Тотығу, оксидтер және олардың халықаралық атаулары

Сабақтың тақырыбы: «Тотығу. Оксидтер. Олардың аталулары»

Сабақтың мақсаты:

білімділік: тотығу, оксидтер, олардың аталулары туралы түсіндіріу; тотығу реакциясының мағынасы мен мәні жайлы оқушыларға терең білім беру;

дамытушылық: оқушылардың өзіндік ізденуін ұйымдастыру және танымдық іс-әрекеттерін жетілдіріп, білімдерін тиянақтылап, дамыту;

тәрбиелік: оқушылардың ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу; пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың түрі: Ізденіс

Сабақтың әдісі: тест тапсырмасы, деңгейлік тапсырмалар, тірек-сызба, сұрақ-жауап;

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бор, оқулық, тест тапсырмалары, тірек сызбалар;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

- оқушылармен амандасу,

- оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру;

-психологиялық дайындық;

Көзді жұмып жақсы нәрсе туралы ойлаңдар. Барлықтарыңа және өздеріңе сәттілік, жақсы көңіл күй тілеңдер. Көздеріңді ашып, бір-біріңе күле қараңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау;

«Оттек, оның алынуы және қасиеті» тақырыбына арналған графикалық тест. «Иә», «жоқ» деген жауаппен белгілеп отырады. Λ-иә, - жоқ.

1. Оттек иіссіз, дәмсіз, түссіз газ.

2. Оттекті тек XVIII ғасырда Пристли ашты.

3. Оттек ауада 21 % кездеседі.

24. Оттекті зертханада алыну теңдеуі мынадай:

K 2 M n O 4 = K M n O 4 + O 2 K_{2}MnO_{4} = KMnO_{4} + O_{2}

5. Өнеркәсіпте оттегін судан алады

6. Бертолле тұзынан оттегін лабороторияда мына теңдеу арқылы алады: 2 K C l O 3 = 2 K C l + 3 O 2 2KClO_{3} = 2KCl + 3O_{2} \uparrow

7. Химиялық реакция жылдамдығын тездететін, бірақ өзі реакцияға қатыспайтын зат катализатор деп аталады.

8. Оттегін 2 әдіспен ауаны, суды ығыстыру арқылы алады

9. Ауаның массасы - 27 ге тең

10. Оттек суда нашар ериді

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Логикалық кесте.

көміртегі күкірт

фосфор темір

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру;

М: 1. Зат дегеніміз не? Неше түрі бар?

2. Жай зат дегеніміз не? Нешеге бөлінеді?

3. Күрделі зат дегеніміз не? Нешеге бөлінеді?

Немесе мына сызбанұсқадан көре аламыз.

Заттың оттекпен әрекеттесу тотығу деп аталады.

M e + O 2 = M e O Me + O_{2} = MeO

Б e + O 2 = Б е О Бe + O_{2} = БеО

Э + О 2 = Э О Э + О_{2} = ЭО

ЭО - оксидтердің жалпы формуласы.

Мысалы: 2 C u + O 2 = 2 C u O 2Cu + O_{2} = 2CuO

4 A l + 3 O 2 = 2 A l 2 O 3 4Al + 3O_{2} = 2Al_{2}O_{3}

Оксидтерді халықаралық жүйемен атайды.

1-тәсілі: A l 2 O 3 Al_{2}O_{3} - алюминий (ІІІ) оксиді.

2-тәсілі: A l 2 O 3 Al_{2}O_{3} - диалмюминий триоксиді

«моно»-1, «ди» - 2, «три» - 3, «тетра» - 4, «пента» - 5 т. б

IV. Бекіту.

М: Сонымен, балалар оксид дегеніміз не? Қорытынды ереже шығармас бұрын

Мына сызбаға көңіл бөлейік.

Сапалық құрамы

Оксидтер Сандық құрамы

Түзілуі (тотығу реакциясы)

М: Сонымен, оксид деп нені айтады?

О: Оксид дегеніміз - екі элементтен тұратын оның біреуі міндетті түрде оттегі болатын күрделі заттарды айтамыз.

М: Оксид деген - бинарлы

Екі элементтен түрады.

Бірі оның оттегі

Болу керек міндетті

Екеуі бірге қосылса,

Тотығу реакциясы болады.

Нәтижесінде осының

Күрделі зат туады.

Оқулықпен жұмыс:

№3 жаттығуды орындау.

Мына оксидтерді халық аралық атаулары бойынша атаңдар.

M n O 2 , M n O 3 , N O , N O 2 , C r 2 O 3 , C r O 3 {MnO}_{2}, \ {MnO}_{3}, \ NO, \ {NO}_{2}, \ {Cr}_{2}O_{3}, \ {CrO}_{3}

V. Деңгейлік тапсырмалар.

№1-А тапсырмасы (10 ұпай) . Мына төменде берілген кестеден тек оксидтерді тауып, алыну реакциясын жазыңыз және атаңыз.

N a 2 O {Na}_{2}O
H 3 P O 4 H_{3}PO_{4}
A l C l 3 Al{Cl}_{3}
Na2O{Na}_{2}O: C u ( O H ) 2 Cu({OH) }_{2}
H3PO4H_{3}PO_{4}: P 2 O 5 P_{2}O_{5}
AlCl3Al{Cl}_{3}: A l ( O H ) 3 Al({OH) }_{3}
Na2O{Na}_{2}O: M n ( O H ) 2 Mn({OH) }_{2}
H3PO4H_{3}PO_{4}: H C l HCl
AlCl3Al{Cl}_{3}: F e O FeO

4 N a + O 2 = 2 N a 2 O 4Na + O_{2} = 2{Na}_{2}O натрий (І) оксиді

4 P + 5 O 2 = 2 P 2 O 5 4P + {5O}_{2} = 2P_{2}O_{5} фосфор (V)

2 F e + O 2 = 2 F e O 2Fe + O_{2} = 2FeO темір (ІІ) оксиді

№2 - Ә тапсырмасы (20 ұпай) . Төмендегі өзгерістерді орындаңыз, түзілген оксидтерді атаңыз.

S O 3 {SO}_{3}

K C l O 3 KClO_{3\ } O 2 O_{2}

C r O 3 {CrO}_{3}


Ұқсас жұмыстар
8-сынып химия: Тотығу дәрежесі және тотығу-тотықсыздану реакциялары
Оттегінің физикалық және химиялық қасиеттері, жану мен тотығу реакциялары
Бейорганикалық заттардың жіктелуі: жай және күрделі заттар (оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздар)
Оксидтер: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері және алынуы (8-сынып сабақ жоспары)
Оттегі, оксидтер және жану реакциялары: бекіту мен қорытындылау сабағы
PISA тапсырмалары арқылы тотығу-тотықсыздану реакцияларын оқыту және оқушылардың ғылыми-жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту
Қысқа мерзімді жоспар: Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері (Химия, 10 сынып)
8-сынып: оксидтер тақырыбы бойынша тергеу ойыны форматындағы қорытынды-бақылау сабағының жоспары
40-50 жылдардағы халықаралық қатынастар: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі шиеленістер және халықаралық ұйымдар
Лондон көшелерінің атаулары: тарихи және этимологиялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz