Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Түлкі мен қырғауыл

<<№48 жалпы орта білім беретін мектеп>>
Мемлекеттік мекеме

Ана тілі пәнінен
Әдістемелік сабақ.

Тақырыбы: <<Спандияр Көбеев.
Түлкі мен қырғауыл>>

Дайындаған: Аменова П.Б
бастауыш сынып мұғалімі

Семей - 2011

Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы №48 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аменова Панигуль Бекеновна

Сабақтың тақырыбы: Спандияр Көбеев. Түлкі мен қырғауыл.
Мақсаты:мысалдың негізгі ойын меңгерту, автор туралы мәліметпен таныстыру.
Міндеттері:
1. Шығарманың негізгі ойын түсінуге, жүйелі баяндауға үйрету.
2. Оқушының ой өрісін, тілін дамыту, мәтінді саналы, түсініп дұрыс оқуға машықтандыру.
3. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың пәнаралық байланысы: дүниетану, музыка, бейнелеу өнері.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой толғаныс, ролдік ойын, дамытпалы ойын.
Сабақтың көрнекілігі: түлкі мен қырғауылдың суреті, мәтін жазылған карточкалар, бүктеме
І. Мақсаттық бағыттау.
1. Психологиялық дайындық: <<Сәттілік біздер тілейік,
Мен саған, сен маған,
Күндей күліп жүрейік,
Күннің нүрын төгейік
Мен саған, сен маған.>>
ІІ. Оқушылардың білім, білік, дағдысының өзектілігін анықтау.
1. <<Ақымақ бота>> әңгімесін бөлімдері бойынша мазмұндау.
І. Енесіне еркелеген бота
ІІ. Шынар мен бота
ІІІ. Ұлпанға үйренген бота
2. Төрт түлікке қатысты, соның ішінде түйе малына арналған мақал-мәтел, жұмбақ айту:
<<Маң-маң басқан, шудаларын шаң басқан>>
<<Ботақаным - бөбегім,
Шырқайтұғын өлеңім.
Тәй-тәй басқан бөбектей
Сені жақсы көремін.>>
<<Түйе малының пірі - Ойсылқара>>
ІІІ. Жаңа тақырып бойынша жұмыс. Қызығушылықты ояту:
1. <<Ертегілер кейіпкерлерін сипатта>> ойны
Қоян

Айлалы
Аю

Қорқақ
Түлкі

Қырағы
Арыстан

Ақымақ
Қарлығаш

Қорбаң
Бүркіт

Сымбатты
Қырғауыл

Айбатты
Қасқыр

Сұлу
Ендеше бүгінгі сабақта біз <<Түлкі мен қырғауыл>> атты мысалмен танысамыз. Бұл мысалдың кейіпкерлері де түрлі мінезді екенін байқайсыңдар. Балалар, мысал деп қандай шығарманы айтамыз?
2. Автор туралы мәлімет.
Спандияр Көбеев 1878 жылғы қазан айының 1 күні Қостанай облысы, Боровский ауданының Ақсуат ауылында кедей шаруа семьясында дүниеге келген. Ыбырай Алтынсарин ұйымдастырған ауылдық мектепте сауат ашып, Қостанай қаласында мұғалімдер даярлайтын курсты 1901 жылы бітірген. Осы жылдан бастап өмірінің соңына дейінгі 55 жылын ұстаздық қызметке жұмсады. Ол өзінің ұзақ та жемісті ұстаздық еңбек жолын <<Орындалған арман>> (1951) атты мемуарлық кітабында баяндады. 1912 жылы Спандиярдың <<Үлгілі бала>> атты кітабы шықты. Бұл - бастауыш мектептегі қазақ балаларына арналған оқу кітабы еді. Ұлы ұстазы Ыбырай үлгісін пайдалана отырып ол бұл кітапқа өзі аударған Крылов мысалдарын, орыс классиктерінің балаларға арналған шығармаларын, қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін, табиғаттың түрлі құбылыстарымен таныстыратын, өсімдік, жануарлар әлемі туралы білім беретін әр алуан қызықты қысқа әңгімелер кіргізді.
1 қазан 1878 ж
Қостанай облысы,Боровский ауданы, Ақсуат ауылы
1901 жыл Қостанай қаласы мұғалімдер даярлайтын курс

Спандияр
Көбеев

55 жыл ұстаздық қызмет
1951 жыл - <<Орындалған арман>> мемуарлық кітабы
1912 жылы
<<Үлгілі бала>> -бастауыш мектебіне арналған оқу кітабы

3. <<Түлкі мен қырғауыл>> мысалын мәнерлеп оқу.
4. Мазмұны бойынша талдау:
oo Мысалдың кейіпкерлерін атаңдар.
oo Түлкі мен қырғауыл арасында қандай әңгіме болды?
oo Түлкі қырғауылды қалай алдмақшы болды?
oo Қырғауыл қауіп-қатерден қалай құтылды?
5. Сөздік жұмыс:
Разы - риза болу
Бұйрық - жарлық, бәріне ортақ заң
Зорлық қылмасқа - ешкімді ренжітпеу
6. Қайталап іштей оқу.
7. Ролге бөліп оқу.
ІҮ. Бекіту.
1. Теріп оқу:
oo Түлкі мен қырғауылдың амандасу тұсын тауып оқы
oo Түлкінің қырғауылға жаңалық хабарлау тұсын тауып оқы
oo Қырғауыл тапқырлық тауып айтқан жерін оқы
2. Дәптерде жұмыс. Венн диаграммасы бойынша кейіакерлерді салыстыра сипаттау
Ү. Үйге тапсырма беру. Мысалды мазмұндау, тақырыпқа сай мақал-мәтелдер жаттау.
ҮІ. Сабақты қорытындылау.
1. <<Ой қорыту>> - пікірталас
oo Қырғауыл қандай тапқырлық танытты?
oo Қайсысы жеңді деп ойлайсыңдар?
oo Осындай мінез-құлқы бар адамдар кездесе ме?
oo <<Тауып айтқанға қолқа жоқ>> мәтелдің мағынасын түсіндіріңдер.
2. Бағалау.
3. Бүгінгі сабақтың көңіл-күйін мына суретті салып өздерін көрсете аласыңдар
сал, сабақ ұнаса, сал, сабақ ұнамаса

Ұқсас жұмыстар
Түлкі мен қырғауыл. ана тілі 2 сынып
Ертегілер еліне саяхат
Түлкі мен тырна
Ана тілі 2- сынып. түлкі мен қырғауыл. сабақ жоспары
Ертегілер әлемінде
Құстар – біздің қаннаты достарымыз. 2 сынып
Құмырсқа мен көгершін
Жаттығу Менің мінезім
Саятшылық құстары жайлы
Сабақ жоспары 8 сынып
Пәндер