Абылай хандығы

Қазақстан тарихы 8- сынып

Сабақтың тақырыбы: Абылай хандығы

Өз ерлерін, өз ұлдарын ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді.

І. Жансүгіров

Абылай Уалиұлының туғанына 300 жыл толуына және

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Абылай ханның қолбасшылық, саяси қайраткерлігі, қазақ жерлерін біріктіру жолындағы күресі және тарихта алатын орны туралы түсінік қалыптастыру арқылы толық мәлімет беру.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, Абылай ханның өмірінен үлгі алуға, алған білімдерінен қорытынды шығарып, өмірде пайдалана алатын жан-жақты тұлғаның дамуына әсер ету.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу, оның қадір-қасиетін ұғынуға, қорғауға, елдің дамуына үлес қосуларына тәрбиелеуге ықпал ету.

Сабақтың барысы : ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІV. Үй тапсырмасын қорытындылау

V. Жаңа сабақ

VI. Қосымша мәліметтер

VIІ. Қорытындылау

VIІІ. Бағалау

IX. Үйге тапсырма беру

Үй жұмысын тексеру әдісі: 1. Тест жұмысы. 2. Сандар мәліметі.

3. Жылдар сөйлейді. 4. Картамен жұмыс.

Тест жұмысы. (1-топ оқушылары орындайды. ) ( Слайд № 6, Тест тапсырмасы көрсетіледі. )

1. Әбілқайырдың басты тірегі болған ру:

А. Шекті В. Жағалбайлы С. Байбақты Д. Табын Е. Адай

2. Кіші жүздің оңтүстік-шығысы кімнің иелігінде болды:

А. Ералының В. Нұралының С. Батыр сұлтанның Д. Барақ сұлтанның Е. Қайып сұлтанның

3. Кіші жүздің солтүстік-батысы кімнің иелігінде болды:

А. Қайыптың В. Ералының С. Батырдың Д. Нұралының Е. Барақтың

4. Император Цянь-Лун (Хун Ли) қолдаған Жоңғариядағы билікке таласушылардың бірі:

А. Лама Доржы В. Себан Рабдан С. Дабашы Д. Қалдан Церен Е. Әмірсана

5. Сібір редутынан Омбыға дейін созылған шеп:

А. Ертіс шебі В. Горькая шебі С. Колыван шебі Д. Пресногорьковск шебі Е. Омбы шебі

6. Омбы бекінісінен Ертістің оң жағасын қамти отырып, Кіші Нарын бекінісіне дейін созылған шеп:

А. Омбы шебі В. Горькая шебі С. Колыван шебі Д. Пресногорьковск шебі Е. Ертіс шебі

7. Өскемен бекінісінен басталып, Алтай тауларының батысын жағалап, Колыван зауыттарын басып өтіп, Кузнецк шебімен жалғасқан шеп:

А. Колыван шебі В. Ертіс шебі С. Горькая шебі Д. Омбы шебі Е. Пресногорьковск шебі

8. Ташкент, Бұхар, Қоқан, Қашғар көпестері жиі келетін сауда орталығы:

А. Өскемен В. Семей С. Қызылжар Д. Бұқтырма Е. Түркістан

Оқушылардың орындаған тест жұмысын текреру . (Слайд №7-14 Оқушылар тест сұрақтарын оқып дұрыс жауаптарын айтулары қажет. Дұрыс жауап нұсқау белгісін қозғау арқылы ретімен көрсетіледі. )

Сандар мәліметі. (2-топ оқушылары орындайды)

(Слайд №15. Оқушыларға кестедегі сандар көретіледі, сандарға байланысты дұрыс мәлімет айтылуы қажет. Дұрыс жауап берілгеннен кейін мәліметтер ретімен нұсқау белгі көмегімен ашылады. )

Сандар
Мәлімет
№: 1
Сандар: 2
Мәлімет: Әбілқайырдың өлімінен кейін Кіші жүзде хандық орнады
№: 2
Сандар: 5
Мәлімет: 1735ж. Қазақстанға бас сауғалап қашып келген башқұрттардың саны
№: 3
Сандар: 553
Мәлімет: Горькая шебінің ұзындығы.
№: 4
Сандар: 1684
Мәлімет: Ертіс шебі бекіністерінің ұзындығы.
№: 5
Сандар: 723
Мәлімет: Колыван шебінің ұзындығы
№: 6
Сандар:

1 миллион

сом

Мәлімет: 1745-1759 жылдары қазақ даласы арқылы Орынборға жеткізілген мал саны.
№: 7
Сандар: 330-ға жуық
Мәлімет: XVIII ғасырдың 60- жылдарының соңы- 70- жылдарының басындағы Семейде сауда жасаған қазақ көпестерінің саны
№: 8
Сандар: 158
Мәлімет: 1765 жылы Жәміш бекінісіндегі сауда орталығына Қаз дауысты Қазбек пен Абылай жіберген саудагерлер саны.
№: 9
Сандар: 300 мың
Мәлімет: Қалқаман, Кереку көлдерінен Томск, Тобыл, Екатеринбургке апарылатын ас тұзының мөлшері.
№: 10
Сандар: 45000
Мәлімет: I-Павелдің жарлығына сай Ертістің оң жағасына қайтадан қоныстануға және мал жаюға рұқсат алған отбасылардың саны.

Жылдар сөйлейді. (3-топ оқушылары орындайды) (Слайд №16 Оқушыларға жылдар сөйлейді кестесі көретіледі, жылдарға байланысты дұрыс мәлімет айтылуы қажет. Дұрыс жауап берілгеннен кейін жауаптар ретімен нұсқау белгі көмегімен ашылады. )

Жылдар
Болған оқиға
№: 1
Жылдар: 1745ж, күзде
Болған оқиға: Қалмақ билеушісі Қалдан Церен қайтыс болды
№: 2
Жылдар: 1755ж. шілде айының 19
Болған оқиға: Император жарлығына сай бұрынғы жоңғар мемлекетінің иелігі Цинь өкіметінің меншігі деп жарияланды.
№: 3
Жылдар: 1758 ж
Болған оқиға: Жоңғария дербес ел ретінде тарихи сахнадан жойылды
№: 4
Жылдар: 1761 ж
Болған оқиға: Шыңжаң (жаңа шекара) империялық әкімшілік бірлестігі қай жылы құрылды.
№: 5
Жылдар: 1752 ж
Болған оқиға: Петропавл (Қызылжар) бекінісі салынды
№: 6
Жылдар: 1761ж.
Болған оқиға: Бұқтырма бекінісі қай жылы салынды.
№: 7
Жылдар: 1756ж, қыркүйек
Болған оқиға:

Жайық жағасына жақын жерде қазақтардың малын жаюға

алғаш рет ресми түрде шек қойылды.

№: 8
Жылдар: 1757ж. желтоқсан айының аяғында
Болған оқиға: Кіші жүз ханы Нұралыға тапсырылған орыс үкіметінің шешімі Жайық өзенінен мал айдап өтуіне тыйым салынды.

Картамен жұмыс. Сынып оқушылары үшін жалпы тапсырма (Слайд№17)
(Оқушылар XVIII-ғасырда салынған бекіністерді контур картаға түсірулері керек. )

Қорытынды: (Слайд№18)

Сонымен, XVIII ғасырдың орта шеніндегі Қазақстанның саяси-экономикалық дамуына бірқатар жаңа өзгерістер қалыптасты. Патша үкіметінің отарлау саясатына қарамастан, қазақ-орыс сауда байланыстары, Қазақстанның шет елдермен қатынастары өзара тиімді жағдайда дамыды. Алайда патша үкіметінің қазақтардың өз жерін пайдалануына шек қоюы, орыс-казак шаруаларын қоныстандыра бастауы олардың жерін басып алу шараларының

бастамасы болатын.

Жаңа сабақ: Абылай хандығы (Слайд№19)

“Қазақтың дербес ел болуына, әрі-беріден соң қазақтың

қазақ болуына, басы қосылып, бір жеңнен қол,

бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген

Абылайдан артық адам болмас”.

Мұхтар Әуезов. (Слайд№20)

Абылай қазақ хандығының аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері

Білемеміз
Білгіміз келеді
Білдік
Білемеміз:

Абылай ханның өмір

сүрген жылдарын. (1711-1781) Түркістан қаласында Уәлидің шаңырағында дүниеге келгенін. Азан шақырып қойған аты Әбілмансұр және жасырын аты Сабалық екендігін. Төле бидің түйесін баққан кезе де Бөгенбаймен таныс болғандығын. 20 жасында қалмақтың батыры Шарышты жекпе-жекте жеңгендігін. Қазақ хандығын мықты да біртұтас мемлекетке айналдырғандығын, ресми түрде 1771 жылы таққа отырғанын, 1781 қайтыс болып, Қожа Ахмет Яссауи

кесенесінде жерленгенін.

Білгіміз келеді:

Абылайдың білімі, қабілеті, өнерлілігі, дарындылығы,

дене бітімі, өмірлік

өнегесі атқарған істері туралы . Өзге елдермен қарым-қатынастағы әрекетінің қандай болғандығы. Кеңесшілері болды ма? Қай жерде қалай дүниеден өтті. Артында қалған ұрпақтары туралы

Білдік: Абылай ханның өткен өмір жолы оңай болған жоқ. Сұлтан Абылай мұсылманша жақсы білім алды. Шығыстың жеті тілін білді, сөзге шебер әрі тапқыр, домбыраны жақсы тартты өзі шығарған 20-дан астам күйі бар. Бойы ортадан жоғары, жауырыны қақпақтай дене күші зор болған. Жауынгерлермен үнемі бірге болып, олжаны әділ бөлісекен . Ол орта жүздегі Арғын тайпасының Атығай руына басшылық етті. Абылайдың кеңесшілері Бұқар, Үмбетей, Тәтіқара жыраулар Төле, Қазбек билер болған. Билігін нығайту және шекаралас елдермен бейбіт қарым-қатынас орнату мақсатында ол көрші мемелекеттердің ықпалды отбасыларымен және қазақ хандары мен сұлтандарының қыздарына үйленіп әулеттік некеге отырған. Ташкенттен Түркістан қаласына келе жатқанда дүние салған. Абылайдын артында 30 ұлы мен 40 қызы қалды.

Абылай орысша жыл есебі бойынша 1713 жылдың басында туған (қосымша мәлімет)

Қазақ тарихында Абылайдың туған жылы туралы кейінде қалыптасқан 1711 жылы, 1713 жылы деген екі пікір бар. Екеуі де негізсіз емес, бірақ, нақтылай түсуді керек етеді. Демек, екеуін салыстыра отырып, қолда бар деректерді қайта қарап көрсек, Абылай қазақ күнтізбесі бойынша 1712 жылдың аяғында, орысша жыл есебі бойынша 1713 жылдың басында туған және 1780 жылдың күзінде қайтыс болғанын аңдаймыз. Дәлел қандай: Зерттеушілердің сүйенетіні Уәли сұлтанның хатындағы: «Әкем, Абылай 69-ға қараған жасында өмірден өтті» деген сөздер. Бұл арада мына сөздерді қағазға түсірген Уәли сұлтан емес, әрине, оның хатшысы. Орыс тіліне аударғанда, қазақша «алпыс тоғызға қараған жасында» деген тіркестің мағынасы «алпыс сегіз жаста» болып шығады. Және де бұл жас қазақтың жыл қайыру есебімен мөлшерленгенін еске алайық. Бірінші, мүшел, он үш жас, одан кейінгілері он екі жылдан келіп отырады.

Сонда Абылай толық 5 мүшел және 7 жыл өмір сүрген.

C:\Documents and Settings\Гульмира\Мои документы\Мои рисунки\Изображение\Изображение 025.jpg

Жошы ханнан тарайтын белгілі тұлғалардың шаңырағында дүниеге келді. Ол - әйгілі заңгер әрі қоғам қайраткері Есім ханның ұрпағы. Әбілмансұр жетімдіктің зардабын ерте тартады 11 жасында әкесінен айрылды. Жападан -жалғыз ұшы-қиырсыз ұзақ жол кешкен ауыр күндерінде де бабалар аруағы оған рух берді.

C:\Documents and Settings\Гульмира\Мои документы\Мои рисунки\Изображение\Изображение 026.jpg

Абылайдың өмірі мен ерлігін жырлаған Бұқар жырау оның жас кезіндегі ауыр өмірін төмендегі шумақтармен білдірген:

Әй, Абылай, Абылай!

Сені мен алғаш көргенде

Тұрымтайдай ұл едің

Үйсін Төле бидің

Түйесін баққан құл едің.

Абылай атын жоқ еді,

“Сабалақ” атпен жүр едің

Төле биге сәлем беруге келген Бөгенбай батырдың Сабалақты алғаш көргеннен кейін айтқаны.

Шырағым-ай, көзің отты бала екенсің!
Мінезің қазақтағы хан екеңсің,
Жазға салым қалмаққа аттанамыз,
Соған да керек болар жан екенсің!

C:\Documents and Settings\Гульмира\Мои документы\Мои рисунки\Изображение\Изображение 028.jpg C:\Documents and Settings\Гульмира\Мои документы\Мои рисунки\Изображение\Изображение 029.jpg


Ұқсас жұмыстар
Абылайдың хандығы
Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы
Қазақтардың е.пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы 8 сынып
Абылай хандығы 8-сынып
Абылайдың хандығы туралы
Абылай ханның өмірі
Алаша хан кесенесі
Қазақ хандығына саяхат
Xv-xvii ғасырлардағы қазақ хандығы
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының материалдық мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz