Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Инновациялық әдіс - тәсілдерді кеңінен пайдалану

Хаттама
<<Мұғалімнің кәсіби шеберлігі-білім сапасын арттыру кепілі>>
тақырыбындағы қалалық семинар
Қатысқаны:
1. Қалалық білім бөлімінің ғылыми-әдістемелік орталығының директоры К.А.Сағындықова
2. Қалалық білім бөлімінің ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері К.А.Тастанбекова
3. Қала мектептерінен 42 мұғалім

Семинар қонақтарын 8:30-09:00ге дейін тіркеу жүргізілді. Келген қонақтар көрмелерді аралады, оқушылардың қолөнер бұйымдары мен сурет көрмелерін тамашалады. Мектептің мәжіліс залында 09:05-те семинардың салтанатты ашылуы болды. Алғашқы сөзді мектеп директоры Ж.А.Ермекбаева алып, келген қонақтарды таныстырып өтті.Қалалық білім бөлімінің ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері К.А.Тастанбекова семинар жұмысының мақсат-міндеттерімен толығырақ таныстырып өтті. 09:15-09:50 аралығында мектеп директоры Ж.А.Ермекбаева семинар бағдарламасымен таныстырды. Директордың орынбасары Г.А.Абишева мектептің әдістемелік жұмыс қызметімен таныстырып, баяндама оқыды. 09:55-10:40, 10:50-11:35 аралығында мектеп мұғалімдері сабақ көрсетті. 11:40-12:25 аралығында 2014-2015 оқу жылындағы айшықты даталарға шолу жасап, әдеби-музыкалық монтаж ұйымдастырылды. 12:30-13:15 аралығында семинар қорытындыланды.

Қалалық білім бөлімінің ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері К.А.Тастанбекова семинар жұмысын қорытындылау кезінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шеримова Розаның сабағы туралы төмендегідей пікір айтты: <<Мектептегі бірінші (ілгері) деңгей мұғалімдерінің тәлім алушы ретінде үшінші (негізгі) деңгей сертификатталған мұғалімдермен қатар Кембридж тәсілін пайдалана отырып, жоғары дәрежеде сабақ көрсетті. Сабақ барысында тәжірибиелі мұғалім екендігі бірден көрінді. Оқушылар өздерін еркін ұстайды, ойларын еркін жеткізе алды.>>
№66 жалпы орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Патанова Асел қазақ тілі пәнінің мұғалімі Өмірбекова Қарлығаның 8<<а>> сыныбындағы сабағын шеберлікпен оқушылардың қызығушылығын оята отырып, өте қызықты да, пайдалы етіп өткендігін атап өтті. Әсіресе жаңа технология бойынша топқа бөліп, заманауи стратегияларды ұтымды пайдалана білгенін басымдықпен айтты. Өмірбекова Қарлығаның сабағынан өзіне көп пайдалы әдіс-тәсіл алғанын ерекше атап өтті.
Қалалық білім бөлімінің ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері К.А.Тастанбекова қазақ тілі пәнінің мұғалімі Өмірбекова Қарлығаның 8<<а>> сыныбындағы кластерлерді пайдалана отырып, сабақ мақсатына жеткендігін, тақырып ашылғандығын атап өтті. Оқушылардың сабақтағы белсенділігіне тоқталып кетті.
№13 мектеп мұғалімі Құрбанбаева Жақсыгүл математика пәнінің мұғалімі Қарабалаева Салтанаттың 5 <<б>> сыныбындағы сабағы қызықты, тартымды өткендігін айтты. Оқушыларды топқа бөлу арқылы логикалық тапсырмалар орындалды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға көңіл бөлді. Мұғалімнің тәжірибиесі мол, өз пәнінің кәсіби маманы екенін атап өтті.
№37 мектептің мұғалімі Сүндетова Ж. ағылшын тілі пәні мұғалімдері Даржанова Шынар мен Мырзагелдиева Ардақтың сабақтарына оң пікірін білдірді. Жаңа тақырыбына байланыстырылып, топқа бөлуден басталғанын айтты. Топтық жұмысты оқушылар өз дәрежесінде қорғады, уақытты тиімді пайдалана білгендігін айтты. Бағалау смайликтер арқылы жүргізіліп, оқушыларды қызықтыра алғанын атап кетті.
№99 мектептің мұғалімі Сүгірбаева Ғ. тарих пәнінің мұғалімі Ауезова Гаухардың сабағына оң баға беріп, ұйымдастыру қабілетін ерекше атап өтті.
№100 мектеп мұғалімі Мыралиев А. география пәнінің мұғалімдері Бадракова Мақпал мен Мұханбетова Айгерімнің сабақтары тамаша өткендігін айтты, топқа бөлініп, әдіс-тәсілдерінің ұнағандығын атап өтті. Сабақтың мақсаты мен жоспары, құрылымы жақсы құрылғандығын тілге тиек етті.
№99 мектеп мұғалімі Раджапова Ж. бастауыш сынып мұғалімдері Омарова Күлпан, Тұрымбетова Рабигүл, Абдураимова Қатира, Алимбетова Лаззаттардың сабақтарына үлкен ынта-ықыласпен қатысып, мол тәжірибе жинақтағанын айтты. Білімді де білікті ұстаздар заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануды жақсы жолға қойғанын ерекше атап көрсетті. Бастауыш сыныптардағы ашық сабақтар жоғары деңгейде өткенін, шаттық шеңберін құрып , оқушылар бір-біріне тілектерін айтқаны , балалардың тіл байлығын дамытуда ұстаздардың көп жұмыс жасайтыны әсіресе постер қорғауда байқалғанын атап өтті. Кез-келген бастауыш сыныпта интерактивті тақтаны тиімді пайдаланып , үлестірмелі кеспелер қолданғандығы тағы айтылды.

Қалалық білім бөлімінің ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері К.А.Тастанбекова семинарда сабақ көрсеткен ұстаздар әлі де аянбай еңбек етіп, бұдан да жоғары деңгейдегі сабақтар бере алатындығына сенім білдірді.

Жалпы семинар бойынша төмендегідей ұсыныстар айтылды.
1. Инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалану.
2. Критерийлер бойынша бағалау.
3. Сабақ үрдісін түрлендіру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалану.
4. Педагогикалық озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту.

Қаулы:
1. Қалалық семинардың өтілу барысы қанағаттанарлық деп танылсын.
2. Заманауи әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылсын.
3. Семинарда сабақ көрсеткен мұғалімдер қалалық білім бөлімі тарапынан мақтау қағаздарымен марапатталсын.

Ұқсас жұмыстар
Инновациялық технология элементтерін тарих сабағында пайдалану арқылы оқушының ынтасын арттыру
Инновациялық технология нәтижелері
Оқушыларды сыни ойлауға жетелеу жолдары
Тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану жолдары
Жаңа педагогикалық технологиялар
Интерактивті әдіс - тәсілдер
Инновациялық технологиялар
Колледж тынысы
Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы мұғалімнің инновациялық іс –әрекетін қалыптастыру
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдер Шеберлік сыныптың мақсаты Оқушылардың оқуын жақсарту үшін, мұғалімдердің қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық әдіс-тәсілдерді түрлендіріп қолданып отыруына ықпал ету
Пәндер