Бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспарлары: Өтірік өрге баспайды - шындық пен тәрбие, пысықтау (математика) және сөз құрамы (қазақ тілі)

Сабақтың тақырыбы: Өтірік өрге баспайды. Н. Серәлиев.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Әңгімені оқып, мазмұнын түсінуге, өмірмен байланыстыра

отырып, идеясын ашуға мүмкіндік беру.

Дамытушылық: Жүйелі ойлау қаблетін, дүниетанымын кеңейту, тілдік

қорын молайту, проблемалық мәселелерді шеше білу

іскерлігін арттыру.

Тәрбиелік: Шығармашылық жұмыстар арқылы өз бетімен жұмыс жасауға

жағдай туғызу, мәселені шешудегі батылдық, ізденушілік

қасиеттері мен дағдыларының дамуына мүмкіндік жасау.

Шыншылдыққа, әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Оқушыларды түгендеп, жақсы көңіл күй қалыптастыру үшін мадақтаулар айту.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

В. Сухомлинскийдің «Нағыз адам» атты әңгімесін мазмұндату.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Қызығушылығын ояту.

а) Ребус шешу . Ребуста өзен, тіс, өрік, өрмекші, бас, айдың суреттері берілген. Шешімі: «Өтірік өрге баспайды». Мұғалім мақалдың мағынасын түсіндіреді.

ә) Жағдаяттарды шешу.

1-жағдаят. Жандостың компьютерде көп ойнап қалуына байланысты математикадан есеп шығаруға уақыты қалмады. Мұнын себебін сұраған мұғалімге Жандос «Басым қатты ауырып, есепті шығара алмадым», -деп айтты.

- Жандостың орнында сендер болсаңдар не айтар едіңдер?

2-жағдаят. Анар таңертең бақтағы қызыл-жасыл гүлдерді ұзақ қызықтап жүріп қалады да, сабаққа кешігіп барады. Мұнын себебін сұраған мұғалімге Анар «Мен сағат неше болғанан байқамай қалыппын», -деп айтты.

- Анардың орнында сендер болсаңдар, не айтар едіңдер?

3-жағдаят. Қуатты анасы дәріханадан дәрі әкелуге жұмсады. Қуат аулаға шыға салысымен достарын кездестіріп, олармен бірге ойнап кетті. Анасының тапсырмасы үйге кіргенде есіне түсті. Ол анасына: «Дәріхана жабық тұр екен», -деп айтты.

- Қуаттың орнында сендер болсаңдар, не деп жауап берер едіңдер?

2. Мағынаны тану. Оқулықпен жұмыс.

  • Мәтінді оқу.
  • Сөздерге түсінік беру.

Жытыру - тығу, жасыру.

Табалау - өш алу, кемшілікті бетке басу.

Октябрят - Кеңес заманындағы бастауыш сынып балаларының ұйымы.

  • Сұрақтар мен тапсырмалар.

- Баланың үйіне келе жатқандағы ойы туралы монологын тауып оқы.

- Бір бағаны түзеген оқушыға неше рет өтірік айтуға тура келді?

- «Балалы үйдің ұрлығы жатпайды» деген мәтел әңгіменің қай сәтіне тура келеді?

- Әкесінің «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» деген сөзінің мағынасын түсіндір.

- Жаман баға алған бала мен Балтаның достығы қалай жалғаспақ?

3. Нақыл сөз бен мақалдың мағынасын ашу. Дәптерге жазу.

Шындықты мойындағаннан ешкім де аласарып қалмайды.

Ә. Кекілбаев.

Мақтаншақтық өтірік айтқызады,

Өтірік көңілді қайтқызады.

IҮ. Сабақты бекіту.

Мақалды жалғастырып оқыңдар.

а) Шын - бір сөз, өтірік - . . . (мың сөз)

ә) Сыр айтқанға сенбе, Шын айтқанға . . . (сен)

б) Өтірік өрге . . . (баспайды)

в) Біреу әзіл айтса, сен . . . айт. (әділ)

г) Шындық бәрінен де . . . (қымбат)

V. Үйге тапсырма беру.

Әңгімені түсініп оқу. Өз беттерінше жалғастыру.

VІ. Сабақты қорытындылау.

- Өтірік айтып ұятқа қалғанша, шындықты айтып қатенді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет - адамдықтың белгісі. Халықтың «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» деген даналығынан, шыншыл адамның ары таза, жүзі жарқын болып, қуанышқа бөленіп, бақытқа кенелетінін түсінуге болады. Тіпті шындықты айтудың өзі адамға жақсылық жасауды білдіреді.

  • Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер, не білдіңдер, не түйдіңдер?

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Есепті әртүрлі тәсілдермен шығару дағдыларын қалыптастыру;

үш таңбалы сандармен жазбаша есептеуге қатысты білімдерін

пысықтау.

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Тірек білімдерін,

есептеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы.

Сабақтың әдісі: Іздендіру, сұрақ-жауап, есептер шығару.

Көрнекілігі: Үлестірмелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

- Қане, достым, сабаққа дайынсың ба?

- Кітап, дәптер, қаламың бәрі бар ма?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Тірек білімдерін жетілдіру.

«Есіктің кілтін тап» ойынын өткізуге де болады.

Ойынның мақсаты: Есептеу дағдыларын бекіту.

Тақтада 7 есіктің суреті салынған. Олардың әрқайсысында мынадай өрнектер жазылған: 300 ∙ 2, 900 : 3, 800 : 2, 100 ∙ 8, 100 : 2, 700 : 7, 400 : 100. Оның қасында жауаптары бар кілттердің суреті бар: 50, 400, 600, 4, 300, 100, 800.

Балалар қажетті кілтті табады.

2. Оқулықпен жұмыс.

№1 тапсырма. Ауызша есептеу.

1000−80∙4═680 800−90∙3═530 700−60∙2═580

№2 тапсырма. Әртүрлі тәсілмен есептеу.

(6+4) ∙30═6∙30+4∙30═300 (60+40) ∙5═60∙5+40∙5═500

(8+2) ∙50═8∙50+2∙50═500 (70+30) ∙8═70∙8+30∙8═800

(90+10) ∙7═90∙7+10∙7═700 (20+30) ∙5═20∙5+30∙5═250

4∙(30+20) ═4∙30+4∙20═200 20∙(8+2) ═20∙8+20∙2═200

20∙(10+40) ═20∙10+20∙40═1000

№3 тапсырма. Тіктөртбұрыш сызу. Периметрлерін әртүрлі тәсілмен табу.

2см және 4см 1см және 7см

Р═2∙2+4∙2═12(см) Р═1∙2+7∙2═16(см)

Р═(2+4) ∙2═12(см) Р═(1+7) ∙2═16(см)

№4 тапсырма. Есептерді әртүрлі тәсілмен есептеу.

а) Әр топта - 10бала ж 20ересек Ш: 1-т: (10+20) ∙9═270

9 топта - ? адам 2-т: 10∙9+20∙9═270

Ж: 270 адам барады.

а) 1 күнде - 50ақ нан ж 20қара нан Ш: 1-т: (50+20) ∙7═490

1 аптада - ? нан 2-т: 50∙7+20∙7═490

Ж: 490 бөлке қара және ақ нан.

№5 тапсырма. Кестені пайдаланып, дұрыс теңдіктер мен теңсіздіктер

құрастыру.

320:4═400:5 120+203>450−350

100∙3═900:3 900−650>40∙3

№7 тапсырма. Фигуралар неше тең бөлікке бөлінді? Бір үлесті қалай атайды? Фигуралардың қандай бөлігі боялған, қандай бөлігі боялмаған?

ІҮ. Сабақты бекіту.

Бекіту үшін №8 шығармашылық тапсырма орындалады.

Ү. Үйге тапсырма беру.

№6 тапсырма. 20бет.

ҮІ. Сабақты қорытындылау.

  • Бүгінгі сабақта не жұмыс жасадыңдар?
  • Нелер қиындық туғызды?

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамы.

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Қосымшалар жалғанғанда сөз мағынасы өзгеретінін түсіндіру;

түбірден ңосымшаны, жалғаудан жұрнақты ажырата білуді үй-

рету; туынды сөздер туралы білімін пысықтау.

Дамытушылық: Танымдық, есте сақтау, ойлау, байланыстырып сөйлеу

қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, сауаттылыққа, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Түбір, жұрнақ, жалғау туралы алған білімдерін сұрақ-жауап әдісі арқылы

пысықтау.

- Түбір деген не?

- Түбірге қосылатын бөлшек қалай аталады?

- Жұрнақтың жалғаудан ерекшелігі неде?

- Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады?

2. Суретпен жұмыс.

«Сөйлем қуаласпақ» ойынын ойнату.

Тақтаға Крыловтың «Қарға мен түлкі» деген мысалы бойынша салынған суретті ілу.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарға арналған қазақ тілі сабақ жоспарлары: Біріккен сөздердің жазылуы, сөз таптарын қайталау, буын үндестігі
23.04 мерзіміндегі бастауыш сыныптарға арналған сабақ жоспарлары: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, технология, математика
2-сынып қазақ тілі сабағы: Сөз құрамы - түбір және қосымшалар
1-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Әліпби, Өтірік өлең және буын мен тасымал
Бастауыш сыныпқа арналған қазақ тілі: Сөз таптары тақырыбы бойынша ойын сабақ жоспары
Нәтиже сабағы: Өнерлі - өрге жүзер - қазақ киносы, театр, опера және балет бойынша білімді пысықтау
5-8 сыныптарға арналған қазақ тілі сабақ жоспарлары: ана тілі, әдеби тіл, мәтін және сөз мағыналары
Бастауыш сыныптарға арналған қазақ тілі сабақтарының әдістемелік жоспарлары: Зат есім, Денсаулық пен табиғат, Етістік
Бастауыш сыныпқа арналған тұрлаусыз мүшелерді пысықтау сабағы
1-4 сыныптарға арналған қазақ тілі мен математика пәндері бойынша сабақ жоспарлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz