Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Тақырыпты ашу
Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның 1 модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивті есеп.
Тізбектелген сабақтар топтамасына <<Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау>> модулінің енгізілгені туралы рефлексивті есебі.
<<Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдында, айналсаң артыңда тұрғандай>>,-деп Сократ айтқандай, егеменді еліміздің алдыңғы саптағы 30 мемлекеттің қатарына қосылуына табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласын түбегейлі өзгерістерге әкеліп, жаңа талаптар қойып отыр. Соның бірі білім саласындағы қарқынды үдеріс.Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.
<<Адамзат табиғатының терең қасиеттерінің бірі адамдардың өз дәрежесінде бағалануына деген құштарлық болып табылады.>>
У. Джеймс
Білімнің нәтижесі оқыту, оқу, бағалаумен тығыз байланысты.
Бағалау- одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
(Мұғалімге арналған нұсқаулық. 52 бет)
Бағалау тарихына тоқталатын болсам, 1917 жылға дейін оқушылар білімі балдық жүйеде бағаланды. Баға нөлден беске дейін алты балдық жүйеде қойылды. Кейін нөлдік баға жойылып, бес балдық жүйе қабылданды. 1917 жылдан соң тіпті, оқу жүйесінде бағалау, баға қоюуға қарсылық та болды. 1918 жылы Кеңестік өкімет жарлығымен оқушы білімі мен тәртібін балдық жүйемен бағалау мектеп тәжірибесінен мүлдем шығарылды. 1932 жылдан бастап жеке оқушының білімі оның даралықты ерекшеліктерімен жүйелі бағалау принципі негізінде орындалатын болды. 1935 жылы бес сөздік баға, 1944 жылы сөздік баға сандық бағаға ауыстырылды. Яғни бағалаудың тарихи тым тереңде екенін байқаймыз.
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтыр жатады. (Александер 2001) (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 52-бет)
Менің тізбектелеген сабақтарымның ішіндегі алғашқысы <<Отырықшы және көшпелі мәдениеттің байланысы тақырыбындағы мақсатым - <<Сыни тұрғыдан ойлайтын, құзіретті оқушы қалыптастыру>>. Сабақта топпен жұмыс жасайтындықтан , оқушыларды шаттық шеңбер бойына шақырдым. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін
<< Жаңбырдан кейінгі сезім >> атты сергіту сәтін ұйымдастырдым. Тақырыпқа байланысты 4 түрлі суреттер бойынша топқа бөлінді.Үй тапсырмасын жаңа сабақпен байланыстыру үшін тапсырма << Тарихи сынақ хат >> әдісі арқылы орындалды. Тапсырма жұптық жұмысқа негізделді . Мәтінннің қалып кеткен негізгі ұғымын толықтыру тапсырмасы берілді . Тапсырманың жауабы слайд арқылы көрсетілді. Оқушылар өз жұмысының қателігін түзетті. Тапсырманың бағасын топбасшылар бағалау парақшасына түсірді.
Оқушылар өздерінің сыныптастарын бағалауға тартылу қажет, әрі мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде бұл үдеріске оқушылар да белсенді қатысуы қажет. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 54 бет)
Қызығушылықты ояту бөлімінде бейнефильм көрсетілді. Оқушыларға бейнефильмді көре отырып фильмнен түйген ойларын байқау үшін: << Екі мәдениет арасындағы ешқашан үзілмейтін байланысты қалай түсінісіңдер ? >> деген сұрақ қойылды. Арай есімді оқушы өз ойын еркін жеткізді. << Және кімде қандай ой бар ? >> деп сұрақты қайта бағыттадым. Н . есімді оқушым да тұжырымды ой айта алды. Оқушыларды смайликтер арқылы бағаладым.
Смайликтер арқылы бағалау
Оқушыларды бағалау үшін формативті бағалауды тиімді пайданала отырып, ең алдымен <<Маңыздылық>> қағидасына сүйендім. Яғни тақырыптың ең маңызды бөлігіне, бағалауға тұрарлық нәтижесіне сүйендім. Тапсырманы бере отырып өзіме: <<Оқушы жұмысының бағалауға тұрарлық әрекеті бар ма ? >> деген сұрақ қойдым. Сабағымның мағынаны тану бөлімінде постермен жұмыс жасау тапсырылды. Оқушылар алғашында жұптаса, сосын топта ортаға ойларын тастап, қорытындыны постерге түсірді. Бұл тапсырманың құнды орындалуы үшін <<Критерий>> дайындадым және оны тақтаға іліп қойдым. Оқушылар критерийге мән бере отырып, жұмыстарын дайындады. Жұмыстың нәтижесі критерий арқылы бағаланатындығын атап өттім. Топтағы оқушылар қызу жұмысқа кірісті. Топ басшысы өзінің ұйымдастырушылық қабілетін көрсете білді. Оның іс-қимылына қарап, қызығушылығын оятқаныма өзім қуандым. Шәкіртіңнің әр жетістігі біз үшін мақтаныш екендігін ғұламалар бекер айтпаған екен. Әр топтың баяндамашылары жасаған постерлерін қорғап шықты. Жұмыс критерий бойынша сәйкес жасалған. Постерді қорғаған оқушыларға жұлдызша бердім. Жұлдызша алған оқушылар талпынғандар ғана білім алатындығын сезінгендей болды.
Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет. Сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін, кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеуі қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықылас пен әрекет етуді қажет етеді. Аталған тұжырым оқыту мен оқу тәжірибесі үшін өте маңызды және өзекті. (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 54-бет)
-Мазмұнның ашылуы
-Жүйелі баяндалуы
-Эстетикалық талапқа сай болуы
Критериалды бағалау
Бағалау -оқу процесінің ажырамас бөлігі. Бағалау үшін менің сүйенетін келесі қағидам: <<Дәлдік>> . Бұл қағида үшін өзіме : <<Оқушылардың мақсат тұтқан нәтижеге түсіп, керекті білім мен білік меңгергенін қандай тапсырма дәл көрсете алады? >> деген сұраққа жүгіндім. Сабағымның қорытынды бөлімінде <<Роун - Робин>> әдісі арқылы оқушыларға тапсырма бердім. Бұл әдіс бойынша оқушылар тақырыптан бір тұжырымды мәлімет айту керек. Мәлімет қайталанбауы шарт. Барлық оқушылар тізбектеле бір - бір мәліметтен айтып шықты.
Алғашқы сабағымда жиынтық бағалауға уақыт жетпеді. Сондықтан келесі сабағымды жоспарлауда кемшілікпен жұмыс жасау керектігін білдім.
<<Отырықшы және көшпелілердің материалдық мәдениеті>> деген екінші сабағымдағы мақсатым - оқушылардың тақырып бойынша білімдерін шыңдай отырып, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.
Топқа бөлу кезеңі алғашқы сабаққа қарағанда жылдам өтті. Үй тапсырмасын жаңа сабақпен байланыстыру мақсатында <<Домино>> әдісін қолдандым. Бұл тапсырма ойын түріне негізделгендіктен оқушылардың қызығушылықтары басым екендігін көрсетті. Тапсырма межесіне жеткен соң өзара бағалауға жағдай жасадым.
Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі; Яғни бір - бірінен білім алуға, бір - біріне қолдау көрсетуге көмектеседі.
Өзара бағалау
Сабағымның мағынаны тану бөлімінде <<РАФТ>> әдісін қолдандым. Тақырып үш топқа бөлініп, соңғы топқа шығармашылық тапсырма берілді. РАФТ әдісі бойынша тақырып кезеңіне кіріп, автор түрінде ойды дәптерге жазу тапсырмасы берілді. Оқушылар арасында жұптаса тақырыпты оқып, кейіннен әңгімелесе келе ойларын ортаға салды. Оқушының басқа оқушылармен әңгімелесу арқылы бір-бірімен диалогтық қарым - қатынаста болып, олардың сыни тұрғыдан ойлауы дамиды.
Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу - қарым- қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес керісінше идеялар екі бағатта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдаған. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 54 бет).
Тапсырманы орындап болған оқушылар дәптердегі жазбаны оқуға ортаға автор орындығына отырды. Бұл сабақтың ең жемісті сәті деп есептедім. Өйткені оқушы тақырып мәтінін оқи отырып, сол кезеңге өзін енгізуге тырысты. С. есімді оқушым: <<Мен Испиджаб қаласының тұрғынымын>> дей келе, сыни тұрғыдан ойланып, өзінің тіршілік жағдайын түсіндірді.
С. есімді оқушымның мәліметтерді оқулықпен байланыстары отырып, рөлге енуі мені қатты таңғалдырды. Бұл әдісті қолдана отырып мен оқушы бойынан сыни тұрғыдан ойлана алатын, белсенділік және шығармашылық қабіліттерін байқадым. <<Испиджаб қаласының тұрғынына қандай сұрақтарың бар? >> деген сұрағыма жан-жақтан оқушылар өздерін қызықтырар сұрақтарын қойды. Н. есімді оқушымның <<Ұсталық кәсібіңіздің наны отбасыңызды асырауға жете ме?>> деген сұрағы мен үшін де өте қызықты болды.
Автор орындығына отырған оқушыларды <<Жұлдызша>> арқылы бағалап, мақтау сөздерімді айтып отырдым.
-Жарайсың!
-Өте дұрыс!
-Өте орынды пікір!
-Міне керемет!
Сабақ барысы <<Тапқырлық >> тапсырмасымен жалғасты. Тапсырманың бірінші рет орындалғалы отырғанына байланысты оның ережесін таныстырдым. Яғни қойылған сұраққа тек мұғалім көрсеткен әріптен басталатын сөзбен жауап беру керектігі айтылды. Сыныпта А. Н. М. есімді оқушылар өздерінің зеректігін көрсетті. Олардың жауабына мақтау сөз айтып, бармақ арқылы бағалауым кейбір оқушылардың қызығушылығын тудырды. Әдетте, дәстүрлі сабақта мұғалімнің мұндай әрекетін көрмеген оқушыларым таңырқап та, қызығып та қалғандай болды. Оқушыларымның мұғалім мадақтауын қажет ететіндігін, жылы сөз естіген сайын оқуға талпынатындығын, өзін мадақтауға лайықты дәрежеге жеткізу керектігін сезінгендей болуы, менің жақсы нәтижеге қол жеткізгендігім деп есептедім.
Тізбектелеген үшінші сабағымның тақырыбы <<Сәулет өнері және өнер>>. Мақсатым: VІ-ІX ғасырлардағы сәулет ескерткіштері және сол кезеңдегі сәулет өнері мен таныса отырып, оларды құндылықтарын бағалай алатын оқушыларды қалыптастыру. Үйге берілген тапсырманы ойын түрінде өткіздім. Топ мүшелері қызыл парақшаға - сұрақ, жасыл парақшаға -жауабын дайындап, араластырып, келесі топқа береді. Олар сәйкестендіріп тапсырманы орындайды. Тапсырманың дұрыс-бұрыстығын тексеру үшін дайындаған топқа қайтарады. Бұл ойыннан кейін топтар бірін - бірін бағалау үшін <<Бағдаршам>> әдісін түсіндірдім. Топтық жұмысты тексере келе І топ - жасыл түсті иемденді, ІІ топ- сары түсті ІІІ және ІV топ - жасыл түсті иемденді. Бұл бағалау әдісінде жасыл түсті - барлық жауабы дұрыс болса, сары түсті - бір немесе екі сұрағы бұрыс болса, ал қызыл түсті - бұрыс жауабы үштен көп болса берілетіндігін айттым. Келесі жолы 4 топқа да жасыл түсті алуға күш салу керектігін айттым.
Бағдаршам арқылы бағалау
Қызығушылықты ояту сәтінде www.youtube.com интернет сайытынан Ақыртас, Баба ата архитектуралық ғимараттарының тарихы жайлы бейнефильм көрсетілді. Оқушылар бейнефильм арқылы ғимараттардың орналасқан жерін, салыну тарихы баяндалатын мәліметтермен таныс болды.
Мағынаны тану бөлімінде <<Топтық тергеу >> тапсырмасы берілді.
І топқа - орналастыр (картамен жұмыс
ІІ топқа - жүйеле (кесте құру)
ІІІ топқа - бейнеле (сурет салу)
ІV топқа - талда (Неден жасалған? Қалай жасалған?)
Топ мүшелері қызу жұмысқа кірісті. Топтық жұмысқа онша қатыспай отырған екі оқушыны байқадым да, оларға тақырып бойынша семантикалық картаны толтыруды тапсырдым.
Топтардың жұмысы барысында Мерсердің зерттеуіне сәйкес топтық әңгіме орын алды.
Топтық әңгіме барысында байқалатын жайлар:
1) Айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе береді.
2) Әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы;
3) Идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағаланы бермейді. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 40 бет).
І топ - Орналастыр тапсырмасы бойынша тақтаға А. Б. Қ. М. есімді оқушылар шықты. Олар картаға Ақыртас, Баба-ата , Якка сардобасын және Мырзарабат сардобаларын стикер арқылы орналастырды.
Таныстырылым топтық жұмыс нәтижесінде өтті. А. есімді оқушы Ақыртас ғимаратын картаға орналастырып және сол жайында мәліметтер айтып өтті. Б. есімді оқушы Баба-ата мешітін картаға стикер арқылы орналастырып, Баба-ата мешіті жайлы мәліметтерді айтты. Қ. есімді оқушы Якка сардобасы жайында айтса, М. есімді оқушы Мырзарабат сардобасын стикер арқылы картаға орналастырып, мәліметтерін айтты.
Келесі топ - <<Жүйеле>> тапсырмасын орындау үшін, постерге түсірген жұмыспен тақтаға шықты. Діни сәулет өнеріне қатысты кестені түсіндірді.
ІІІ топ - <<Бейнеле>> тапсырамсын орындау үшін VІ - ІX ғасырлардағы бейнелеу өнерінің үлгісін сурет түрінде постерге түсірді.
Нені қосу керектігі - тілек түрінде жұмыстың ұтымды тұсын - жұлдыз түрінде мадақтау.
ІV топ - <<Талда>> тапсырмасы бойынша қолданбалы және мүсін өнері жайында таныстырылымға шықты. Топтық тапсырманы орындап болған соң оқушыларға жұмысты бағалау үшін <<Екі жұлдыз, бір тілек>> үлгісінде бағалау керектігін айттым
Екі жұлдыз, бір тілек
Мұғалім мен сыныптастарының ескертулері мен ұсыныстары сыныптастарды бағалау үдерісін дамытуға ықпал етеді.
Өзін- өзі бағалау- оқушыны бағалау үдерісінің кейбір немесе барлық аспкетілеріне тарту үдерісі. Кейде өзін- өзі бағалау міндеттері оқушылардан өздеріне, өздерінің білім алуына қатысты рефлексия жасауын талап етеді, яғни олар өзінің оқу үдерісін қалай жақсы ұйымдастыруға болатындығы , тапсырманы орындауға арналған оқытудың қандай да бір стратегияларын таңдаудың негізділігі туралы ойлануға тиіс.
Осылайша өзін- өзі бағалау негізінен өзін- өзі реттеумен байланысты, Циммерман (2001) өзін - өзі бағалауды <<Өзінің оқу үдерісінде оқушылардың метатанымдық, ынталандырушылық және мінез - құлықтың белсенділігі ретінде сипаттайды >>. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 50 бет).
Бағалауды жүргізе отырып, менің келесі негізгі қағидам <<Жариялылық>>,
яғни оқушыны дәстүрлі оқыту кезінде журналға бағаны оқушының әрекеті үшін қойып отырамыз. Бірақ кейде оқушы қандай баға алғаныны білмей де жатады. Ал бағалаудың оқушы қандай үлгіде және қандай тәсілмен алатындығын білуі керек деген ойға келдім.
Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немес оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады, кейде оны оқуды бағалау деп атайды ( Мұғалімге арналған нұсқаулық. 52-бет)
Осы үшінші тізбектелген сабағымда мен жиынтық бағалауды (оқуды бағалау) өз уақытында үлгердім. Сабақты қорытындылап болған соң, топбасшылардың белгілеп берген парағын негізге ала отырып және өздерінің жинаған жұлдызша, смайликтерін есепке ала отырып, Арай ,Нұрсұлтан, Үміт,Аружан есімді оқушыларым <<5>> деген баға, Бағдәулет, Айжанар, Сымбат және Жібек <<4>> деген баға, ал Азамат, Еркебұлан, Айнұр есімді оқушыларым <<3>> деген баға алды.
Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал ететін (яғни, анықтайтын мәнге ие) шешім қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, яғни бұл ақпарттың мазмұны мен оның қандай жағдайларда жиналғанын қатаң қадағалау
Оқуды бағалаудың мақсаты-оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау
қажет. ( Мұғалімге арналған нұсқаулық. 52-бет)
Жиынтық бағалау.
Тізбектелген төртінші сабағымдағы ұтымды шыққан бағалаудың түрін көрсеткім келіп отыр. Сабақтың қорытынды тұсында тақырып бойынша оқушыларға эссе жазу тапсырмасы берілді. <<Халақ ауыз әдебиеті, жазу, дін>> жайлы қысқаша эссе жазу берілді.
Тақырыпты ашу
Дәлелдер
Қорытынды ой үлгісінде жазылды. 5 минут уақыт берілді. Оқушының тақырыпты қаншалықты білгендігі айдан анық көрініп тұрды.
Эссе-бағалаудың өте тиімді тәсілі. Эссе-оқушының сабақта қандай білім алғандығын және қалайша жұмыс жағандығының дәлелі
Набат Арай есімді оқушымның жазған жұмысында тақырыпты аша білуі, оған дәлеледерді нақты келтіруі және өзінің қорытынды ойын жазуы өзге оқушылардың қызығушылығын арттырды.
Эссе жазу арқылы бағалау
Мен Кембридж бағдарламасы бойынша курсқа келгенге дейін бағалау үдерісіне мүлдем мән берегендігімді байқадым. Бағалаудың бала үшін өте маңызды құбылыс екендігін білдім. Әрине, оқушының өзін-өзі бағалай білуі болашақта қоғамдағы өз орныны адаспай таба білуіне септігін тигізеді. Менің тағы бір байқағаным оқушылардың сабаққа оң көзқараспен қарай бастағандығы. Осы пәнге деген ынталарын одан да ары арттыра түскілері келетіндіктерін көріп, керемет қуандым. <<Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау>> модулін теориялық білімде жетік біле отырып, оны іс-тәжірибе арқылы тиімді пайдаланғаным жақсы нәтиже көрсетті.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық 2014
2. Қазақ мектептерінде <<Кембридж>> тәсіліне негізделген жаңаша оқытудың бүгінгі баспалдақтары. Ж. Боранбаев. Алматы <<Білім>> баспасы 2012
3. Қазақстан тарихы 7-сынып

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz