Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жаңа заманға сай сапалы білім


«№13 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Авторы: Мақсұтқанова Әсел Мақсұтқанқызы

Семей қаласы
2012- 2013 оқу жылы
«Еліміздің ертеңгі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
Ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н.Ә.Назарбаев

Алғы сөз
Қазіргі заман - ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Уақыт
өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Кейінгі кезде ақпараттар
көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына
байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып
келеді.
Оқу-білім ордаларында заманның ағымына байланысты білім беру әдісі де
өзгеріске ұшырап отыр. Қазіргі кезде оқу жүйесін басқаруды
автоматтандырудың әдістерін көлемді және қарқынды қолдану, жан-жақты оқу,
тәжірибелік және теориялық мәселелерін зерттеуді, комплекстік ізденістерді
жүргізуді талап етеді. Ақпараттық-комуникациялық технологияның келешек
ұрпақты жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол,
еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де
тигізер пайдасы аса мол. Осыған орай оқып үйрену құралдарына жататын
электронды оқулықтар қазіргі таңда жиі қолданыста.
Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында:
«Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім
беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың ІІІ
тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында:«Ақпараттық
технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған
мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр»
делінген.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі,
айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне  
мұқият қарайтын дәуір.

Электрондық оқулық – деп білім берудің компьютерлік технологиясын
кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады.

Ағылшын тілі пәнінен «Елтану» тарауы бойынша электронды оқулықты
жасауымның басты мақсаты.
Әлемдегі ақпараттық технология қалай дамыса, онымен қоса дамитын,
қалыспайтын дүние бар. Яғни, ол халықаралық қарым-қатынас тілі. Қазіргі
кездегі кең етек жайып жатқан қарым – қатынас тілі – ағылшын тілі болып
табылады. 50 бәсекелестікке қабілетті елдің қатарына қосылу үшін біздің
жастар жан жақты болу керек. Сондықтан оқулықты жасауымның басты мақсаты -
ағылшын тілінің маңыздылығын ескере отырып, қолданушыларды әлемдегі осы
тілді меңгеретін елдермен таныстыру болып табылады.
Электронды оқулық – комплексті емес біртұтас, әдістемелік,
интерактивті программалық жүйе, ақпараттың әр түрлі формаларын қолданып
оқу материалынан кездесетін қиындықтарды артта қалдырады және
мультимедияның соңғы мүмкіндіктерін қолданып, ғылыми зерттеу әдістерін
толықтырады.

Электронды оқулықтың құрылымдық элементтері:

Сыртқы беті;
Титулдық экран;
Мазмұны;
Аннотация;
Оқу материалының толық баяндалуы;
Оқу материалының қысқаша мазмұны;
Қосымша әдебиеттер;
Өзіндік білімді тексеру жүйесі;
Терминдік сөздер;
Оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе;
Оқулықпен жұмысты басқару жүйесі.
Ағылшын тілі пәнінен «Елтану» тарауы бойынша құрылған электронды оқулықтың
маңыздылығы
Ағылшын тілі қазіргі таңда әлемде халықтар арасындағы қарым-қатынас
тілі болып табылады. Ағылшын тілінің деңгейі өсуде. Кез келген дамыған және
даму жолындағы мемлекеттер осы тілді игереді. Сондықтан біздің елімзде де
бірнеше жылдар бойы оқу ордаларына ағылшын тілі пән болып енгізілді.

Бұл электронды оқулық тапсырмалармен, тестілермен, жаңа терминдермен,
видое-клиптермен, жаңа ақпаратпен қамтылған. Бір екі жыл бұрын шығарылған
электронды оқулықтарға қарағанда бұл оқулықты жасау барысында
тапсырмалармен қамтуға тырыстық. Себебі адам жаңа ақпаратты есте сақтау
үшін оны тек оқымай, практика жүзінде қолданса, материал жақсы ойда
сақталады. Және жалықпау үшін ол тапсырмаларды барынша қызықты қылуға
ұмтылдық. Тапсырмаларды жасау барысында суреттер, дыбыстар қолданылды.

Тестер жалпы адамның оқу барысында меңгерген жаңа материалын қаншалықты
білетінін, есте сақтау қабілетін көрсетеді. Бұл электронды оқулықтағы
тестілер әр тарауға жеке жасалған. Яғни әр мемлекетке бір тестен болады.
Оқушы тестен өту кезінде аты-жөнін енгізеді. Нәтижесінде бағасы, қанша
жауабы дұрыс екені көрсетіледі. Бұл тестілердегі сұрақтар дәл осы жаңа
материалдардан алынған. Сондықтан оқушы сабақты дұрыс меңгерсе, тестілерден
де қиналмас. Әр тарауда оқушы жаңа естімеген сөздерге немесе ұмытып қалған
сөздерге кездесуі мүмкін. Осы кезде қиналмас үшін, арнайы жаңа сөздер атты
бөлім бар.

Қолданушы инструкциясы

Ағылшын тілі пәнінен «Елтану» тарауы бойынша электронды оқулық.
Есептің аты – Электронды оқулық
Программа аты –Project1.
Программалау жүйесі – Borland Delphi 6.0.
Компьютер – ІВМ РС АТ/286 және жоғары.
Жазылу бейнесі: Ағылшын тілі пәнінен «Елтану» тарауы бойынша жасалған
электронды оқулықта ағылшын тілін меңгеретін елдер жайлы мәлімет ала
аласыз.
Бағдарламаны жасау барысында Intel фирмасының Pentium R процессорлы
компьютері қолданылады. Бағдарламаның және құрылғылардың мінездемелері:
Intel PC Компьютері
Процессордың тактілік тазалығы 400 МГц және одан да жоғары
Оперативтік жады 64 МБ-тан жоғары
Бейне карта жадысы 32 МБ-тан жоғары
Монитор LG Flatron L1732S
Тышқан манипуляторы PS/2
Пернетақта 101/102 немесе Genius
Белгішені шерту арқылы бағдарламаны жүктеңіз. Сонда келесідей бет
шығады:
Мұндағы тексттің үстінен
шертсеңіз негізгі мәзір ашылады:

Мұнда оң жағыңызда 6 тарау тұр. Яғни 6 мемлекет. Біріншісіне шертсеңіз
келесі әрекет орындалады:
Ұлы Британия және Солтүстік
Ирландия жайлы мәліметтер бар. Parts парағын таңдасаңыз Ұлы Британияның
төрт елдері: Англия, Уэльс,Шотландия және Солтүстік Ирландия жайлы мәлімет
ала аласыз.
«Task 1» , «Task 2 » деген жерде тапсырмалар орналасқан.
Екіншісі: Жаңа Зеландия тарауы.

Мұнда да ақпарат, тапсырма және видео бейне бар. Әр параққа шерту арқылы
өзіңізге қажетті нәрсені таба аласыз.
Видео бейнені таңдасаңыз келесі парақ ашылады:
Бұл парақтан сіз әр мемлекет туралы видео-бейнені көре аласыз.

Үшіншісі: Канада мемлекеті. Мұнда да әр параққа шерту арқылы қажетті
ақпартты ала аласыз.

Төртіншісі: Америка Құрама Штаттары.
Бұл тараудан да мемлекет жайлы ақпарат ала аласыз. Тапсырмалар орындай
аласыз.

Бесіншісі: Австралия мемлекеті. Бұл жерде сіз осы мемлекет туралы сәйкес
материалдар ала аласыз.
Негізгі мәзірдің Тестілер бөлімінде тестілер жинағы орналасқан.

Мысалы, сіз аты-жөніңізді енгізесіз.
Содан соң тестілеу басталады.
Нәтижесінде, бағаңыз , дұрыс жауап саны
шығады.
Жаңа сөздер бөліміне оны екі рет шерту арқылы кіре аласыз:

Мұнда қажетті бөлімді шертіп, ондағы жаңа сөздермен таныса аласыз.
Төмендегі «Үй» суретіне шерту арқылы артқа қайтасыз.

Қосымша деген бөлімде бағдарлама туралы, қолданылған әдебиет туралы
материал ала аласыз:

«Х» арқылы бағдарламадан шығасыз.

Қорытынды

Бұл ғылыми – зерттеу жұмысын жазу барысында электронды ақпараттық
мәселесін көбірек қарастырдым. Сонымен бірге информатика пәніне деген өз
қызығушылықтарымызды арттыра отырып, оны мектеп қабырғасында оқытудың қыр-
сырын біршама білдім. Заманауи ақпараттық құралдармен жұмыс істеудің ең
маңызды жағы - мәтінмен толықтырып, дыбыстық түсініктемелер қосып
презентациялар түрінде қолдануға, ғылымның басқа салаларымен байланыстыра
отырып пайдалануға болады. Солардың бірі электрондық оқулық –
таныстыратын теориялық материал, білімнің көрсеткішіне қарай біліммен
жаттықтыруды қамтамасыз ететін, оқу процесін үзіліссіз электронды
ақпараттық материалдармен, сонымен қатар ақпараттық іздеу, математикалық
және компьютерлік визуалдаумен шарт бойынша функцияларды үйренуге арналған
программалық комплекстік жүйе.

Информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра оқыту туралы өз
пікірімді білдіру мақсатында ағылшын тілінен электрондық оқулық жасауға бел
байладым. Қазіргі таңда әлемдегі халықаралық қатынастар тілі – ағылшын тілі
болып табылады. Соған байланысты елімізде де ағылшын тілін оқытуға басты
назар аударғанына бірнеше жыл болып қалды. 50 дамыған елдің қатарына қосылу
үшін біздің жастарымыз әр жақты білімді болуы керек. Сондықтан мектеп
табылдырығынан бастап оқушылар ағылшын тілін меңгеруде. Қазіргі кезде
ақпараттық, ғылыми технологиялардың даму кезеңі. Ал компьютердің маңызы
осыған байланысты артуда. Білім ордалары да компьютермен қамтылғандықтан,
электронды оқулықтар жиі қолданылып жатыр. Электронды оқулық адамға
тартымды әрі қызығушылығын оятарлықтай болуы керек.

Бұл электронды оқулықты жасау барысында мен үлкен ізденісте болдым.
Тек оқулықты жасай ғана қоймай, өзімде жаңа ақпараттарды игердім.
Оқулықты жасау мен үшін өте қызықты болды. Себебі бұл оқулыққа бар күшімді,
идеямды салдым. Осы электронды оқулықты жасаумен шектелмей, әлі де бұдан
қызықты, күрделі оқулықтарды жасаймын деген ойдамын. Бұл оқулықты оқушылар,
ағылшын тілін игерушілер өздеріне қажетті нәрселерді алады деген ойдамын.


Ұқсас жұмыстар
КӘСІПТІК ЛИЦЕЙДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ МЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сабақты қазіргі заман талабына сай өткізу
Жаңашыл мұғалім болу заман талабы
Өзіндік білім көтеру - мұғалімінің және педагогикалық ұжымның кәсіби дамуының негізгі құралы
Мен және менің ұжымым жаңалыққа құштар
Инновациялық технологиялар жағдайында маманның құзыреттілігін қалыптастыру жолдары
Тіл - атадан балаға жеткен қатынас құралы
Жаңа форматты мұғалім
Мектепке дейінгі білім беру бойынша әдіскер жұмысының ерекшеліктері
Кәсіптік лицей оқушыларының рухын көтеру
Пәндер