Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Әжелер сайысы
Әжелер сайысы
Мақсаты: Оқушыларды әжесін сыйлауға, аналарды
құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқушылардың бойына адамгершілік, мейірімділік
қасиеттерін сіңіру.
Көрнекіліктері: Слайд, оқушылар
шығармашылығынан көрме.
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Құрметті әжелер, армысыздар,
Бәріңізде есен-саумысыздар.
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде.
Үлкен кіші, жасыңыз, кәрімізде.
Төрлетіңіз қадірменді әжелер
Гүл-гүл жайнап біздің мынау төрімізге.
Немере үшін ең мейірімді жан - әже. Ақ сүт берген аналардың анасы - әже. <<Жан жүрегім, жарығым>> деп немересін, шөбересін жүрегіне теңейтін де әже. Олай болса қадірменді қауым әжелердің ақ тілегі көпшілік үшін тәбәрік деп ойлаймын. Сол әжелердің жолын біздерге берсе екен деп тілек айтамын.
Әжемнің саясында ер жеттім мен
Аялы ақ бесікте тербетілген
әжемдей ақ ниетті абзал жанды
Таппаймын айналсам да жер бетінен.
2 - сыныптар арасында өткізілгелі отырған <<Әжелер сайысын>> бастауға рұқсат етіңіздер.
Енді сіздерді бүгінгі сайысымызға қатысқалы отырған әжелермен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1.Орынбасар әже немересі Әминамен
2. Зайра немересі Аділханмен
3.Назкен немересі Назеркемен
4.Бибіжамал әже немересімен
Сайыстың аты сайыс болғандықтан бүгінгі біздің ардақты әжелеріміздің әділ бағасаын беру үшін әділ қазылар алқасын сайлап алуымыз керек. Әділ қазылар алқасына директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сауле Зейноллақызы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Динара Қуандыққызы ұсынылып отыр.
Біздің сайысымыз V кезеңнен тұрады.
І кезең. <<Сәлем сөздің анасы>>.
(таныстыру).
ІІ кезең. <<Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын>>
(әжелер қағаздан ою-өрнек қияды, немересі дайын оюдан
өрнек құрастырады).
ІІІ кезең. <<Халық тәлімі - тәрбие бастауы>> деп аталады
( әжелер мақал- мәтелдер айтады, немересі тиым сөздер
айтады).
ІV кезең. <<Өнерлі өрге жүзеді>> Өз өнерлерін ортаға салады.
V кезең. <<Әжелердің таңсық тағамы-ай>> деп аталады (қазақтың
ұлттық тағамдарын жарнамалайды).
Ендеше І сайысымызды бастаймыз.
І кезең. <<Сәлем сөздің анасы>> дегендей сөз кезегі өздеріңізге
беріледі.
Әжелермен немересі өздерін таныстырады.
2. Аңыз болған жоғалмай сан ғасырға
Салт-дәстүрі халқымның жалғасуда
Қол өнер әдемі сәнділікпен
Көз тартып ұрпақтарға алмасуда дегендей біздің
ІІ кезеңіміз
<<Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын>> деп аталады.
Әжелер қағаздан ою-өрнек қияды, немересі дайын оюдан өрнек құрастырады.
2-сынып оқушыларының биін тамашалаңыздар
ІІІ кезең. Қазақ халқының үлгі, тәрбие құралдарының бірі - тиым сөздер, мақал - мәтелдер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдеттен, жат пиғылдан орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырады. Олай болса біздің келесі кезеңіміз.
<<Халық тәләм-тәрбие бастауы>> деп аталады әжелеріміз мақал-
мәтелдер айтады, немересі өздері білетін тиым сөздер айтады.
ІV кезең. <<Өнерлі өрге жүзеді>> Өз өнерлерін ортаға салады.
5.Тентек болсам,ашылып,
Жақсы іс қылсам,асырып,
Маған сақтап жүреді,
Тәттісінде жасырып.
ІV кезең. <<Әжелердің таңсық тағамы-ай>> деп аталады.
Мұнда әжелері мен немерелері өздері дайындап келген қазақтың ұлттық тағамын жарнамалап көрсетеді.
Ана жанын әже болсаң ұғарсың,
Алдыңдағы ол биік құзар шың.
Немере үшін кеуде керіп мақтанып,
Немере үшін биіктен де құларсың.
- дей отырып бүгінгі сайысымыз да мәреге жетті. Бүгінгі сайысқа қатысқан барша әжелеріміз өздерінің үлгі-өнегелерін мына отырған ұрпақтарға көрсетті деп есептеймін. Енді сайыс қорытындысы шыққанша <<Анашым>> әнін қабыл алыңыздар.
Көне көз әжелеріміздің бүлдіршіндерге арналған лебізін тыңдайық (1 әжеге тілек айтқызу).
Сайыс қортындысын тыңдау. Әжелерді құттықтау (сөз беру).
Әжелерді марапаттау.
Әже мерейі күн көзімен пара-пар,
Тұла бойға қуат беріп таралар.
Өмірімізге шуақ шашып әрқашан,
Көп жасаңыз,ақ ниетті апалар, - дей отырып бүгінгі сайысымызға қатысқан аяулы асыл әжелерімізге, апаларымызға көп рахмет айтамыз. Сіздердің үлгі-өнегелеріңізді өскелең ұрпақ жалғастырады деп айтуға болады.
Сіздерге көп-көп рахмет!
Қартаймай балаларыңыздың ортасында жүре беріңіздер!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz