Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Пирамидалық сабақ

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Ашық сабақ
тақырыбы:

Өткізген: Рахимжанова Б.Қ.
4 Ғ сыныбы

Математика.
Тақырыбы: Кесінділерді нүкте арқылы бөліктерге бөлу.
Мақсаты: а) Оқушыларға кесінділерді нүкте арқылы бөліктерге бөлуді және пайда болған жаңа кесінділерді оқып, жазуды меңгерту.
ә) Оқушыларды адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
б) Оқушылардың ой-өрісін, танымын арттыру.
Сабақтың түрі: Пирамидалық сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, СТО стратегиялар.
I Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Қане, балалар, мына жұмбақты шешейікші.
Күндіз бар, түнде жоқ. Ол не?
Әрине, күн (интерактивті тақтадан күннің суреті шығады)
Психологиялық дайындық.
Сәлем, достар!
Көзімді таңмен ашамын!
Әлемге нұр шашамын.
Мен алтын күннің сәулесімін,
Сендер мені көргендеріңе қуаныштысыңдар ма?
Достар мені ұстап көріңдерші.
Көздеріңді жұмыңдар. Бастарыңды көтеріңдер. Мен сендердің беттеріңдемін, мені сипап көріңдер. Енді көздеріңе жеттім, бастарыңдамын.
Енді бір-бірімізге күлкі сыйлайық.(Балалар бір-біріне қарап жымияды)
II Үй тапсырмасын тексеру.
Ал енді осындай көңіл-күйімен сабағымызға назар аударайық.
Барлығымыз назарымызды үй тапсырмасына аударайық.
Үйге қандай тапсырма берілді? №5 53-бет.
а)
Қосылғыш
1254*31
12428:26
855:285
25899
30220
Қосылғыш
25250
25108
11*265
90052-680
300:20
Қосындының мәні

ә)
Азайғыш
273*158
452*42
12654+355
100000
Азайтқыш
9711:83
7705:67
2458:2
2306*3
Айырманың мәні

(Оқушылар мәнін жазады) (II слайд тақтаға шығады.)
III Жаңа сабаққа әзірлік. Миға шабуыл.
I топ II топ III топ
(III слайд. Кесінді, нүкте, бөлік сөздері шығады.)
Балалар, кесінді, нүкте, бөлік сөзі сендерге қандай ой туғызды? (Жауаптары әртүрлі)
Иә, балалар бұл сөздер.
Балалар, осы сабақта сендер не білгілерің келеді?(Оқушылар сұрағын таңдау)
Балалар, мен сендердің сұрақтарыңа жауап бермеймін, бірақ жауабын табуға көмектесемін. Ол үшін сендердің көмектерің қажет.(Пирамида жуйесимен танысу.) Сабақтың мақсатын, тақырыбын айту.
Кесінділерді нүкте арқылы бөліктерге бөлуді үйренеміз.
(Интерактивті тақтада IV слайд көрсетіледі.)
Қандай қорытынды жасауға болады?
Олай болса, пирамиданың бастапқы бөлігін құрайық.
Ал,енді пирамиданың <<терең таныстық>> бөлігін құрау үшін әр топқа жеке тапсырма. Оқулықтағы №2 тапсырма.
№3 а) I, II топ.
ә) III, IV топ.
<<Кубизм>> стратегиясы.
№4 I топ (а) III, IV топ (б)
II топ (ә)
№5 786*х=83201+22909 I топ
(3850+1892):х=638 II топ
5088:х=256626:807 III топ
(6000-1744):х=8 IV топ
<<Сиқырлы таяқша>>
Ойлау есептері. (Сиқырлы таяқша)
Әр топқа логикалық 3 сұрақтан қою.
IV Бекіту.
Балалар, бүгінгі сабағымызда нені оқып үйрендік?
Кесінді дегеніміз не? Тағы қандай геометриялық фигураларды білдіңдер?
<<Бес жолды өлең>> стратегиясы.
1. Кесінді(зат есім)
2. ___________(сын есім)
3. ___________(етістік)
4. ________ ________ ________ ________(сөйлем)
5. ___________(синоним)
Балалар, сабағымызды қорыта келе нәтижесінде, біз пирамида тұрғыздық. Яғни бүгінгі сабақта жүктелген міндеттерімізді орындай білдік.
Рефлексия.
Сабақта не ұнады?

Нені білдің?
Нені білгің келеді?

V Үйге тапсырма №6
VI Қорытынды. Сабақты аяқтау, бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Excel электрондық кестесінің графикалық мүмкіндіктері
Мишық қыртысының қабаттары
Мәтіннің жоспары 3- сынып
Ақмола тарихы
Диаграммалармен жұмыс істеу
Араб елдері, Египеттегі үстем тап өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты
Тың игерудің зардаптары
Шығармашылық тапсырма. Үйге тапсырма
Диаграммалардың типтері
Бастауыш
Пәндер