Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Балқаш көлі

Абдуова Айгүл Бегімбаевна
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі
Қарағанды қаласы
№ 32 орта мектеп

Экологиялық пресс-конференция сабағы <<Балқаш көлі>>

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Балқаш көлі туралы мағлұмат беру,көлдің экологиялық жағдайына тоқтала отырып,оның проблемасын ашу.
Дамытушылық : Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тілдерін дамыту, сөйлеу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік: Туған жердің табиғатын аялауға үйрету,Отанға деген патриоттық сезімдерін ашу.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР картасы,Балқаш көлінің картасы, үлестірме қағаздар, кесте, мәтін,суреттер.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес,пресс-конференция сабағы
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: география,биология.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа деген дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2.Жаңа сабақ.
Тақтада жаңа сөздер ілулі тұрады:
амур балығы - амур
қаяз - усач
қабан - кабан
киіктер - сайгаки
алабұға - окунь
құяды - впадает
шабақ балық - чебак
ақбалық - жерех
табан - лещь
жайын - сом
бұғаз - пролив
зардабын тигізу - несет нежелательные последствия

Мұғалім:
Бүгінгі біздің сабақ пресс-конференция түрінде өтеді. Пресс-конференцияға қатысатын 8 сынып оқушылары.Олардың ішінде: тілшілер, журналист, экологтар, Балқаштан келген қонақтар.
Осы кісілердің баяндамаларын тыңдап,журналист,тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып,біз Балқаш көлінің тағдырымен танысамыз.Бұл көлді жете білуге тырысамыз.
Ал,журналиттер өздерінің жазатын мақаласының тезисін жазуға келген.Ендігі сөз,бізге Балқаштан келген қонақтар не дайындап әкелгенін тыңдап көрейік.

Балқаштан келген қонақтар баяндамасын оқиды.
Балқаш көлі.
1 қонақ: Балқаш көлі - Каспий теңізі мен Арал теңізінен кейінгі ірі көлемді және ағынсыз су қоймасы. Көлдің ұзындығы - 614 шықырым, ені - 3,5-нан 44 шақырымға дейін жетеді. Ең терең жері 26 метрге дейін барады. Айдын көлдің аумағы 18200 шаршы шақырым болса, тоғандарының ауданы - 413300 шақырым.
2 қонақ: Балқаштың бір ерекшелігі - оның жіңішке бұғазбен жалғасып жатқан батыс және шығыс бөліктерінің минералдарының екі түрлі болып келетіндігі.Батыс бассейні бұрын суы көп болған Іледен толығатын болғандықтан суы тұщы болады да,шығыс бөлігі ащы.Қазір көлге Іле, Қаратал ,Ақсу,Аягөз және Лепсі өзендері құяды.
3 қонақ: Бұл көл төрт облысты - Алматы,Қарағанды,Жамбыл, және Шығыс Қазақстан облыстарын тоғастырып тұр.Батысында ең сусыз және тіршілік иелері өте аз кездесетін Бетпақдаламен шектеседі.
4 қонақ: Балқаштың табиғаты өте таңқаларлық және оның қарама-қайшылықтары да аса көп.Климаты - күрт континентальды.Жазғы,көктемгі және күзгі маусымдарда ағып құйылатын су түгелге жуық буланып кетсе де,көлдің деңгейі 12 текше шақырымнан 200 текше шақырымға дейін ауысып отырады.
5 қонақ: Көлдің фаунасын атап өтсек, сазан, Амур балығы, шабақ балық, каяз балығы, ақбалық, табан, жайын және басқаларын атауға болады. Көлден жыл сайын 8-10 мың тонна балық ауланады. Балқаш ақбалығы мен оның алабұғасы Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген. Аралда өліп қалған шабақ балықтар мен Арал каязы тек осында ғана сақталған. Оңтүстік Балқаш жағасындағы қамыс тоғай арасында, өзен жағалауларында жыл сайын мыңдағын түрлі құстар мекендейді. Солардың арасында Қазақстанның Қызыл кітабына жазылған жиырмадан астам құс түрі бар. Бұл жерде қабандар мен ондатралар, киіктер көптеп саналады.
Баяндамадан кейін тілшілер (екі тілші ) қонақтарға сұрақтарын қоя бастайды.
1 тілші:
1.Балқаш көлі қайда орналасқан? (Орталық Қазақстанда)
2.Көл неше облысты тоғастырып тұр? ( 4 - Алматы,Қарағанды,Жамбыл, және Шығыс Қазақстан облыстарын).
2.Көлдің ұзындығы,ені,тереңдігі қандай? (614 метр, 3,5-нан 44 шақырымға дейін метр,26 метрге дейін метр).
3.Балқаштың ерекшілігі қандай? (батыс жағы түщы,өйткені Іле өзені құяды,шығысы - тұзды).
2 тілші:
1.Балқаш көліне қандй өзендер құяды? (Іле, Қаратал ,Ақсу,Аягөз және Лепсі)
2.Балқаштың табиғаты қандай? (табиғаты таңқаларлық,ғажайып)
3.Көлде қандай жануарлар мен балықтар бар? (сазан,амур балығы,қаяз балықтары мен қабан,ондатра,киіктер).
(Журналист осы кезде кластер түрінде тезисін құрай береді.)
Мұғалім:Сіз мақалаңыздың тезисін жасап жатырсыз.
Мұғалім:Міне,Балшқапен танысып жатырмыз.Көлдің қайда орналасқанын, Балқаштың ғажайып ерекшелігін - шығыс бөлігінің және батыс бөлігінің сулары бөлек екенін.Ал енді,Балқаштың экологиялық жағдайы қандай екен? Экологтардың пікірін тыңдап көрейік.
Эколог: (Баяндамасын оқиды)
Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген Балқаштың қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі -- Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей, суармалы егістерге жұмсалды. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай суқоймасы да әсер етеді.
Көлдің суын, күріш алқаптары пайда болып, ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 пайызға азайды. Балқаш көлі соңғы жылдары 2,5 метрге жуық төмендеп отыр.
Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр.Су мен ауа ластанып,тұрғындардың денсаулығы нашарлады және көлдегі балық саны азая бастады.Құстардың түрлері де азайып кеткен. <<Қызыл кітапқа>> енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.
Мұғалім:Рахмет баяндамаңызға.Мұнда тілшілер жағынан сұрақтар туындады.
Тілшілер:
1.Судың азаюына қандай Қапшағай суқоймасы ықпалы тиді? (Қапшағай суқоймасы)
2.Су деңгейі қанша метрге төмендеген? (2,5 метрге)
3.Балықтар неге азайды? (су деңгейі төмендегеннен,су ластанғаннан)
Мұғалім: Бүгінгі пресс-конференциядағы қонақтардың арқасында біз Балқаштың тағдырымен таныстық.Ендігі сөз журналистке берейік.
Журналист: (тақтаға шығып жазады: кластер,оқушылар дәптерлеріне жазып алады).
Бүгінгі тақырыптың тезисі осындай: <<Көл тағдыры - біздің келешегіміздің тағдыры>>.
Мұғалім: Баяндамаңызға көп рахмет.Халқымыз жерді аса құрмет тұтып,оған бас иген.Біздің бұл әрекетіміз Қазақстанның кәусары болып саналатын бірегей көлді сақтап қалу.Әрине,біздің де қолымызда болмаса да,басқа да уақытта да табиғатқа қастандық етпеуге тырысайық.Өзіміздің қоршаған ортамызды таза ұстау өз қолымызда. Табиғатты аялайық!
Қорытынды.
Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Өзен және көл. 4 сынып
Жайсан көлі
Өзендердің шаруашылықтағы пайдасы
Ірі көлдер
Балқаш таңы. кәкімбек салықов.ана тілі, 4 сынып
Өзеннің өұяр жері
Көлдер
Қазақстандағы экологиялық проблемалар мен әлеуметтік-демографиялық үрдістер (1946-1991)
Қазақстанның табиғат кешендері
Тұзды шашпа
Пәндер