Азот оксидтері мен азот қышқылының алыну тәсілдері және қасиеттерімен таныстыру

Облыстық жаратылыстану-математика пәні мұғалімдері олимпиадасы

10 сынып

Алмағанбетова Тиллектес

Бейнеу ауданы

«Абай атындағы орта мектебі»ММ

химия пәні мұғалімі

№28 мектеп. Ақтау. 2011.

Т. Алмағанбетова

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

«Абай атындағы орта мектебі»ММ

Азот оксидтері, азот қышқылы

Сабақтың тақырыбы: Азот оксидтері, азот қышқылы.

Сабақтың білімділік мақсаты: Азот оксидтері мен азот қышқылының алыну тәсілдері және қасиеттерімен таныстыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұқыптылыққа, қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: қосылыстарды және теңдеулерді дұрыс жазуын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: периодтық кесте, үлестірмелі қағаздар, слайдтар, ойын элементтері.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, есептер шығару, жұмбақ шешу.

Сабақтың пәнаралық байланысы: биология, әдебиет.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

Ι. «Мектеп-білім ордасы» бекеті

  1. Азоттың периодтық жүйедегі орнына сипаттама беру.
  2. Азоттың ауадағы көлемдік үлесі қанша пайызды құрайды?
  3. Азоттың сутекті қосылысы не деп аталады?
  4. Лабораторияда аммикты қалай аламыз?
  5. Аммоний ионының сапалық реакциясы
  6. Аммиак молекуласы құрамындағы азоттың массалық үлесін табыңдар.
  7. Айналымды жүзеге асыру:NH4Cl→NH3→NH4NO3NH_{4}Cl\ \rightarrow {NH}_{3} \rightarrow {NH}_{4}{NO}_{3}

3. Жаңа сабақты түсіндіру

ΙΙ Білім алу бекеті

Азот мынадай оксидтер түзеді: Азот(Ι) оксиді N 2 O, азот (II) оксиді NO, азот(III) оксиді N 2 O 3 , азот (IV) оксиді NO 2 (N 2 O 4 ), азот (V) оксиді N 2 O 5 , бұларда азот +1 ден +5ке дейінгі барлық тотығу дәрежелерін көрсетеді. Практикалық жағынан маңыздылары азот (ΙΙ) және азот(ΙV) оксидтері.

NO - қышқылдық та, негіздік те қасиеттер көрсетпейтін, түссіз газ. Ол -151, 8 0 C - та сығылады, - 163, 7 0 С-та қатады. Суда нашар ериді: 0 0 С-та 1 көлем суда 0, 07 көлем NO ериді.

2NO + O 2 = 2NO 2 + 123 кДж

Алынуы: N 2 + O 2 = 2NO; 3Cu + 8HNO 3 = 3Cu(NO 3 ) 2 + 2NO + 4H 2 O

NO 2 - өзіне тән иісі бар қоңыр түсті газ. Буы улы, онымен тыныс алғанда адам уланады. 21, 3 0 С-та сұйылады, 9, 3 0 С-та түссіз кристалдық массаға айналады. Азот (ΙV) оксидінің NO 2 молекуласында жұптаспаған электронның болуына байланысты, ол димерленіп, N 2 O 4 -ті түзуге бейім келеді.

11 0 C 2 N O 2 N 2 H 4 140 0 C \begin{matrix} & {- 11}^{0}C & \\ 2NO_{2} & \overset{\rightarrow}{\leftarrow} & N_{2}H_{4} \\ & 140^{0}C & \end{matrix}

3 N O 2 + H 2 O = 2 H N O 3 + N O + 220 к Д ж {3NO}_{2} + \ H_{2}O = \ {2HNO}_{3} + NO + 220кДж

4 N O 2 + O 2 + 2 H 2 O = 4 H N O 3 + 255 к Д ж {4NO}_{2} + O_{2} + {2H}_{2}O = {4HNO}_{3} + 255кДж

2 N O 2 + H 2 O = H N O 2 + H N O 2 2{NO}_{2} + H_{2}O = {HNO}_{2} + {HNO}_{2}

2 N O 2 + 2 N a O H = N a N O 2 + N a N O 2 + H 2 O {2NO}_{2} + 2NaOH = {NaNO}_{2} + {NaNO}_{2} + H_{2}O

C u + 4 H N O 3 = C u ( N O 3 ) 2 + 2 N O 2 + 2 H 2 O Cu + {4HNO}_{3} = {Cu(NO_{3}) }_{2} + \ {2NO}_{2} + {2H}_{2}O

Азот қышқылының физикалық қасиеттері: - өткір иісті, түссіз, сұйықтық (тығыздығы 1, 52г/мл), - 42 0 С-та кристалдық күйге ауысады. Өте ылғал тартқыш. Ауада ол «түтіндейді», өйткені оның буы ауаның ылғалымен тұманның ұсақ тамшыларын түзеді. Сумен кез келген арақатынаста араласады, 86 0 С-та қайнайды.

Химиялық қасиеттері:

1 . H N O 2 H + + N O 3 1. \ {\ \ HNO}_{2}\overset{\leftarrow}{\rightarrow}H^{+} + {NO}_{3}^{-}

2 . 4 H N O 3 = 4 N O 2 + 2 H 2 O + O 2 {2. \ \ \ 4HNO}_{3} = {4NO}_{2} \uparrow + {2H}_{2}O + O_{2} \uparrow

Азот қышқылы Pt, Rh, Pd, Ir, Au-мен әрекеттеспейді. Бір көлем азот және үш көлем концентрлі хлорсутек қышқылынан тұратын қоспаны «патша арағы» деп атайды. Ол күщті тотықтырғыш болып табылады және металдарды тотықтырады.


Ұқсас жұмыстар
Азот қышқылының қасиеттері
Азот қышқылы. 10 сынып
Фосфор және оның қосылыстары
Тұздар, химиялық құрамы және химиялық қасиеттері
Азот қышқылын
Азот оксидтері. азот қышқылы
Химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі
Химия пәнін тиімді әдістер арқылы оқыту
ОКСИДТЕРДІҢ АТАЛУЫ
Нитраттар. Азоттың табиғаттағы айналымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz