Сүйінші ата сүйінші

Қош келдің, Наурыз!

А. С. Садыкова № 52 негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,

Ақтөбе қаласы

Изображение 279

Мақсаты:

1) Оқушыларға халқымыздың салт-дәстүрін, тойларын, әдет-ғұрыптарын таныстыру;

2) Тәрбие сағаты арқылы балаларды ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрімізді біліп

үйренуге тәрбиелеу;

3) Сөздік қорын молайту.

Иршод:

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

Наурыз тойы басталды.

Көргендер де арманда,

Көрмеген де арманда

Қызықтан тыс қалмаңыздар!

Әмина:

Ұлыс күні кәрі-жас

Құшақтасып көріскен

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасын өріскен.

Ильяс:

Армысыңдар ағайын!

Бармысыңдар ағайын!

Ұлыс бақты болсын!

Әр күніміз жақсы болсын!

Көрініс

Ассалаумағалейкум.

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Иршод:

Уағалайкумассалам!

Ұлыс оң болсын!

Пәле-жала жерге енсін!

Асан:

Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарқанға елімнің

Береке, ырыс сыйлашы.

Рақымжан:

Ой, халайық, халайық,

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық.

Бөлекбай:

Түйе сеніп бойына,

Қалған ұмыт жылдардан.

Жатпа қарап, мойыма,

Талма, именіп ділмардан.
Қызғалдақ:

Жыл басы - Наурыз, мереке!

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды.

Чингиз:

Наурыз тойы - береке,

Наурыз тойы - мереке.

Наурыз тойы - жыр - аңыз,

Қызық думан құрамыз.

Мәдина:

«Шілдехана» Шілдехана өмірге адам келгенін, оған қуанудың бір белгісі.

Сен келді деп өмірге,

Шырақ жағып көңілге.

Қуануы қауымның,

Тегін емес тегінде.

Райхан:

«Сүйінші» Қазақ халқының жақсы дәстүрінің бірі «сүйінші». Жас нәресте дүниеге келгенде қуанышты хабар болғанда, туған-туыс, дос-жаран бір бірінен сүйінші тілеп, мәз-мейрам болып жатады.

Сүйінші әже сүйінші!

Бөпем келді дүниеге.

Сүйінші ата сүйінші!

Батыр келді өмірге.

Дильназ:

Жаса Наурыз, жаса көктем,

Жаса достық, күн, тіршілік.

Болсын ұмыт, мұңдар өткен

Мейірімділік күлсін шығып !

Меруерт:

Наурызда жаңа жыл басталады,

Естіледі көктемнің асқақ әні.

Ақ көңілмен, ақ сүтпен қарсы алайық,

Мына келген тәй-тәйлап жас баланы.

Ырыскүл :

Наурызда жаңа жыл басталады.

Жаңа жыл жақсылыққа бастар әні.

Жер ана да бусанып қозғалуда,

Ақ көрпесін сыпырып тастағалы.

Альберт :

Алқа қотан, той-думан,

Ортамызды ашайық.

Ән мен күйді шалқытып,

Інжу-маржан шашайық!

Жиналған халық таң қалсын,

Өнерден күмбез жасайық.

IMG_0578

Айшолпан :

Ұлыс күні қар еріп

Сай-салалар гүрілдер.

Көк шөбі шығып желкілдеп.

Дүние біткен күлімдер.

Ұлыс күні кәрі-жас

Құшақтасып көріскен.

Нұрсұлтан:

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсақ жол болсын!

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын!

Көйлектерің көк болсын!

Қайғы-уайым жоқ болсын!

Қуаныштарың көп болсын!

Әумин! (бетін сипап бата береді)

Сағыныш:

Наурыз көже

Ашық болсын қас-қабақ

Таспен атқанды аспен ат.

Бейтаныс та, таныс та

Бүгін төрде бас қонақ.

Арпа, бидай, тары бар

Қатық, малта, ағы бар.

Ішілетін, жейтінің

Бұл көжеде бәрі бар

Хор: Домбырасыз ән қайда?

Ән: Болайықшы осындай

Ән: Қазақы дастарханы

Ән:

Жанна: (әуен ойналады, Жанна тақпақ айтады содан соң би «Көбелектер биі» )

Жер бусанып,

Көк шығып,

Арықтардан су ақты.

Бүрлеп,

Өсіп көк шыбық,

Жұтып жатыр шуақты.

Көбелектер көлбеңдеп,

Ұшып-қонып жүреді.

Табысқандай Жер мен Көк,

Елжіреп тұр жүрегі.

Көктем гүлі - даланың

Десек сәні,

Ажары,

Бүлдіршіндер -

Ананың

Қуанышы - базары.

Айтыс

Бекарыс:

Меніменен айтысар

Қыз-құрбылар қайсың бар:

Қолдан келсе әзілдеп

Маған сынды айтыңдар.

Мөлдір:

Айтысуға өзіңмен

Шығып тұрмын алдыңа.

Күн аттарын білмеуші ең

Жаттап оны алдың ба?

Бекарыс:

Құрбым, кімге күлесің

Өзің нені білесің?

Онға дейін қиналып

Санай да алмай жүресің.

Мөлдір:

Бәтеңкеңнің бауын да

Байлай алмай жүруші ең

Үйрендің бе, жейдеңді

Теріс қарай киюші ең?

Бекарыс:

Олпы-солпы кигенің,

Ойыңда не түйгенің,

Намысыма құрбыжан,

Наурыз күні тимегің.

Екеуі:

Ұлы Наурыз бәріңді

Татулыққа шақырған,

Тоқтатпасақ айтысты

Сөз қалған ба ақыннан.


Ұқсас жұмыстар
Тойды бастаушы бала
Жеңіспен оралыңдар
Нағашы атасы
Алтын күз мерекесі (ертеңгілік)
Қазақтың салт-дәстүрлері-ай
Анама қандай сыйлық сыйлаймын? одағайды қайталау. 7-сынып
Халқын сүйген - салтын сүйер!
Қазақтың салт - дәстүрлері
Ұмытылмас ерлік
Жүзден жүйрік (спорттық интеллектуалды сайыс)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz