Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қаріп сұхбат терезесі

Сабақтың тақырыбы: Mәтіндік құжатты пішімдеу.
Наукебаева Сайлаугул Жубандыковна
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы
Абай атындағы орта мектебі

Сабақтың мақсаты:
Сабақтың білімділік мақсаты.
1.Оқушыларды мәтінді форматтаудың негізгі әдістерімен таныстыру.
2. WORD редакторында жұмыс істеуді үйрету.
3. Программаның негізгі мүмкіндіктері туралы айту және қосымша
ақпаратпен білімдерін толықтыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:
1. Компьютердің басқа программаларын меңгерте
отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
2. Өз ойын жүйелей жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру.
3. Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.
4.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
1. Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу.
2. Қауіпсіздік ережесіне байланысты балаларды сақтылыққа үйрету.
3. Информатика пәніне деген оң көзқарас пен қызығушылығын арттыру.

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, көрнекілік, сұрақ - жауап

Сабақ жабдығы: Слайдтар, ДК, деңгейлік тапсырмалар, оқу құралдары, проектор.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (<<Не білемін?>>)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру (<<Не білгім келеді?>>)
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту (<<Не білдім?>>)
Ү. Сабақты қорытындылау (<<Мәреге жет!>>)

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сынып оқушыларымен сәлемдесу, олардың сабаққа қатысу сапасын тексеру, сынып іші тазалығына, сабаққа даярлықтарына назар аудару .

Сабақ кезеңдері

Не білемін? Не білгім келеді? Не білдім? Мәреге жет!

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Не білемін?
1. WS Word қандай программа?
2. Word мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
3. Word мәтіндік терезе элементтерін ата?
4. Құжатты қалай сақтаймыз?
5. Редакциялау дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Не білгім келеді?

Мәтінді пішімдеу дегеніміз - мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою.

Форматтау деп әр түрлі амалдар бойынша мәтіндік құжаттың көркемделуін айтады. Құжатты пішімдеуді құжатты құрардың алдында, сол сияқты одан кейін де орындауға болады. Құжаттың сыртқы пішіні де көп нәрсені анықтайды. Сондықтан құжаттың мазмұнының тартымды болуымен қоса, оның сыртқы пішіні де көркем болуы керек.
Мәтін бөлігінің параметрлерін өзгертпес бұрын оны айқындап алу керек. Егер мәтін бөлігі айқындалмаса, онда тек келесі енгізілетін мәтінге ғана сол ағымдағы параметрелер қабылданады. Оның пішімдеу параметрін өзгертіп, қайтадан пішімдеуге болады.
Форматтау әрекеттерін орындай отырып:
oo әр түрлі қаріпті таңдауға;
oo жұмыс өрісінің шекараларын өзгертуге, сол, оң, жоғары, төмен өрістерін
анықтауға;
oo бетте мәтінді туралауға;
oo қатар арасындағы интервалды бекітуге және өзгертуге;
oo мәтінді бағандарға бөлуге;
oo мәтін жақтауларының әр түрлі типтерін қолдануға;
oo мәтіннің көркемделуімен (тізім, құю, және т.б.) байланысты барлық мүмкіндіктерді пайдалануға болады.

Қаріп параметрлерін өзгерту

Символдардың параметрлерін өзгерту үшін Қаріп (Шрифт) сұхбат терезесін ашатын Пішім мәзіріндегі Қаріп командасы қолданылады. Қаріп командасының сұхбат терезесі үш қосымшадан тұрады.
Қаріп қосымшасы қаріптердің параметрін енгізу үшін қолданылады.
Қаріп өрісінде қаріп типтері таңдалынады (әдетте , Times New Roman , Arial, Courier және т.б.).

Қаріп сұхбат терезесі.

Форматтау режімдерінің ең жылдам әдісіне форматтау панелінің төмендегі батырмалары жатады:

1. - қарайтылған (полужирный),

- курсив,

- асты сызылған (подчеркнутый)

2. Абзацты шегініс (оң және сол , теріс)
3. Мәтінді туралау (сол жақ шеті бойынша, оң жақ шеті бойынша, ортасына, екі
жақ шеті бойынша)
4. Қатар аралық интервал
5. Тасымалды қою

Форматтауға арналған пернелер комбинациялары

Пернелер
комбинациясы
Форматтау
кезіндегі әрекеттері
+
Курсив (К)
+
Асты сызылған (Ч)
+
Жартылай қарайтылған (Ж)
+
ортасына
+
Сол жақ шеті бойынша
+
Оң жақ шету бойынша
+
Ені бойынша (екі жақ шетінен)

Қаріп сұхбат терезесін мына әрекеттердің бірін орындап ашуға болады:
* Пішім мәзірінің Қаріп әмірін таңдау;
* пернелері тіркесімен басу;
* Мәтінмәндік мәзірдің Қаріп әмірі.
Бұл сұхбат терезесінде үш қосымша бар: Қаріп, Аралық , Пәрмендер.
Қаріп қосымша қаріп түрін, өлшемін, түсін және мәнерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Аралық қосымшасы қаріп таңбалары аралығын белгілейді.
Пішімдеу қосымшасы пәрменді эффектілерді жасауға мүмкіндік береді.
Пішімдеу құралдар тақтасының көмегімен де қаріптің параметрлерін қоюға болоды

Қаріп түрі Шегініс Қаріп түсі



Мәтін стилі Қаріп өлшемі Қаріп мәнері Туралау Тізім Бояу

Пішімдеу құралдар үстелі
V. Жаңа тақырыпты бекіту.

Не білдім?

Компьютермен жұмыс. Оқушыларға үлестірмелі карточкалар тарату.
МS Word мәтіндік редакторында жұмыс жасау.

Тест жұмысы

І-вариант

1. Microsoft Word- ты іске қосу.
А) Іске қосу-Жұмысты аяқтау
Б) Іске қосу-Программалар- Microsoft Word*
В) Іске қосу-Word Pad

2. Microsoft Word-ғы меню жолы - тізімі
А) Файл.Түр.Сервис
Б) Файл.Өңдеу.Терезе.Формат
В) Файл. Өңдеу. Түр. Қою.Формат. Сервис.Кесте. Терезе. *

3. Мәтінді сақтау операциялары
А) Файл... деп сақтау- Тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз*
Б) Сақтау- Файл - ОК
В) Файл- ... деп сақтау меңзердің оң жақ батырмасын шертеміз

4. Мәтінді форматтау
А) Формат - Қаріп - Анимация
Б) Формат - Қаріп - қаріп диалог терезесі арқылы*
В) Формат - интервал

5. Қатар аралық интервал
А) Формат - Абзац - Жоларалық тізімі және <<Біраралықты, Екіаралықты, * Біржарымаралықты, Минимум, Максисмум,Дәлме-дәл>> мәндерінің біреуін таңдаймыз
Б) Формат - Қаріп- Аралық (интервал)
В) Формат - Абзац-Бетке қою

ІІ-вариант

1. Тасымалды қою
А) Автоматты масымалды қою
Б) Язык - Сервис - Тасымалды қою
В) Сервис - Язык- Тасымалды қою - Автоматты тасымалдау опциясына жалауша орнатамыз*

2. Мәтінді жылжыту және көшіру
А)Ctrl батырмасын басу арқылы
Б) Мәтінді ерекшелеп. Өңдеу- Көшіру- курсорға апарамыз
В) Мәтінді ерекшелеп. Өңдеу - Көшіру, курсорды ақпарат көшетін жерге жылжытып Өңдеу- Қою командасын орындаймыз*

3. Бетті нөмірлеу
А) Курсорды беттің жоғары басына әкеліп нөмірлейміз
Б) Қою - Бет қою*
В) Бет қою - Қою

4. Мәтінге графикалық кескін енгізу
А) Іске қосу - Paint
Б) Қою - Сурет - Обьект Word Art
В) Қою - Сурет - Картиналар*

5. Құжаттарды басу
А) Файл - Алдын - ала қарап шығу
Б) Файл- Баспа*
В) Формат -Қаріп

Тест тапсырмасын тексерту: І-ІІ-ні, ІІ-І - ді тексереді, слайдта тестің жауаптары шығып тұрады.

Сергіту жаттығулары .(Жұмбақ шешу)

1-ші жұмбақ.

2-ші жұмбақ.

VІ.Сабақты қорытындылау .
Оқушыларды бағалау.
Мәреге жет!

VІІ. Үйге тапсырма § 20 Мәтіндік құжатты пішімдеу. Оқулықтан 74-77 беттері.

Ұқсас жұмыстар
Wordpad мәтіндік редакторының интерфейсі
Мәтінді форматтау
Microsoft word экранымен танысу, мәтіндерді форматтау, баспаға шығару
Мәтіндік редактордың графикалық мүмкіндіктері.8 сынып
Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. құжатты құру және сақтау. мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар
Құжат схемасы
Microsoft Word-та құжатты құру және форматтау
Ашық сабақ. Сабақтың типі
Құжаттың түрін баптау. құжатты қарау типтері
Абзац сұхбаттық терезесі
Пәндер
since 2008 © stud.kz Stud.kz | 0.006