Алтынсарин шығармаларындағы адамгершілік тағылымы

Алтынсарин шығармаларындағы

адамгершілік тағылымы

Измуханова М. М

№ 54 мектеп-лицей

Астана қаласы

Адамзат дамуының қай кезеңінде болсын тәрбие мәселесі адам баласының ғұмырындағы баға жетпес құндылық болғандығы даусыз. Ата- бабаларымыз өз халқының ұлы қасиеттерін, адамгершілікке бай кесек мінездерін айта отырып жас ұрпақтың ұлттық тәрбиемен сусындауына айрықша мән берген.

Ұлттық тәрбиенің өзегі- адамгершілік тәрбиесі. Адамгершілік тәрбиенің ең негізгі міндеті жас ұрпақтың бойына өзі өмір сүріп отырған қоғамның алдында тұрған мақсат-мүддеге сай адамдық қасиеттерді қалыптастырып, жетілдіре отырып тәрбиелеу болып табылады. Жас ұрпақтың бойына адамгершілікті сіңіретін, оны жүрек тазалығына, бауырмалдыққа, татулыққа, адалдыққа тәрбиелейтін құндылықтарымыздың бірі- Алтынсарин әңгімелері.

Әр халықтың болашаққа бет алған тарихи даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт - бағдар сілтеген, сөйтіп сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалары болатыны айқын. Есімдері мен еңбегі баршаға қымбатты, халқымыздың тұңғыш энциклопедист ғалымы Шоқан Уалиханов, ұлы данышпан ақын Абай Құнанбаев, тұңғыш ағартушы, педагог жазушы Ыбырай Алтынсарин сынды үш алып өз халқын мәдениетті халықтар қатарынан көргісі келді. Дегенмен Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы, еңбек еткен ортасы, әлеуметтік істері өзгешелеу. Біріншіден, Ыбырай Шоқан мен Абайдың туған халқын мәдениетті халықтар қатарынан көргісі келетін арманын өз қолымен іс жүзіне асырды. Ол бұратана халықтар үшін тың үлгімен мектеп ашып, оқу құралдарын жазып, жинақтаған жаңашыл - педагог. «Көзімнің үміт еткен нұры, балам» деп басталатын атасының өсиет сөзін жастарды оқуға шақырудың, өнерге тарту мен талпындырудың ұтымды құралы ретінде пайдалана отырып, Абай атамыз бен Шоқан Уалихановтай аяулы азаматтың халқым қатардан қалмай оқыса, өнер - білімді игерсе деген арманын іске асырды. «Надан жатқан, бірақ азғындық жолға түспеген, пайдалы нәрсенің бәріне жаны құмар» халқын шын сүйген, оның болашағына шексіз сенген жігерлі күрескер Ыбырай Алтынсариннің қажырлы еңбегі арқасында 1864 жылы қазақ сахарасының төрінде балаларды өнер-білімге шақырған қоңырау үні естілді.

Ұлы ағартушы төл шығармалары мен аудармаларында адамдық болмыс пен жүрек тазалығын, бауырмалдық пен адалдық сияқты құндылықтарды уағыздай отырып, «Таза бұлақ» әңгімесіндегі кейіпкердің «Бойыңды таза сақта, бұлаққа қарасаң күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын» деп, «жаңа өспірім достарын» таза мінез бен қайырлы істер істеуге шақырады.

Жастайынан жаман пиғылдан, жаман құлықтан өз - өзін тыймаған адам, қатайып кеткен ағаш сипатты. Түзетуге көнбейді, сынып кетеді. Ұлғайғанша жамандық қылған адамның өз қалпын өзгертуі қаншалықты қиын екендігін түсіндіреді. Жақсы, көркем мінезді жасыңнан әдет етсең, ол әдет тура жолдан қандай қиыншылық көрсең де жаздырмас дейді. Мысалы: Асыл шөп әңгімесіндегі сабырлық пен төзімділікке шақырған Бәтима, бай баласына «обал болады» деп, құспен ойнауға тыйым салған Үсен, әкесі үшін өз қолын кесуді өтінген мейірімді қыз, «Аурудан-аяған күштірек» әңгімесіндегі Сейіт. Өзі үшін қасірет тартқан анасын көрген Сейіт жарақат жанына қанша батса да, дыбыс шығармай жатады. Анасының қадірін білген бала - ұлы анасы Отаны үшін де барлық қиындыққа төзетініне сенесің.


Ұқсас жұмыстар
Абай мен шәкәрімнің діни мұралары. 9-сынып
Ыбырай шығармаларындағы адамгершілік мәселесі
Ана тілі туралы сөз өлеңі
Ыбырай Алтынсарин Қазақ хрестоматиясы
Оқушы бойына адамгершілік қасиеттерді дарыту жолдары
Өткен ғасырда Ыбырай мектептерінде оқып, өнеге алған Ахмет Байтұрсынов пен
Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру
Қазақ сахарасының жұлдыздары
Өнегелілік туралы , Ерте есейген бала әңгімелерін мазмұндау
Курсты оқытудың мақсаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz