Көк қалпақ

Маңғыстау облысы. Ақтау қаласы.

«Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар жалпы білім беретін №22 орта мектеп» ММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қобланов Дженгисбай Таубаевич

7 -сыныптың әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры

Сабақтың атауы
Өтілетін уақыты
Сабақтың атауы: Сабақтың атауы
Өтілетін уақыты: «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жыры
Сабақтың атауы: Сілтеме
Өтілетін уақыты:

Оқулық; «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының толық нұсқасы;

Интернет желісі;

Сабақтың атауы: Жалпы мақсаттар
Өтілетін уақыты:

Балаларды сыни тұрғыдан ойлата отырып, оқушы белсенділігін анықтау.

Сабақ барысында оқушылардың зерттеу жұмыстары мен топтық жұмыстарын бірлестіру арқылы баланы жүйелі ойлауға жетелеу.

Диалог, сұхбат, сахналық көріністерді қолдана отырып бала дүниетанымын кеңейту, ой көкжиегінің өсуіне ықпал ету.

Сабақтың атауы: Міндеттері
Өтілетін уақыты:
  1. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының мазмұнын түсіну.
  2. Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын үйрену.
  3. Балалардың терең ойлай білуі, сөз саптауы, жыр идеясын анықтай білуге, керек сәтте шешім қабылдай алуға ықпал ету.
  4. Сөз мағынасын ашу, сөз қадірін білуге үйрету.
Сабақтың атауы: Оқыту нәтижесі
Өтілетін уақыты:

Жыр мазмұнын толық меңгереді.

Кейіпкерлерге мінездеме бере отырып, олардың бойындағы қасиеттерді анықтай алады.

Жырдың көтерген негізгі өзекті мәселелерін, тақырыптарын анықтауды үйренеді.

Сабақтың атауы: Негізгі идеяла р
Өтілетін уақыты:

Жастар арасындағы адал махаббат.

Жастар махаббатына ертедегі қоғам және жеке адамдардың қарсы іс-әрекеті.

Сабақтың атауы: Тапсырмалар
Өтілетін уақыты:
  1. Жыр мазмұны бойынша кейіпкерлерге мінездеме беру.
  2. Жырдағы әдет-ғұрыптарға байланысты өз пікірлеріңді постер арқылы қорғау.
  3. «Ақылдың алты қалпағы»Эдвард де Боно

тәжірибесі бойынша әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.

А) Ақ қалпақ: Жырдың белгілі немесе қажетті тұстарына тоқталады, балалардың назарын сол идеяларға аударуға жұмыстанады.

Ә) Сары қалпақ : Бұл қалпақпен сіз жырдың жағымды жақтарын зерттейсіз және өз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.

Б) Қара қалпақ: Бұл- «әзәзілдің қорғаушысы» жырдың жағымсыз жақтарымен мақтана аласыз, оны өз беттеріңізше қорғауға әрекет етесіз.

В) Қызыл қалпақ : Сезімге ерік бересіз, жыр туралы болжамды және ішкі өз түйсіктеріңді білдіресіздер.

Г) Жасыл қалпақ: Жыр кейіпкерлерінің мүмкіндіктеріне, олар бақытты болуға лайықты жол таба алатындығына, жаңа идеяларға бағытталады.

Ғ) Көк қалпақ: Ойлау үдерісін басқарады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың бағыттарын бақылауға кепілдік береді. Алты топтың айтқандарының сәтті, сәтсіз шыққандығына тоқталады.

4. Жырдағы қолданысына қарай берілген тілдік бірліктердің мағынасын ашып жазыңдар.

Мысалы: Қыдыр қону- сол жерге береке, бірлік орнау.

5. Венн диаграммасы

Сабақтың атауы: Кері байланыс
Өтілетін уақыты:

Берілген кестені толтырың. Сурет мағынасын ашың

Сабақтың атауы: Бағалау
Өтілетін уақыты:

Формативті және өзін-өзі бағалау.

Сабақтың атауы: Кейінгі тапсырмалар
Өтілетін уақыты:

«Менің кейіпкерім» ойтолғау жазып келу.


Ұқсас жұмыстар
Азамат соғысы
Әнші-сазгер ақындар
Соғыс және балалар тағдыры (ш.айтматов "ерте келген тырналар"). 5-сынып
Көк қалпақ тобы
Жасыл қалпақ
Қайталама қос сөз
Тақырып Топтық жұмыстың тиімділігі
Ұзынсары
Қызыл қалпақ
Ежелгі адамдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz