Бастауыш сыныпқа арналған қазақ тілі сабақ жоспары: Одағай

Атығай жалпы орта білім беретін мектеп

Тақырыбы: Одағай

Бастауыш сынып мұғалімі Умербекова У. Б.

2011-2012 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы. Одағай

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөйлем ішіндегі одағайды дұрыс танып, олардың түрлерін ажыратуға үйрету.

Дамытушылық: Тапсырма беру арқылы шығармашылық белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды сауаттылыққа, ұстамдылыққа, әдептілікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, іздендіру тапсырмалары.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, интерактивтік тақта, .

Сабақтың барысы.

І Ұйымдастыру.

а) Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім.

ә) Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері

. радуга

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін, қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру. Семантикалық карта арқылы тексеру

Шылаулар
Қосымша мағына үстейді
Сөз бен сөзді байланыс-тырады
Үстеме мағына
Сұрақ мағынасын береді
Өтініш, шектеу, даралау мағынасын үстейді
Шылаулар: Мен, бен, пен, және
Қосымша мағына үстейді:
Сөз бен сөзді байланыс-тырады: +
Үстеме мағына:
Сұрақ мағынасын береді:
Өтініш, шектеу, даралау мағынасын үстейді:
Шылаулар: Да, де, та, те
Қосымша мағына үстейді: +
Сөз бен сөзді байланыс-тырады:
Үстеме мағына:
Сұрақ мағынасын береді:
Өтініш, шектеу, даралау мағынасын үстейді:
Шылаулар: Ма, ме, ба, бе, па, пе
Қосымша мағына үстейді:
Сөз бен сөзді байланыс-тырады:
Үстеме мағына:
Сұрақ мағынасын береді: +
Өтініш, шектеу, даралау мағынасын үстейді:
Шылаулар:

Қой, ғой, қана, ғана,

-ақ

Қосымша мағына үстейді:
Сөз бен сөзді байланыс-тырады:
Үстеме мағына:
Сұрақ мағынасын береді:
Өтініш, шектеу, даралау мағынасын үстейді: +
Шылаулар: Үшін, туралы, дейін, шейін
Қосымша мағына үстейді:
Сөз бен сөзді байланыс-тырады:
Үстеме мағына: +
Сұрақ мағынасын береді:
Өтініш, шектеу, даралау мағынасын үстейді:

Жаңа сабақ.

1. Аспан асты, жер үсті,

Ойхой, неткен көкпеңбек!

Кеңейтті ғой өрісті,

Көптен күткен көктем кеп.

2. Шөре-шөре, лағым,

Тентек болма, шырағым.

Секектеме демінді ал

Селтеңдемей кұлағың.

3. -Жә, беті-қолыңдағы кір-қожалақтың себебі солай-ақ болсын, мейлі . . . Ал үстіңдегі киіміңді неге үтіктемегенсің?

-балалар, енді бүгінгі тақырыптың атын табу үшін әріпті жұмбақты шешіп көрейік.

1. Оқуда бар.

Жазуда жоқ. /О/

2. Далада бар,

Жағада жоқ. /Д/

3. Шегеде жоқ,

Таста бар. /А/

4. Ғарышта бар,

Сайыста жоқ. /Ғ/

5. Шанада бар,

Әнде жоқ. /А/

6. Торғайда бар,

Алауда жоқ. /Й/

Толық мағынасы жоқ, сондықтан затты, құбылысты, әрекетті нақты білдірмей, тек адамның әр түрлі көңіл-күйін, сезімін білдіретін немесе жан-жануарларға қаратылып айтылатын сөздер одағай деп аталады.

Одағайда негізгі мағына болмайды.

Сөйлемде одағайлар оқшау айтылады. Басқа сөздермен граматикалық байланысқа түспейді, сұраққа жауап бермейді. Одағай сөйлем мүшесі бола алмайды. Одағай сөйлемнің басында да, ортасында да, соңында да қолданыла береді.

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу. Сөйлемдерді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Қарамен жазылған сөздердің оқылу ерекшелігіне назар аудар. Олар сөйлемде айтылған ойға қатысты сөйлеушінің қандай көңіл күйін білдіріп тұр?

2-жаттығу. Сөйлемдерді мәнерлеп оқы. Сөйлемдерді көшіріп жазып, одағайлардың астын сыз. Одағайлар сөйлеушінің қандай көңіл күйін білдіріп тұрғанын айт. Одағайлардан кейін қандай тыныс белгілері қойылған.

Карташамен жұмыс

1. Пай-пай, Неткен сұлу табиғат!

2. Бәрекелді! Ауланы айнадай қып сыпырып қойған Алмас па?

3. Жә, сонда, оқушылар көшет егуге сабақтан соң барамыз дей ме?

4. Тәйт, титімдей болып өзіңнен жасы үлкен кісімен сөз жарыстырма!

5. Әукім, әукім, әукешім,

Қасиыншы әукесін,

Өссін, үйге құт болсын,

Бауыры толған сүт болсын. /10 ұпай/

Білім аукционы

1. Одағайдың ережесін айт. /5 ұпай/

2. Түу, сөзімді бөле бердің-ау! сөйлемнен одағайды тап. /5 ұпай/

3. Тәйт, жә, тек одағайдың қай түріне жатады. /10 ұпай/

4. Құрау-құрауодағайдың қай түріне жатады? /10 ұпай/

5. Одағайдың түрлерін ата. /15 ұпай/

6. Одағайы бар өлең айтып бер. /15 ұпай/

3-жаттығу:Төмендегі одағайларды қатыстырып, сөйлемдер құрастырып жаз.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпқа арналған Одағай тақырыбындағы ашық сабақ жоспары
6-сыныпқа арналған Одағай тақырыбы бойынша қазақ тілі сабақ жоспары
6-сынып қазақ тілі: Одағай түрлері бойынша сабақ жоспары
Қазақ тілі, 6 сынып: Одағай сөздер және олардың түрлері - қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған Қос сөздер тақырыбындағы қазақ тілі сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған қазақ тілі: Сөз таптары тақырыбы бойынша ойын сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған қазақ тілі: Тіл және сөйлеу орта мерзімді жоспары
Барыс септік: бастауыш сыныптарға арналған қазақ тілі сабақ жоспары
Оқшау сөздер: 8-сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінің ашық сабақ жоспары
6-сыныпқа арналған қазақ тілі пәні сабақ жоспары: Қазақ тілі кабинеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz