Бастауыш сыныпта кітаппен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру әдістері

Түркістан қаласы

№19 жалпы орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Бабаева Жұлдызай

Кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Бастауыш сыныпта балалардың кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырудың тіл дамыту үшін пайдасы аса зор. Мұндай дағдыны қалыптастыру үшін мұғалім:

а. Балалардың дұрыс айтқандарын мадақтап, кателерін түзетумен қатар олардың назарын сол кітаптың мұқабасына, ішіндегі суреттеріне назар аударып отырады;

ә. Көрнекті құралдар, сюжетті суреттерді оқыған шығармаға байланысты кейбір жекелеген заттардың суреттерін қолданады;

б. Шығармадағы қиын сөздерді оқушыларға түсіндіріп отырады;

в. Балалардың оқыған кітаптарынан қаншалықты жаңа білім алғандарын үнемі бақылап отыруы тиіс. Сондай-ақ кітап оқу нәтижесінде балалар қандай сөздерді жиі, қайсысын сирек қолданатындықтарын да басты назарда ұстауы қажетті нұсқау, ақыл -кеңес беріп отыруы керек.

Балалардың оқу дағдысын қалыптастыруда оларға арналған «Балдырған» журналы мен «Түркістан Ұланы» газеті «Алтын сандық» газеттерінің үлкен роль атқаратынын да ұмытпағанымыз жөн. Бұларды оқуға қызықтыру үшін мұғалім оларда жарияланған мақалалардан үзінділер оқып беріп, әңгіме-кеңес ұйымдастырса нұр үстіне нұр болар еді. Егер оқу тарапынан не себепті газет не журнал, болмаса, кітап деп атаймыз деген сұрақ туа қалса (ондай сұрақтың қойылуы әбден мүмкін), мұғалім бұлардың бір-бірінен айырмашылығын түсіндіруге міндетті. Сондай-ақ бастауыш мектеп балаларына кітапты қалай ұстау, қадірлеу, оқу керіктігін үнемі ескертіп отырудың да артықшылығы жоқ.

Ұйымдасқан түрде кітап оқу.

Бұл жұмысты әртүрлі жолмен жүргізуге болады :

а) Бірлесіп дауытап үйде оқу тапсырылады;

ә) Кітапты қай уақытқа дейін қанша бет оқу керектігі белгіленеді;

б) Сынып оқушылары түгел оқып шықаннан соң, оқылған шығарманы талдау, ол туралы пікір алысу уақыты тағайындалады. Себебі, кейбір оқушылар ұйымдасып оқуға қатысқанымен, ойы басқа жақта отырады. Міне, сондықтан мұғалім жеке оқушылардың кітапта оқығасын қандай дәрежеде меңгергенін анықтау үшін, кітаптың мазмұнына орай сұрақ қою арқылы бақылау жасайды. «Сен нағыз қызық жерін таңдамапсың, мына жерін қайтадан тағы оқып шықшы» деп тапсырма беру арқылы, оқушы өз кемшілігін өзі түсінетіндей бағыт беріп отыру қажет. Мұнда зеку, жеке еш нәтиж бермейді.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру
Дамыта оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі және өзара бақылау негізінде жеке дара жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Бастауыш сыныпта оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру және дамыту
Бастауыш сыныпта рухани-азаматтық тәрбиені қалыптастыру: әдістері мен бағыттары
Кіріктірілген сабақ Жеті лақ: бастауыш сыныпта тілдік, математикалық және табиғаттану дағдыларын қалыптастыру
Программалаудағы литерлік (символдық) шамалармен жұмыс істеу әдістері
Тарих сабағында топтық жұмыс арқылы оқушылардың ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру
Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа әдістері мен интерактивті тәсілдері
Ультрадыбыстық датчиктің жұмыс істеу принципі және кедергілерді анықтау әдістері
Бастауыш сыныпта қазақ тілінің дыбыс жүйесін ойындар арқылы меңгерту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz