

аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Анасын

сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі ана күшінің нұрынан,

ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру. Жалпы барлық

аналарға деген, қыздарға деген сыйластыққа тәрбиелеу.

Оқушылардың бойындағы өнері мен талабын артыра түсу.

Көрнекілігі: Жалаушалар, шарлар. Ана, бала, отбасы жөнінде нақыл сөздер

жазылған плакаттар: «Анасыз үй - сусыз диірмен»,

«Анаң - асыл қазынаң, әкең - асқар тау»,

«Ана алдында - құрмет, ата алдында - ізет».

1-жүргізуші: Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілігін, мейірімділігін, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол - 8 наурыз мерекесі.

2-жүргізуші: Армысыңдар, ардақты да қадірлі, аяулы да сымбатты біздің аналар, ұстаздар, ару қыздар. Өздеріңізге арналған мерекелік кешке қош келдіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты аналар!

1-жүргізуші:

Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі анадан жаралар.

Жүрегінің бір бөлшегі - бала үшін,

Сізден жарқын адам бар ма, аналар!?

Балаға ең жақыны сіз ғой, ана,

Сіздің ыстық құшағының бізге пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бір-ақ нәрсе - Отан ғана!

2-жүргізуші:

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін.

Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

Ер жеткізіп, елге берген баласын

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным - қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым!

Өлең «Анашым»

1-оқушы:

Шын жүрек, ақ көңілмен,

Алғашқы көктемнің күлімдеген

Құттықтаймыз 8 наурыз мерекесі

Халықаралық әйелдер күніменен!

2-оқушы:

Наурыз - мейрам, жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен, Күн-Ана,

Алып келдің Жер бетіне гүл көктем!

Өлең «Асыл ана»

3-оқушы:

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады,

Сендер жазған ақындар жыр дастаны.

Сендер жазған әндері самғайтүсіп,

Жүрегіне із тастар әр адамның.

4-оқушы:

Табиғат тауып келісім,

Жүректің мұзы ерісін.

Қуаныш кернеп ел ішін,

Аналар күні тойлансын!

Өлең «Анашым»

5-оқушы:

Жадырап тұр бүгінде берекеміз,

Бір тамшы білімді көл етеміз.

Еңбегіңіз әрдайым жемісті боп,

Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз!

6-оқушы:

Армысың, ару қыздар, абзал ана!

Анаға тең келетін бар ма дана?!

Мерекең бүгінгі күн құтты болсын!

Қуанышпен құшақтарға көңіл толсын!

Өлең «Ана туралы»

7-оқушы:

Тіршілік шыққан күннен нәр алады,

Ананың ақ сүтінен жаралады.

«Анама» деп салған әні

Аналар, бір сіздерге арналады.

Жанары жалын, жүзі гүл,

Жүрегі толған мейірім, нұр.

Еңбекте асып, жүлде плған,

Өнерде озып, жыр жазған.

8-оқушы:

Теңдесі жоқ данасың,

Арқа тұтар панасың.

Еңбегіңді ақтайын,

Аман болшы, анашым!

Бар өмірдің жүрегі,

Өзің алтын ордасың

Тілегімнің тірегі,

Уайымың болмасын!

Өлең «Мама»

9-оқушы:

Алақаны - ақ самал,

Мәпелеген, жан ана.

Көкте күнім батса да,

Өзің күнсің балаңа!

10-оқушы:

«Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,

«Ана» дейді жас сәбиде жарқылдап.

Ана деген - бәйтерегі өмірдің,

Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.

Ана деген - асыл жандар болаттай,

Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл Ананы

Жат қылыққа ақыл-ойды тоқтатпай!

Өлең «Анашым»

11-оқушы: Анамызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз. Сіздерді аналар мерекесіен шын жүректен құттықтаймыз!

12-оқушы: Ардақты аналар, апа-қарындастар! Сіздерге осынаау мерейлімереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Дендеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз!

Жүздеріңізден қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт береке дарысын!

Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!

13-оқушы: Осымен өздеріңізге арналған мерекелік кешіміз аяқталды. Қош, сау болып тұрыңыздар. Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты аналар!


Ұқсас жұмыстар
Қ. Мырзалиев атындағы орта мектептің 9 б сыныбына арналған 2013-2014 оқу жылы тәрбие жұмысының жоспары
Б. Қолдасбаев атындағы орта мектептің Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты жиын бағдарламасы (2015-2016 оқу жылы)
Қашаған Құржыманұлы атындағы №8 орта мектептің 2013-2014 оқу жылы соңғы қоңырау салтанаты сценарийі
А. Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектептің 8-сынып үшін ағылшын тілі пәнінің тереңдетілген оқу бағдарламасы (2013-2014 оқу жылы)
Қандыағаш қалалық №5 орта мектебінің 2012-2013 оқу жылы қазақ тілін насихаттауға арналған мерекелік бағдарламасы Қазақ тілі - менің тілім
Ұстаздарға мың алғыс мерекелік сазды бағдарламасының сценарийі
Л. Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектептің 7-14 жас аралығындағы оқушыларға арналған шахмат факультативінің оқу-тақырыптық жоспары (2012-2013 оқу жылы)
Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептегі Математика пәні апталығының өткізу жоспары (2012-2013 оқу жылы)
Ұстаздарға мың алғыс: Балбала тобының Ұстаздар күніне арналған мерекелік тәрбие жоспары
Ашық тәрбие сағаты: Әліппеге мың алғыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz