Бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары: Кітап ескірмейді мәтіні арқылы жуан-жіңішке айтылатын сөздерді меңгерту

Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық селосы

Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектебі

Габдешова Жазира Набиқызы - бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Кітап ескірмейді. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер.

Сабақтың мақсаты:

1. Мәтін мазмұнын ашу, жуан және жіңішке айтылатын сөздерді

меңгерту.

2. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту.

3. Оқушыларды білімді сүюге, кітапты құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру.

Көрнекілігі: «Әріп терейік» ойыны, суреттер.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, сұрақ-жауап

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Тиін мәтінінің мазмұнын сұрау

Тиін туралы қосымша материалдарын оқыту.

ІІІ. Жаңа сабақ

І. Қызығушылықты ояту

Жұмбақ

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.

(кітап)

-Кітап сөзі қалай айтылып тұр?

-Бірінші буыны жіңішке, екінші буыны жуан айтылып тұр.

Бүгінгі сабағымызда «Кітап ескірмейді» мәтінімен және жуан және жіңішке айтылатын сөздермен танысамыз.

«Әріп терейік» ойыны

о ү і ұ

а ө ә ы

е

- Жуан және жіңішке дауысты дыбыс әріптерін ата.

-Осы дауысты дыбыстарды қолданып сөз ойлап айтайық.

-Осы сөздер қалай айтылып тұр?

ІІ Мағынаны тану

1. Мәтінді мәнерлеп оқи отырып мазмұнын ашу. Кейіпкеріне тоқталу:

Қожанасыр - түркі халықтары арасына Орта ғасырда кең тараған күлдіргі әңгімелердің кейіпкері.

Әңгімелерде Қожанасыр бірде қу, бірде аңқау, бірде өткір тілді қалжыңбас бейнесінде сипатталады. Қожанасыр туралы әңгімелер бүкіл Орта, Кіші және Алдыңғы Азия, Арабия, Грекия, Румыния, Сербия, Еділ бойы, Кавказ халықтары фольклорында Молла Насреддин, Қожа Насреддин, Насреддин әпенді деген аттармен кең тараған.

2. Оқулықпен жұмыс

1. Мәтінді мәнерлеп оқу

2. Рөлге бөліп оқу

3. Мәтінді талдау

-Кітап неліктен ескірмейді? Оны қалай түсінесің?

«Екі түрлі күнделік» стратегиясы

Мәтінді оқып, мәтін туралы ойларын жазады

Мәтіннен үзінді
Үзінді туралы сіздің ойыңыз
Мәтіннен үзінді:
Үзінді туралы сіздің ойыңыз:

3. Шығармашылық тапсырма

Әңгімеден жуан және жіңішке дыбыстар араласып келіп тұрған сөздерді

табу.

4. «Ішіне және сыртына» стратегиясы

49-жаттығу

Құрамында жуан және жіңішке дыбыстар араласып келіп тұрған сөздерді ішіне, басқа сөздерді сыртына жазу.

Ішіне
Сыртына
Ішіне:
Сыртына:

5. Топтық тапсырма

Екі топқа сөздер таратылады, Жуан және жіңішке айтылуына қарай талдайды. Мағынасына қарай сөздерден сөйлем құрастырады.

Білім, бұлағы, кітап

Кітап-білім бұлағы.

Құдық, оқу, қазғандай, инемен.

Оқу инемен құдық қазғандай.

ІІІ. Ой толғаныс

«Дөңгелек үстел» стратегиясы

Оқушылар сағат тілімен бағыттас айналдырып кітап туралы сөздер айтып соңғы оқушы сөйлем айтады.

РАФТ стратегиясы

Роль-кітап

Аудитория-оқушылар

Форма- өсиет

Тақырып- білім

ІҮ. Қорытынды.

Ү. Бағалау


Ұқсас жұмыстар
1-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Малдың төлін сүю және жуан айтылатын сөздер
Көрші атам өлеңі арқылы жуан және жіңішке жұп дауыстыларды оқыту
1-сынып ана тілі: жуан және жіңішке жұп дауыстыларды меңгерту арқылы Құмырсқа мен көгершін мәтінімен оқу дағдыларын дамыту
Бастауыш сынып сабағы: Құмырсқа мен көгершін әңгімесі және жуан-жіңішке жұп дауыстылар
Малдың төлін сүюі: жуан және жіңішке дауысты дыбыстар арқылы сөздік қор мен адамгершілік тәрбиесін дамыту
Құмырсқа мен көгершін әңгімесі арқылы жуан және жіңішке жұп дауыстылардың ерекшеліктерін қалыптастыру
Е дыбысы мен әрпін меңгерту: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
5-сынып қазақ тілі сабағы: дауысты дыбыстар - жуан және жіңішке
Жуан дауысты дыбыстарды меңгерту: Ақ бұзау өлеңі негізінде өткізілген аралас сабақ
1-сынып ана тілі сабағы: Ақсақалдың ақ батасы және жуан мен жіңішке жұп дауыстылар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz