Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бағасы қанша
ДҮКЕНДЕ МОДУЛЬІНЕ АРНАЛҒАН ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
Дүкенде
1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.
Біздің қаламызда дүкендер, әмбебап дүкендері, сауда үйлері өте көп. Үйіміздің қасында үлкен сауда орталығы бар. Сіздің өзіңізге бір зат алғыңыз келсе, сауда орталығына барасыз, өйткені мұнда балалардың ойыншықтарынан бастап, ине-жіпке дейін сатады. Бұл өте қолайлы, өйткені үйге қажетті заттарды бір-ақ жерден алуға болады.
Сауда орталығымыз үлкен, үш қабатты, іші кең, тамаша. Бірінші қабаттан жоғары қабаттарға экскалатормен көтерілуге болады.
Сөздік
сауда орталығы - торговый центр
әмбебап дүкені - универмаг
ине-жіп - иголка с ниткой
ойыншық - игрушка
сату - продавать
қолайлы - удобно
қажетті - необходимый
үй ішіне қажетті бұйымдар- товары повседневного спроса
баға - цена
2-тапсырма.Сұхбаттарды оқыңдар. Сұхбат құрастырыңдар.
oo Сізге мына туфли ұнай ма?
oo Ұнайды.
oo Бағасы қанша?
oo Он бес мың теңге.
Кешіріңіз сіз не іздеп жүрсіз?
Мен күйеуіме сырт киім іздеп жүрмін.
Куртка ма, пальто ма?
Пальто.
Мына пальтоны көріңіз.
БАЗАРДА
Бүгін жексенбі еді. Әлішер үйге көкөніс, жеміс-жидектер алу үшін базарды аралап жүр. Базардың іші ығы-жығы халық. Сөрелерде жемістерден алқызыл алма, сап-сары алмұрт, шабдалы, өрік, қара өрік, жидектерден құлпынай, таңқурай, шие, қызыл шие, қарақат үйіліп жатыр. Енді сөрелерде көкөністен картоп, көк бұршақ, бұрыш, сәбіз, пияз, сарымсақ жатыр. Базардың іші мен сыртында қауын, қарбыз асқабақтан аяқ алып жүре алмайсың.
Алишер: Сәлеметсіз бе! Көкөніс, жеміс-жидек сатасыз ба?
1-сатушы: Сатамын. Келіңіз, алыңыз.
Алишер: Картоптың, пияздың, сәбіздің бағасы қанша?
1-сатушы: Картоп - 80 теңге, сәбіз - 70 теңге, пияз - 80 теңге.
Алишер: Қымбат екен. Арзандау бермейсіз бе?
1-сатушы: Көбірек алсаңыз, бағасын түсіремін.
2-сатушы: Азамат, менікін алыңыз. Мен арзандау берейін. Неше килограмм аласыз?
Әлішер: Сіздікі өте ұсақ екен. Ірілеуі жоқ па?
2-сатушы: Жоқ, бары - осы.
Әлішер: Сіздікі ше?
3-сатушы: Таңдап алыңыз. Ұсақтары арзандау, ірілеуі қымбаттау.
Әлішер: Онда маған 3 кг картоп, 1 кг сәбіз және 2 кг пияз беріңіз.
3-сатушы: Жеміс-жидектен не аласыз?
Әлішер: Алмадан, алмұрттан, шабдалыдан 1 килограмнан алайын. Қанша төлеймін?
3-сатушы: Бәрін қосып есептесек, 1210 теңге болады.
1-тапсырма. <<Базарда>> деген тақырыпта диалог құрастырыңдар.
2-тапсырма. Берілген сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңдар.
Ертең біз базарда көкөніс, жеміс - жидеке барамыз. Жексенбі күні базарда көп адам болады. Базардың ішінде сатып алушылар арзан бағалы көкөністерді іздеп жүр. Сәкен жеміс-жидектерді таңдап жүр. Мен жидек сатып аламын. Сатушы сәбіздің бағасын түсіреді. Мен қымбат алма алмаймын. Сатып алушылар сатушылармен саудаласып тұр. Асқабақтың бағасын арзандатады. Жеңіс қарбыздың бағасын сұрап жатыр. Бәріміз бірге базарды аралап жүрміз.
3-тапсырма. Берілген сөздерді септеңдер.
Көкөніс, базар, өрік, жеміс.
4-тапсырма. Берілген етістіктерді түрлеңдіріңдер.
Сату, апару, әкелу, беру.
Азық - түлік дүкенінде
1-тапсырма. Диалогты оқып, толықтырыңдар.
Базардың қасында азық-түлік дүкендері бар ма?
Иә, үлкен және шағын азық-түлік дүкендері бар.
Онда сүт қанша тұрады?
Сүт ... теңге тұрады.
Ірімшік бар ма екен?
Ірімшік жоқ, айран бар.
Айран қанша тұрады?
Айран ... теңге тұрады.
Жақсы, рақмет.
2-тапсырма. Азық - түліктің бағасын көрсетіп, сөйлемдер құрастырыңдар.
Үлгі: Алманың 1 килограмы 150 теңге тұрады.
3-тапсырма. Фонетикалық талдау жаса.
А. Банан, ірімшік. Ә. Тоқаш, күріш.
4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар.
Диқандар көктемде жер жыртып, егін егеді. Егін жақсы шығу үшін жәндіктерден қорғайды.
Содан кейін күзде піскен кезде егінді комбайнмен жинайды. Машинамен элеваторға тасиды, себебі элеваторда астық жақсы сақталады. Элеваторда бидайдан ұн тартылады. Содан соң ұн элеватордан наубайханаға түседі. Онда наубайшылар тәтті тоқаштар, дәмді нандар пісіреді. Наубайханадан нан дүкенге түседі. Дүкеннен қалаған нанымызды сатып аламыз.
Нан дастарқанға дейін көп еңбекпен келеді. Сондықтан нанды қастерлеу керек.
Аяқ киім дүкенінде
Сөздік жұмысы
Мына туфлидің өлшемі қанша? Какого размера эти туфли?
Бұл менің өлшемім емес. Это не мой размер?
Маған басқасын, бір өлшем үлкенірегін беріңізші. Дайте мне другие, на номер больше
Сіздің өлшеміңіз қандай? Какой ваш размер?
Өлшемдер: кіші, орташа, үлкен және өте үлкен. Размеры: малый, средний, большой и очень большой.
Бұл өте жоғары сапалы. Это самого лучшего качества.
Бұдан су өтпей ме? Он непромокаемый?
Бәтеңке. Ботинка.
Осында төлеңіз. Платите здесь.
Менің қайда төлеуім керек? Где мне заплатить?
Бұл маған онша ұнамайды. Это мне не совсем нравится.
Тағы неңіз бар? Есть у вас что-нибудь еще?
Бұл қанша тұрады? Сколько это стоит?
1-тапсырма. <<Аяқ киім дүкенінде>> деген тақырыпта диалог құраңдар.
2-тапсырма. Мәтінді оқып, етістіктерді теріп жазып, сөз құрамына талдаңдар, етістіктің шақтарын анықтаңдар.
Серік пен Сәуле жазда нағашыларына барды. Нағашылары бұлардың келгеніне қатты қуанды. Балалар да мәз-мейрам. Айнала - таулы орман, бау-бақша. Есік алдынан сарқыраған су ағады. Балалар суға шомылуды, серуендеуді жақсы көреді. Олар нағашыларының бау-бақшаларын суаруға көмектесті.
Дүкенде
1-тапсырма. Мына сөздерге барыс септігінің жалғауларын жалғаңыз.
Кофе, ірімшік, макарон, бауырсақ, кәмпит, банан, самса, салат, тоқаш, бесбармақ, қазы, карта, қуырдақ, шұбат, картоп, палау, күріш, қарбыз, асқабақ, бұрыш, мәнті, май, нан, қант, тұз, шемішке, жаңғақ, мейіз, қаймақ, печенье, торт, шоколад, балмұздақ, минералды су, сусын, сиыр еті, қой еті, алма шырыны, капуста салаты.
2-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңдер.
oo Адамдар базарға не алу үшін барады?
oo Сіз жидектерден нені жақсы көресіз?
oo Көкөністен не алмақсыз?
oo Сіздің жемістен не алғыңыз келеді?
oo Көкөністің, жемістің, жидектің бағасы қанша?
3-тапсырма. Мына сөйлесулерді оқып, асты сызылған сөздердің орнына басқа сөздерді қойып, қайталап оқыңдар.
oo Сәлеметсіз бе! Сәбізіңіз қанша тұрады?
oo Сәбіздіңбағасы 50 теңге.
oo Кешіріңіз, 3 кг картопқажәне 2 килограмм сәбізгеқаншатөлеуімкерек?
oo Бәрін қосып есептегенде 340 теңге.
oo Мына базарда картоп қымбат па?
oo Бұл жерде картоп арзандау.
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазыңдар.
oo ... ?
oo Сіз не алайын деп едіңіз?
oo ... .
oo Неше килограмм аласыз?
oo ... .
oo Онда 500 теңге төлейсіз.
oo ... ?
oo Бағасын түсіре алмаймын.
oo ... !
oo Сәлеметсіз бе! Алма сатасыз ба?
oo ... .
oo Бағасы қанша?
oo ... .
oo Көбірек алсам, бағасын түсіресіз бе?
oo ... ?
oo Мен алмадан 5 кг аламын.
oo ...
5-тапсырма. а) сатушы және сатып алушы, ә) екі сатып алушы, б) екі сатушы арасында сөйлесу құрастырыңыз.
6-тапсырма. <<Базарда>> тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.
Дүкендегі заттар
Берілген сөздермен сөйлем құраңдар.
Теледидар, кір жуу машинасы, газ плитасы, фотоаппарат, видеомагнитофон, үтік, газет, журнал, сусабын, тіс пастасы, қолшатыр, қыстырғыш, фломастер, желім, ойыншық, қуыршақ, ұнтақ, сабын, айна, үзіліс.
1-тапсырма. Сөйлем құраңдар. Үлгі: Марат дүкенге баршы.
Марат - дүкенге бару. Омар - тақтаны өшіру.
Назым - су әкелу. Нұрлан - есікті ашу.
Анар - үй сыпыру.
2-тапсырма. Оқыңдар. Аударыңдар.
Нұрай ұйқыдан оянғанда, үстелдің үстіндегі қағазды көрді. Оған апасы былай жазыпты:
Нұрай мен жұмысқа кеттім. Мен келгенге дейін: 1. Омар мен Сәулеге таңғы асын бер; 2. үйді сыпыр; 3. Киімдерді үтікте; 4. Омарды бала-бақшаға апар; 5. Әсемге айт дүкеннен сүт пен нан әкелсін.
3-тапсырма. Үлгідегідей сөйлесіңдер.
Үлгі:
oo Айтыңызшы, осы көшеде кітап дүкені бар ма?
oo Саған кітап сатып алу керек пе?
oo Иә.
oo Онда тура жүріңіз.
oo Рахмет.
oo Оқасы жоқ.
1. Кітап дүкені - кітап - тура жүру.
2. <<Балық>> дүкені - балық - төмен қарай жүру.
3. <<Кеңсе заттары>> дүкені - қалам - жоғары қарай жүру.
4. Жеміс - жидек дүкені - алма - тура жүру.
4-тапсырма. Үлгідегідей сөйлесіңіз.
Үлгі:
oo Кешіріңіз, дүкен қашан ашылады?
oo Сағат екіде.
1. Дүкен 14:00-де ашылады.
2. Дүкен 20:00-де жабылады.
3. 12:30 - 14:00 арасында үзіліс болады.
4. 13:00-де түскі үзіліс басталады.
5. Тамақ 15:55-те дайын болады.
5-тапсырма. Сұхбат құраңдар.
Үлгі:
oo Марат, кеше қайда бардың?
oo Дүкенге бардым.
oo Бір нәрсе сатып алдың ба?
oo Иә, үтік сатып алдым.
oo Бағасы қанша екен?
oo 2000 теңге.
1. Марат кеше дүкенге барып, 2000 теңгеге үтік сатып алды.
2. Ажар ертең дүкенге барып, 5000 теңгеге шашкептіргіш сатып алады.
3. Айман бүгін дүкенге барып, 3000 теңгеге желдеткіш сатып алды.
6-тапсырма. Сөздерге табыс, ілік септіктерінің жалғауын жалғаңдар.
Алма, алмұрт, жүзім, қауын, қарбыз, жүгері, банан, баклажан, қызылша, сәбіз, қияр, өрік, шабдалы.
Базарда
1-тапсырма. Берілген сөздерді септеңдер.
Күн, базар.
2-тапсырма. <<Базарда>>, <<Дүкенде>> деген тақырыптарда диалог құраңдар.
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойыңдар.
Қар...ндас, сі...лі, ұш...ыш, мұ...алім, сат...шы, са...ыншы, қ...рылысшы, дәр...гер, ж...мыс, ...ке.
4-тапсырма. Қатаң, ұяң, үнді дыбыстарынан басталатын сөздерді жазыңдар.
қатаң
ұяң
үнді
5-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрап жазыңдар.
1. Дүкенге, шешеммен, мен, барамын.
2. Жақсы, істейді, Диастың, әкесі, жұмысты.
3. Құрылысшы, болғым, келеді, мен, де.
4. Керек, нанды, қастерлеу.
6-тапсырма. Берілген сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңдар.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz