Балабақшаға арналған сабақ жоспары: Гүлдер біздің сәніміз (2 сәбилер тобы)

Қапшағай қаласы, Шеңгелді ауылы «Ақбота» балабақшасы

2 сәбилер «Қошақан» тобының тәрбиешісі

Қошақпаева Назыгуль Сундетханқызы

07. 01. 1977 ж Қапшағай қаласында туылған

Білімі: жоғары ЖМПУ 1999 ж.

Пед. өтілі: 18 жыл

Тақырыбы: «Гүлдер біздің сәніміз»

Мақсаты: Гүлдердің түрлерімен таныстыру Гүлдердің түр - түстерін ажырата білуге баулу. Өсімдіктерді күту ережелерімен таныстыру. Түстер туралы ұғымын бекіту, түстердің атын білуге машықтандыру. Сөздік қорын молайту, тілдік белсенділік қызметін арттыру. Гүлдердің түр - түстерін есте сақтау, қабылдау, ойлау сезімдерін дамыту. Түған еліннің табиғатына, гүлдер мен өсімдіктерге қамқорлық көрсетуге, күтуге, сүйіспеншілікке жастайыннан тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: қызғалдақ, күнбағыс, раушангүл, түймедақ, лалагүл, бәйшешек, бақытгүл, «жеті қазына».

Көрнекі құралдар: экран-проэкторға салыған гүлдердің суреттері, қойылған бөлме гүлдері, қиылған гүлдердің суреттері.

Әдіс- тәсіл: әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап.

Сабақ барысы: Балалар жарты шеңбер болып тұрып, бір- біріне күлімдеп, келген қонақтармен амандасады.

Балалар: Білер қазақ баласы

«Сәлем»- сөздің анасы

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз

Тәрбиеші: Балалар, келіңдер шеңбер болып отырайық, бәріміз көзімізді жұмып, әуенді тыңдайық. Осы кезде гүлдердің киімдерін киген қыздар келеді. Балалар орындарынан тұрып, орындыққа отырады. Олай болса мен сендерді гүлдермен таныстырайын.

C:\Documents and Settings\User\Мои документы\слайдшоу 27-02-2011\9 Ашық сабақтар-Қызықты есеп, Гүлдер әлемі\IMG_0275.JPG C:\Users\1\Desktop\мои документы\слайдшоу 27-02-2011\9 Ашық сабақтар-Қызықты есеп, Гүлдер әлемі\IMG_0287.JPG

Бәйшешек: Бес дегенім бәйшешек

( Меруерт) Бірінші гүлі көктемнің

Бәйшешекті оятар

Баяулап түртіп, көктен нұр.

Түймедақ: Түймедейін сары дақ ортасында,

( Анеля) Тарала өскен ақ гүлі бар қасында

«Түймедақ» деп аталып кеткен екен,

Түймеге ұқсас сол дақтың арқасында.

Қызғалдақ: Қырқалардың төрінен

( Айнамкөз) Лаулап көзге ұрады

Қызғалдақтар өңірді

Қып- қызыл ғып тұрады

Лалагүл: Лаулап оттай шілде айында лалагүл,

( Айғаным) Лала гүлмен құлпырады дала бір

Ләззат алмау мүмкін болмас көркінен

Лалагүл де өзгеше әсем, дара гүл

Күнбағыс: Көк төсінде алтын күн

( Нұрай) Көрінгенмен мұнша алыс

Келеді одан көз алмай

Кербез сұлу күнбағыс

Раушангүл: Әдемімін, менен қай гүл аса алған

( Жансая) Әуелден -ақ «Гүл патшасы» атанғам

Әсемдік пен хош иістен нәр алдым

Әлемнің көп жерлеріне таралғам

Бақытгүл: Бұл әсем гүл күзде, ұзақ гүлдейді

( Ақниет) Басқа гүлдей шілдеде өмір сүрмейді

Бір мереке бар жапондар елінде

Бақытгүлі тұрады оның төрінде

Сергіту сәті: Жайқалады ағаштар,

Бетімізге жел еседі,

Кіп- кішкентай балалар,

Үп- үлкен болып өседі.

Біз гүлдерше өсеміз

Жапырағы жайқалған

Сабақтары салалы,

Желмен бірге жайқалған

C:\Documents and Settings\User\Мои документы\слайдшоу 27-02-2011\9 Ашық сабақтар-Қызықты есеп, Гүлдер әлемі\IMG_0284.JPG C:\Users\1\Desktop\мои документы\слайдшоу 27-02-2011\9 Ашық сабақтар-Қызықты есеп, Гүлдер әлемі\IMG_0277.JPG

Жарайсыңдар балалар! Балалар орындыққа отырады.

Ойын: «Жеті қазына»

Шарты: Қоржыннан түрлі- түске боялған асықтарды, балалар бір- бірден шығып, алады. Қандай түсті алса тура сол түсті гүлдің шоғырын алып, оның ішіндегі суретін атап әңгімелейді.

Әңгімелеп болған соң, тақтаға іледі.

Тәрбиеші: Балалар бәріміз енді мына үлкен теледидарға қарайық. «Түстерді үйренеміз» атты слайдқа қарайық.

Қыздардың орындауында «Гүлдер» биі.

Балалардың шығармашылық жұмысы «Меруерт гүлін» жапсыру.


Ұқсас жұмыстар
Гүлдер біздің сәніміз: 8 Наурызға арналған аппликация сабақ жоспары
Біздің сүйікті ойыншықтарымыз: балабақшаға арналған қазақ тіліндегі сабақ жоспары
ІІ сәбилер (Балапан тобы) үшін тіл дамыту сабақ жоспары: Менің сүйікті ойыншығым
Тіл дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Үй жануарлары (Балапан тобы, ІІ сәбилер)
Павлодар облысы Ақсу қаласы №2 мектептің шағын орталығы Бақытты балалық шақ сәбилер тобы ертеңгілігінің сценарийі (2012-2013 оқу жылы)
2-сәбилер тобына арналған Құстарға қамқорлық: табиғаттағы еңбек пен тәрбие жоспары
Балабақшаға арналған үй жануарлары тақырыбындағы 2 сағаттық сабақ жоспары (30.09-07.10.2021)
Математика (Таным): 2-сәбилер тобына арналған Ұқсасын тап - пішіндер мен түстерді сәйкестендіру сабағы
Балабақшаға арналған Ұр тоқпақ ертегісінің сабақ жоспары
Шұбарқұдық №2 орта мектебінің мектеп алдындағы даярлық тобы: Құстар біздің досымыз - тәрбиелік-танымдық апталық (2012-2013 оқу жылы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz