Математика пәні мұғалімі

Катонқарағай ауданы Аршаты орта орта мектебі

Баяндама

Тақырыбы:

”Математикадан білім сапасын

арттыру жолдары”

Математика пәні мұғалімі:

Абильмажинова Мақташ

Алғы сөз

Қазақстан экономикасының орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қаблеттілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Бағдарламаларда көрсетілген міндеттердің бірі - 12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңыртумен қоса жүзеге асыру.

Бүгінгі білім беру саласындағы проблемалар орта білім жүйесін қазақстандық қоғам дамуының қазіргі заманғы талаптарына және әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу шарттарына сәйкес жаңғыртуды талап етеді.

Ендеше 12 жылдық білім - бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны жоғары сатыда бейімді оқытуды көздейтін бірден-бір тиімді жол.

Н. Ә. Назырбаев «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Ендеше біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қарқынды жола қоюымыз керек» деп міндеттейді. Біз осы пікірдің өзінен-ақ білім беру жүйесін әдәс-тәсілдеріне жаңаша құрылыммен келу керектігінкөреміз.

Математика туралы ойлар

Маңызды мәселелерді шешуде жас ұрпақты сапалы да саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше. Қазіргі заман - математика ғылымының өте кең, жан- жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты- математикалық мәдениетіліктің деңгейін көтеру болып табылады.

  • Математика сөзінің өзі грек тілінде білім, ғылым деген мағына береді. Олай болса ежелгі замандардан- ақ математикалық білімді ғылымдықтың жоғары дәрежесі ретінде қабылдаған.
  • Математика - ғылым болмысынан балма ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі - күре тамыры ретінде қарастырылады;
  • Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және шыңдай түседі.
  • Математикалық тілде тілдесу қабілетін қалыптастыру арқылы оқушының сөз коммуникациясы, яғни сөйлеу мәдениетін дамытады;
  • Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап түсінуге көмектеседі;
  • Математиканың болашақ тұлғаның моральдық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан да тәрбиелік мәні бар.

Қазақстан Республикасының

математика пәні мұғалімдерінің Бірінші Съезінің қарары

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бастамашылық еткен Қазақстан Республикасы математика пәні муғалімдерінің Бірінші Съезін шақыру мына қажеттіліктерден туындады:

• математикалық білім беру сапасын қамтамасыз етуде жиналып қалған проблемаларды ашу және оларды жою жолдарын анықтау;

• Қазақстан Республикасының жиырма жылдық тәуелсіз даму кезеңі ішінде математикалық білім беруді дамыту бойынша жүргізілген жұмыстардың талдауын жүргізу;

• математика пәні мұғалімдерінің кәсіби қузыреттілік деңгейін арттыру;

• Қазақстанда математикалық білім және ғылымды одан әрі дамыту перспективаларын айқындау және жастарды тарту;

• үздік мұғалімдер мен оқытушылардың озық тәжірибесін тарату;

• ұзақ мерзімді перспективада математикалық білім беруді жаңғырту

Съезде Қазақстандағы математикалық білім беруді жаңғыртудың мына бағыттары бойынша өзекті мәселелер талқыланды:

  • математикалық білім беру сапасын қамтамасыз ету;

• 12 жылдық білім беруге көшу кезеңіндегі математикалық білім беру мазмұны;

педагогикалық кадрларды даярлау проблемалары;

• дарынды балалармен жұмыс істеу проблемалары;

• математика саласына ғылыми және педагогикалық қызмет саласындағы талантты жастарды тарту;

• үздіксіз математикалық білім беру;

математикалық ресурстық және білім беру орталықтарын құру;

• математика сабақтарын оқулық және әдістемелік қамтамасыз ету;

• математика пәні мұғалімінің жаңа жағдайлардағы мәртебесі.

Осы мәселелрді қарай келіп, әрбір мұғалім өз жұмысына тұжырымдама жасағаны жөн.

Өзіме төмендегідей тұжырымдама жасадым.

1-тұжырымдама

Ұстаздың педагогикалық әрекетінің мақсаты мен міндеті

  • тақырыпты қызықтырады;
  • ой қозғайды;
  • ең құнды мәселелер анықталады;
  • қорытынды жасауға бағыттайды;
  • шығармашылық дамуға бағыттайды;
  • оқушы мен қарым-қатынас жақсарады;
  • ізденуге, жаңа ақпаратқа ұмтылдырады;
  • жеке, жұппен, топпен жұмыс жүргізеді;
  • мәтінмен өздері танысады;
  • жан-жақты талдауға, зерттеуге, салыстыруға үйренеді;
  • ойларын еркін айтуға жол ашады;
  • шығармашылық дамиды;
  • интеллектуалдық даму деңгейін көтереді;

3-тұжырымдама

Мақсат пен міндетті жүзеге асыру жағдайы

Мақсат пен міндетті жүзеге асыру үшін

Мұғалімге Оқушыға

  • мақсат пен міндетті белгілеп, түпкі нәтижені анықтау (нені және неліктен үйретеміз?) ;
  • сабақ беру сапасын жетілдіру (жаңа технологияларды, озық тәжрибелерді т. б. тиімді қолдану) ;
  • шығармашылық жұмыстар жүргізу;
  • қиындық тудыратын бөлімдерді, тақырыптарды анықтау;
  • Қосымша жұмыстарды жоспарлау
  • Кәсіби өсу, өз білімін жетілдіру
  • оқушының жалпы мүмкіндектерін зерттеу, төменгі сыныпта қажетті білімді меңгерді ме анықтау ( нашар үлгерушілер, жақсы оқитындар)
  • оқушының даму деңгейін интеллектуалдық сатыға көтерілуіне;
  • оқушының оқутанымдық қызығушылығын арттыру;
  • Өз бетінше есеп шығарудың сан қилы жолын іздестіру
  • Пәнге қызығып, оған көңіл қойып тереңдете оқып үйрену.
  • Сабақ барысында қолданылатын ойындарға, математикалық сайыстарға, жарыстарға, олимпиадаларға қатысу
  • әр сыныптағы материалды жетік меңгеруге ден қою;
  • өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуге

Мақсат пен міндетті жүзеге асыру, белгіленген талаптарды жүзеге асыру үшін қандай қиындықтар мен талаптарды ескеруіміз керек.

Шағын комплкетілі ауыл мектептерде математиканы оқытудағы қиындықтар

  • Кадрлармен қамтамасыз етілуі, кәсіби білімін жетілдіру, үздіксіз ізденуі;
  • материалдық-техникалық базаның жетімсіздігі, көрнекіліктер, ТСО, ақпараттық технологияның жетімсіздігі;
  • бөлінген сағаттардың аздығы (сағат азайғанмен өтілетін материал көлемі сол күйінде, теориялық материалға бөлінген сағатты қысқарта алмайды, есесіне есеп шығару, практикалық сағаттар қысқарады), осыдан оқушылардың пәнге қызығушылығы төмендеу;
  • оқушылардың өзіндік ізденісіне қажет қосымша материалдар және интернетті пайдалану мүмкіндігі жоқтың қасы;
  • Математиканың рөлін күшейту жұмысы аз (информатиканы оқытып жатырмыз дейді, бірақ ол ойлап есеп шығару, күрделі есептердің шешімін табу емес) ;
  • бағыттар таңдау (қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика, тесте тапсырма бірдей), оқушылардың аздығы (талас, сайыс жоқтың қасы т б) ;
  • Ауылдағы жұмысбастылық (мектепте де үйде де), ол бала үшін де мұғалім үшін де, мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдайдың аздығы.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының
математика пәні мұғалімдерінің Бірінші Съезініен

Съезд соңғы 20 жылда математикалық даярлық деңгейінің бірқатар объективті және субъективті себептерге байланысты айтарлықтай төмендеуін ескереді, олар:

• талантты жастардың академиялық және педагогикалық салалардан экономикалық, заң және гуманитарлық салаларға көптеп баруы; білім беру реформасының ұзақ кезеңі;

• педагогикалық және ғылыми әлеуеттің шашырауына әкеп соқтырған жоғары оқу орындарының көбейіп кетуі;

• математика пәнін оқытуға мемлекеттік білім беру стандарттарында сағат санының елеулі азаюы;

• математика бойынша мектеп оқулықтары сапасының төмендігі; математикалық құзыреттерді бағалаудың түрлі нысандарының болмауы;

• нарықтың экономика құндылықтарының жаңа жүйесінде муғалімдер мәртебесінің төмендеуі.

Отандық математика мұғалімдерінің бірінші 1 съезін өткізудегі мақсат Қазақстан Республикасының экономикасының сұраныстарына сәйкес математикалық білімді жаңғырту болып табылады.

Математика пәнін оқытудың кейбір мәселелерін атап өте кетсек дейміз.

  • Бірінші, математиканы оқытудың мазмұны туралы. Бізде математиканы оқыту ісі оның теориялық негіздерін, классикалық бөлімдерін терең меңгертуге бағытталған. Бұл бағыттағы жаңа көзқарасқа келетін болсақ, математиканы оқытуда практикалық мәселелерге көп көңіл бөлу қажет­тігінде болып отыр. Соңғы кезде ғылымның негізгі жетістіктері мен мәселелері қолданбалы салаға бағытталғандықтан, олар мектеп бағдарламасына енуі қажет. Ықтималдық теориясы, статистикалық әдістер, математикалық моделдеу және басқа бөлімдер математика пәніне кеңінен енуі қажет. Бұл әлемдегі кең тараған үрдіске сай екендігінің мысалы ретінде PISA халықаралық зерттеуін атап кетуге болады. Ол зерттеудегі көптеген тапсырмалар сол саладағы практикаға бағытталған. Біздің оқушылар оның тапсырмаларын жетік талдай алмайды, кейде мұғалімдердің өздеріне де бұл мәселе үлкен қиындық туғызады. Сонымен қатар, негізгі тақырыптарда да құзыреттілікке құрылған. Болашақта оған практикалық маңызы бар тапсырмаларды енгізу қажет.
  • Екінші мәселе, 12 жылдық орта білімге көшу. 12 жылдық орта білімге көшу тек қана орта білім беруді бір жылға ұзартып қана қоймай, білім берудің жаңа мазмұнына өтуге бағыттайды. Оқытудың жаңа тәсілі құзыреттілікке арналған бұл білімде, талапкерлердің пәндер бойынша алған білімін жаңа мәселелерді шешуге бағыттайды. Математика пәнін оқытуда әр кезде де оқушылардың теория­ны тиімді пайдалана білуіне көп көңіл бөлінгені. Бүгін бұл негізгі талапқа айналуы қажет болып тұр. Математика пәнін бейіндік мектепте оқыту кезінде жоғары оқу орнындағы оқумен сабақтас жүргізу қажеттігі туындап отыр.
  • Үшіншіден, математика пәні бойынша білім сапасын арттыру. Соңғы жылдары математика пәнін оқушылардың меңгеру деңгейі тө­мендеп кеткені байқалады. Республикамыздағы Ұлттық бірыңғай тестілеу мен халықаралық зерттеулер нәтижесі соның айғағы бола­тындай. ҰБТ нәтижесі бойынша математика пәні оқушылардың ең төменгі деңгейде меңгерген сабақ­тарының қатарында тұр. Ал математика - оқушылардың жан-жақты ойлау қабілетін дамытатын ғылым. Демек, бұл жерде пәнді оқытуда, тәжірибе алмасуда артта қалуға болмайды. Сол себепті, математика пәнін оқытуға ерекше көңіл бөлу қажет.

Осы мәселелерді ескере отырып, математика бағдарламасынның талаптарын жетік талдап, оны орындауға күш салу керектігі айқын.

Білім сапасын арттыруға негізгі әсері бар сабақ екені белгілі. Сабақтар барлық талаптар ескеріле отырып өткізіледі

Сабақ өткізбес бұрын сыныптағы әрбір оқушының білім жағдайын анықтап аламыз. Олармен істелетін жұмыстар да алдын-ала белгіленгені жөн.

Әр түрлі дәрежедегі оқушылармен жұмыстар

Деңгейі
6-сынып
-сынып
Аты жөні
Істелетін жұмыстар
Аты жөні
Істелетін жұмыстар
№: 1
Деңгейі: өте жоғарғы деңгейдегі оқушы (медалист, үздіктер)
6-сынып:
-сынып:
№:
Деңгейі:
6-сынып:
-сынып:
№:
Деңгейі:
6-сынып:
-сынып:
№: 2
Деңгейі: Жақсы деңгейдегі оқушылар(озаттар, кейде үші бар)
6-сынып:
-сынып:
№:
Деңгейі:
6-сынып:
-сынып:
№:
Деңгейі:
6-сынып:
-сынып:
№: 3
Деңгейі: Қалыпты деңгейдегі оқушы(үнемі үшке оқитын)
6-сынып:
-сынып:
№:
Деңгейі:
6-сынып:
-сынып:
№:
Деңгейі:
6-сынып:
-сынып:
№: 4
Деңгейі: Денсаулығы нашар
6-сынып:
-сынып:
№: 5
Деңгейі: Қиын балалар (жағдайсыз отбасы балалары)
6-сынып:
-сынып:
№:
Деңгейі:
6-сынып:
-сынып:
№:
Деңгейі:
6-сынып:
-сынып:
№: 6
Деңгейі: Сабақты себепсіз жиі босататын оқушылар
6-сынып:
-сынып:
№:
Деңгейі:
6-сынып:
-сынып:
№: 7
Деңгейі: Нашар үлгеретін оқушылар(еріншек жалқаулығы барлар)
6-сынып:
-сынып:
№:
Деңгейі:
6-сынып:
-сынып:
№:
Деңгейі:
6-сынып:
-сынып:
№: 8
Деңгейі: Нашар үлгеретін шамалары жетпейтіндер
6-сынып:
-сынып:
№:
Деңгейі:
6-сынып:
-сынып:
№:
Деңгейі:
6-сынып:
-сынып:

Сабақты түрлендіріп, жаңа технология элементтерін қолдана отырып өткізу оқушының сапалы білім алуына әсері мол. Ол үшін жаңа технологияларды сабақтарда пайдаланудың жоспары жасалды.

Жаңа технологияларды математиканы оқыту барысында пайдалану


Ұқсас жұмыстар
Бірлестік жоспары
Орта қол ұстаз – баяндайды, жақсы ұстаз – түсіндіреді, көрнекті ұстаз – көрсетеді, ұлы ұстаз – шабыттандырады.
Жай бөлшектер қосу және азайту тарауы бойынша бақылау жұмысы
Көрсеткештік және логарифмдік теңдеулерді шешу.
Сыныптан тыс жұмыстың жоспары
Сайысқа қатысушылар
Өткенімізге үңілсек, сыр тартар бізге келешек. сыныптан тыс жұмыс
Курстың міндеті
"Өзіндік білім көтеру" жоспары
Кім қырағы, кім шапшаң
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz