2014 жылғы 8 наурызға арналған Көктем аруы қыздар байқауының сценарийі

8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Көктем аруы-2014» сайысы.

Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер, көктем гүліндей жайнаған аяулы қыздар.
2 - жүргізуші: Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 8 - наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
1 - жүргізуші: Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл - күй тілей отырып, халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып өткелі отырған « Көктем

аруы» атты қыздар байқауын тамашалауға шақырамыз.

Той пердесін ашайық
Жырдан шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық - деп ән жолдаймыз.
Ән:
Орындайтын: Абдікарімова А. Хайролла С.
Мансур
Тауып бір әйел - әлем бар тілдерін,
Бақыт пен астастырып әр күндерің
Босатып қара жердің тұла бойын
Келдің бе, сегізінші наурыз күнім.
1 - жүргізуші
Бүгін той құрметтейтін әлем халқы
Аналар күнін - елдің салты
Көк байрақ төбемізде тұр желбіреп
Шарықтап еркіндіктің өскен нарқын.
2 - жүргізуші:
Ана деген бұл өмірдің мәні ғой,
Ана деген бұл өмірдің сәні ғой
Ән жырымен дүниені тербеген,
Ана деген бұл өмірдің жаны ғой.
1 - жүргізуші
Ана біздің жарқыраған нұрымыз,
Ана біздің солмас мәңгі гүліміз.
Анамызды аялай біз білейік,
Ана біздің жазып бітпес жырымыз.
2 - жүргізуші:
Арулар - аяулылыр, ардақтылар,
Өмірге жылу болып қалмақ болар.
Арулар - тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір - біріне жалғап тұрар.
2 - жүргізуші:
Ананың құтты болсын, мерей тойы
Бүгінгі айтылатын көптің ойы
Ұл ұстап, қыз өсірген жанұяда
Ауылымның арта берсін абыройы.
2 - жүргізуші:
Құрметті қауым: Бүгінгі өткелі отырған « Көктем аруы» атты Қыз сыны байқауын бастауға рұқсат етіңіздер.

1 - жүргізуші:
Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген.
Қазақ қызы - инабатты ару қыз
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген.
Тіл байланып қалатындай көргенде,
Сұлулықты соған ғана берген бе!

Кімде болса бас иеді мойындап,
Қарсы алдына қазақ қызы келгенде - дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық.
Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ аруды талдап бүгін алуға - деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Қазылар алқасының төрағасы . . .
2 - жүргізуші; Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:
1 - жүргізуші:
І - бөлім: «таныстыру»- деп аталады. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.
ІІ - бөлім «Өз өнері» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, )
ІІІ - бөлім: «Үй тапсырмасы» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз үй тапсырмасын орындап, көктемгі киім үлгісін дайындау берілген болатын.

ІV бөлім: «Сұрақ - жауап» Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
V бөлім: «Қол өнері» - деп аталады. Бұл бөлімді сайыскерлеріміз қазақтың ұлттық ою - өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып, бетке жабыстырады.
2 - жүргізуші.
Құтты болсын мейрамы аналардың
Қуанышын көрсінші балалардың
Сіздер үшін бүгінгі орындаулар
Билері мен әндері жырланатын - деп аналар сіздерге арнап ән жолдаймыз.
1 - жүргізуші:
Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы - әдепті де әдемі
Қазақ қызы - ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі. - дей отырып байқауымыздың І бөлімі «Таныстыру» бойынша аруларымызды өзін - өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар.
Қазылар алқасы І бөлімнің бағасын шығарғанша бір әсем ән жолдаймыз.
Ән: Ана
Қазылар алқасынан І бөлімнің бағасын сұраймыз
2 - жүргізуші
ІІ бөлім: «Өз өнері»
Аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді
Өнері өрге жүзер талаптының
Таланты талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының - деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.
2 - жүргізуші
Қазылар алқасы ІІ бөлімнің бағасын шығарғанша бір әдемі би тамашалаңыздар

1 - жүргізуші
Қазылар алқасының ІІ бөлімнің бағасын сұраймыз.


Ұқсас жұмыстар
3-сынып оқушы қыздар арасындағы Көктем аруы мерекелік байқауының сценарийі
Көктем аруы 2013 мектептік байқауының сценарийі мен ұйымдастыру тәртібі
Көктем аруы-2013: мектеп оқушылары арасындағы арулар байқауының сценарийі мен өткізу жоспары
Көктем аруы қыздар сайысы: тәрбие сағаты бағдарламасы мен өткізу тәртібі
Қыз аруы - 2015 байқауының ережелері мен сценарийі
№173 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектептің Экономика аруы байқауының сценарийі
Аққала орта мектебі (2014-2015 оқу жылы) VII сынып қыздары арасындағы Көрікті көктем аруы сайысының өткізу сценарийі
2014 жылғы Математика аруы: білімдік-шығармашылық сайыс
8-наурызға арналған Қыздарға әсемдік жарасады атты білім орнындағы қыз сыны байқауының сценарийі
Қыз өссе - елдің көркі: Көктем аруы 2014 ашық тәрбие сағаты мен сайыс бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz