Астанаға саяхат шолу

SAM_1247 Тоқыжанова Қаламқас Мұратжанқызы

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданындағы №1 «Бөбекжай» балабақшасының №1 «Бәйтерек»

тобының тәрбиешісі

Тақырыбы: Менің тұңғыш президентім!

Мақсаты:

білімділік :Балалардың өз отаны туралы білімін кеңейту, ел тарихында болған оқиғалардың маңызын ажырыта білу. Еліміздің тұңғыш президенті екендігін жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту

дамытушылық: Елімізге еңсе тіктетіп мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.

тәрбиелік: Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, кәдесыйлықтар, әнұран, т. б.

Сабақтың түрі: тәрбие сағаты.

Сабақтың барысы:

Топтағы балалар «Көк тудың желбірегені» әнін орындап, қолдарына жалау ұстап үлкен залға кіреді.

SAM_1198

Осындан кейін Әнұран орындалады.

Тәрбиешінің сөзі:

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсылтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.
Елбасының балалық шағынан бастап ата-анаға мейірімділігі, елге деген сүйіспеншілігі байқалған.

596_9d0fb9f88133a6e9b90b6cf4e1937565 596_cf0cfe03d1386a8294e5b3632b7f25fd

Әкесі Әбіш Назарбаев Анасы Әлжан Назарбаева

596_b4c46ea251f5ac31f7594463169c7319

Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып - «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.

Мемлекет басқару ісі - машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел - ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

Мемлекеттің жарқырар күні алыс емес.

Қазахстан көк байрағы қандай ?

SAM_1252

Нұрай: Аспан түстес көк ту ортасында шұғылалы күн оның астында халықтап ұшқан қыран бейнеленген соған қоса Нұрсылтан Назарбаев Әбішұлы қосымша өзгерістер енгізуде алғашқы Қазақстан туының авторы суретші Шакен Ниязбеков.

kzgerb 020612-2

Мемлекеттік ел танбаның авторы суретшілер Жандарбек Мәлібековпен Шота Уалиханов Қазахстан Республикасының ел таңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген шаңырақта айнала күн саулесіндей таралған уықтар шаншылған жарық жұлдыз отанымызда жұлдызы биіктеп бақыт жұлдызша нұр шашып тұрғандай бейнелейді.

Шырын: Тұратұғын болашақтың үні кеп
Тартылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндік, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні деп

Иляс: Әнге толсын барлық қала ауыл бар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар

Бексұлтан: Туға мойын бұрамыз,

Елтаңба деп тұрамыз.

Әнұран боп асқақтап тұр,

Біздің елдің рәмізі.

Айзада: Отанымның төрінде,

Сарыарқаның өрінде.

Ту ұстаған Астанам,

Әсем қалам, бас қалам.

Ақерке: Әнұраным, әнұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған - жерім сағынарым,

Мәңгі - бақи шырқалады.

Ислам: Ұланымын елімнің,

Баламын жігіт зор әлі.

Қазақстан жалауын,

Көтеремін жоғары.

Әрраийан: Желбірейді шалықтап,

Қазақстан жалауы.

Көкте қыран қалықтап,

Қанат қағып барады.

Астанаға саяхат шолу. Фото сюжет.
1

1320653840_101

Айсана: Астанадан қандай әсер алдың?
Тәрбиеші: 1991 жыл, 1- желтоқсан Республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ КССР інің Президенті болып Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.

Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз - бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы » бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр. Ел ордасы Астанамыз көрікті екеніне көз жүгіртіп мыны суреттерге қарайықшы

Осы мен қоса тағыда бір ерекше жаналықтарымыз бар 2017 жылы эспорт товарын шығару біздің Қазахстанда өтеді, бұлда біздің Нұр ағамыздың еңбегі деп білеміз.

Қорытынды: Еліміз өркениетті заман ағысына қосылды менің тірегім байтақ Қазақстан деп маң маң басып жүре аламыз мемлекетіміздің көк туы биіктей берсін дей отырып. Көңілімізді көтеріңкі ұстап қазақтың ұлттық биі «Қара жорға» биімен сабағымызды аяқтаймыз.

SAM_1214


Ұқсас жұмыстар
Математика 2 сынып "өткенді пысықтау"
Астанаға жеттік
Рационал сандарға амалдар қолдану жайлы
Грамматикалық тақырып
Бәйтеректің авторы
Сабақтың Саяхат сабақ түрі
Перронда. өткен шақтың түрлері
Мынау бәйтерек
Астана аялдамасы
Астанаға саяхат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz