Оттек тұтынуына қарай жанған заттың молекулалық формуласын анықтау

Тиллектес Алмаганбетова

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

«Абай атындағы орта мектебі»ММ

Жағуға жұмсалған оттек бойынша жанған заттың молекулалық формуласын табу

Сабақтың тақырыбы: Жағуға жұмсалған оттек бойынша жанған заттың молекулалық формуласын табу.

Сабақтың білімділік мақсаты: есеп шығару әдісін одан әрі жетілдіру. Жағуға жұмсалған оттек бойынша заттың молекулалық формуласын табуды үйрету;

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: ізденімпаздыққа, жауапкершілікке және айнала қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың дамытушылық мақсаты: химиялық формула, теңдеу құру және есеп шығару біліктерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі : периодтық кесте, слайдтар, үлестірме қағаздар.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: тест, есеп шығару

Сабақтың пәнаралық байланысы: биология, экология.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Өткен тараулар бойынша тапсырмалар:

  1. Тест сұрақтары:
  • Өсімдіктер қалдықтары микроорганизмдер қатысымен су түбінде шіріп, “балшық” газын түзеді. Қандай қаныққан көмірсутек осы газдың құрамына кіреді?

А) C 2 H 6 Ә) C 6 H 14 Б) CH 4 В) C 3 H 8

  • Кейде тас көмір кендерінде метан жинақталып қалады. Сондықтан ол “кеніш” газы деп аталады. Ондай газ шахтада жиналса, қалай әсер етеді?

А) әсер етпейді; Ә) қауіпті жарылыс береді;

Б) көмірдің сапасын арттырады; В) белгісіз?

  • Адам организміне хлороформның әсері қандай?

А) зәр шығару мен қан айналу жүйесіне әсер етеді;

Ә) қасиеті бойынша наркотик жүрек - тамыр жүйесінің жұмысын бұзады;

Б) дем алу жүйесіне әсер етеді; В) бойды өсіреді, мидың жұмыс істеуін жақсартады

  • Бензиннің сапасының бағалау кепілі қандай?

А) құрамындағы судың мөлшерімен; Ә) октан шкаласымен (0 - 100) ;

Б) құрамының күрделілігімен; В) алыну көзіне байланысты анықталады

  • Октан саны “0”(нөл) және октан саны “100” болатын қандай қосылыстар?

А) н-метан, н-пропан; Ә) изобутан, гексан;

Б) н-гептан, изооктан; В) н-октан, н-декан

  • Жеміс - жидектердің (қызанақ, алмұрт, қауын, лимон) пісуін тездететін қандай қанықпаған көмірсутекті білесіздер?

А) ацетилен; Ә) бензол; Б) этилен; В) бутилен

  • Ацетиленнен бензолды қалай алады?

А) Зинин реакциясы арқылы; Ә) Фаворский реакциясы арқылы;

Б) Зелинский - Казанский реакциясы арқылы; В) Кучеров реакциясы арқылы

  • Зертханада және өнеркәсіпте ацетиленді көбіне қандай әдіс арқылы алады?

А) озондау; Ә) карбидтік әдіс; Б) гидрлеу; В) тотықтыру.

  • Өндірісте көп мөлшерде ароматты көмірсутек және олардың туындыларының алынатын көзін табыңыз?

А) тас көмір шайыры; Ә) мұнай; Б) мұнайға серік газ; В) табиғи газ

  • Қаракүйеге қарсы мына заттардың қайсысы ертеректе қолданылған?

А) бензол; Ә) нафталин; Б) этилен; В) нитробензол

  • Бензол буы адамға қалай әсер етеді?

А) басты айналдырып, көзді және сілемей қабатын қабындырады;

Ә) бой өсіреді; Б) асқазан жұмысын жақсартады; В) шашты өсіреді

  • Бензолдың және басқа да көмірсутектердің хлортуындылары қайда қолданылады?

А) ауыл шаруашылығында өсімдіктерді химиялық жолмен қорғау құралы ретінде қолданылады;

Ә) ауыл шаруашылығында арамшөптердің өсуін бәсеңдету үшін;

Б) малдардың ішіндегі құрттарды түсіру үшін;

В) фунгицидтер ретінде

2. Есептер шығару

  1. Салыстырмалы молекулалық массалары а) 72-ге тең алканның; ә) 98-ге тең болатын алкеннің формулаларын анықтаңдар.
  2. Ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 2-ге тең, құрамындағы көміртектің массалық үлесі 82, 76%-ке тең, қаныққан көмірсутектің молекулалық формуласын табыңдар.
  3. Көлемі 33, 6л (қ. ж. ) ацетиленнен бензолдың қандай массасын алуға болатынын есептеңдер.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Органикалық заттардың әр түрлі кластарының гомологтарын сипаттайтын жалпы формулалар олар үшін бірдей процестерді (мысалы, жану) бір теңдеудің көмегімен сипаттауға мүмкіндік береді.

Қаныққан көмірсутектердің жануы:

C n H 2n+2 +xO 2 =nCO 2 +(n+1) H 2 O

  • Мұндағы тек оттектің коэффициенті белгісіз. Теңдеудің сол және оң жағындағы оның атомдары саны үшін мынадай теңдеу жазуға болады.

2x = 2n + n+1

x = (3n+1) /2

Мысалы, пропан үшін n = 3. Онда x=(3×3+1) /2 = 5

C 3 H 8 + 5O 2 = 3CO 2 + 4H 2 O

Егер коэффициент бүтін болмаса, онда барлық коэффициенттерді екі еселейміз.

Осылайша көмірсутектер мен органикалық қосылыстардың басқа кластарының гомологтарының жану процестерінің жалпы теңдеулерін жазып, оттектің алдындағы коэффициентті оңай есептеуге болады.

Енді сол оттектің алдындағы коэффициенті арқылы, яғни жұмсалған оттек бойынша заттың формуласын табуға болады.

Мысал: Белгісіз алканды жағу үшін, осы көмірсутек буының көлемінен көлемі 5 есе артық оттек қажет. Осы алканның молекулалық формуласын есептеп табыңдар.

  • Берілгені:

С n H 2n+2

V (O 2 ) =5

Табу керек: C x H y

  • Шешуі:

С n H 2n+2 + 5О 2 = nCO 2 +(n+1) H 2 O

5×2=2n+n+1

10=3n+1

3n=10-1

n=9/3

n=3

С n H 2n+2 =C 3 H 8 пропан

Гомологтардың жану реакцияларының теңдеулері


Ұқсас жұмыстар
Заттың агрегаттық күйлері және олардың молекулалық негіздері
Дене температурасының молекулалық-кинетикалық негіздері және заттың агрегаттық күйлері
7-сынып физика: Заттың күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру
8-сынып химиясы: Оттек пен оксидтерді қорытындылау және білімді тексеру
7-сыныпқа арналған №3 лабораториялық жұмыс: Қатты дененің массасы мен заттың тығыздығын анықтау
ІІ-тарау: Оттек, жану реакциялары және газ заңдары - есептер мен бақылау жұмыстары
Герон формуласын дәлелдеу әдістері және үшбұрыш аудандарын есептеу
Химиялық формулалар, атомдық валенттілік және зат құрамының тұрақтылық заңы: молекулалық масса (Mr) мен массалық үлестерді есептеу
8-9 сыныпқа арналған массалық қатыстар, тығыздық және жану өнімдері бойынша химиялық формулаларды анықтау есептері
8-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Атомдар мен молекулалар және атом-молекулалық ілімнің маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz