Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақ халқы жайлы қара сөздері

Қазақ әдебиеті 10 - сынып

Тақырыбы: Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық жолы.

Мақсаты: а)оқушыларға А. Құнанбайұлының өмірі мен шығармаларының қыр - сырын меңгертіп, тереңдей бойлату, теориялық негіздерді меңгерту.
ә) қорытынды ой түю, есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыру
жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру .
б) Туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі , ел бірлігі , ұрпақ келешегі , адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып , адамгершілік пен адамдық
қасиетке тәрбиелеу ,кәсіптік бағдар беру .
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі оқыту әдісі, сұрақ - жауап әдісі
Көрнекілік: Әдебиет электронды оқулық , <> интерактивті тақтасы, суреті , кестелер , сызбалар ,тест.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау. 2 .Оқушыдан сабақ сұрау.
<> интерактивті тақтасында орындалады. 3-оқушы <<Шежірелі жылдар сыр шертеді>> кестесін іздену жұмысы бойынша толтырады.
3. Үй тапсырмасын бекіту.
Бекіту сұрақтары:
1. Ақын шығармалары саған ұнады ма?
2. Шығарманы оқыған кезде қандай сезімде болдыңдар?
3. Шығарманың ортақ идеясы неде ?.
Жаңа сабақ
1. Сабақтың тақырыбын хабарлау.
<<Даталар тізбегі>> тапсырмасы.

Жауап кілті:
1 - б 1853 ж
2 - а 1855ж
3- б 1858ж
5 - д 1909ж

Сәйкестік тест .

1. Имандылық жайындағы қара сөздері:1.5.6.22
2. Қазақ мақалдарын сынаған қара сөздері: 2.8.14.37
3. Адамгершілік жайлы қара сөздері: 3.9.24.40
4. Қазақ халқы жайлы қара сөздері: 4.12.35.38
Семинар жұмысы:
1. <<Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!>>
2. <<Қазақтың бас ақыны>>
3. Абайдың поэмаларының мәні мен мағынасы
4. Абай аудармалары
5. Семинар сұрақтары бойынша оқушылардың зерттеу жұмыстарын слайд түрінде қорғату.
Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы деректермен таныстыру
3. Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық жолы мазмұнын меңгерту.
Тарихи сынақхат №1

Кілті: 1. 180км 2. 25 км 3. 1945 ж

Кілті: 1. 16.IV . 2. 95 жыл. 3. 1940 ж.

Зымыран сұрақ.
1.Ахмет Байтұрсынов 1913 жылы "Қазақ" газетінде жарияланған мақаласында Абайды қалай бағалады?
(<<Қазақтың бас ақыны >> деп бағалады.)
2.Қай жазушы Абайды:
"Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі", - деп бағалады.
(Мұхтар Әуезов)
3.Шыр етіп түскен сәбиді етегіне орап, көтеріп алған мейірбан жүзді қарт әйел, әне, сол қадірлі бидің бәйбішесі, яғни мына сәбидің туған әжесі ... болатын.
(Зере)
4.Шешесі мінезге бай, ауылға жайлы, сонысымен аса сыйлы қай бәйбіше еді?
(Ұлжан)
5.Тіпті сүйікті немересінің азан айтып қойған
кім деген атына тілі келмей, оны "ойлы болсын, аңдағыш болсын, абайлағыш болсын" деген тілекпен Абай атандырған да сол аяулы кәрі әже - тұғын.
(Ибраһим)

Ой толғау <<Адам , сен де бір жердің перзентісің>> ! тақырыбында эссе жазу .
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

<<Абай>> фильмін көрсету. 7мин 47сек.
Ән : <<Құйқылжыр көңіл құсы шартарапқа>> әнін оқушыларға үйрету.
Сабақты қорытындылау .

<<Жүйесін тапқан сөз жүрекке жетеді>> Даналық ойдан дән ізде!
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе,
Адамдықты көздесең, жаттап тоқы көңілге.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Абай шығармашылығының дені - халықтың қамын жеген, демократтық идеядан нәр
алған, сыншыл реализм бағытымен суреттеген шығармалар.
Тұрсынбек Кәкішев.
Әрбір ұлы ақын тәрізді Абайдың ұлылығы сол - ол қай әдебиеттен үйренсе де, жалаң шәкірт боп қалмай, данышпан ұлттық ақын болды.
Зәки Ахметов
... Адамшылық ой қиялы өте таза, ұлтжанды, елін - жерін сүйген кісі еді.
Міржақып Дулатов

11. Бағалау .
12.Үй тапсырмасы . Оқу ,мазмұны ,іздену жұмысы .
Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық жолы. <<Абай - дара, Абай - дана қазақта>> шығарма жазып келу.

Сабира Мусаева
№34 Ә. Бердаулетов атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Ұқсас жұмыстар
Абай әлеміне саяхат
Сөз құрамы. түбір мен қосымша
М.Жұмабаев – қазақ лирикасыны хантәңірі
Абайтану курсы
Абайдың сөзі
"аңыз адам- 100 жаста" тәрбие сағаты
Абайдың Көзімнің қарасы әні
"қонақ келсе - құт келеді"
Кітапта алма ағашы
«абай мұрасы-халық ұлағаты» (тағылымды кеш)
Пәндер