Ішекқуыстылар сұрақтары

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы
С. Кәттебеков атындағы жалпы орта мектебі
Биология пәнінің мұғалімі Лесова Сапаркул
Сабақтың тақырыбы: Қызықты биология
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сабақта алған білімдерін пысықтау.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты аялауға, қорғауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын, танымдық көзқарастарын дамыту.
Сабақтың типі: сабақтан тыс сайыс сабағы
Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.
Жаңа технологиясы: Климованың ақпараттық технологиясы
Сабаққа қажетті құрал-
жабдықтар: мультимедиялық жабдықтар, алдын ала дайындалған слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
2. Сыныпты 2 топқа бөліп топтың атын, мақсатын таныстыру.
ІІ. Сайыс барысы.
Сайыс барысы 3 кезеңнен тұрады.
І кезең. «Жұмбақтар» сайысы.
2 топ мүшелері берілген жұмбақтардың шешуін тауып, ұпай жинайды.
Әрбір жұмбақтың дұрыс жауабы 10 ұпайға тең келеді.
- «Қарапайымдылар» тақырыбына берілген жұмбақтар.
1. Тұщы су оның тұрағы,
Өзгеріп пішіні тұрады.
“Аяғының” саны көп,
Бірақ, жоқ оның құлағы .
(жауабы. . . )
2. Жасушаны тұщы судан алып қара,
Ерінбей ядросын дұрыс сана.
Пішіндері әртүрлі болғанымен,
Саны олардың көп емес, . . . ғана.
(жауабы. . . )
3. Левенгукке Алла сыйлап бір бақты,
Үлкейтетін құрал ойлап ол тапты.
Шынысы бар біреу ғана құрсаулы,
Бірнеше есе үлкейтеді ол затты.
(жауабы. . . )
4. Жасушаның кей түрінде болады,
Бірте-бірте іші суға толады.
Артық суын сыртқа төгіп
болған соң,
Қайтадан ол тұщы суды сорады.
(жауабы. . . )
5. Жасушаның кей түрінде болады,
Бірте-бірте іші суға толады.
Артық суын сыртқа төгіп
болған соң,
Қайтадан ол тұщы суды сорады.
(жауабы. . . )
6. Қалың қабық жасушаны қаптайды,
Сол арқылы тіршілігін сақтайды.
Желмен, сумен басқа жерге таралар,
Түпкілікті бір орнында жатпайды.
(жауабы. . . )
7. Көзшесімен жарықты ол сезеді,
Талшығымен судың ішін кезеді.
Ас қорыту вакуолі болмайды,
Тереңірек ойланып көр ол жайлы.
(жауабы. . . )
- «Ішекқуыстылар» тақырыбына берілген жұмбақтар.
- Бағана пішін, қалың табан - түр басқа,
Жылжымайды, бекінеді жартасқа.
Бір орнынан табылады керегі,
Өзі келіп ауызға түсер қорегі.
(жауабы. . . )
- Бұл жасуша қорек ұстар құралы,
Сыртқы қабат оның-дағы тұрағы.
Жауы келсе жақын тартып жанына,
Жіпшесімен дәлдеп тұрып “ұрады”.
(жауабы. . . )
- Тұщы суда мекен етіп тұрады,
Өзі жыртқыш, жемін аулар қырағы.
Табаны бар - бұл белгісі келесі,
Іші қуыс, қос қабатты денесі. (жауабы. . . )
- Жасушалар атпалы - өлтіреді өз жауын,
Бұдан басқа көп жасуша өз алдына бір қауым.
Неше түрлі жасушадан құралған,
Дәл тауып айт, сыртқы қабат атауын.
(жауабы. . . )
- Тітіркену - тіршіліктің өзегі,
Сол арқылы бәріне де төзеді.
Денесіне тиіп кетсе бір нәрсе,
Бұл жасуша оны бірден сезеді.
(жауабы. . . )
6. Пішіні оның қолшатырға ұқсаған,
Еркін жүзу тән қасиет дәл соған.
Жиегінде бар көптеген шашағы,
Қуыстағы суын артқа шашады.
(жауабы. . . )
- Ұқсайды ол бұтағы көп ағашқа,
Көрінеді көзге ерекше оғаш та.
Бірақ тағы ағаш емес жануар,
Ойлан-дағы шешуін сен тауып ал.
(жауабы. . . )
ІІ кезең: Сөзжұмбақтар сайысы
Барлығы 4 сөзжұмбақ беріледі. 2 топтың әрқайсысы 2 сөзжұмбақтан шешеді. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпайға тең.
1. “қарапайым біржасушалылар” сұрақтары:
- Кірпікшелі кебісшенің ядро саны (екеу) .
- Пішіні тұрақсыз біржасушалы қарапайым (амеба)
- Біржасушалылардың қолайсыз жағдай туғанда қорғану үшін түзетін заты (циста)
- Біржасушалылардың көбею жолы (бөліну)
- Бақа ішегінің артқы ұшында тіршілік ететін көп ядролы, біржасушалы қарапайым (опалина)
- Біржасушалы қарапайымдардың негізгі қорегі (бактерия)
- Амеба цитоплазмасының ішкі қабатының атауы (энтоплазма) .
- “Ішекқуыстылар” сұрақтары:
- Гидраның мекен ортасы (тұщы су)
- Гидраның сыртқы және ішкі қабаттарының арасындағы қуысты толтырып тұратын желім тәрізді іркілдек зат (мезоглея)
- Гидра денесіндегі жиырылу қызметін атқаратын жасушаларының аты (етталшықты)
- Гидраның асқорыту қуысын астарлап жатқан қабаты (энтодерма)
- Гидра денесінің сыртын қаптап жауып жататын қабат (эктодерма)
- Гидраның жыныссыз көбею жолы (бүршіктену)
- Гидраның ауыз тесігінің айналасында орналасқан қорегін ұстауға қатысатын өсінділердің аты (қармалауыш)
- Алғашқы көпжасушалы ағзалар типінің атауы (ішекқуыстылар)
- “Гидра” сұрақтары:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz