Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қылмыс және қылмыстық жауапкершілік

9 класс.
Сабақтың тақырыбы: Қылмыс және қылмыстық жауапкершілік.
Сабақтың мақсаты: а) Қылмыс, қылмыстың қоғамға қауіпті әрекеті, кәмелетке толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік жаза және оның түрлері, кінәні жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
б) Оқушылардың құқықтық білімін көтеру жауапкершілігін арттыру.
в) Заңды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдістері: Ой шақыру, баяндау, жекелей және топтық жұмыс.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
- Қылмыстық құқық деген не?
- Қылмыстық құқық құрылымы қандай?
- Қылмыстық құқықтың ұстанымдары.
ІІІ. Жаңа сабақ.
<<Қылмыс және қылмыстық жауаптылық>>
1. Ой шақыру:
- Қылмыстың жасалуына итермелейтін факторлар
2. Қылмыс.
Қылмыс дегеніміз - заң қылмыс деп танитын әрекет немесе әрекетсіздік.
3. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі. Ерекшелігі.
4. 14 пен 16 жас аралығындағы қылмыс жасаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі.
5. Жауапкершіліктен босататын жағдайлар.
6. Қылмыс үшін жазалау:
- Айып салу (айыптың мөлшерін сот белгілейді)
- Құқықтан айыру (істеп жүрген қызметі құқығынан, лауазымды орнынан алу);
- Қоғамдық жұмысқа тарату (сотталған адамды өзінің негізгі жұмысынан тыс қоғамдық пайдалы еңбекке тарту);
- Еңбекпен түзету жұмысы (сотталған адам сотта белгіленген мерзімде өзінің жұмыс орнында еңбек етіп өтейді);
- Бас бостандығынан шектеу (сотталушыны арнайы, қоғамнан оңашаламай ұстау);
- Тұтқындау (сотталушыны қоғамнан қатаң түрде оңашалау);
- Әскери тәртіп бөлімінде ұстау (әскери қылмыс жасағаны үшін қолданылады);
- Бас бостандығынан айыру (сотталушыны қоғамнан оңашалау, тұзету колониясына, абақтыға орналастыру);
- Сотталушының мүлкін тәркілеу (сотталушының мүлкін түгелдей немесе оның белгілі бір бөлігін төлемсіз, мәжбүрлеу жолымен мемлекет меншігіне алу).
7. Қылмыскердің кінәсін жеңілдететін жағдайлар:
- Кінәлі істеген қылмысының зардабын өзі жойса;
- Адам қылмысқа отбасы ауырлығы жағдайында, тағдыр басқа салған тауқымет салдарынан барса;
- Қылмыс әлдекімнің мәжбүрлеуінен - қорқытуынан, материалдық жағынан тәуелді етуінен жасалса;
- Қылмыс жәбірленушінің шектен асқан, жөнсіз әрекеті салдарынан туған терең толқыныс пен тебіреніс үстінде жасалса;
- Адам аңдаусызда жасап алған қылмысына шын жүректен қатты өкінсе;
- Қылмыс қажетті қорғаныс кезінде, қызмыскерді ұстау, бұйрықты орындау кезінде жасалса.
8. Қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар:
- Қылмысты бұрын қылмыс жасаған адам қайталап жасаса;
- Қылмысты адамдар тобы ұйымдасқан түрде жасаса;
- Қылмыс жас балаға, қарт адамға қарсы және адамның дәрменсіз жағдайында жасалса;
- Қылмыстың арты ауыр зардапқа әкеліп соқтыса (адам өлімі, көп мөлшердегі бағалы заттардың жойылуы, т.б.);
- Қылмысқа балалар немесе психикалық кемтар адамдар тартылса;
- Қылмыс ерекше қатыгездікпен, жәбірленушіні қорлау, оның қадірін, арын аяққа басу әрекеттерімен жасалса;
- Қылмыс табиғат апаты немесе басқа да төтенше жағдайды бүркемеленіп жасалса;
- Қылмыстан қоршаған ортаға зиян келтірілсе:
- Қылмыс адамның уландырғыш заттар мен ішімдікті қолданған күйінде жасалса;
- Қылмыскер қылмыс үстінде ерекше белсенділік көрсетсе;
- Қылмыс от қаруды, жарылғыш және техникалық құралдарды пайдаланып жасалса;
- Қылмыс кәсіби антын бұза отырып жасалса;
- Қылмыс киім формасын немесе өкілеттілікті куәландыратын құжатты пайдалана отырып жасалса.
9. Қылмыс тұрпаттары:
Адамның жеке басына қарсы қылмыс
Адамның және азаматтың конституциялық құқығы мен бостандығына қарсы қылмыс
Конституциялық құрылыстың негізі мен мемлекет қауіпсіздігіне қарсы қылмыс
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыс
Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қаосы қылмыс
Әскери қылмыстар
Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
ІҮ. Қорытынды - пысықтау.
1. Қ.Р. Қылмыстық кодексінен табу. /38-51 бет/.
Жазаны тағайындаудың негізі Жазаны жеңілдететін мән - жайлар Жазаны ауырлататын мән - жайлар
? ? ?
2. Қылмыстық жауаптылықтан, жазалаудан қандай жағдайда босатылады.
96 б 103 б 120 б 175 б 178 б 187 б 255 б 257 б
3. <<Рақымшылық>> жасау деген не?
Оны біздің елде кім жасай алады?
Ү. Оқушыларды бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма: §49. 3 тапсырма. Қ.Р. Қылмыстық кодексін баптарын оқу.

Ұқсас жұмыстар
Бас бостандығынан айыру
Құқық бұзушылықтың түрлері
11-ші сыныпқа арналған сабақ жоспар
Қылмыстық жауапкершілік
Заңның құқығы
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні
Құрметті жастар
Қылмыстың объектісі мен объективтік жағы және субъектісі мен субъективтік жағы объективтік жағы және субъектісі мен субъективтік жағы
Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
Адам. Оқушыларға адам мәселесі, табиғаты, адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар туралы түсіндіру
Пәндер