6-сыныпқа арналған технология сабағының сарамандық жоспары: ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету

Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы Б. Майлин атындағы орта мектетің технология пәні мұғалімі

Увалиев Мұрат Рахымұлы

Сабақ жоспары /25-26 сабақ/

Технология пәні. 2010-2011 оқу жылы.

Мұғалімі: Уалиев Мұрат Рахымұлы

Мерзімі: 6 желтоқсан

Сыныбы: 6 «А»

І. Сабақтың тақырыбы: Сарамандық жұмыс

« Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету»

ІІ. Сабақтың мақсаты: жақ тәрізді арамен, қол арамен, наградкамен жұмыс

істеудің сарамандық дағдысын игеру.

ІІІ. Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс

ІV. Сабаққа керекті құрал-жабдықтар, көрнекілігі жақ ара, қысқыш, екі сапты ара, қол ара, наградка, ағаш кесетін үстел, сүргі, үшбұрышты сызғыш, метр өлшегіш, сызғыш көлемі 200х20х1000 мм тақтай.

V. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

VI. Сабақтың мазмұны мен өту барысы:

  1. түгендеп, журналға белгілеу - 3 мин
  2. Жұмысты орындау реті:Ағашты кесуге арналған аспаптың әдістерімен, құрылысымен және қызметімен танысу. Ағашты талшық бойымен қөлдеңенінен кесу; Ағашты талшық бойымен тігінен кесу; Қол арамен кесу.

Жұмыс туралы қажетті мағлұматтар.

Кесу - ағаш материалдарын белгілі бір мөлшерге лайықты етіп дайындау.

Кесінді - дайындалған ағашқа неғұрлым дұрыс пішін мен мөлшер беру мақсатында материалдардың артық бөлшектерін алып тастау.

Аралап кесу - әртүрлі пішінде бөлшектер алу үшін ағашты аралау, ішінара тілу.

Ағаш талшығының орналасуына қарай кесуге байланысты аралаудың бірнеше тәсілі бар: а) талшық бойымен жүргізілетін бойлай тілу; ә) талшықты кесе көлдеңенінен тілу; б) талшыққа қиыстай жүргізілетін бұршытап кесу.

Өзінің құрылысына қарай қол аралары екі топқа бөлінеді керіп созылған аралар, қатты аралар. Керіп созылған аралар тобына - жақ тәрізді аралар, қатты аралар тобына - қарапайым қол аралар, екі сапты аралар жатады.

Жақ тәрізді ара дегеніміз - жақтың ағаш бөлігіне бекітілген ұзын жұқа ара. Құрылысы екі тіреуден, екі тұтқадан, тіректен, адырнадан және бұраудан тұрады.

Жақ тәрізді аралардың үш түрі болады: ірі тісті - дайындама тақталарды кесуге және көлдеңен аралауға арналған, орташа тісті - бұдыр алуға және біріктірілетін бөлшектерді тесіп жасауға қолданылады, ұсақ тісті - қисық сызықпен кесуге және әшекейлеу жұмыстарына қолданылады.

Қол ара - жалғыз тұтқалы, қатты ара. Ағашты қайта кескенде және көлдеңен бағытта мол дайындама жасау кезінде қолданылады.

VII. Сабақты қорытындылау: Әр оқушыға практикалық жұмыс орындату,

талқылап бағалау.

VIIІ. Үйге тапсырма: §6. 2. оқулықтың 47-48 беттері

ІХ. Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Мектептегі технология» әдістемелік журнал
  2. 5 сынып Технология оқулығы

Ұқсас жұмыстар
Ағашты көркемдеп оюдың түрлері: 9-сыныпқа арналған технология сабағының жоспары
Ағашты желімдеу: 7-сынып технология сабағының оқу жоспары
8-сыныпқа арналған технология пәні ашық сабақ жоспары: Ағашты күйдіріп өрнектеу
Технология пәні (6-сынып): Дақылдарды өсіруге арналған жерді даярлау - сарамандық жұмыс
Сым және қаңылтырдан бұйымдарды иіру: технология пәнінің сарамандық сабақ жоспары
Технология пәнінде инновациялық оқыту технологияларын енгізудің тиімділігі: ағашты күйдіріп өрнектеу сабағы
9-сынып Технология: Ағашты көркемдеп өңдеу түрлері және ою әдістері
Полиэтилен пакеттен аққу жасау: технология пәні бойынша сарамандық сабақ
Белдемшенің тарихы, түрлері және мата таңдау: 6-сыныпқа арналған технология сабағы
Сабақ жоспары: Ағашты желімдеудің технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz