6-сынып информатика пәні: MS Word бағдарламасында кесте құруға арналған сабақ жоспары

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

Пәні: информатика «»2014 жыл.

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: MS Word бағдарламасында кесте құру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Кесте құру жолдарын меңгеру, кестенің қолдануы, салу жолдарын өздері компьютерде орындап үйрену.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу;

Дамытушылығы: Оқушыларды компьютерде жұмыс істету арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, дербес компьютерлер, Activstudio бағдарламасы.

Сабақтың өту барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі.

2) Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3) Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4) Жаңа сабақты бекіту.

5) Сабақты қорытындылау.

6) Үйге тапсырма беру.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін сыныпта кім кезекші? Сабақта кім жоқ? Жоқ оқушыны журналға белгілеп алған соң сабағымызды үй тапсырмасын тексеруден бастаймыз.

Үй тапсырмасын сұрау: Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында интерактивті тақтада суреттерді таңдау арқылы оқушылар сұрақтарға жауап береді.

1. Word мәтіндік редакторында қандай жұмыс жасаймыз?

2. Word мәтіндік редакторын іске қосу үшін?

3. Word мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін қандай командалар орындаймыз?

4. Мәтін теру үшін қандай құрылғы пайдаланамыз?

5. Парақ параметрін қалай береміз?

6. Терезе элементтерін ата?

Жаңа тақырып:

Кесте дегеніміз - бағандар мен жолдарда реттелген ақпарат. Құжатқа кесте кірістіру үшін кесте қойлатын жерге тышқан нұсқағышын апарып меню жолындағы Вставка - Таблица . . . командасын орындау қажет. Шыққан терезешеден құрылатын кестенің баған мен жолдар санын беру керек. Құрылған дайын кестеге енгізілетін мәтінді енгізе беруге болады.

Кесте ішіндегі ақпаратты кез келген қалаған түске бояуға болады. Ол үшін боялатын мәтінді белгілеп алып, аспаптар панелінен бояу түсін таңдаймыз.

Тапсырмалар орындау.

Тапсырма №1. Кесте құр:

  1. баған саны- 3, жол саны -7.
  2. баған саны- 5, жол саны -2.

Тапсырма №2. Баған саны -4, жол саны-11 болатын кесте құр және толтыр.

1 баған-№

2 баған- Оқушының аты-жөні

3 баған- Сыныбы

4 баған- Мекен-жайы

Сергіту сәті. Интерактивті тақтада электронды көзге арналған жаттығулар беріледі.

Сабақты бекіту: Ол үшін интерактивті тақтада өтілген тақырыпқа байланысты тест сұрақтары беріледі. Тест шешу уақыты 5 минут. Уақыт өткен соң тест сұрақтары пердемен автоматты түрде жабылады.

Сабақты қорытындылау: Өтілген тақырыпты пысықтау, талдау. Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: 5 бағаннан тұратын кесте құру.

1 баған - реттік нөмірі

2 баған - сыныптастырыңның аты-жөні

3 баған - туылған күні, айы, жылы

4 баған - үй телефоны


Ұқсас жұмыстар
6-сынып информатика пәні: Microsoft Word бағдарламасында кестемен жұмыс - сабақ жоспары
6-сынып информатикасы: MS Word бағдарламасында кестелерді құру - ашық сабақ жоспары
MS Word бағдарламасында мәтінді форматтау: ашық сабақ (информатика)
7-сынып информатикасы: MS Word бағдарламасында кестемен жұмыс - сабақ жоспары
8-сынып информатика сабақ жоспары: MS Word бағдарламасында математикалық мәтін мен формулаларды енгізу
6-сынып үшін MS Word бағдарламасында кестелерді пішімдеу сабағының жоспары
MS Word бағдарламасында мәтін абзацтарын форматтауға арналған сабақ жоспары
8 А сыныпқа арналған информатика пәні бойынша MS Word-та кестемен жұмыс сабақ жоспары
8-сынып информатика пәні: MS Word мәтіндік редакторы бойынша технологиялық карта
6-сыныпта MS PowerPoint бағдарламасында мәтін құру және сурет, кесте, фильм мен дыбыстарды енгізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz