Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Хан өзінің орнына жас ханзада тағайындамақшы

Бекітемін:_______________ Келісілген:_________________
Мектеп директоры: Тәрбие ісінің орынбасары:
С.Т.Сүйесінова А.М.Карамандинова

Алтын күз мерекесі
(Ханзадалар сайысы)

Өткізген: Жахина М.М.
Зекерина Ш.С.
Байзақова Ғ.М.
8 сынып

Новоишим қазақ орта мектебі
2011-2012 оқу жылы

Ертеде Новоишим ауылында, Новоишим қазақ орта мектебінің АКТ залында хан және ханшайым өмір сүріпті. Олардың жан дегенде жалғыз қыздары болыпты. Хан өзінің жасының ұлғайғанына байланысты Орданы басқаруға ханзада сайламақшы, соған орай өзінің үкімін шығарады.
ХАН: - ия, жасым болса келіп қалды, менің орнымды басатын, қызыма серік болатын ханзада іздеу керек.
ХАНШАЙЫМ: - Өз орныңды басқаруға кез-келген адамды сайламайсың ғой?
ХАНШАЙЫМ (қызы): - Ол үшін сайыс ұйымдастырайық, кімде-кім сайыстардан сүрінбей өтсе, сол баланы ХАНЗАДА етіп тағайындайсың.
ХАН: - жақсы ол бір табылған ақыл екен. Онда шақырыңдар ұйымдастырушыларды.
НҰР: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Хан сарайында үкім шықты. Хан өзінің орнына жас ханзада тағайындамақшы. Соған байланысты әр түрлі сайыстар өткізеді. Сайысқа қатысамын деушілердің, күштерін сынап, тапқырлығын байқап, ақылдылығы мен шапшандығын салыстырып көрмекші. Келіңіздер, көріңіздер.
Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар. Және бүгінгі <<Алтын күз>> мерекесінің қонақтары мен сайысқа түсуші ханзадалар. Жаңа ғана Ханның қаулысын тыңдадыңыздар.
Ендеше уақытымызды созбай, мерекелік кешімізді және сайысымызды бастайық. Сайысымызды бастамас бұрын Әділ қаазылар алқасын таныстырып алайық.
1.Оқушыларының жан -күйін түсініп, қиын жағдайда көмек беретін психологымыз - Тоты Болатқызы
2. Сайыскерлерімізді бала кезінен тәрбиелеп, отыру мен тұруды, жазу мен сөйлеуді үйреткен 1-сыныпқа даярлаған ұстазымыз - Гүлмира Төлеуқызы
3. Есептерді шемішкеше шағып, ешбір қиындықтан мойымай өтетін ұстазымыз - Дәулет Берібайұлы.
Жүргізуші: Көңілдерімізді көтеріп отыру үшін ортаға Көңілді тапқырлар клубының аудандық жеңімпаздары <<Жігіттер>> КВН тобын қарсы аламыз.
Жүргізуші: Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
1-ші сайыскердің тақтадан фотасы көрсетіледі.
Мукушев Илияс 9 <<А>> сыныбында оқиды. Жақсы оқушы, салмақты, достарына адал. Арманы мектепті жақсыға бітіріп, елінің адал азаматы болу. Ортаға 9 <<а>> сыныбынан келген Илияс ханзаданы қошеметпен шақырайық.
2-ші сайыскердің тақтадан фотасы көрсетіледі.
Сапаров Сабырхан 9 <<ә>> сыныбында оқиды. Салмақты. Достары көп. Сүйікті сабағы дене шынықтыру. Болашақта спортшы болуды армандайды. Алдарыңызға 9 <<ә>> сыныбынан келген Сабырхан ханзаданы шақырамыз.
3-ші сайыскердің тақтадан фотасы көрсетіледі.
Мектеп өмірінде өткізілетін іс-шараларға белсене қатысушы, Қызықты тапқырлар клубының белсенді мүшесі, футболшы, 10 <<а>> сынып оқушысы.- Қабыкенов Мадиді қарсы алыңыздар.
4-ші сайыскердің тақтадан фотасы көрсетіледі.
Елубай Нұрсұлтан 10 <<ә>> сынып оқушысы. Сыпайы, Ақылды, Бойшаң, спортсмен, өзі бүгінгі сайысқа қатысуды көптен бері армандап жүрген екен. Алдарыңызда арманына жеткен Нұрсұлтанды қарсы алыңыздар.
5-ші сайыскердің тақтадан фотасы көрсетіледі.
Сайысқа түсуші 5-ші сайыскеріміз - Қараман Абылайхан. Спортсмен, Қызықты тапқырлар клубының белсенді мүшесі. Ұлтық біріңғай тестілеуде 125 баллдан кем алмаймын деген сөзді өзіне ҰРАН қып алған. 11 <<а>> сынып оқушысы Қараман Абылайханды қарсы алайық.
6-ші сайыскердің тақтадан фотасы көрсетіледі.
Соңғы сайыскеріміз 11 <<ә>> сыныбынан келген Айтбаев Тоқтар. Мінезі салмақты, ақылды, ақкөңіл, достарына сыйлы. Бос уақытында аспан әлемін зерттегенді ұнатады. Болашақта Тоқтар ағамыз сияқты ұшқыш болсам ғой деп армандайды. Арманыңа жете бер деп тілей келе ортамызға Айтбаев Тоқтарды шақырамыз.
Ортаға Жақсылық, Қайдар, Құдіре шығып: <<Менің бойым ұзын, себебі...>> шағын көрініс қояды. Көріністен кейін
Жүргізуші: Біз сендерге айттық қой, сайысқа қатыспайсыңдар деп, залды босатыңдар, бойларың ұзын болсын, болмасын 8 сыныптың балалары қатыспайды.
ХАН: Менің орныма қалатын ханзада мықты, елін, жерін жаудан қорғай алатын болу керек, сондықтан да мен отырып-тұру арқылы сайыскерлердің күштерін тексеремін.
Жүргізушілер: Сайыскерлердің 20 секунттың ішінде неше рет отырып-тұруын санаймыз.
Ортаға 1-ші сайыскеріміз Нұрсұлтады шақырамыз.
2-ші сайыскеріміз Сабырханды шақырамыз.
3-ші сайыскеріміз Абылайханды шақырамыз.
4-ші сайыскеріміз Илиясты шақырамыз.
5-ші сайыскеріміз Тоқтар шақырамыз.
6-шы сайыскеріміз Мадиді шақырамыз.
Жүргізуші: << Өзбек >> биімен 10 <<а>> сыныбын ортаға шақырамыз.
Алдаркөсе шығады. (әндетіп, қолында таяғын домбыра қылып, халықты көріп қалып, домбырасын атқып мініп шапқылайды. Жүргізушілермен сөзі,)
Жүргізуші: Алдар көсе сіз қайдан келіп қалдыңыз?
Алдар: - Мен сайыс болады деп естіп, соған қатысуға келдім.
Жүргізуші: - Ту, Жақсылық сен екенсің ғой. Сайысқа қатысатындай сенің қандай өнерің бар?
Алдар: Мен үш тілде өлең шығара аламын. (Абайдың, Пушкиннің өлеңдерін айта бастайды.)
Өлең шығару сайысы: Аяжан сайысты түсіндіреді. Күзге, мерекеге арнап өлең шығару.
Ал, әділқазылар алқасы шығарылған өлеңдердің мазмұнына, айтылу интонациясына назар аударады.
Жүргізуші: Сайыскерлер өлең шығарғанша 10 <<а>> сынып оқушыларының Породиясын ұсынамыз.
Жүргізуші: Сайыскерлеріміз дайын болса, ортаға шақырамыз. (Атап шақырады, сайыскерлер шығарған өлеңдерін айтады)
Жүргізуші: 10 <<ә>> сыныбын <<Ұстазым>> әнімен ортаға шақырамыз.
Ғалымжан, Аян, Нұржан, Азамат шығып төбелеседі. Төбелестен кім жеңеді сол сайысқа қатысады.
Жүргізуші: - Төбелескендерге Хан орнын бермейді, сайысқа қатысу керек, барыңдар, біздің ұлдарға не болған өзі, неше түрліні ойлап шығарып жүр өздері.
Жақсылық: Мен сендерге айттым 8-сынып оқушыларын қатыстырайық деп, олар болмайды, болмайды олар.
Жүргізуші: 11 <<а>> сынып оқушыларының биін тамашалайық.
8-сыныптардың <<Шыршаны кесіп жатқан>> интер.тақтадан көрсетіледі.
Жүргізушілер: Не боп жатыр біздің балалар шыршаны кесіп жатқаны несі. Айтым мен Айгерім оларды да қатыстырайық сайысқа деп. Енді қара мыналардың істеп жатқан істерін.
(Осы кезде залдан шыршаның құлаған дауысы естіледі, ал балалар шыршаны ішке кіргізбекші. Осы сәтте есіктен Алма тәте кіріп келеді. Алма тәтені қыздар шығып алдап алып кетеді. Жабық тұрған есік тарсылдап сыртан балалар ішке кіреміз деп таласады. Жүргізуші кіргізіңдер біреуін, не айтар екен тыңдайық дейді. Сол кезде Шәміл кіреді. Ол өзінің Ханшайымға гүл әкелгенін айтып гүлді табыс етеді де, шығып кетеді.)
Сая өзінің қағаздан <<Гүл>>жасау конкурсын айтады. (Қағаз, қайшы, таратылады).
<<Гүл жасау>> сайысын жүргізушілер түсіндіріп, айтып шығады.
Жүргізуші: << Хип-Хоп>> биімен 9 <<а>> сыныбын қарсы аламыз.
Жүргізуші: Әділқазылар әділ бағаларын шығарғанша ортаға 11 <<ә>> сыныбын шақырамыз.
Сөз кезегін әділқазыларға береміз. (Сайыстың өтілуін айтады, марапаттайды, Хан жеңімпазға басындағы коронасын шешіп, кигізіп, тағын ұсынады.)
Құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Сүйесінова Сарсенкүл Төлеуханқызына береміз.
Осымен <<Алтын күз>> мерекесі аяқталды. Назарларыңызды қойыпт тыңдағандарыңызға көптен-көп рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Өнерлі жігіт
Жаңа жыл туралы
Қорытынды сабақ Қазақтың ұлттық шешендік өнері
Word мәтіндік редакторы жұмыс істеуді үйрету
Саялы өлкем, сазды өлкем - атырауым!
Берекелі, мерекелі Алтын күз Күз туралы
Күз сарайы
Мәтіндік ақпаратты енгізу
<<Әліппемен қоштасу>> мерекесі
Тақырып Атамекен - алтын бесік
Пәндер