Желтоқсанның қайғысы

Қызылорда облысы
Шиелі ауданы
Қарғалы ауылы
№241 орта мектеп
Тарих пәнінің мұғалімі
Құдиярова Зада
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ө ткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюгежәне егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш - қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, буклеттер, нақыл сөздер, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым -Ата заңым қабылданып.
Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 25 жыл толып отыр.
«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын - сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні - қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.
Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар - намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан - жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?
Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық!
Бір минут үнсіздік.
1-жүргізуші:
1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Сол пленумда Д. Қонаев бірінші хатшы қызметінен босатылып, орнына бұрынғы Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г. В. Колбин сайланды. Бұл студент және жұмысшы жастардың бейбіт мақсаттағы шеруіне әкеп соқты. Алаңға шыққан жастарды қарулы күшпен басып - жаншыды. Демонстрация аяусыз басылды.
Күллі әлемді дүр сілкінткен 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын, намысын жетелеген жаңа әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі.
«Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Хор: Мемлекеттік Әнұран
2-жүргізуші:
Жағасына жауының жетіп қолы,
Тартып алған тәуелсіз күшпен өткен.
Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы,
Олжа емес салбырап түскен көктен.
Қуаныш аралас қасіретпен,
Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен.
Еркіндік, ерлігін сақтау үшін,
Талай ердің бұл жолда басы кеткен.
1-оқушы:
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
2- оқушы:
Жазалаушы қара құрттай қаптады,
Қазағымды қырып - жойып таптады.
Сонда елімнің ұл - қыздары ардақты,
Қарсы шығып ел сенімін ақтады.
3- оқушы:
Жалғыз Отан -адамның жүрегі ғой,
Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.
Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған,
Ербол, Қайрат - нағыз ердің бірі еді ғой.
4 - оқушы:
Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар,
Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.
Болашаққа даңғыл жол салып берген,
Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.
5- оқушы:
Желтоқсан - тарихымда әйгілі күн,
Ерттеп мініп ар - ождан сәйгүлігін
Ерлерім елдік үшін атой салып,
Еншілер қайтарған бәйгелі күн.
6 - оқушы:
Желтоқсан тағдырларға азалы күн,
Қайраған намыстарын мазалы мұң.
Қыршыннан қиылған боздақтары
Қалар мәңгі есінде Қазағымның.
7 - оқушы:
Желтоқсан - қайсар, ерлік, қуатты күн,
Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.
Тәуелсіздік билігі қолға қонған -
Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.
8 - оқушы:
Желтоқсан - жадымызда жаралы күн
Жастарым жапа шеккен жаралы мұң
Еркіндік, егемендік, елдігімді
Емірене аңсады саналы ұғым.
1-жүргізуші:
Ғасырлар бойы жүргізілген ұлт - азаттық көтерілісінің заңды жалғасындай болған ең шешуші әрі бүкіл орта Азия мен Еуропадағы демократиялық қозғалыстың қолбасшысы ретінде тарихта қалған 1986 жылғы Алматы оқиғасының бас қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке жапқан жала:
Бірінші - 1986 жылдың 18 желтоқсанында сағат 11 - 00 ден бастап Бейбітшілік - Сәтбаев көшелерінің қиылысында бейбастық жасады.
Екінші - Савицкийді өлтірді
Үшінші - Ведельді ұрып жаралады
Төртінші - «Қазақстан» қонақ үйі алаңында милиция қызметкері А. Алмабековке қол жұмсады.
2-жүргізуші:
Міне, осындай! Құдай - ау небәрі жиырма бір жастағы қаршадай жігіттің мойынына осынша қылмысты қалайша іліп қойған. Сот процесі 1987 жылдың 25 мамырынан 16 маусымына дейін өтті. Не керек сот Қайрат Рысқұлбековты Қазақ ССР-і қылмыстық істер кодексі 173 - бабының 1- тармағына сәйкес ату жазасына кесті. Ең ауыр жаза, кейін «ату жазасы» 20 жылға ауыстырылды. Солақай саясаттың құйтырқы әрекетімен жас ғұмыр 1988 жылы 21 мамырда белгісіз жағдайда дүниеден өтті.
Ән.
Көрініс.
- Жүргізуші:
Ұлт намысын жыртып алаңға шыққан жалын жүрек жастарымыздың арасында Чайковский атындағы Музыка училищесінің студенті Ләззат Асанова желтоқсан құрбанына айналарын білмеген болар. Ар ожданы озбырлықпен тапталып, жапа шеккен Ләззаттың қазасы әлі күнге жұмбақ.
9- оқушы: Ләззаттың анасының жоқтауы:
Оу, көздің жасын бұлайын,
Жүректі жеді - ау уайым.
Саған ғұмыр бермеді - ау
Жарылқағыш құдайым.
Мынау неткен зар заман,
Жүректіге тар заман.
Сені өлтірген дұшпанға
Зауал келсін Алладан.
Құлыным менің қор болды -ау?!
Заманың сенің зор болды -ау?!
Желтоқсанның қайғысы
Сан анаға сор болды - ау?!
Заманына қайқайып,
Қарсы тұрған боташым.
Алтын сақа асықтай
Алшы тұрған боташым.
Дәл өзіңдей қыз туған
Менде арман бар ма екен?!
2- Жүргізуші:
Сәбира Мұхамеджанова 1985 жылы 8 жылдық мектепті үздік бітірген. Ол Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының шындығын білуге барған. 26 желтоқсанда өткен жиналысқа анасымен барған Сәбираны айыптайды. Содан соң албырт жас жатаханасының өзі тұратын бөлмесінен секіреді.
10-оқушы:
Нашақор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн
Базары кетіп бір күнде
Қайғыға халық батқан күн.
Әділдік пен шындықты
Өтірік жала жапқан күн
Надан жасаған сұмдықтан
Адамдар азап шеккен күн,
Қасқалдақ ұшып көлінен
Шүрегей келіп қонған күн.
Қырандар қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн.
Ән.
1- жүргізуші:
Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы Панфилов ауданының Ленин атындағы совхоздың екінші бөлімшесінде туып өскен. Ол - Энергетика институтының ІІ курс студенті болатын. Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. 1986 жылдың 18-желтоқсанында кешкі сағат 20 00 - де ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Ерболды әкеледі. Ол есін жимастан қайтыс болды. Біздер Ербол ағамыздың жастық жігері мен ерлігін мәңгі есімізде сақтап, аруағына бас иеміз.
11 - оқушы «Түрме жыры»
Тор темір жамбасыма тақылдайсың,
Өзіммен бірге туған жақындайсың.
Телміріп темір торға қаматқанша
Сұм дүние, бұл жағынан неге алмайсың,
Ауылдағы жақсы екен ғой салған әнім
Қу тағдыр татырды ғой түрме дәмің,
Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,
Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім
Тас төбе, төрт қабырға, темір есік,
Ас берер ортасында жалғыз тесік,
Күніне ұстатады үш тілім нан
Өлмейтін саған ішер осы нәсіп.
2- жүргізуші:
1991 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-дегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» жарлығына байланысты Қазақ КСР-нің 65 бабымен Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Түгелбай Тәшенұлы, Қайыргелді Күзембайұлы, Жамбыл Тайжанұлы ақталды.
12 - оқушы:
Көзіңнен айналайын төңкерілген,
Көрікті қабағыңмен көмкерілген,
Жанарың алға ұмтылып атылып тұр
Сұмдардың өткеліндей өңменімен.
Бұл күнде осы бейнең қайда жатыр,
Үстінде топырақтан ба шатыр?
Жазықсыз, жас тәніңді қинағанда
Япырмау, қайда болдым мен бір пақыр?
Ақиық ақын болып кетер ме едің,
Туғаннан «Халқым» дедің «Ұлтым» дедің.
Ұшқанша көкірегіңнен ақтық демің,
Сол сәтте тірлігіңді көрсем егер
Жолыңа құрбан болып кетер едім.
13 - оқушы:
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын жас қайраты, жас өркені халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,
Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма,
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Би.
14- оқушы:
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекеттерінің арасынды бірінші болып бауырлас Түркия Республикасы таныды.
13- оқушы:
1992 жылдың соңы - тәуелсіз республиканы дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 елмен дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халықаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.
15 - оқушы:
Пай, пай!
Киелі неткен жер!
Тұлпарлар дүбірлеп төккен жер.
Ғашықтар бір - бірін өпкен жер,
Сарылып сал - сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
Үлкен жүректі, ұлы сезімді, шалқар шабытты ақын Мұқағали жырына арқау болған, біздің атамекеніміз, қазақ даласы - бабаларымыздың ұрпағына қалдырып кеткен асыл мұрасы.
16- оқушы:
Талай - талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай тіршілік иесі нәр алып жаралған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз Қазақстан!
Неткен байтақ, неткен ұлы сен елім,
Нендей күйге жүрегімді бөледім,
Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем,
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.
1-жүргізуші:
Ия, ежелден аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің биыл 20 жылдығы.
Тәуелсіздік! Қасиетті де, құдіретті осы бір ұғымның тереңіне зер салып, ой жіберейік. Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығында ата - бабамыздың ғасырлар бойғы талай - талай боздақтардың ұрпаққа қалдырған аманаты жатыр.
- Жүргізуші:
Иә, көк туымыз асқақ желбіреп, тәуелсіздігіміз салтанат құрғаныны 20 жыл. Тарих үшін қас - қағым сәт, азаттық аңсаған Алаш баласы үшін ғасырдан да қымбат мың жылға айырбастамас 20 жыл. Тәуелсіздік алып келген жетістік те оң өзгерістер де мол. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі - еркіндік! Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздік нәтижесі.
Ән.
1- Жүргізуші:
Өзіңдікі елің де,
Өзіңдікі жерің де.
Өзіңді өзің еткен бақ
Тәуелсіздік төрінде.
2- Жүргізуші:
Асқар тау да сенікі
Бақша - бауда сенікі
Қалтықсыз доспенен
Қатал жау да сенікі.
Хор:
Өзіңдікі туыңда
Отпен ауа, суыңда
Жаса, Қазақстаным
Белді бекем буында.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Қазақ халқының көкірегінде шер болып қатқан, туған жерінен, елінен, жұртынан айырылып, ен далада жосып «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңін басынан өткерген шақта бір қарт баласына:
Сен ғанасың, құлыным, сен ғанасың,
Мен де көпке бармаспын сен қаласың.
Ойран болған орданың орнына кеп,
Отау тігіп, оттарын сен жағарсың - деген екен. Бүгінгі таңда сол қарттың баласы болмасада ұрпағы егеменді ел болып, сол ойран болған орданың орнында отау тігіп, отын жағып, түтінін түтетіп отыр. Ендігі тілегіміз тәуелсіздігіміздің туын көкке көтерер, еліміздің көк байрағын желбіретер, ата - бабаларымыздың асыл мұраттарын асқақтатар бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі еліміздің тізгінін ұстар жастарымыз өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, сүюге тиіс екендігін естен шығармаса екен дейміз.
Елімізде тыныштық, әлемде бейбітшілік болып, егеменді елдігіміз ұзағынан болсын дей отырып бүгінгі «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы құтты болсын!
Cабақтың тақырыбы: Денсаулыққа қауіп - темекі, ішімдік, есірткі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бірінші байлық - денсаулық екенін ұғындыра отырып,
зиянды заттардан аулақ болуға, салауатты өмір салтын
ұстануға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер
Сабақтың түрі: Лекция
Сабақтың барысы:
Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы Елбасының жолдауын егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын сүрлеу десе де болады. Халықтың денсаулығы - ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. Жастар - болашағымыздың алтын тірегі. Бүкіл адамзаттық мәнге ие болған салауатты өмір салтына байланысты құндылықтар - адам баласы қанша өмір сүрсе де ешбір ескірмейтін, қадір - қасиетін, қажеттілігін жоғалтпайтын, тозбайтын байлық.
Қазіргі уақыттағы әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқына, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізіп отырғаны даусыз. Осыған байланысты егеменді еліміз жан - жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты мақсат етіп қойған.
«Дені сау - адам табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаған. Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім - жітім деңгейі арта түсті. Балалр мен жастардың денсаулығына қауіп тудырушы факторлар: темекі тарту, ішшімдік ішу, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез - құлық кеңінен етек алып келеді.
Темекі - әлемде кеңінен белгілі, халық арасына кең тараған зат. Темекі шегу, ішімдік сияқты адамға және адамзатқа тікелей қажет зат та емес, бірақ, жалпы алғанда, 7 жастан 80 жасқа дейінгі еркектердің 40-тан 80 пайызына дейін пайдаланаланады екен. Әйелдер арасында да денсаулығын күтпей, темекі шегетәіндер аз емес көрігнеді.
Зерттеулер көрсеткендей, темекі - жасұнық, көміртек, акалойд, эфир майынан және олардың арақатынасы өсіру технологиясына, климатқа, топырақтың құрамына байланысты басқа химиялық элементтерден тұратын өсімдік жапырағы. Темекіні құрайтын заттардың ішінде, олардың саны 70-тен 300-ге дейін жетеді, құрамында адамның денсаулығына кері әсер ететіндер: никотин, анабазин, оксид, мышьяк оксиді, синильді қышқыл, эфир майы. Сонымен қатар темекіге үйреніп қалу механизмі түтін бөліктерінің фармакологиялық және улағыш қасиеттеріне байланысты. Оны ішке жібергеннен кейін, 2-3 минуттан соң, никотин ми жасушаларына (клеткаларына) енеді де, олардың белсенділігін біраз арттырады, жүйке импульстерінің берілуін тездетеді және шығаруға септігін тигізеді және адам оған тез үйреніп қалады. Дегенмен, никотин мен көмірқышқыл газына жауап ретінде ағза адреналин мне ацетилхолин бөліп шығарады. Шын мәнінде, мұндай түсіндірулер шындыққа онша жанаспайды, қайта шатасулық пен темекі шегудің «есірткілік» төңірегінде басы артық пайымдаулар туғызады. Біріншісі де, екіншісі де күдік пен алдауға деген саңылаулар қалдырып, бұл зұлымдықпен күреске еш септігін тигізбейді. Қандай жағдай болсын, уландырушы заттарды шамадан тыс пайдалану өлімге әкеп соғатыны белгілі, темекі шегуді де токсикаманияның бір түрі деп қарауға болады. Темекі шегушілер кәріліктен өлмейді деп нық сеніммен айтуға болады, темекі адам өмірін абсолютті түрде сау адам болса да 10-20 жылға қысқартады.
Есірткі дегеніміз - сананы өзгертіп мастықты тудыра алатын зат (жақсы көңілкүй) және оны пайдалану кезінде абстинентті синдром тудыратын зат (сыну, дерттілік) .
Наркомания дегнімізі (грекше Narke - жансыздану, ұйып қалу + mania - естен айырылу, ақылсыздық) - кешенді - әлеуметтік - психолгиялық - рухани - физикалық бұзылуларға алып келетін аурулар.
Нашақорлық - қоғам дерті, ғаыс індеттерінің бірі. Адамзат тұрған жерде жойылмақ емес, өркениетпен бірге жүретін қарақұрт.
Н. Ә. Назарбаев дәрігерлер мен провизорлардың съезінде сөйлеген сөзінде: «Халықтың денсаулығы - ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп айрықша атап өтті. Сонымен қатар, келешекте атқарылатын істердің басты стратегиялық бағыттарын да атап көрсетті:
- балалр мен жасөспірімдердің денсаулығына айрықша көңіл бөлу;
- халықты қол жетерлік және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету;
- отандың медицина ғылымын дамыту.
Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамқатан соң таза ауада бір - екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың маңызы зор. Ұйқы 7 - 8 сағаттан кем болмауы тиіс. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігін, қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтін жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұққанымыз жөн.
Адам денсаулығына зиян тигізетін жат әдеттерден аулақ болғанымыз абзал. Арақтың орнына қымыз бен шұбат ішу, темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүру, имандылық жолына түсу, жылыгна бір келетін оразаны тұтып, оның тәртібін сақтаған дұрыс. Біздің пікірімізше, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салтын тұрақты қалыптастырсақ қана болашақтың жарқын болары шүбәсіз.
Сабақтың тақырыбы: СПИД - ғасыр індеті
Сабақтың мақсаты: СПИД - жұқпалы ауруы жайында оқушыларға мағлұмат беру. Спид -
тің адам баласына әкелетін зияндылығын түсіндіру. Оқушыларды
СПИД-ке қарсы күресуге шақыру.
Білімділік: Ғасыр індеті жайында жалпы сипатта беру. Оқушыларды теріс жолға
түспеуге, құмарлыққа, әуестілікке салынбауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой- өрісін дамыту. Ұлттық дүниетанымын кеңейту.
Оқушылардың сана - сезімін ояту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, мейірімділікке баулу. Өмірінде дұрыс жол таңдай
білуге үйрету.
Көрнекі құралдар: Қанатты сөздер, мақал - мәтелдер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Дүние жүзінде СПИД - ЖҚТБ (жұқпалы қорғаныш тапшылығы белгісі) барған сайын үдеп әрі өсу үстінде. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, осы аурумен ауыратын 65 млн адам тіркелген және 25 млн адам кейінгі жылдары осы дерттен қайтыс болған. СПИД - ағзаның жүйесінің жасушаларын (клеткаларын) бұзатын адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышынан туындайтын ауру. АҚШ ғалымдары СПИД туралы жүргізген ғылыми - зерттеу жұмыстарының нәтидесіне сүйене отырып «Бұл ауру - адам баласының белгілі бір бағытта жүргізген ісінің жемісі» деген тоқтамға келді. Ал Англияның вирусолог докторы Д. Стили: «СПИД вирусы бактериологиялық қарумен айналысып жатқан лабороториялардың бірінде жасалған. » деген батыл тұжырым айтқан. Бұл пікір СПИД вирусы «африкалықтардан» немес «маймылдан» шықты деген теорияларды жоққа шығарды. Қалай болғанда да, көпшілік бұл кеселден аулақ болудың амалын қарастырып және аурудың алдын алу және сақтану жолдарын біліп әрі оны мүлтіксіз, бұлжытпай орындауға тиіс. Сондықтан да, қоздырғыштың өзіне ғана тән кейбір қасиеттерін білген жөн. Әдетте, СПИД вирусы ол жануарлардың ағзасында өмір сүре алмайды. Ауруды тарататын тек адам ғана. Ол тек ауырған адамнан сау адамға жұғады.
Біріншіден, вирус ауырған адамнан сыртқа шығады. Екіншіден, сыртқа шыққан вирус сау адамның ағзасына түседі. Мұны медицинада «жұқпалы аурулардың таралу механизмі» деп атайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz