Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Литерлік шамаларға қолданылатын операциялар әлеміне саяхат

Сабақтың тақырыбы: <<Литерлік шамаларға қолданылатын операциялар>> әлеміне саяхат
Сабақтың мақсаты: Литерлік шамаларға қолданылатын операциялар тақырыбын пысықтау, шыңдау, қорытындылау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, өз бетімен іздену дағдысын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: ойын, деңгейлік, жеке оқушымен жұмыс.
Көрнекілігі: кесте, үлестірме материалдар, интерактивті тақта.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, зейінін сабаққа аударып, сабақ мақсатын баяндау, сабақ түрімен, өту жоспарымен таныстыру.
Мұғалім: Біз бүгінгі сабағымызда ұшақпен <<Литерлік шамаларға қолданылатын операциялар>> әлеміне саяхатқа шығып, осы тақырыптан алған білімімізді саралап сұрақтарға жауап беріп, есептер шешу практикумын орындаймыз. Ұшаққа отыру билетін алып, қандай ұшақпен ұшатынымызды біліп, ұшаққа орналасайық.
ІІ. <<Шапшаңдық гимнастикасы>>
Тақтада алдын ала ілінген (бір жағында сұрақ, бір жағында әріп) дөңгелекшелерде жазылған сұрақтарға жауап алу.
1. Литерлік шама дегеніміз не? (тырнақшаға алынған ASCII кодындағы кез келген символ);
2. <<+>> белгісі қандай операция (біріктіру);
3. Жолдық типтің max ұзындығы (256-ға дейін);
4. Мәтін ұзындығын анықтайтын қызметші сөз (ұзын);
5. <<Математика>> мәтінінің ұзындығын анықта (10);
6. Бос мәтін дегеніміз не? (бірде-бір символы жоқ мәтін).
Р
А
П
Л
Ұ
Т

oo Сонымен, біз ТҰЛПАР ұшағына орналастық. Ал ұшаққа негізінен жолаушылар музыка тыңдайды, газет оқиды, сөзжұмбақ шешеді, ал біз <<Білім және дәстүр>> сынынан өтейік. Ол үшін мына тапсырмаларды орындаймыз.
ІІІ. <<Білім және дәстүр>> сыны тапсырмалары:
№1 тапсырма. 1. <<Білім сыны>> кестемен жұмыс (кестені толтыру)
Функциялар
Процедуралар

2. <<Дәстүр сыны>> сұрағы: Жеті қазынаны ата. Жауабы: ер жігіт, жүйрік ат, құмай тазы, берен мылтық, қыран бүркіт, қанды ауыз қақпан, өткір кездік.
№2 тапсырма. 1. <<Білім сыны>> <<Ұшқыр ойдан - ұтымды жауап>> Тұжырым дұрыс болса 1 санын, дұрыс болмаса 0 санын жазыңдар.
Теориялық диктант
Concat- тіркесу (жолдардың жалғасуы)
Length- s жолындағы n позициясынан бастап k дана символдарды қиып алу.
Copy- жолдың ұзындығын анықтау
Delete- жолындағы n позициясынан бастап k символдарды жою.
Insert- s жолына s1 бағыныңқы жолын n позициясынан бастап кірістіру. Жауабы:10011
2. <<Дәстүр сыны>> сұрағы: Ұлыстың ұлы күні туралы не білесің?
№3 тапсырма. 1. <<Білім сыны>>
2. <<Дәстүр сыны>> сұрағы: Ұлттық оындарды ата. Жауабы: көкпар, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ т.б.

IV. Сергіту сәті
Жерді жыртамыз,
Картопты отырғызамыз.
Бетін тегізтейміз.
Картопты қазып аламыз,
Қайтадан тегістейміз.

oo Міне , <<Білім мен дәстүр>> сынынан өтіп, межелі жерге де жеттік.
V. Деңгейлік тапсырмалар: (практикум)
1. Міндетті деңгей
Программа үзіндісінің орындалу нәтижесін компьютерсіз анықтау.
a:='ПАСКАЛЬ'; delete(a,1,2); delete(a,5,1);
b:='РОМАН';
a:=a+copy(b,4,1);
insert(`ТИКА',b,6);
writeln(`a=',a, `b=',b);
2. Лайықты деңгей
Т жолы <<Информатика>>-ға тең Сөздер құрастару программасын орындау керек.
КИНО, ФОРМА, ФИРМА
3. Жоғары деңгей
<<б>> әріпін <<ку>> буынына ауыстыру программасын орындау керек.
VІ. Қорытындылау:
oo Міне, қайтатын да уақыт жетті. Саяхатқа шыға отырып, <<Литерлік шамаларға қолданылатын операциялар>> тақырыбынан алған білімдерімізді көрсеттік. Бізді әуежайда туыстарымызбен бірге журналистер де күтіп тұр екен. Журналистердің: <<Литерлік шамаларға қолданылатын операцияларға саяхат жасауда не ұғындың? Не білдің?>> деген сұрақтарына жауап беріп сабақты қорытындылайық.
+ Үйге тапсырма беру:
+ Бағалау
Бағалау парағы
Шапшаңдық гимнастикасы
<<Білім мен дәстүр>> тапсырмалары
Деңгейлік тапсырмалар
Оқушы бағасы

№1
№2
№3
Міндетті деңгей
Лайықты деңгей
Жоғары деңгей

+
+
+
+
+
+
+
<<5>>
+
+
+
+
+
+

<<5>>
+
+

+
+
+

<<4>>
+
+
+

+
+

<<4>>
+
+
+
+

<<3>>

Ұқсас жұмыстар
Бейсик тілінде литерлік шамалармен жұмыс
Сызықты және тармақты алгоритмдерге есептер шығару
Бедербелгілік шамалар. 9 сынып
Алгоритмді жазу пішімі
Ток күшінің формуласы
Visual basic ортасында программа құру поцесінде шартты операторды пайдалану
Металдар әлеміне саяхат
Геометриялық пішіндердің ғажайып әлемі
Шығару операторы
Тақырып Сандар әлеміне саяхат
Пәндер