Adobe PageMaker-пен жұмыс: ашу, сақтау және шығу - 11 «Б» сыныпқа арналған кіріспе сабақ жоспары

«Опорный орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
ADOBE PAGEMAKER - мен жұмыс: ашу, шығу, жабу
(панорамалық сабақ)
Дайындаған: Информатика пәні мұғалімі
Изимова Гүлсім
2012 /2013 о. ж.
Сабақтың тақырыбы: ADOBE PAGEMAKER БАСПА ЖҮЙЕСІ
ADOBE PAGEMAKER - мен жұмыс: ашу, шығу, жабу.
Сабақтың мақсаты:
Adobe фирмасының үстелүстілік баспа жүйесіне арналған PageMaker бағдараламасымен таныстыру.
PageMaker баспа жүйесі құралдарын әзірлеу мен дайындауда оқушының дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
- Мазмұнға байланысты міндет:
PageMaker бағдарламасы туралы бастапқы түсінітерін қалыптастырады. Экраннның негізгі элементтерін, құралдардың неге қолданылытындығын меңгереді.
- СТО - ны дамыту:
Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әр оқушының жауапкершілігі басым болады.
- Топпен жұмыс:
Зеректілік пен білімге деген сенім мен қызығушылығын арттыру, достыққа, еңбектенуге тәрбиеленеді.
Сыныбы: 11 «Б» Қоғамдық -гуманитарлық бағыт
Көрнекілігі: интер тақта, компьютер
Стратегия: «Эссе», «Автор орындығы», « INSERT» немесе түртіп алу, «Кубизм».
Сабақтың түрі: Кіріспе сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың жүру барысы
І. Ұйымдастыру
- Амандасу.
- Оқушыларды түгендеу (журнал толтыру)
- Оқушыларға компьютермен жұмыс журналын толтырғызу.
ІІ. Қызығушылықты ояту
Adobe фирмасының Photoshop, PageMaker, ® Illustrat т. с. с. баспа жүйесіне арналған әр алуан типографиялық өнімді макеттеуге арналған бағдарламалар.
ІІІ. Мағынанытану
Осы Adobe фирмасының бағдарламаларының ішінде біздің танысатынымыз Adobe PageMaker ол үстелдік баспа жүйесі - бұл әртүрлі типографиялық өнімдерді: кітаптарды, журналдарды, газеттерді, буклеттерді, және т. б. дайындауға арналған бағдарлама. Оның қазіргі мәтіндік редакторлардан айырмашылығы - олардың типографиялық баспа таңба жасауға қажет көптеген мүмкіндіктерінің болуы:
- Беттегі объектілерді (мәтінді, графиканы) дәл позициялау;
- Сөзаралық және әріпаралық интервалдарды қою;
- Мәтіннің жеке бөліктерін (мәтін блоктарын) еркін орналастыру, бұру және кескіндеу;
- Графика объектілерін бұру, кескіндеу нақты бейнесін түсіну, масштабтау, еңкейту;
- Графиканы мәтінмен ерікті қоршау;
- Мәтін мен графиканы үйлестіру.
Adobe PageMaker бағдарламасын іске қосу
Иконкасын 2 рет шерту
Немесе Пуск программы Adobe PageMaker жиынтығын орындаймыз.
Adobe PageMaker бағдараламасының терезесі
Пішімдеу панелі
Тақырып жолы
Меню жолы
Құрал - саймандар
Басқарушы палитрасы
Құрастыру үстелі
Жарияланым
2. Жарияланымды сақтау
Файл - Сохранить как н/е файл - сохранить к/о
Диалогтық терезеге
Имя өрісіне құжатқа ат беру
Тип файла өрісіне публикация түрінде сақтау
- Бұрын сақталған жарияланымды ашу үшін
Файл - Отрыть немесе CTRL+O пернесін басу арқылы ашуға б/ды.
- Жарияланымнан шығу
Файл- выход н/е Ctrl+Q
Компьютерлік машықтандыру:
- PageMaker бағдарламасын іске қос
- Жаңа жарияланым бетін көлденең А4 форматта аш
- Жарияланымды сақта
- PageMaker жүйесінен шығу.
Техникалық диктант:
PageMaker . . . бағдарлама
Қағаз беті мен оның айналасындағы кеңістік . . . деп аталады
PageMaker жүйесінен шығу . . . әдістерімен іске асырылады
Жарияланымды сақтау үшін . . . операция орындалады.
Adobe фирмасының . . . үстел үстілік баспа жүйесіне жатады.
PageMaker бағдарламасы . . . терезе элементтерінен тұрады.
IV. Ой толғау.
«Эссе» жазу.
«Автор орындығы» стратегиясы
«Кубизм»
- Суретте
- Қолдан
- Зертте
- Салыстыр
- Жақта
- Қарсылас
«INSERT» немесе түртіп алу стратегиясы
V. Үйге тапсырма
2 тарау 2. 1 тақырып
28-33 бет
VI. Бағалау