8-сынып информатикасы: тоқсандық бақылау жұмысы - алгоритмдер, MS Word және MS Excel

Тексерілді

Оқу ісінің меңгерушісі

«18». 05. 2015 ж

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8 «А»

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тоқсан бойындағы алған білімін тексеру.

Білімділік : Тоқсан бойында алған білімдерін өз беттерінше көрсете білуге үйрету.

Тәрбиелік : Пәнге деген қызығушылығын жауапкершілігін арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Сабақтың түрі: Бақылау сабағы.

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, тақта, жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы: Оқушыларды ұйымдастыру:

а) оқушылармен сәлемдесу.

ә) оқушыларды түгелдеу .

Бақылау жұмысының тапсырмалары:

І-нұсқа

1. Алгоритм түрлері.

  • Сызықтық алгоритм
  • Тармақталған алгоритм
  • Циклдік алгоритм

2. Шартты көшу операторы.

Тармақталу процестері бар алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар пайдаланылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына тәуелді атқарылады. Кейде бір тармақ ішінде ешбір амал орындалмай да қала береді. Шарт ретінде логикалық өрнектің мәні пайдаланылады. Турбо Паскальда екі шартты операторлар бар, олар: If және case .

3. Циклдік алгоритм.

Іс-әрекеттердің тізбегі бірнеше рет қайталанып отыратын алгоритмдер. Қайталану командасын алгоритмдік тілде жазу үшін әзірше , цикл басы , цикл соңы түйінді сөздері қолданылады.

4. MS Word мәтіндік редакторы.

Бұл құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және басып шығару үшін арналған Microsoft Office жүйесінің құрамына кіретін программа.

5. MS Word-та жаңа құжат құру.

Жаңа құжатты құру үшін Файл менюінен Құру (Создать) командасын таңдау қажет.

ІІ-нұсқа

1. Тармақталу алгоритмі.

Іс-әрекеттердің логикалық шартын тексере отырып, тармақтала орындалуын сипаттайтын алгоритмдер. Тармақталу алгоритмінде егер , онда , әйтпесе , бітті түйінді сөздері қолданылады.

2. Шартсыз көшу операторы.

Программа операторлары, негізінен, жазылу ретімен орындалады. Олардың бұл орындалу тәртібін өзгерту үшін жоғарыда айтылған шартты немесе шартсыз көшу (өту) операторы GOTO қолданылады (оқылуы: гоу ту ) .

3. Циклдік алгоритм.

Іс-әрекеттердің тізбегі бірнеше рет қайталанып отыратын алгоритмдер. Қайталану командасын алгоритмдік тілде жазу үшін әзірше , цикл басы , цикл соңы түйінді сөздері қолданылады.

4. MS Excel кестелік редакторы.

Сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office жүйесінің құрамына кіретін программа.

5. MS Excel-де деректер енгізу.

Алдымен тышқан курсорын енгізілетін ұяшыққа апарып (мысалы: А1) шерту арқылы оны белгілеп алады. Сол кезде ұяшық қоршауға алынады, сонымен бірге формуланың сол жақ бөлігінде «А1» жазуы көрінеді. Осыдан кейін берілгендер енгізіледі.

Үйге тапсырма: Өткен тақырыпты қайталау.


Ұқсас жұмыстар
8-сынып информатикасы: MS Word пен MS Excel бойынша тесттер жинағы
8-сынып информатикасы: MS Excel бағдарламасының мүмкіндіктері
MS Word мәтіндік редакторын қорытындылау және MS Excel электрондық кестесінің құрылымымен танысу
8-сынып информатикасы: MS Word мәтіндік редакторының сабақ жоспары
8-сынып информатикасы: тоқсандық бақылау жұмысы - санау жүйелері, логикалық операциялар, операциялық жүйелер және алгоритмдер
8-сынып информатикасы: тоқсандық бақылау жұмысы - электрондық кестелер, логикалық негіздер және операциялық жүйелер
8-сыныпқа арналған информатика тесті: Microsoft Word, MS Excel және компьютерлік қауіпсіздік
8-сынып информатикасы: MS Excel тапсырмалары үшін дескрипторлер мен бағалау парағы
7-сынып информатикасы: MS Word бағдарламасында кестемен жұмыс - сабақ жоспары
8-сынып информатикасы: MS Word редакторында кесте құру және ұяшықтарды қосу, өшіру, біріктіру, бөлу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz