Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тіршілік ету ортасы

Қызылорда облысы
Байқоңыр қаласы
№8 орта мектебінің биология пәнінің
мұғалімі Егизбаева Гулсара Қожабаевна
Күні :27.04.2013 жыл
Пәні : Биология
Сыныбы: 6 << Б>>
Сабақтың тақырыбы : § 24 .Тіршілік ету ортасы . Экологиялық факторлар.
Сабақтың мақсаты :
а) білімділік: тіршілік ету ортасы. Экологиялық факторлартуралы жалпы мағлұмат бере отырып, білімдерін тереңдету, Экологиялық факторлардың үш тобына тоқталу,Өлі табиғат факторлары, тірі табиғат факторлары және адамның қызметін оның табиғатқа әсерін қарастыру арқылы сабақты меңгерту;
б) дамытушылық : оқушылардың ақыл - ой таным қызығушылығын арттыру,өз ойларын ашық айта білуге жеке топта,жұпта жұмыс істей білуге дағдыландыру;
в) тәрбиелік: оқушылардың бойына адамзатқа қажетті құндылық қаиеттерді қалыптастыру, адамгершілікке,имандылыққа сабырлы да ізденімпаз болуға тәрбиелеу,табиғатты , жан-жануарларды қорғауға шақыру.
Сабақтың типі : жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі : дәстүрлі
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау техналогиясының элементтері: Робин Рауидәдісі,джигсо әдісі, тест әдісі, түсіндірмелі көрнекілік, репрадуктивті әдісі, топқа бөлу және <<сиқырлы таяқша>> ойыны.
Көрнекілігі : суреттер , тест.
Техникалық құрал-жабдығы: белсенді тақта , слайдтар.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу,өмірлік байланыс.
Сабақтың жоспары :
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту
ІV. Жаңа білімді бекіту
V. Жаңа білімді қорыту
VI. Үй тапсырмасын беру
VII. Оқушылардың білімін бағалау

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Табиғаттағы барлық жылу - күннен,
Өмірдегі барлық жылу - адамнан. М. Пришвин

oo Балалар бүгінгі көңіл күйлеріңіз қалай ?
Онда, жақсы көңіл күймен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру
<< Менен сұрақ, сіздерден жылдам жауап >>
1 Табиғаттағы тірі организмдердің маңызды қасиеттерінің бірі не?
2 Организмдердің қоректенуқасиеттері қалай жүреді?
3 Барлық тірі организмдердегі тыныс алу мүшесі қалай қалыптасқан?
4 Өсімдіктердің тыныс алуы дегеніміз не?
5 Тірі организмдердің зат және энергия алмасуы қалай жүреді?
6 Организмдердің маңызды қасиеттрінің бірі
7 Табиғатта көбеюдің қандай түрлерін білесің?

III. Жаңа білімді меңгерту.
§ 24 .Тіршілік ету ортасу ортасы. Экологиялық факторлар .
Тақырыптың жоспары
1. Тіршілік ету ортасы .
2. Экологиялық факторлар .
3. Тірі организмдердің бір - біріне әсері.
4. Жануарлар арасындағы байланыс.
5. Адам қызметінің табиғатқа әсері.

Тіршілік ету ортасы дегеніміз - организм мекен ететін табиғат бөлігі. Тірі организмдер қоршаған ортамен тығыз байланысты. Тірі организмдердің бір- бірімен және сыртқы ортамен қарым - қатынасы туралы ғылым. Экология ( грекше <<ойкос>> -үй,мекен; <<логос>> - зерттеу немесе ғылым) деп аталады. Экология терминін алғаш неміс биологы Эрнст Геккель (1866 ж) енгізген. Біздің планетамызда тірі ағзалар төрт түрлі мекенді игерген. Олар : су, ауа, құрлық және ағзаларда.

ТІРШІЛІКету ОРТАСЫ


Тіршілік орта
ретіндегі ағза
Сулы орта
Топырақта
Жер үсті -
ауалы орта

Экологиялық факторлар .
Ағзаға әсер ететін , тіршілік ортасын құрайтын элементтер экологиялық факторлар - деп аталады. Олар 3 - ке бөлінеді.

9-слайд.

Өлі табиғат факторларға - жарық,жылу,жел,жаңбыр,бұршақ,топырақ,судағы тұз, газ құрамы жатады.Өлі табиғат факторларының әсері тірі организмдердің біздің ғаламшарымызда таралуын анықтайды. Көптеген өсімдіктер мен жануарлар үшін осындай маңызды фактор ең алдымен
жарық болып табылады.Жарықтың әсерінен өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі тәуліктік және маусымдық өзгерістер басталады. Мысалы: жаздың ортасында қорек пен жауын - шашынның болуына қарамастан өсімдіктер өсуін бәсеңдетеді не тоқтатады.Бұларда тұқым мен жеміс пісе бастайды, қоректік заттар жиналады.
11-слайд.

Су- да өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігінде үлкен рөл атқарады.Оның жеткіліксіздігі тіршілік процестерінің тоқтауына,тіпті организмнің өліміне алып келеді.Жануарлар мен өсімдіктердің суды табу мен оны үнемді пайдалануға бейімделген алуан түрлі құрылымдары болады.Мысалы: жантақтың тамыры 16 метрге дейін жетеді,сексеуілдің қабыршақ тәрізді немесе кактустың ине тәрізді жапырақтары судың булануын күрт азайтуға мүмкінді береді.Ал, енді біреулері жазғы ұйқыға кетеді, бұларға ең алдымен әр түрлі кеміргіштер мен тасбақалар жатады.
12-слайд.

Температура - құрлық жануарлары мен өсімдіктерінің көпшілігі үшін маңызды фактор .Тірі организмдер төмен температураға шыдай алмай тіршілігін жояды, ал олардың шыдайтың ең жоғарғы температурасы көбіне + 400, +450 С-тан аспайды.Температураның өзгеруіне негізінен салқын қанды,яғни дене температурасы тұрақсыз жануарлардың тіршілігі көбірек тәуелді болады.Салқын түсісімен бауырымен жорғалалаушылар мен қосмекенділер аз қозғалады,ал қыста ұйқыға кетеді. Көктемде, күн жылына бастаған кезде кесіртке, жыландар күнге шығып, жылынғанды ұнатады.

15-слайд.

Құстар мен сүтқоректілер - жылы қанды жануарлар, олардың дене температурасы тұрақты, сондықтан да сыртқы орта температурасының өзгеруіне шыдамды келеді. Солтүстік ендіктерінде қыстауға қалатын құстарды аяздан дененің мамықты жабыны, сүтқоректілерді қалың жүн мен тері астындағы май қабаты қорғайды.Қыста қорегін тауып жей алмайтын аңдар, мысалы; аю, борша тышқандар қысқы ұйқыға кетеді, ал құстар жылы, қорек көп жаққа ұшып кетеді. Тірі организмдер бір - біріне де белсенді түрде әсер етеді. Барлық жануарлар, саңырауқұлақтар мен бактериялардың көпшілігі жасыл өсімдіктер түзетін органикалық заттармен қоректенетіндіктері белгілі.Алайда өсімдіктер де жануарсыз тіршілік ете алмайды.Мысала; тоңазытқыш бунақденелілер болмаса,көптеген гүлді өсімдіктерде тұқым түзілмеген болар еді. Құстар мен бунақденелілерсіз өсімдіктер тұқымдарының таралуы үлкен проблемаға айналар еді.Ал саңырауқұлақтарсыз ормандарымыздың үлкен ағаштары - қайың, емен, шырша, қарағай сондай ұзын әрі мықты болып өспейтін еді.Өйткені, саңырауқұлақтардың күшті жіпшесі арқылы ағаштар өздерін қосымша ылғал мен минералды заттармен қамтамасыз етіп отырады.
Жануарлар арасында да көп түрлі байланыстар орнауы мүмкін. Бұлар пайдалы болуы мүмкін, мысалы, құмырсқа мен біте; бітелердің тәтті шырынымен қоректеніп, құмырсқалар бұларды қорғайды және таратады, ағаштардың биіктегі жас өркендеріне апарады , көп құмырсқалар бітелерді өздерінің илеулеріне өсіреді.

18-слайд.

Егер жануарлардың бір түрі екіншілерін ұстап, жансыздандырып жейтін болса (түлкі - тышқанды, қасқыр - қоянды), онда мұндай қарым - қатынас
жыртқыштық деп аталады. Сонымен бірге жыртқыштар - << табиғат санитарлары>>, олар алдымен жануарлардың ауру, әлсіздерін жейді. Осылайша өз жемтіктерінің арасында аурудың таралуына жол бермей, тек дені сау әрі мықтыларының тіршілік етуіне мүмкіндік туғызады .
19- слайд.

Соңғы кезде адам қызметінің тірі организмдерге әсері күрт жоғарлап кетті. Бұған адамның әр түрлі жануарларды аулап тікелей әсер етуі жатады.Немесе жанама түрде,ағаштарды кесу,далалық жерлерді жырту, батпақты кептіру және тағы басқа шаралар сол жерде тіршілік еткен жануарлар жағдайының өзгеріп, жаңа жағдайға бейімделе алмай тіршілігін жоюы жатады. Қоршаған ортаның ағынды сулармен, улы химкаттармен, өндіріс қалдықтарымен ластануы тірі атаулының барлығына үлкен зиян келтіреді. Мұндай жағдайлар көбінесе өсімдіктермен мен жануарлардың өлуіне, ақырында бұлардың көп түрлілігінің азаюына алып келеді.

IV.Жаңа білімді бекіту
1) Топпен жұмыс .
1 - топ <<Тірі табиғат>> Қай тұжырым дұрыс?
2 - топ <<Өлі табиғат>> Жануарлар мен табиғат арасындағы байланысты
ашу. << Суреттер сөйлейді >>
3 - топ <<Экология>> тақырыбына суреттер салу.
2)Сәйкестендіру тест.
20- слайд.

V. Жаңа білімді қорыту.
<<Не түсіндім , не білдім?>> ойыны . ( сұрақ - жауап)
<<Сиқырлы таяқша>> ойыны.

VI. Үй тапсырмасын беру.
§ 24. <<Тіршілік ету ортасы>>. Тақырыбын оқу.
Экология тақырыбына хабарлама жазу.Экология тақырыбына тест құрастыру.

VII. Оқушылардың білімін бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың тіршілік ортасы және мекен ортасы
Қосмекенділердің көптүрлілігі
Күнтізбелік жоспар. 7 сынып
"жас эколог" үйірмесінің күнтізбелік жоспары
Жануарлар құрылысының күрделенуі
Біржасушалы жәндіктердің тіршілігі
Лейкоциттер.Тромбоциттер.Қанның ұюы
Пайдалы қазбалардың қасиеттерін анықтау
Бейімделушілік - эволюция факторларының өзара әрекетінің нәтижесі жайлы ақпарат
Қосмекенділердің көптүрлілігі. Құйрықты (тритон, саламандра) және құйрықсыз (құрбақа, көл бақасы, шұбар бақа, тоған бақасы) қосмекенділер
Пәндер